KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атшабарға барса біраз жағдайдан хабардар болар еді, бірақ бұл жоқта ротмистр ат тауып келіп, күйме жүріп кете ме деп қауіптенді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистрмен екеуінің арасы аса жақсы да емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есер немемен ерегіссе, күймеге мінгізбей тастап кетуі де әбден ықтимал.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ташкенттен шығарда, енді жүрейін деп тұрған сәтте осы офицер өрт сөндірердей ентігіп жеткен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күйменің орындықтары бос емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жолаушылар біріне-бірі иық тіресіп, ине шаншар жер қалмаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр қалт тұрып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Отырған жұртты алақ-жұлақ бірер қарап шолып шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрарға ежірейе көз тігіп тұрды да:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Встать! – деп бұйырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мәртебелі мырза, менің билетім бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Заңды орным.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Встать! Ақ патшаның офицерін көргенде түземдердің орнынан тұрып, бас иіп сәлем беруі керек екені туралы жарлықты оқымаған қандай оңбағансың? Айып төлетіп, дүре соқтырып, айдатып жіберейін бе өзіңді!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ерегістен ештеңе өнбейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ондай оспадарсыз тәртіптің бар екені шын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Генерал-губернатор түземдерге арнап сондай қорлықты жарлық жариялаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ондай жарлықтың бар екені рас, офицер мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жергілікті халықтың өкілі ақ патша офицерлері мен чиновниктерді көргенде құлдық үру белгісі ретінде орнынан тұрып, иіліп сәлем беруге тиіс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл туралы Куропаткин мырзаның көмекшісі Ерофеев мырза қол қойған тәртіпті оқығаным бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ ол жарлықта күйме ішінде де тұрып бас ию керек деген пункт жоқ еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ, жарайды, отырыңыз офицер мырза, – деп Тұрар орнынан көтерілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр отыруын отырғанмен, сөзден тосылғанын сезіп, есесін жібермеуге тырысып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сен үшін арнайы пункт керек болған ғой, – деп бұрқ етті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Айтпақшы, мына қазір жиырма бесінші маусым жарлығынан кейін түземдер де әскерге алынып жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сен содан қашып жүргеннен саумысың? Бұл не саяхат? – Ротмистр: «бәлем, жанды жеріңнен ұстадым ба?» – деді бір езулеп зәрлі мысқылмен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Офицер мырза, сіз басқа жарлықты да білуге тиіссіз ғой, ұмытып қалдыңыз ба, генерал-губернатор қара жұмысқа мобилизация жасаудан болыстарды, ауылнайларды, имандар мен молдалары және үкімет оқу орындарында оқып жүрген шәкірттерді құтқарған жарлық шығарған жоқ па? Мен осындағы мұғалімдер институтының шәкіртімін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал қазір каникулға Әулие-Ата уезінде тұратын туысқандарыма бара жатырмын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кешіріңіз, – деді ротмистр басын сәл изесе де, зілдене, кекесін үнмен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сардардың қуанышы қойнына сыймай, енді бір сөз бастайын деп тұрғанда, оның көзі Ойтал орманының терістігінен шыға жырылып бара жатқан бес-алты аттыға түсті де, түсі өзгеріп, көңілі су сепкендей басыла берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Халқымнан айналайын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адалдығыңнан айналайын, – деді ол ақжал сарының үстінен үзеңгіге аяғын тіреп түрегеп тұрып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сендерге құдай анау опасыздардың жолын бермей-ақ қойсын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ана өрден түсіп келе жатқандар, мен білсем, жау емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жаумен айқаспай жатып ана жүзіқаралар қашып барады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жә, бес-алты шіріген жұмыртқа мына тұрған бес-алты мың қолдың садағасы босын!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алты мың бас бұйрықсыз-ақ бұрылып, Ақкөз қамшысының тобылғы сабы нұсқаған жаққа жапырыла қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қашқындарды олар тоғай арасынан көре алған жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шыдай алмағандары Ақкөз тұрған төбеге шауып шығып, сардардың айтқанына өз көздері жетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алты атты адам сары белді бетке алып, аңшылардан қашқан бөрідей тұқшия түсіп, желе-жортып зытып барады екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мен Ойталға – әділдік туының астына ешкімді де күштеп, зорлап жиған жоқпын! – деп Ақкөздің дауысы саңқылдап қайта шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Басына күн туған халық өзі келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әне, қараңдар, тағы да келе жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біздің қолға қосылмаққа келе жатыр! – Сардардың тобылғы қамшысы енді әрі жақты нұсқады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ойдым-ойдым ойнақшыған шаңдақ жақындап қалған екен, – Бұл жиын – ерікті жиын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жан баласына қиянат, зорлық жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шайқастан қорқатындар араларыңда әлі де бар болса, алда риза, мен риза, әне жолың ашық, бара берсін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ойталға еріккендер келмейді, бұл жиын – ас пен тойдың жиыны емес, тәуекелдің, көппен көргеннің ұлы тойы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Одан тайсалғандар осы бастан тайып тұрсын! 

