KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тоқты сойып, түнімен жайбарақат отыратын заман емес қой, жазған-ау, – деп шалы жуасып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Рас айтасыз, ата, жайбарақат отыратын уақыт емес, – деді Тұрар салмақпен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қой сойып, ет асудың керегі жоқ, шәй, тіпті шалап болса да жетеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал, ата, ауылдың, хабарын айта отырыңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Не болып жатыр өзі?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Не болушы ед? – деп Қырғызбай бұл сұрақтан секем ала қипақтады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Баяғы екі шоқып, бір қарайтын қу әдеті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мен, әйтеуір, араласа бермеймін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтеуір, абыр-сабыр, еліңде маза жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Базарға бұрынғыдай мал да түспейтін болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жалғыз атын желдіктеп, жапа-тармағай бақан ұстаған едірең байлар, әйтеуір.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кімді шауып, қиратып тастайтынын құдай білсін, әйтеуір шетінен желігіп алған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шетінен бозаға тойып алған адырлар сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қорқамын, тәрізі жаман.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кесірі тиіп жүрмесе жарар, әйтеуір.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көппен көрген ұлы той, несіне қорқасыз? Астыңызда атыңыз бар, бір шетінен барып сіз де тиіспейсіз бе? – деп мысқылдады Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шалдың мұнша үркектеп отырғанына риза, сірә.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ой, шырағым-ай, шыбын жаным шықпа деп жүрген атаңа енді батырлық пайда болар деп пе едің?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, баяғы Соқыр батырдың бір жұқанасы жоқ па бойыңызда? Алыңыз найза қолыңызға! – деп Тұрар шалды әжуалай түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Соқыр батырдың заманы мен бұл заман тең бе екен? Ол – мәрттер заманы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал біздікі: «шықпа, жаным, шықпа».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атасы бүкпесіз айтып тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұған қояр кінәсі жоқ: Кіммен кім соғысады? Не үшін? Не мақсат? – Онда атасының шаруасы болмас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шалдың шаруасы базар еді, шәй-пұлын содан ажыратып жүруші еді, енді базардан соң кетсе керек Қырғызбайлар үшін елді кім билейді, тізгін кімнің қолына тиеді – бәрібір.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек өз басы, ошақ қасы аман болса болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жә, ата, менікі жай сөз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал ендігі келген шаруам – маған атыңызды бере тұрыңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ менің келгенімді жан баласына айтпайсыздар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Шырағым, Тұрар, сенен мен атты аяп отырған жоқпын, – деді атасы бірден мүжіле түсіп, ауру адамдай үні әлсіз естіліп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тек жүрсең, тоқ жүрерсің деген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы шатаққа шатыспай-ақ қой, шырағым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әкең байғұс басын тауға да ұрды, тасқа да ұрды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Одан не шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Таспен жапалақты ұрсаң да жапалақ өледі, жапалақпен тасты ұрсаң да жапалақ өледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына заман – тас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оған соқтықпа деймін, тілімді алсаң.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әкеден қалған жалғыз жетім, сен бір кесірге ұрынып жүрсең, Рысқұлдың түтіні мүлде тұтанусыз қалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осыны ойлан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Атаң дұрыс айтады, – деп Салиха бір тұстан ордаңдай қосылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұрын ұдайы Тұрарды жақтап отыратын кемпір бұл жолы шал жағына шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мырзаға байғұс өзінің ұрыншақтығынан, бірбеткейлігінен тапты ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайда ғана қалды екен, қарағе-ем! – деп Салиха сөзінің аяғын аңырата бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кемпірі Рысқұлға жоқтау айта бастаған сайын Қырғызбай «тәйт!» – деп тастаушы еді, бұл ретте үндемей төмен қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Рысқұл жер бетінде жоқ» деген нанымға енді бұл мойын ұсынған сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Апа, қай-қайдағы жамандықты шақырмаңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Итжеккенге кеткеніне он жылдан асты, не хабары жоқ, не ошары жоқ, тірі адам осы уақытқа дейін бір тіл қатпай ма мырзаға-о-о-у! Heгe кеттің хабарсе-ез-о-оу, аһ! – деп кемпір екі көзін шарт жұмып, екі бүйірін таянып қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұдан арғыға Тұрар төзе алмай:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ата, мен жүремін, мұнда қалсам, сендерге кесірім тиер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кәне, атыңды ерттеп бер! – деп бұрынғы өтінішін бұл жолы қатал қайталады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шал сәл бүгежектесе де, мына қаһарлы үнге, өңменнен өткен отты көзге шыдай алмай, есікке қарай қалбалақтай жөнелгенін өзі де байқамай қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Шәй ішсеңші, Тұрар-ау, – деген Салиханың сөзін Тұрар естіген жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл кезде ол тастай қараңғы далаға шығып үлгеріп еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Меркенің «Төрткүл» деп аталып