KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сәлден соң қастарының арасы қосылып, түксие қалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Ал Керенский күшейіп кетсе ше? Тіпті патшаның өзі қайтып келсе ше? Ол әлі тірі екен ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Большевикке қызыңды бердің деп сорпамды сонда қайнатар...».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Осы сенің жасың нешеде, Тұрар? – деп Сәбден көзін ашты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жиырма екіде, Сәке.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ой, әлі бала екенсің ғой, – деп Сәбден олқысынып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– «Бала неме өкімет басында отыра ала ма?» – деп те қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар оған қарсы дау айтып жатпады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек ана жылы Самар сапарында башқұрттың баласы Ақмармен арада болған әңгіме ойына оралды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Самардың ауылшаруашылық оқуына сонда Ақмарды да алмай қойып еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оқуға қабылданбаған екеуі сонда бір-біріне мұңын шағып, біраз күн жолдас болып, Самар қаласының тұз-дәмін бірге татысқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақмар Тұрардан ересектеу еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Эх, жиырмаға жақындадым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бітірген биттей нәрсем жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал менің жасымда бабам Салауат қол бастаған, – деп тістенді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Білесің бе, Тұрар, біздің башқұрттарда ол турасында жыр да бар:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Салауат неше жасында.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жасыл камшат бөркі басында.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Генерал болған Салауат

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жиырма екі жасында...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Да, ал мен... Вообщем, айдағыз, Тұрар, кеттік біздің Уфаға.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Впрочем, көп қазақтар біздің Уфада оқыған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Олар қазір оңай кісілер емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Белгілі адамдар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жоқ, мен елге қайтамын, Ақмар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ташкентте жаңадан институт ашылыпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бағымды тағы бір сынап көремін, – деп еді сонда Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ал Салауат жыры жақсы екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оны мен жаттап аламын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Уфада оқыған қазақтарды да білемін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Олардың көбі шынында да халыққа зор қызмет атқарып жүр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мысалы, Бейімбет...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрардың қолындағы босаған шыныға қолын созған Селима оның ойын бөліп жіберді де... лезде жалғастырып алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы көктемде Ташкентте Мұстафа Шоқаевпен кездескені есіне түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Он алтыншы жылы Әулие-Ата көтерілісінің көсемі болғаныңды жақсы білемін, – деп Мұстафа Тұрарды көтермелей сөйледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сендей көзі ашық азаматтар біздің милләтқа қасқалдақтың қанындай қажет.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлиханның «Алашына» қалай қарайсың?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ол ұлттық томаға киіп алып, өзге дүниеден оқшауланып, бөліну деген сөз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал бөлінгенді бөрі жейді, – деді Тұрар кідірместен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Дұрыс айтасың, бала.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өте дұрыс айтасың, – Мұстафа мұны иығынан қаққанда Тұрардың іші жылып қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ ізінше Мұстафа өзінің бетпердесін ашып алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Біздің қазақ – ұлы түріктің бір бұтағы ғана.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал дауыл шайқалтпас бәйтерек болу үшін бүкіл түркі тектес халықтар бір мемлекет болуы керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұлы Тұран мемлекетінің тарихын білетін боларсың?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Білемін, – деп еді Тұрар әңгіменің қайда апарып тірерін тез аңдап.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ол тарих қайталанбас, Мұсеке, қазіргі кезең ұлттық үлгілерге қарап бірігуді емес, таптық таңбаларға қарап бірігуді талап етеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ойлан бала, ойлан! Түркі тектестің түбі бір! – деп еді Мұстафа Шоқаев басын шайқап.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда қызыл мәуіті шошақ тақиясының қара шашағы селтең-селтең шайқалғаны Тұрардың есінде қалыпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ал кәне, тірінің тірлігі бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Асқа бата қылайық, – деп Сәбден молақай мыртық саусақтарын жайып жіберіп, ішінен тез-тез күбірледі де, шәушиген бір уыс бетін сипай салып, орнынан ылдым-жылдым ыршып тұрды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы белгіні зарыға күтіп отырғандай Дилярам апай да ауыр денесіне қарамай орнынан жеп-жеңіл көтерілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Асықпаған тек Сәлима: оң қолының шынашағын жеке дара шошайтып, шынаяқтарды самауырында қалған ақ сумен асықпай шайып, шетінен бір-бірлеп орамалмен мұқият сүртіп, дестеледі де дастарқанды жиды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сіз де асығыссыз ғой, әрине, – деп Тұрарға қиыла бір қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жұмыс бар, Сәлима.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қыз ішінен бір күрсінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сәлиманың да өз шаруасы бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Абыр-сабыр басылған соң «зингер» машинасын зарылдатып, шибарқыттан, тас барқыттан камзол, көкірекше тігеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Заман аумалы-төкпелі болса да, елдің салт-санасы, әдет-ғұрпы бәз-баяғы қалпында.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Байлар қыз ұзатады, келін түсіреді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сәлиманың қолынан шыққан киім өтімді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