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Дұрыс! Дұрыс!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тура сөз!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Арамызда арамзалар болмасын!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қорқақтар қатындардың қасында отырсын!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жасыл бұйра жағалаудың ортасындағы қара дария тасығандай: аспанға найзалар мен ақ бақандар шаншылып, толқынның ақ шуда жалындай желкілдейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көбісінің қаруы бақан мен уық, ақ сойыл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол жабайы қару жабыла көтерілгенде мына аңызақ шілденің ақ шелденген аспанын тіреп тұрғысы келгендей шаншылады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ойталдың жүз жылдық зау теректері қыркүйек түспей жатып, осы тамыздың ішінде-ақ сары балақтана бастаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонау сәуірдегі сараң жаңбырдан соң бұл өңірге биыл тамшы тамбай тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жайылымы жұтаң, жайшылықта жайқалып тұратын күр еңсе мен раң, бидайық пен беде тым ерте қурап, ұшып кеткен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек тырбық жусан тана сұп-сұр болып, сазарып алып, әлі де болса аптаппен арпалысып, күн көзіне зәрлене қарап, ызасы бетіне шығып тұрған сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қасақана биыл Мерке мен Мықанның, Аспара мен Шалдуардың суы да қысыр жыландай қымсынып, қылдырықтап ағады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Су бұрынғыдай арнасынан асып тасымаған соң, ойдағы шалғын тозған, үкілі нар қамыс биыл өрт шалғандай селкеу-селдір.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұндай аңызақ құрғақшылықта дала шаңдақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұрқ етерге желеу таппай жатқан кебір топырақ Меркеден құлаған аттылардың жолын әйгілеп аспанға бүкіл даланың үстінен бозбала ту көтергендей, сатым аралас тозаң тұтып алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тозаңдатып, шаңдатып өрлеуіттен алғашқы аттылар да жетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Астына жабы тұқымдас бөрте жүнді мықыр ат мінген айыр қалпақты адырлау бір кісі анадайдан айқай салып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ассалаумалайкүм, Ақкөз батыр! Біз тіге Аспараның арғы бетіндегі Батыс қырғыз боламыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сен әділет туын көтерді дегенді естіп, аңнан қазақ-қырғыз қашаннан бір туған, не көрсе де – бір көреді, бұл заманда да бір болайық деп еле келдік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына менің ағаларым мен аталарым кешегі Сыпатай батырдың сарбаздары болған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оны сен жақсы білесің батыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бүгін жолда біз Сыпатай батырдың басына түсіп, дұға оқып, әділет үшін аттандық, ақ жол беп деп бата тіледік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аңнан мына аттың басын саған тіредік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қабыл ал, батыр! Менің ныспым – Атасақал, қасымда жиырма жігіт бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақкөз ақжал аттан түсіп, Атасақалға қарай төбеден төмен жаяу беттей берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атасақал да мықыр аттан аунап түсіп, төбеге қарай ентелей басты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақкөз әуелі Тұрарды танымай тосырқап отырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Орысша киінген, көзіне алтын жиек көзілдірік тұтқан, дудардай шаш қойған шомбал денелі жас жігіт бір жерде көрген адамындай елес берсе де, қайда көргенін есіне түсіре алмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұлықтардың қасында осындай тілмаш, писарь қазақтар жүретін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Біздің арамызға кіріп кеткен жансыз біреу болып жүрмесін», – деп те күдіктеніп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек Досмайыл алдына келіп, тізерлеп отыра беріп:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Уа, батыр, мына бала сені іздеп келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сені танимын дейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзі деймін тегін емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Меркенің базарында пристав пен Атамырзаның аузына құм құйып кетті, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кім боласың жарқыным? – деп Ақкөз енді Тұрарға бүкіл тұлғасымен бұрыла қарап, төбеден төмен төне түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Танымады, – деді Тұрар ішінен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

–Танымады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біз сонау Бектен тойынан бері көріспегелі алты жыл өтіпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екеуміз де өзгерген екенбіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұның басында бурылы көбейіпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Реңі әлі таймаған бірақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жарықтық әлі нарттай жүзінен нұр шашырап, екі көзі әлі жайнап тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы келбетте адамды өзіне еріксіз артып алатын магнит бар сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дәл қазір мына қалың қолдың мұның жанына топтанғаны да тегін емес қой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құдіретті қарт, енді сол құдірет жолын дұрыс таба білсе болғаны...».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар төбеде отырған Ақкөзге тағы бір адым жақындай түсті:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ақа, танымай қалдыңыз ба? Мен Тұрармын ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлдың...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Болды, болды, бауырым, құлыным, болды, ар жағын айтпай-ақ қой! – деп Ақкөз орнынан қопарыла көтеріліп, қорбаңдап келіп жас жігітті бауырына басты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ылғи бір сын сағатта сен кез келіп, қанатымен су бүріккен қарлығаштай, дем бересің, құлыным.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонау Бектен тойындағы сойқанда шырылдап келіп ара түскеніңді әлі ұмытқан жоқпын, қуатым.
Көрсетілді: 13500 / 47388