KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал осы Тайлақтың Жылы-Бұлақтағы жерін Кузьмин қалай тартып алғанын Пахом соноу Столыпин дәуірінде өз көзі көрген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Маңырақ ауылы ұлардай шулап, Жылы-Бұлақтан көшкенде, осы Тайлақ жерге етбетінен жата қалып, қос қолымен топырақ уыстап, сол топырақ оның көз жасына шыланған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сөйткен Тайлақ енді Кузьминнің малының тілеуін тілеп, құлақкесті құлға айналып, тұяқ серпер түрі жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді біраздан кейін шошқалар өзен бойындағы бір қолтыққа жайылған шалшыққа кіріп, қорс-қорс етіп, батпаққа жата қалып, жан рахатқа батқандай шыңғырып, бірін-бірі талпақ тұмсығымен түрткілеп, мамырлап қалды да, басқа түлік өзен бойлап, әлі де жылжып бара жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір қызығы, Пахом шошқа табынына қайырылмай, сиыр мен қойдың бір шетін түре айдап, алысқа ұзай берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, тамыр, жетер енді, малды жалғыз қолыңмен қамшылап, мазалай берме, – деп Тайлақ қайрат көрсетпек еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пахом көнер емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұзын қамшыны шартылдатып, малды ықтырып әкетіп барады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тайлақ, сен солдатқа барғың келе ме? – деді кенет Пахом бос жеңімен бетін сүртіп келе жатып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мені қайтеді? Бармаймын-ей! – Әлгі сұрақ Тайлаққа мазақ сияқты болып естілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сен-ақ жетістір.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жетістіріп келдің ғой жауды жайратып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ал сені солдатқа алады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бектен болыс Кузьминге сені қайтар деп жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тізімде бар көрінесің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кузьминнің малын кім бағады? Жоқ, сен алдайсың, тамыр, мені қожайын бермейді, – деп Тайлақ айылын жимады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қазір соғыс кезі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кузьминге екі бірдей батырақ ұстауға рұқсат етпейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екеуміздің біреуіміз қаламыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біреуімізді солдатқа алады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қалай ойлайсың, кімді алады?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сұмдықтың сыры Тайлақтың санасына енді жеткендей, аңғал адам аңырайып тұра қалды да, керемет жаңалық ашқандай, айдалада айқайлап жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ой, әкеңнің... Әрине, мені алады! Сен шолақты не қылсын!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ал сонда ана алты балаңды кім асырайды? Кузьмин бе, Бектен бе? Әліңе қарамай өзің де асыл тұқымды айғырдай неме екенсің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, тамыр, өйтіп оттама, бала құдайдікі, менікі емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, сонда қатының оларды күлге аунап тапты ма? Қызылбет қатының мекиен болып кеткен шығар...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кенет Тайлақ Тайтақайды ойлап, оны ұдайы ұрып-соққаны есіне түсіп, өзегін өрт шалғандай, тұла бойы дуылдап ала жөнелді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кішкентайынан қосылған, шала құрсақ, жыртық көңіл көп күндерді бірге өткізген, адуын да аңқылдақ, арқырама дүлей мінезді болғанмен, артында зілі жоқ сол әйелдің өзіне қымбат екенін түсінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бәрін тастап, Маңырақтағы жаман үйіне тез жетіп, жалаңбұт балаларының маңдайынан сипағысы келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Солай, тамыр, сені солдатқа алады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Одан қайтып оралуың екіталай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мың-мың адам, ілуде біреуі қайтады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның өзі мен сияқты мүгедек болып қайтады, – деп шегелей берді Пахом.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Егер қайтпай қалсам, менің хабарымды қатын-балам қалай біледі? – деп Тайлақ демде майданға кетуге мойын ұсынып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, адресіңді жазып, қалтаңа салып қой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өкімет өзі хабарлайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мен хат білмеймін ғой, тамыр, сен жазып берсеңші.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қағазды жоғалтып аламын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір қатты нәрсеге жаз, мойныма жіппен тағып аламын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, дәл қазір аттанып бара жатқан жоқсың ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жаз десең – жазып берейін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал енді тыңда.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кузьминге біз енді қайтып бармаймыз, білдің бе? Ақкөзге қосыламыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда солдатқа алынбайсың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақкөзде адам көп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал көп болған жерді жау ала алмайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жоқ, ойбай, мені бір бәлеге ұрындырайын деп тұрсың ғой, арам!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сөйлеме! – деп Пахом оң қолын сілтеп қалайын деп еді, қолы жоқ, тек иығындағы тұқылы ғана шолтаң етті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тайлақ мына орыс тамырының әрекетіне түсіне алмай, өмір деген сайқымазақ жұмбақтың шешуін таппай, «бұл, сірә, неге бастағалы тұр», – деп дал болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сен қорықпа, Тайлақ, – деп сарнады шолақ Пахом.