Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көзіне пенсне салыпты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оның алтын бауы қымбат қара костюмнің омырауына тағылған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Халық құжынап, жаяуы бар, аттысы бар, шайхананың алдына үймеледі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұлықтар тұрған нар мен көпшіліктің арасына бірқатар мылтық асынған солдаттар тізілді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Соқыр пристав тапалдау бойын ұзартқысы келгендей, хром етікті аяғының ұшына көтеріліп, екі қолын арқасына ұстаған қалпы, қарлыққан дауыспен: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мырзалар! Халайық, – деп жұртты өз аузына қаратып алды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
У-шудың лезде сап болғанына рухтанып қалғандай енді үні ашылып, сампылдай жөнелді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Он тоғыз бен қырық үштің арасындағы бұратаналарды соғыстың қара жұмысына алу туралы патша жарлығы шыққалы, міне, бір айдың жүзі болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Болыстар мен старшындар майдан жұмысына баратын жігіттердің тізімін жасауға кіріскелі де бір шама уақыт өтті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Патшаға, империяға шын берілген азаматтар бұл жарлықты дұрыс түсінді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әйтсе де әлі түсінбеушілер көп, ел ішіне бүлік салып, қара халықты адастырушылар шықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлдеқандай оңбағандар патша жарлығына қарсылық көрсетуге тырысып, күш жинап, бунт шығаруға да әрекеттенуде. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оны біз білеміз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ олар отпен ойнайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ажалды қарта бүркітпен ойнайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ойтал маңында Ақкөз деген бұзықтың бастауымен бандалар топтасып жатқанын да білеміз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Олар біздің бір зеңбіректің оғына да төтеп бере алмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ біз қан төккіміз келмейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Халыққа патша жарлығының мән-мағынасын әлі де болса түсіндіріп, мәселені бейбіт жолмен шешкіміз келеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл ретте киргиздің оқыған, көзі ашық азаматтары не айтады, соны тыңдаңыздар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонда ақиқатқа көздеріңіз жетеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Орынборда шығатын «Қазақ» атты газеттің соңғы санын кеше бізге Ташкенттен ротмистр Приходько мырза жеткізді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
(Ротмистр алға бір адым шығып, көпшілікке тағзым етті). |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол газеттегі тағлым сөзді сіздерге қазір Атамырза Айбаров оқып береді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осы уақытқа дейін приставтың сөзін қазақшалап тұрған Атамырза қолындағы араб әрпімен басылған газеттің бірінші бетін жазып, алтын жиек пенснесін кеңсірігіне нығарлап қойып, дауыстап оқи бастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– «Қазақ» газеті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шілде айының сегізі күні. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Орынборда шыққан саны. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тыңдаңыздар, мұнда былай жазылған: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Патшаның жарлығы – хақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оған қарсы шығып болмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Бұйрық қатты болса, жанға тәтті» деген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сондықтан жарлықты орындар болар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бәлкім, қара жұмысқа жаттықпаған, отбасы, ошақ қасынан ұзап шықпаған момын қазақ жастары майдан деген сөзді естіп, үрей болып, майдан жұмысына барудан бастартып, бүгінгі күннің қамын ойлап, қашып-пысып, жасырынып жүрер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Олай етуге болмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол дұрыс емес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Майдан жұмысына барудан жасырынып қалу қате. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Майданға барудан бас тартсаң, халқың қаһарға ұшырайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл шақ – соғыс шағы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тәртіп қатаң: қашқындарды іздеуге әскер шығады, ел-жұртың әбігер болады, азып-тозып, қырғын-сүргінге ұрынады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
От басың, бала-шағаң, кемпір-шалың күйзеледі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қашқанмен – құтылмайсың, патшаның құрығы ұзын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қашқын болсаң, шаңырағың шайқалып, шаруаң күйзеліске ұшырайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өкімет тарапынан халыққа деген сенімсіздік туады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ел ақсақалдары мен атқамінер азаматтар осыны есте ұстап, жарлықтың мән-жайын жұртшылыққа ұғындыра білсе, құба-құп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қол қойғандар: Ғали, Рахмет, Жақып». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Әй, қарағым, оларың кім? Бүкіл қазаққа сөз тастайтындай кім еді оларың? – деді ат үстінен әлдекім айқайлап. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Олар – Алаштың арыстары. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Олар дұрыс айтады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сөздеріне құлақ қою керек, – деп Атамырза белең алып барады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Бұл мектепте аузын буған өгіздей болып тұрушы еді, сабақ білмей. