KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ таудан, таудың салқын самалынан, сансыз мөлдір бұлақтан сескенгендей бұғып қана жатады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлдеқалай тау қалғып кетіп, су тоқтап, тал-дарақ жығылса, құм лап беріп, бас салмақшы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үстірт қарағанға ауыл ажары бұрынғыдай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ештеңе де өзгермеген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол бір мұржасы аласа жатаған тоқал үйлер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кейбіреулерінің төбесінде өткен қыстан қалған ескі шөптің қалдығы әлі қалқиып тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұлар жайлауға да шықпайды, қыстауға да көшпес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қысы-жазы осы Мықан бойын еміп жатқан кедей ел.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жайлауға көшсе Бектен болыс пен Айбар байлар көшер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аспара асып, Сусамырды барып жайлап, дүние рахатына мелдектеп жүрген солар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ биыл жаз Бектен болыстың өзі де Сусамырдың сары қымызын сапырып іше алмай, ойда жүр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жоқ, сырт қарағанға ел өзгермеген сияқты болғанымен, Мерке атырабында ашық күннің өзінде күн күркіреп, найзағай шартылдап, дауыл соғып тұрғанын байқамауға болмас екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әне, анау Мықанның арғы бетінде жоғарыдан төмен қарай жөңкіліп бара жатқан аттылар кімдер? Тойға яки асқа, көкпарға, тамашаға тартып бара жатқанға ұқсамайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сабылыңқы, сабырсыз суыт жүріс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шілде күнінің өзінде әлдебір ызғар сезілгендей.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мықан суы сол баяғы сылдырына басып, сылқым ағып, жағасында жалбыз бен атқұлақ, қоға мен түйежапырақ жайқалып тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ауа да сол баяғы кәусар, сол баяғы зәм-зәм суындай мөп-мөлдір.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мықан суына түсер тұс жарлауыт, жалғыз аяқ жол ғана ирелеңдеп жатады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар бұрыннан сол жарлауыт тұсында жалғыз тұрғанды ұнататын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үкілі шоқ қамыс тұсында иірім бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бала кезінде атқұлақтың жапырағын жұлып алып, сол иірімге тастап жіберіп, әлгі жасыл қайықтың шыр көбелек айналып, шарқ ұрғанына қызыға қарап қалатын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жасыл қайыққа мініп алып қиялында шексіз мұхитқа шығып кетер еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Теңіз кешіп жүріп Сахалин аралына жететін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аяқ-қолы кісендеулі әкесін тұтқыннан босатып, жасыл қайыққа мінгізіп, елге, Мықан бойына кері қайтатын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол иірімге жақындағанда тостақ көз, көкқасқа бақалар тарбаң-тарбаң секіріп, шолп-шолп етіп, суға қойып-қойып кететін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазір де жаңа шыққан күннің көзіне қыздырынып отырған көкқасқалар беймезгіл үркіп, суға сүңгіп-сүңгіп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарлығаштар әуенге басып, өзен үстінде қайқаңдап ұшып жүр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Иірімдегі суға күн сәулесі шашырап түскенде, су бетіне інжу-маржан шашылғандай, майда толқын құлпырып ойнап, жайнаң қақты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жарлауыт астындағы иірімге Тұрар бес жылдан кейін бірінші рет келіп тұрған беті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Зымырап ете шыққан бес жыл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өткен күнде белгі жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соңғы рет осы жарлауыт басында тұрып, атқұлақтың бір жапыратын қайық қылып, суға ағызып, Мықан бойымен, Меркемен қош айтысқан соң Тұрар Пішпекке аттанды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пішпектен соң Самар, Самардан соң – Ташкент.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Меркеден аттанғанда Тұрар он төрт жасар панасыз бала еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тамыры байланбаған жас шыбықтай болатын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тағдырдың дауылы, қаңтары мен ақпаны оны жұлқылап, жер бетінен жойып жібермекке әрекет жасап, талай озбырланды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бәріне де шыдаған, бәрін де бастан өткерген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өмірге деген ынтызар күн нәп-нәзік, талдырмаш қара баланы дауылға қарсы ұшырып, қанатын қатайтты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бақыты кем балалығымен қоштасқан Мықан бойындағы жарлауытқа қазір келіп тұрғанда, ерігіп, сейіл құрып жүрген жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әсте де олай емес-ті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жарлауыт басынан жан-жаққа көз салады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлгібір бес-алты атты төмендегі Ойталды бетке алып, сай-саймен ғана жылжып, төбелері қылт-қылт көрініп, лезде көзден таса болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзі жүдеу ауылдың адамдары ашаршылықтан, яки обадан қырылып қалғандай қыбыр етпейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тым құрыса, қолына құмған ұстап, үй сыртына дәрет ала шығатын шал-кемпір де көрінбейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тірі жан бар болса да, сырт дүниеге соқыр терезеден баспалап қарап, үйлерінде бұғып-бұғып, үрей болып отырған тәрізді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аспан ашық, әлем жарқырап тұрса да, дүние күн тұтылғандай күңгірт.