KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның Ақкөзбен тезірек ұшырасқаны да жөн шығар, – деп теңбіл көк айғырдан ыршып түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жаңа, сен шырағым, Атамырзаның аузын қисайтып, жағын айырып тастадың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соныңа риза едім, мынау соның қайырымы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар теңбіл көкке мінгенде, тауға шыққандай шын биіктеп, көңілі асқақтап сала берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үстіне бөтен біреу мінгенін сезген теңбіл көк ұзын мойнын садақша иіп, басын тұқырта тізгінді жұлқып-жұлқып, бір орында шыр айналғанда, Тұрардың көзіне Аспараның Алатауы бұлдыр-бұлдыр іліне беріп еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол да теңбіл көк екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ендігі бір сәтте теңбіл көк айғыр Досмайылдың қара қасқасымен жарыса көсілген кезде, терістік беткейден ойдым-ойдым қара көк аралдар – шоқ-шоқ бұйра талдар, одан әрі сап-сары белдер сағым араласа мұнартып, сары мұхиттай толқып жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сары теңізде жүзген қаракөк кемелер... Көп кешікпей қара дауыл тұрып, сары теңіз тулап, астан-кестен болар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар бір қолымен тізгінді тарта ұстап, бір қолымен көзілдірігін демеп келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұлпар мінгенде, көзілдірік жараспайды екен, амал не, көзінің нұры қаршығаның көзіндей өткір-ақ еді, Алматы түрмесінің қараңғы камерасында кітапқа үңілген көп түндер сол жанарды жауқазын кезінде-ақ сорып тастаған екен: енді ерте жастан көзәйнек киюге мәжбүр болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар көзілдірікті бүктеп, төс қалтасына салып қоймақшы еді, бет алды бұлдырап, дүн-дүние түгел буалдыр тұтып қалған соң, көзәйнекті қайта киіп алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұны байқап келе жатқан Досмайыл:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көп оқысаң керек, ә? Көзіңді оқу жеп қойған ғой, сірә, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар оған:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– «Әлі оқуым аз», – демекші еді, айтпады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның, бар діттегені – Ойталдың бұйра аралы еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мерке жағынан лек-легімен құлаған аттыларды будақ-будақ шаңның арасынан аңғарған шолғыншы биік терек басынан айқай салды:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ойбай, кеп қалды! Қарақұрым, шегірткедей қаптап келеді! – Шолғыншы-қарауылдың дауысы тарғыл-тарғыл, әлем-тапырық шыққанына шын шошыған сарбаздар Ақкөз сардардың жарлығын күтпей-ақ алаңқайда тұсаулы жүрген аттарына қарай ұмтылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ерте ме, кеш пе, Меркеден, не Әулие-Атадан, не Пішпектен әскер шығып, мына көтерілісшілермен қақтығысатыны айдан да анық болатын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ дәл қазір шабуыл тұтқиылдан басталар деп ешкім күтпеген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адамдар абыр-сабыр, айқай-шу, ызы-қызы болып жатқанда, Ақкөз асықпастан ақжал сарыға мініп алды да, қазанатты тебініп қалып, таяу төбенің басына ойнақтап шыға келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұндағы ылдидан Меркенің өрлеуіт тұсы онсыз да ап-анық көрінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақкөз қолын көлегейлеп, өрге қарап еді, шынында да аунақшыған бозала шаң әр тұстан шұбалаңдап келеді екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кәнігі кәрі көз әлгілердің әскер емес екенін бірден аңлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әскер болса тәртіп сақтап, шашырамай, берік қамалдай тұтасып келер еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал мына бытыраған аттылар кім сонда? Шотыр-шотыр, екеу-үшеу, бесеу-алтау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кейбірі шоқытып келе жатса, кейбірі тойға, көкпарға келе жатқандай жайбарақат.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Меркеден бері қарай ылдилай түскен жап-жазық дала мына шілденің ыстығына шыдай алмай, қураған күйрек қызыл изенін өрт шалып, содан түйдек-түйдек түтін аспанға атылып жатқандай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақкөз жау шаппағанына көзі жетсе де, «сақтықта қорлық жоқ» деп, сарбаздарды сақтандырмақ болып, артына бұрыла беріп еді, атқа қонып, қарақұрымдай қаптап тұрған қалың қолды көріп, кенет қуаныш кернеген кеудесінен оқтай атылып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Айналайындар-ай! – деген сөздің қалай шығып кеткенін өзі де аңғармай қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ойтал орманының жап-жасыл алаңқайы еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазір сол алаңда аттылы сарбаздардан ине шаншар жер қалмастан, жауынгерлер иін тіресіп тұр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дегенмен, кәдімгідей ығып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өз кеңсесінен шығып жатқан жарлықтың бәрін жатқа айтып жұтынып тұрған пысық та тәкаппар қараторы жігіт мұны жұдырықсыз-ақ тұмсығын қанатып тастағандай еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр біртүрлі ыңғайсыздық сезініп, іштей ренжіп, ашутас жалаған баладай тыжырынып отырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Асылы, арам жеңіс – рухани жеңіліс қой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ондай жеңіс жанды жегіш, ләззаты жоқ, құр қоқайма.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр Тұрарды қорсынып, отырған орнын тартып алғанмен, қазір көңілі шытыр жеген өгіздей бей-жай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар күйме есігінің жақтауынан ұстап түрегеп тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үстіндегі еуропаша костюм өңі түспеген, таза, қыры сынбаған, ұйпаланбаған, сүйкімді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бойы орташа болғанмен, денесі қоладан құйғандай шымыр, жас адамның әл-қуаты шиыршық атып, жігері мұқалмай, жүзі жапырылмай, жанып тұрғаны байқалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы қалпында ол қорланып емес, ротмистрдің бейшаралығын аяп, мүсіркеп тұрғаны сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр мұны «түзем» деп кемсітті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Нәсілдік аурумен ауырған адамның сандырағын айтты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл ауруға орыстардың азшылығы ғана шалынып, көпшілігі сау екеніне іштей қуанып, офицердің оспадарсыздығын ұмытуға тырысқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есіне соноу мың да тоғыз жүз бесінші жылғы Алматы түрмесінде отырған Александр Бронниковты алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Александр Бронников кім? Мынау отырған ротмистр кім? Екеуі екі дүние.