* * *

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үлкен қақпадан көшеге шығар жерде қос құлағы қылыштай тікірейген көк төбет жатады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы ит әйтеуір Тұрарға үйренбей-ақ қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар қақпадан кірерде-шығарда көк төбетті біреу алдымен үйшігіне кіргізіп жіберіп, есігін жауып қояды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл жолы да Сәбден итті үйшігіне кіргізіп жіберіп, Тұрардың көшеге шығып кетуін күтіп, үйшіктің есігін басып тұрды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Содан соң қыздарына айқайлап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қойларға су беріңдер, ұмытып кетпендер! – деп ескертті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мал қорадан еш уақытта қой баласы үзілмейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сәбден оларды қолдан жемдеп, бордақылап, қауын сойғандай шетінен бір-бірлеп жеп отырады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шандақ көшеге шыққанда Сәбден қапшығын арқалап алып, Тұрардан қалмай құлдыраңдап келе жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрармен қатар жүруінде де есеп бар: қисық-кисық көшенің домбаздап соққан дуалдарының ар жағынан махалла тұрғындары мойындарын қылқыңдатып созып-созып қарайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Оһо, Сәбден ақаны қараңдар, Кеңестердің бастығымен бірге келе жатыр!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тұра тұр бәлем, Кеңеспен бірте мойны астына қайырылып түсер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда Сәбден қайтер екен...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кеңес деген не өзі?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ойбай большевиктер ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мал-мүлкіңді тартып алып, екі қолыңды төбеңе қойып, қоңыз тергізіп қаңғыртып жібереді әлі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әне, ана Сәбденнің қасындағы большевик өткен жұма базарда дүйім халықтың алдында сөз сөйлеп, байларды, саудагерлерді көнпіскелеп, дүниелерін кедейлерге таратып беру керек депті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Уақытша үкіметтің бастығын балағаттап, әбден жер-жебіріне жетіпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзі жанып тұрған шешен дейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, онда алдымен Сәбденнің малын, мүлкін неге алмайды? Содан бастасын, одан кейін көре жатармыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ой, қызық екенсің, Сәбден бойжеткен қызын сол большевикке бермекші дейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал қайтесің? Үйіне неге кіргізіп алды дейсің? Бұл Сәбден мен Әбденнен амал артылған ба?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Өлә, онда қалай: большевик күшік күйеу болғаны ма?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, оларға бәрібір емес пе, әйтеуір шүберек бас табылса, қайын атасының қолында да тұра береді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзбек, қазақ, орыс, татары аралас қисық-қыңыр көшенің тоғышарларына осылайша жаңа бір өсектің өзегі табылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көбінесе ұсақ сауда-саттықпен күнелтетін бұл қауымға әсіресе «Шуро-и-Исламияның» ықпалы күшті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Шуро-и-Исламия» большевиктерді қарапайым халыққа құқай етіп көрсетуге ұста.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сәбден әрнені айтып, құлдыраңдап, Тұрардың о жағына бір, бұ жағына бір шыға берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар шыдай алмай:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сәке, жүріп келе жатқан көшең қисық болса да, жүрісің түзу болсын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әне, бүкіл махалла бізге қарап тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түзу жүріңіз, – деп тастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қаланың қотырын жасырып тұрған жасыл жапырақтар сары ала тартып шаршаған көбелектей қалбаңдап барып, жерге бір-бірлеп құлап түсіп жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрардың әлгіде ғана жалтырата тазалап шыққан қара туфлиін демде тозаң тұтып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әулие-Ата жарықтықтың шаңы биыл ерекше.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оны тазартуға ұлы нөсер керек-ақ...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мың жыл бұрын қаланың жан-жағын биік-биік дуалдар қоршаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Төрт жағында төрт қақпасы болған.
Көрсетілді: 13900 / 47388