Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күйме заулап ала жөнелді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Айда жылдам! – деді ротмистр одан бетер еліріп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Құдай-ау, шыннан сол ма? – Тұрар ротмистрге көз қиығын салды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мен шыннан танымай қалғаным ба? Егер бұл шыннан Аркаша болса, ол да мені танымады ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Демек, екеуміз де өзгерген болармыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Арада он жыл өтті той...». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Арада он жыл өтсе де, аузындағы сол бір жаттанды сөз өзгермеген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аттарды қамшылап, қуалап келе жатқандай, жаны ышқынып, есіре еліріп кететін қу әдеті қалмапты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Сол! – деді Тұрар ішінен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Дәл өзі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кешелі бері бірге келе жатып, қалай аңғармадым? Құдай сақтағанда, ол да мені танымады». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бала кезінде домаланған сеп-семіз, іркілдектеу неме еді, ысылып, еңгезердей нау жігіт болыпты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жирен жез мұртты, самайынан төмен түскен бакенбарды бар, еңселі офицерді бір кездегі шіңкілдек, болпық Аркаша деп кім ойлаған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
... 1905 – 1906 жылдары мына Тұрар Алматы түрмесінің бастығы Приходько мырзаның гимназист баласын фаэтонмен мектепке алып баратын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Фаэтонға түрменің қос жирен қасқасы жегілуші еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жирен қасқалар мына бекеттің аттарындай емес, атылып тұрған жарау жүйріктер болар еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ат айдаушы Тұрарға әлгі гимназист шіңкілдеп бұйрық айтып: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Айда жылдам! Немене есек жегіп келе жатқандай, жүрісің өнбейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айда жылдам жаныңның барында! – деп әкіреңдеуші еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мінезі, жүріс-тұрысы, сөз саптауы сол сәби қалпында қалған да, дене тұлғасы ұлғайып, киім формасы өзгеріп, бет-әлпеті ертерек егделеніпті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көзінің алды күлкілдек, маңдайының әжімі көп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Соған қарағанда, көбірек жұтып қоятын болар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дегенмен, офицерлік форма өзіне бек жарасып тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді Тұрар бір қырындап, оған бетін бермей, бұғыңқырап отырды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кім біледі, танып қалуы ықтимал. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлгіде Тұрар оны сөз саптауынан таныды ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол да мұны елеусіз бір белгісі арқылы біліп қалмасына кім кепіл... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Е, бұл бала кезінің өзінде әкім болуға бейім еді, арманына жеткен екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әскери жолға түскен екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонда бұның қызметі Алматыда емес, Ташкентте болды-ау. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тіпті генерал-губернатордың тікелей қол астында қызмет қылатын болғаны ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлгі бір сөзінде соны аңғартып қалды-ау. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонда мұның әкесі Приходько мырза қайда? Әлі сол түрменің бастығы ма екен? Әлде қызметі жоғарылап, ол да Ташкентке ауысты ма? Наташа ше?» |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Наташа есіне түскенде, Тұрар еріксіз ротмистрге қарады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қанша дегенмен, бет бейнесінде Наташаға ұқсас бір елес байқалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір елес... О баста табиғат екеуін бір қалыптан шығарған да, біреуі тым тұрпайылана берген, екіншісі мейлінше сымбат алып, тым сұлулана берген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кім біледі, өсе келе Наташа да өзгерген шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал Тұрардың көз алдында суреті қалған Наташа – қыз біткеннің көріктісі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қара жол тау бауырлап, бұралаңдап оңтүстікке қиястады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оң жақта – Ақ-Бұлымның ар жағында Тек-Тұрмас әулиенің күмбезі қараң-құраң қалып барады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Одан әрі аспанды тіреп тұрған ақ бас шындар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осыдан елу-алпыс жыл бұрын ана Тек-Тұрмастың тауынан генерал Черняев Әулие-Атаны дүрбімен шолып, шабуылға шығар сәтте өз қиялында осынау ақбас шындармен бой таластырып тұрған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кім жүрмеген қара жол. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ел есінде еміс-еміс қалған елес заманынан бері Шығыс пен Батысты жалғастырып жатқан Жібек жолы осы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тең-тең жібек артқан керуен ғана жүрген бе бұл арқылы? Арғысын әрі қойғанда, ел есіндегі беріде зеңбірегін сүйретіп Қоқан әскері өткен жол, зеңбірегін сүйретіп Черняев әскері өткен жол... Осы жол арқылы дерт есімен жер сыдырып Рысқұл бастаған жиырма түтін Тау-Шілмембет те жүрген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