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жер мен көктей, қыс пен жаздай, күн мен түндей.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екеуін де орыс дегенмен, көкірек басқа, көзқарас басқа.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біреуі зұлымдықтың күзетінде, біреуі адамгершіліктің қызметінде.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Ленин айтқан екі Ресейдің кішірейтілген көрінісі», – деді ішінен Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пролетарлық Ресей бар да, халықтардың түрмесі болған Ресей бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түрменің өкілі қарсы алдында отыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал Александр Бронников болса... Қайда екен қазір? Тірі ме, өлі ме? Өзінің туған әкесі Рысқұлдың тағдырыңдай тұман тұтқан белгісіз, неғайбыл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл да, Александр да 1905 жылдың қаһармандары.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал революция қаһармандары оп-оңай құрып кетпесе керек-ті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көңілге сол ғана медет.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтпесе, олардың тіршілігінен Тұрар беймәлім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрардың жападан-жалғыз түрегеп тұрғаны жалғыз ротмистрді ғана емес, күймедегі бар жолаушылардың бәрінің жұлын-жүйкесіне тиді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бәрі де кірпі үстінде отырғандай қолайсыздық сезімде.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақыры шыдай алмай, көзілдірікті ғалым-этнограф:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жігітім, отырыңыз, – деп ығысқан болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мырзалар, сәл жылжысаңыздар әлі де бір кісілік орын табылар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кәне, кәне, мырзалар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр қопаңдап көршісін ығыстыра, жылжи бергенін өзі де сезбей қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрарға күймеден орын қатыстырған ғалым соноу Орынбордан келе жатқан этнограф болып шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жетісу қазақ-қырғыздарының фольклорын зерттеуге келе жатқан беті екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Керуен сарайда көліксіз отырып қалған кезде ол Тұрармен өзі танысты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрардың Меркеге баратынын біліп, ол жердің жағдайын, халқын сұрастырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күйменің баспалдағында отырып саквояжын ашып, тамақтана бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дәмге Тұрарды да шақырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұқыпты кісі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пісіріп алған бірер тауығы, жұмыртқалары, тіпті қияры да, қағазға ораған тұзға дейін бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар сыпайылық сақтап, бас тартып көріп еді, этнограф:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жігітім, мен байқаймын, сіз мәдениетті адамсыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ тамақтың ұяты жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Келіңіз, – деп болмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екеуі шүйіркелесіп, ораза ашып отырғанда қастарына бір жетім күшік келіп, шоқиып отыра кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тамақтанғандардың біресе қолына, біресе аузына қарап, жаланып-жаланып қояды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шыдамай тұрып кетіп, құйрығын бұлғаңдатады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басын қисайтып қарағанда көзіндегі жалыныштан жаның шыр-шыр еткендей болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Этнограф тауықтың мүжілген аяғын лақтырар-лақтырмас көз ілеспейтін жылдамдықпен қақшып алып, азуға басып күтір-күтір шайнайды да, бір-ақ қылғытып салып, тағы да мөлие қалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аш ала күшік сөйтіп, адамдардың қолынан тамған там-тұм несібесін қақшып алып тұрған кезде, ротмистр жетіп келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бакенбардты самайынан кіршең тер ағып, түтігіп кетіпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тамақтанып отырған жолаушыларға деген ашу-ызасын ит байғұстан алып, қылдырықтай сүйекті қытырлатып жатқан күшікті теуіп кеп жіберіп еді, тұмақ лақтырғандай аулаққа барып бір-ақ түсті, шар-шар етіп, көпке дейін әлдекімге мұңын шағып қыңсылап қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тілсіз мақлұқтың жазығы не? – деп фольклорист наразылық білдірді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Филантропия! – деді ротмистр күйменің көлеңкесінде тұрып мундирінің жез түймелерін ағытып, орамалмен терін сүртіп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сендер үшін мен әуре.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазір аттарды әкеледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құдай қарғаған бұл азиаттардың қаласында көлік табу да қиямет.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Маған ренжігенше, рақмет айтсаңдар жарасар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Филантроп...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тың аттар жегілген қара күйме Керуен-сарайдан шығып, Әулие-Атаның қисық көшелерінің шаңын көтеріп, тағы да күншығысқа бет алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір кезде алдан асау Талас өзені көрінді де, қала артта қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қаладан шыға бере ротмистр ат айдаушыға айқай салды:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Айда жылдам! Жеккендерің ат емес, есек сияқты, немене жүрісің өнбейді? Айда жылдам!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына дауыстан Тұрар кенет селк ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір кезде әлдеқайдан естіген таныс сөздер... таныс үн... таныс мақам... Құдай-ау, қайда, қашан естіген?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистрдің ақырған дауысына ат айдаушы артына бұрылып, офицерге түксие бір қарап алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұрты салбырап, езуінен төмен түскен, шоң мұрын, қыртыс маңдай, ірі тұлғалы егде қазақ екен, ләм деместен қайтадан бойын түзеп, ұзын қамшыны асықпай жоғары көтеріп, мылтық атқандай шарт еткізді.
Көрсетілді: 13000 / 47388