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Соғыстың сорға толы сорпасына мына мен тойып қайттым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біз жеңілдік, ол айдан анық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Не үшін соғысып жатырмыз Вильгельммен? Ешкім де білмейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мақсат айқын болмаған соң, солдаттың еңсесі түседі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әрі десе қару жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мылтығы бар солдаттың өлгенін күтесің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Патшаға солдат та наразы, халық та наразы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Жойылсын патша», – деп шулаған халықты мен өз көзіммен көрдім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Өй, сен де сандырақтап бердің-ау, – деп Тайлақ күмән соғады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Патша да жойылар ма еді?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жойылады, Тайлақ, жойылады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жана өкімет орнайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда Кузьминнен жеріңді қайтып аласың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұқтың ба енді?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жер деймісің? Ондай атты күн қайда? – деп Тайлақтың үңірек көзін мұң шалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жылы-Бұлақ қайтар заман болса, оққа басымды байлауға мен дайын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пахом сау қолымен Тайлақты иығынан құшақтап, тоқтатып тұрып, көзіне көзін қадап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жер өзіңе тиеді, Тайлақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сондықтан да Ақкөзге жетейік, – деді сыбырлағандай болып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тайлақтың көз алдына Жылы-Бұлақ келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол өзі терең сайдың аяғы, бұлақ суының басы еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ауыл елді асырайтын бір бұлақ су сыңсып ағып жатқаны есіне түскенде Тайлақтың жүрегі сыздады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарақоға мен күлгін жалбыз арасына көкқасқа бақалары қойдай шулаған, арасына адам кірсе кеңірдегінен келетін бидайықта бөденелер бытпылдықтаған қайран да қайран Жылы-Бұлақ! Қыстың күні жердің жүзін қар басып, аяз қысқанда да қатпастан буы бұрқырап, кемердегі мұз сүңгілерін сыңғырлата жалай ағып жататын қасиетті қара су! Сол суды ішіп өскен тарының бозасына мас күн қайда?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тайлақтың үңірек көзінен Жылы-Бұлақтың суындай жып-жылы жас парлап ағып келе жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қырғызбай атасының торы аты былай шыға бере болдырып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Делдал иесі сияқты өмірі мимырт жүрістен аспаған, қосаяқ қағып, қатты жүріп көрмеген мал шашасынан тер саулап, тобылғы түсі лайсаң карат ерте айналды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Семіз неме майы аузына тығылып, тәтті етіне тиген ащы қамшыны да елемей, мәңгүрт, марғау жүрістен аспай қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына заман аласапырандау, ендігі жерде жай басу жарамайды-ау, жалқау тіршілік кенет дүр сілкініп, дүн-дүние ұйқысынан оянды-ау, – деген торы аттың қаперіне кіріп-шықпайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына ұлы дүрмекке Қырғызбай атасы араласпай, бұғып отырса, оның торы аты да зауықсыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айнала андыздап шауып бара жатқан аттардың дүбіріне елеңдемейді, еті қызбайды, жарыс желігі оны қыспайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Ұстап алса, мүрдем кеттім-ау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әттең, қарудың жоғы-ай!» – деген ой лезде шалықтап өтті де, әлгі екеудің біреуі өзіне таныс екеніне көзі жеткенде, жүрегі орнына түскендей болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол базардағы жиында өзімен қатар тұрған қарақасқа атты мосқал қазақ екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, бала, атың болдырып қалыпты ғой, – деді ол Тұрармен қатарласа беріп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бағытың қай жақ?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Маған Ақкөз ақсақал керек, – деді Тұрар мына кісіден бір көмек болар-ау деген үмітпен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, онда беталысың дұрыс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осылай тарта бер, – деп әлгі мосқал атын тебіне беріп еді, Тұрар оны дауыстап тежеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ағатай, мен ол кісіге тезірек жетуім керек, мені ала кетіңіздер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына мәстектің түрін көріп тұрсыздар ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мосқал қара тізгінін тарта түсіп:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Апырай, а, қайтсек екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біз де асығыс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мінгесесің бе, сонда? – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, Шынпатша, балаға атыңды бер де, сен мына торыға ауысып мін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Асықпай, артымыздан келерсің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ойталға барған соң бұл шабан торыны қуырдақ жасаймыз, тастамайық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шынпатша дегені шынашақтай қатпа кісі екен, екі-үш тал сирек сақалын талмап тұрды да:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– А мейлі, айтқаның болсын, Досмайыл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бала – тегін бала емес көрінеді.
Көрсетілді: 12900 / 47388