...Әкесі түрмеде айтып еді: Әулие-Атадан шыққанымызда Меркеге жетпей Қатшагүл жеңгем жол үстінде қайтыс болды деп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қатшагүл – баяғы Дауылбайдың соққысынан мерт болған Бердіқұлдың әйелі еді ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бейшара арысынан айырылған күйікке бір шыдамай, туған топырағынан айырылған қайғыға тағы шыдамай, осы жол бойында құсалықпен жан тәсілім етсе керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шейіт жанның сүйегі осы маңайдың бір бесіктей ғана жерінде: яки Ақыр тастың, яки Ақыр төбенің болмаса Мақпалдың, немесе Малдыбайдың, а бәлкім, Құлан төбенің төңірегінде әлі жатқан шығар... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жол жағалай ойдым-ойдым егіндік Алатаудың баурайына шашылған алтын алқадай сарғайып көрінеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл Ақыртөбенің атақты ақ бидайы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Рас болса, патшаның өзі осы Ақыртөбе бидайын Петерборға алдырып, содан пісірілген нанды жейтін көрінеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қиялы жүйрік қазақтың шыны екені, өтірігі екені беймәлім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ Ақыртөбе бидайына құмарлар көп екені рас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Айда тезірек! – Офицердің ащы дауысынан күйме ішінде қалғып-мүлгіп келе жатқандар селк-селк етіп шошып кетіп, көздерін бағжаң-бағжаң ашып, салбыраған бастарын көтеріп-көтеріп алады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мырза, аттар болдырып қалды, – деді мұрты салбыраған ат айдаушы артына түнере бұрылып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ақыртөбе жақын, сол жерден ат ауыстырасыздар... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– «Апыр-ай, бір биеден ала да туады, құла да туады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір анадан жақсы да, жаман да туады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Наташаның мінезі жібектей жұмсақ, өте мейірімді еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Асылы шешесіне тартса керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шешесі Софья Константиновна – арты тегі поляк, өте иманды кісі еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күйеуінің түрме бастық болғанына құсаланатын сияқты еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Приходько мырзамен ешуақытта шіркеуге бірте бармайтын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар кейін ойласа, оның діні католик екен ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«А мүмкін Наташа Огинскийдің «Полонезін» сол шешесі арқылы білген шығар». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар кенет керемет жаңалық, ашқандай қуанып кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көңіліне «Полонез» әуені мамыр айында гүлге қонған көбелектей көлбеңдеп келе берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Бәсе, бәсе, – деді ол ішінен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Софья Константиновна біз сияқты кем балаларға өте қайырымды еді-ау. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол Костюшко көтерілісінде Ресейге жер аударылған поляктар тұқымынан емес пе екен? Наташа соған тартқан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал мына ротмистр мырза аумаған әкесі...». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұрымтал жолдың үстінде, оқтаулы мылтықтың аузында келе жатса да, кенет кеудесін күй кернеп, санасында әдемі әуеннің сайрағаны сонша, Тұрар танауы делдиіңкіреп: топ-толық күрең-қызыл еріндерін оқтын-оқтын ашып қалып, көмейінде тұтқында жатқан бір әуен бұлқынып сыртқа шыққысы келгендей, көкірегі күмбірледі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Полонезді» ысқырып сала да жаздады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Абайламай аузынан ән әуезі шыға қалса Аркадий Приходько мырзаның секем алуы да мүмкін ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Асығып келеді Аркаша. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар да асығыс. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Асылы, екеуінің діттегені бір майдан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дәлірек айтқанда, екеуі бір майданның екі жағында. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мұның салып-ұрып, сарсаң соғып келе жатқанына қарағанда, Меркедегі сойқанның толғағы жеткен тәрізді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тағдыр екен, арада он жыл өткен соң ерке-тәйтік Аркашамен ашық майдан шайқасында кездесемін деп Тұрардың үш ұйықтаса түсіне кірген бе? Рас, жек көретін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сабап алғысы келіп кіжінетін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мазағына шыдамай қорланатын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал ұлы ұрыс даласында кездесуді ойламаған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тағдыр екен, тағдыр Аркашаны Тұрарға жау етіп қойды да, оның туған қарындасы Наташаны ойлағанда ет бауыры елжірейтін болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Зұлымдық атаулыға қарсы, халықты көтеремін деп қаһар мініп келе жатқан беті мынау. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол халықты жаныштаймын деп асыққан Аркаша анау. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сұрапыл ойлар соғысының жарқылында жалт етіп нәзік сәуле жүрегін сыздатады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол – Наташа. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аспараның ұшар басында ғана қалған бір шөкім қарды жаңа шығып келе жатқан күннің нұры шалып, ақ қар қызыл арайлы асыл тасқа айналып, атыраптағы мазасыз ауылдарға мейірбан сәуле таратқандай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жаңа шығып келе жатқан күннің күзетшісіндей болып, Мықан жағасында Тұрар жападан-жалғыз тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тау баурайындағы ел ерте оянып, күндегі күйбің тіршілік басталған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өріске айдаған сиыр қазық басында қалып бара жатқан бұзауын қимағандай мөңіреп, артына қарайлай береді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бақташының дауысы таңғы ауаны жара шаңқылдайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ойпаңда жылқы оқыранып, ауыл шетінен ит маңқылдайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үй-үйден түтін шұбатылып, көкпеңбек бейкүнә аспанның жүзін тасалай алмай үн-түнсіз ғайып болып жатыр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түстікте түксиген тау, терістік – шексіз мұнар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осыдан терістікке тура тартсаң – елу-алпыс шақырымнан соң құмға барып кіресің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жасыл жаннат таусылып, құлазыған құм басталады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол құм түстікке қарай тап-тап беретін сияқты. |