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қашаннан бері халық алдында сөз бастауға жарап қалып еді?» – деп Тұрар таң қалды, әрі қобалжи бастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сынға түсер сағат соқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дөп қазір сөйлемесе сөз атасы өлгелі тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сөйлейін деп неше рет оқталды, бірақ бір нәлет күш бойын буып жібермейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қырғызбай атасының доғал торы атының үстінде тұрып, үзенгіге аяғын тіреп, әлденеше рет көтерілді, аузынан сөз шықпай тұншыға берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жан-жағына қарап еді, иін тірескен адамдар ауыздары аңқайып, Атамырзаның сөзін кәдімгідей тыңдап тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шыдай алмай, қол көтеріп, енді аузын аша берейін дегенде, оң жағындағы бір мосқал біреу: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Әй, бала, шошаңдамай, тиыш тұршы, сөз естиік, – деп бүйіріне қамшының сабымен түртіп қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді сәл кешіксе, бәрі де келмеске кетеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мына тұрған жұрттың бәрі болмаса да, көбі пристав пен Атамырзаның айтқанына иланатын түрі бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар ызадан жылап жібере жаздады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Халық алдында жақ аша алмайтыным бар, сонау Ташкенттен арып-ашып, асығып несіне жеттім? Мынадай жиынды құдайдың өзі дайындап беріп тұрғанда, ләм деп тіл қата алмасам – баяғыдан бері несіне оқып, несіне күндіз-түні күрес жолын ойладым? Дәл осы базарда баяғыда, бұдан алты-жеті жыл бұрын соқыр балгердің теңіз шошқасы қораптан тістеп алып шыққан көк қағазда: «Сенің бүкіл өмірің шайқас», – деп еді ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол шайқас осы емес пе? Сонда менің шайқаскер, күрескер болған түрім осы ма? Қалайша жасық туып едім, о атасына нәлет!». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұңғыш рет Тұрар әкесі Рысқұлдың ашынғанда айтатын сөзін қайталады: «атасына нәлет». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Астындағы торыны тебініп, алға ұмтылыңқырап, додадан көкпар алып шығуға ышқынған шабандоздай көзінің алды қанталап, қаһарлана айқайлап жібергенін өзі де байқамай қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дауысы ащы шықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Халық елең етті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ей, Атамырза! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Атамырза оқ тигендей селк етті, алтын пенснесі жалп етіп, омырауына құлап, баулығына салбырап қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол қалың топтың ішінен ат үстінде алға ұмтыла дәл өзіне қарай қолын сермеп тұрған Тұрарды таныды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ей, Атамырза! Сен қашаннан бері сайрайтын болғансың? Сайрауың – қораздың аузындағы шегірткенің шырылдағанындай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шырылдарсың, сорлы! Айтып тұрғаның шын болса – әскерге алдымен өзің неге бармайсың?.. Жалған айтасың! Қолыңдағы газет те жалған айтады! Ол халыққа басыбайлы, құлақ кесті құл бол дейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тұрар демі жетпей алқынып бара жатқанын байқады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жүрегі дүрсілдеп қатты соғып, өкпесі өрепкіп, аузынан атып шығардай алқымына тірелді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сөз бөлініп, ой шатасса – нағыз сорлаған жерің сол. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қазір аналарға кезек бермеу керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Халықтың назарын мықтап ұстап қалу керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айырылсаң – құрыдың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көп сөйлеп, мыжудың да қажеті жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Негізгі ойды аз сөзбен лезде жеткізбесең – жеңілдің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлгінде бүйірінен қамшымен нұқыған мосқал қазақ енді өзіне қадалып қалыпты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Ал, бол, айт!» – деп тұрғандай көзқарасы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Одан әрі жүздеген, мыңдаған көздер өзіне қадалғанын қас қағым сәтте аңғарды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Сөйле!» – деді өзіне өзі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Патша, патша дейсің, Атамырза. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Патша, патша!» – деп лепіргенде балағыңнан кірген жел танауыңнан шығады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Патша уәдеден тайған жоқ па? Қазақтардан әскерге адам алмаймын деген антын бұзған жоқ па? Антын жұтқан кімді аяйды? Соғыс жүріп жатқанына үш жылдың жүзі болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кімге керек ол соғыс? Қан төгіп жатқан халық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тауқымет артып жатқан халық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал патша болса, тағын ойлайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Халық қырылған жерде патша тағының амандығы кімге керек?! Мен де кеше ғана Ташкенттен келдім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ондағы жұрт патшаға адам бермейміз деп аттанысқа шықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Соноу Торғайда, анау Жетісуда, мынау Қырғызда халық көтеріліп жатыр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дүйім халық көтерілсе, патша да, губернатор да, ояз да, мынау тұрған пристав та түк істей алмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Алтау алауыз болмай, төртеу төбедегіні алайық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қарулан, халайық! Ойталдағы Ақкөзге барып қосыл. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бытырамай бір кісінің баласындай бол! Бес саусақ жұмылса – жұдырық, жұмылмаса – құрыдық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Патша қазақ жігіттерін майданның қара жұмысына алмақшы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол не деген сөз? Ол окоп қазады, қолындағы бар қаруы күрек болады деген сөз. |