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көктен нұр себелеп тұрғанмен, көкіректе көңілдің шырағданы пәс тартса, дүние осылайша сұрықсызданады екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұған Тұрардың көзі жетіп тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ел неге бүйтіп бұғып, баспалап қарап отырғанын да біледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әр бұтаның түбінен, әр сайдың тасасынан, жан-жақтан жау қамалап тұрғандай үрей тыныштық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы меңіреу тыныштықтан кейін әлдекім шашын жайып аңырап, жер астынан жоқтау айтып шыға келетіндей, тарс етіп оқ атылатындай тосын сәт.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қырғызбай атасы қартаяйын депті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзі баяғыдан қоян мінез қорқақ адам, енді тым қалтырап қалыпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соңғы уақыттың бура бұрқылы бұйығып жатқан мұны да шайқаған тәрізді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрардың келгеніне бәлендей қуана қоймады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Неге екенін ашып айтуға тағы батпады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрардың мұның үйіне келіп түскенін білсе, өкімет аямайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соны шал сезеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Іңір қараңғысында Тұрар үйге: «Ассалаумаәлейкүм!» – деп кіріп келгенде Қырғызбай атасы намаз оқып отыр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Келген Тұрар екенін білсе де, былқ етпеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шариғат намаз бұзуды қаламайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Шіркін-ай, көкем болса, намазды атып ұрып, орнынан қарғып көтерілер еді-ау», – деп Тұрар ішінен тынып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал Салиха шешесі Тұрарды көріп, бас салып құшақтап, аңырап тұрып бір жылап алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шалының: «Ойбай, қарыстыр жағыңды!» – деп ысылдағанына қарамастан:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– «Қайран ғана асылымның сынығы-ау, арманда кеткен есіл ердің жұрнағы-ау, теңдесі жоқ тұлпарымның тұяғы-ау!» – деп көпке дейін теңселіп тұрып алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлден уақыттан кейін шарт жұмулы көзін ашып, әлсіз шырағданның алагеуім жарығына Тұрарды шығарып тұрып, тұла бойына, бет-жүзіне үңіліп тұрып әбден қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Шынымен Тұрармысың, қарағым-ау! – Наудай жігіт болыпсың ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тіпә-тіпә, тіл-аузым тасқа! Аумаған Мырзағаның өзі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұқсамасаң-тумағыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Киімі ғана басқа, шаш қойғаны болмаса, дәл өзі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ойбу, шаш қойып, кәпір болайын деп пе ең? Қой әрі, алдырып таста! – деп енді дауысын қатайта бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Апа-ау, шаштан басқа көкемнен тағы қандай айырмашылығым бар? Тапшы, кәне – деп Тұрар да кемпірді иығынан құшақтап, аймалап қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл ықыласқа тым тәнті болған Салиха, діндей жігітке тағы үңіліп:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Дәл өзісің ғой, Тұрар-ау! – деді еркекше жарықшақ дауысымен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ойбу, аңқау басым-ай, әкеңнің сақал-мұрты бар еді-ау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Одан басқа?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Одан басқасы – бәрі айнымаған әкең.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Таппадың, апа,– деді Тұрар кемпірді жауырынынан қағып қойып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көкем көзәйнек кимеуші еді ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Алда құдай-ай, көзәйнегің бар екен ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлден көзәйнек таққаны несі? Сол да сән бе? – деп кемпір екі езуі салбырап ренжіп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сән емес, апа, – деп күлді Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мұны кимесем, көзім бұлдырап, кітап оқи алмай қалатын болдым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Осы кітап оқи берген де жақсы емес-ау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шырағданның жарығымен ет беттеп жатып, ұйқы көрмей оқушы ең ғой ана жылдары.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көздің майын жеп қойған ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

О баста оқыса – оқысыншы, бізден де бір азамат шықсыншы деуші едім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Білесің бе, ана жылы оқуға бала аламыз деп мұғалімдер келгенде, мына шал сені жаздырғысы келмей, мен көнбей қойып ем ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сауатың ашылды, қара таныдың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді болды емес пе? Қырғызға да барып оқыдың, орысқа да барып оқыдың, жер түбіндегі Самар дей ме, соған да бардың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ташкенге де бардың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тегі мұның шегі бар ма? Сондағы ұлық болғаның қайсы? – деп Салиха кемпір енді пендешілік жағына қарай қисайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тәшкеннен бір шәйі көйлек ала келсең не ғылатын еді мына жаман шешеңе.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен өле кетсем, баласының Тәшкеннен әкеп берген көйлегін аламыз деп кемпірлер сүйегіме түсуге таласар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, антұрған, оттай бермей қойсаңшы енді! – деп шалы шақ ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Баланың мазасын ала бермей, шәй-пәй дайындасаңшы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ойбу, сорлы басым-ай, шәй қоюды ұмытып кетіппін ғой, – деп Салиха салдырап сасып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Лезде бұрқылдап, ашу шақырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, қақбас, алыстан келгенде біраз айналып-толғанғанға нең кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шәй-пұйы несі? Сой ана тоқтының біреуін! Тұрар алыстан келгенде соймағанда, менің жаназама сояйын деп пе ең?!
Көрсетілді: 13200 / 47388