кеткен қыр базарына бұл жексенбіде де халық көп жиналыпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірак шығыс базарына тән бұрынғы сән жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адамдар әлдеқалай асығыс, әлденеден сезіктенгіш бір-біріне күдікпен қарайды, жан-жағынан үрей қамағандай, жалтақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шайхана алдында жуан қарын самаурындар сексеуіл шоғына шыдай алмай, селкілдеп, иіндерінен дем алып тұрса да, бұрынғыдай жайғасып, малдас құрып отырғандар көрінбейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шайқорлардың орнына, биік нарға бір кезде соқыр пристав Сокольский мырза, оның соңынан кеше Ташкенттен келген ротмистр және еуропаша киінген жас қазақ жігіт көтерілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атқа мінген урядниктер базардың о шеті мен бұл шетіне шапқылап, жар салып жүр:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Азаматтар! Маңызды хабар! Қазір өте маңызды хабар есітесіздер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шайхананың алдына жиналыңыздар!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар ағаш нарға көтерілгендерді бірден таныды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пристав бұрыннан таныс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қоқан қырғынындағы төгілген жастың кешуі ме, қалмақ қырғынындағы төгілген жастың кешуі ме – белгісіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Генерал Черняев жүріп өткен соң Корниловканың үстіңгі жағында баяғы айта беретін Шәңкібастау, Қарақойын қонысы аса алыс та емес еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол Қарақойын Тұрарды өзіне Одиссейді тартқан сиқырлы сұлулар аралындай арбай берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сиқырлы сұлулар аралында қалып қоймас үшін Одиссей өзін кеменің діңгегіне байлаттырып тастағаны сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрарды да байлап-матап тұрған жай – Мерке сапары.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтпесе, қазір Қарақойынға бұрылса – Ахат атасын көрер еді...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ахат Алматыдан Тұрарды алып қашқалы да он жыл өтіп кетіпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол сапар атасы Тұрарды Меркедегі Қырғызбайға табыстап, өзі осы Түлкібас асып кеткен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрарды Түлкібасқа ала кетуге Дауылбай әулетінен сескенген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Меркенің базарында баламен қоштасып тұрып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ал, шырағым, Мерке де сенің бір елің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қырғызбай сенің туғаның.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айтқанын істе, тілін ал.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алла сенімен аман көрісуге жазсын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Заман оңалса, қауқарым жетсе, іздеп келіп, ата-бабаң туған жер Түлкібасты бір көрсетермін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда сен ата-бабаның қасиетті топырағын жерсініп, ана сүтінің дәмін алғандай боларсың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал, егер менің көзім жұмыла кетсе, ер жеткенде әйтеуір бір іздеп келіп, бейітімнің басына тізе бүгіп: «Ей, бейшара Ахат атам, мен сенің ұрпағыңмын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жасудай жақсылығың тиіп еді, сол жақсылығың алдыңнан шықсын!» – деп бата қылғай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл дүниеден ұрпақсыз өтер мен бейбаққа дүниеде сауабың тиер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Хош-қайыр!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қолыңды жай, Тұрар! Ажалдан бұрын ешкім өлмейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алдымдағы тіршілік болжаусыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алланың аманат қойған жаны бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мүмкін, көремін, мүмкін енді қайтып көрмеспін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Егер мен әлдеқалай ахиретке бет алсам, «аталап» артымнан бір келуге арланба, Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дүние-жалғанда Ахат деген атам өткен деп есіңе ала жүр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қоштасарда соңғы сөзім: – Артыңнан қумасын, алдыңнан бумасын! Әумин!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ахаттың Мерке базардағы соңғы сөзі осы еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол кезде Тұрар он жаста еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Артыңнан қумасын» дегенде «Алматыдан Приходько қуып келмесін» деп түсінген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді ойласа, атасының батасы ол мағынадан әлдеқайда кең екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Артыңнан қуып отыратын – жаманшылық, алдыңнан ылғи да күтетінің – жақсылық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірінен қашқан боласың, бірін өмірбақи күтіп, алдағы күнге мойныңды соза бересін, соза бересің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ бір құдірет: «Аузың асқа, ауың атқа жарымасын», – деп қарғап қойғандай, Тау-Шілмембет әулетінің басын тауға да, тасқа да соқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлдың етегінен ұстап, ширек ғасыр сандалыстан соң туған Қарақойынға қайтып оралған Ахат енді тірі ме, жоқ па? – Белгісіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адам өлсе, артында не қалады? Мына заңғар тау, анау зеңгір аспан, жасыл жапырақ, аналық топырақ, шырылдаған торғай, қалықтаған құс қалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Егде жігіт кезінде елден кетіп, еңкейген қарт шағында қайта келгенде Қарақойыннан не тапты екен? Күндіз ойынан, түнде түсінен шықпайтын туған жері не тартты екен Ахаттың сыбағасына? Сәлік атадан өз қатары сиреген шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кәрілерін таба алмай, жастарын танымай, жат жерге келгендей бір сарсаң кешкен болар да.
Көрсетілді: 13300 / 47388