KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда қалай? Германдықтар мылтық пен зеңбіректен оқ жаудырса, окоп қазып жатқан қазақ оларға қарсы күрек лақтыра ма? Білгіш болсаң, осыған жауап берші, Атамырза?!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атамырзаның аузына құм құйылған жері осы болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол қазір мектепте мұғалімнің сұрағына жауап бере алмай мелшиіп мұрнын шұқылай беретін әдетіне қайта басты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дәрежелі мырза екенін ұмытып та қалса керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алысқа ұзап кете қоймаған екен азаматың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақылдан кемтар неме әлі жетіле қоймапты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мынау қайдан шыққан бәле? – деді есін енді жия бастаған пристав.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бұл Тұрар деген бұзық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есіңізде ме, ана жылы біздің тойда Ақкөзге ара түсетін тілмаш.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Семашко мырзаның көмекшісі, – деп түсіндірді Атамырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мен бұл сұмды білемін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ташкенттен бірге келдім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Иә, бұл Тұрар Рысқұлов.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қап, білсемші сол екенін! – деп ротмистр санын бір-ақ соқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, оңбаған, тоқтат! – деп ақырып қалды пристав.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тоқтат! Солдаттар! Тыңда бұйрықты! Ұстаңдар ана сұмырайды!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Иін тірескен адамдарды нар-мінберден бөліп тұрған солдаттар алға кимелеп, Тұрар тұрған жерге жетпек болып ұмтылып еді, теңіздің толқыны теуіп тастағандай, қайта кейін жапырылып кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бала! Енді тай! Біз қалқалай тұрамыз, – деді қатар тұрған мосқал қазақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ендігі аялдаудың, сөз сөйлеудің реті жоқ, базар үсті у да шу, шатыр-шұтыр, сапырылыс басталды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар торы атты топтан әрең шығарып, базардың солтүстік қақпасына қарай ығыстай берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Артына бір бұрылып қарап еді, қалың нөпір оның соңынан дүрмек-дүрмегімен андыздап келеді екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Солдаттар емес», – деді өзіне өзі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қақпадан шыққан бетте Ойтал бағытын бетке алып, торы атқа қамшы басты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Нағыз шайқас жолына тұңғыш түскенін бар жан-тәнімен сезіп, ұшатын қанат біткендей, кең далаға «аттан!» – деп айқай салды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы сөзді әр тұстан қайталап, солтүстікке қарай андыздап бара жатқан аттыларды көріп, Тұрардың көзінен жас парлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Василий Терентьевич Кузьмин ұйқыдан ерте тұруға дағдыланған кісі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Селоның ең ірі байы, әрі атаманы болғандықтан өз дәрежесіне сай аспай-саспай сәске түсте бір-ақ тұрса да болар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жоқ, Кузьмин ондай емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кузьмин өзінің бала-шағасына, жалшы-батырақтарына үнемі:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кто рано встает, тому бог дает, – деген өсиетті айтудан жалыққан емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бүгін де торғай шыр еткеннен төсегінен тұрып, ұйысқан қаба сақалын, бурыл шашын айнаның алдына барып тарап, бұрыштағы иконға шоқынар-шоқынбас, иығына кителін іле сала, тысқа шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Батырақтары қорада жүр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кулак бұған қуанып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына қилы заманда жалшыларына сенбейін десе, бұлар бір мың болғырлар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ерте тұрып, мал қамына кіріскен түрі бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тайлаққа пара-пар, еңсегей бойлы, өмірі қабағы ашылмайтын түкіс орыстың аты Пахом еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екеуі де сатылы арбаға жегілетін қара өгіз бен сары өгізді еске салады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рас, сары өгіздің бір мүйізі сынық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құдай соған парлап ұқсатқандай Пахомның да бір қолы шолақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пахом осы Кузьминкадан 1914 жылы күзде әскерге алынып «патша мен отанды қорғау» үшін майданға аттанды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Чернигов жерінде оң қолын шынтағынан оқ жұлып кетті де, мүгедек болып кері қайтқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайтып келсе, қарт анасы мен қатын өлген, жалғыз ұлды армияға алған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Село шетіндегі жәпірейген жаман лашықтың төбесіне қарасора өсіп, жаманаттың қара жалауындай қаулап тұр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алабота мен қарасора қаумалаған лашықтың табалдырығында жалғыз қолымен махорка орап, ащы түтінді атау астай бұрқырата жұтып отырған кезде қасына осы Кузьмин келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жалғыз қалған шағында жаныңа жанашыр біреу келіп, бірер ауыз жылы сөз айтса, соның құрбаны болып кеткің келетін сезім билейді бойыңды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кузьмин адам жанының нәзік тамырларын таба білетін кәрі қасқырдың өзі еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пахомды қолтығынан сүйеп, өз үйіне ертіп апарып, бүкіл соғыстың бойында татпаған тамағын беріп, самогон арақпен сыйлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пахом Кузьминнің шошқасын бағып, бай Кузьминнің босағасында қала берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

О баста ішкі Ресейден келгенде бұлардың тағдыры бір қалыптан шыққандай ұқсас еді, келе-келе Кузьминнің тасы өрге домалай бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тағдыр атты ауыр тасты Пахом да өрге қарай итеріп көріп еді, біраз жылжып барып қайтадан ылдиға құлай берді, құлай берді...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Малды өріске шығарарда Кузьмин жалшыларға әдеттегіден тыс тапсырма айтты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұрын ылғи оларға:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Малды алысқа ұзата жайыңдар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Селоның төңірегінен ұзамай, кіл тақырға жаясыңдар, өмірі бүйірлері томпаймайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алысқа, шұрайлы жерді қуалай жайыңдар! – деп бұйырар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл жолы:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ей, жігіттер, алысқа ұзамаңдар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ел маңынан қара үзбеңдер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Заман жаман.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Киргиздар құтырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құл-құтанына дейін атқа мініп, қолдарына сойыл ұстап алыпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тұрар қарағым, осы сен Керенский жағындасың ба, Ленин жағындасың ба?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ленин жағындамын, Сәке, – деп күлді Тұрар майда саудагердің кенет саясатқа аңсары ауғанын қызықтап.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ә-ә-ә, – деп Сәбден көзін сықситып, әуелі тілімен жалап алып, астыңғы ернін қымқырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Осы Керенский күшті емес пе? Соның жағына неге шыға салмайсың? Біздің Әбден Керенскийді мақтайды әйтеуір.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Онда, «Шуро-и-Исламия» да Керенский жағында ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Білмеймін, шырағым, әйтеуір бізге тыныштық болса – болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шынтақтап жатып Сәбден бір қолымен шыныны аузына апара беріп, кенет ойына бір керемет оралғандай оқыс тоқтап, Тұрарға шәушиген бетін кілт бұрып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Осы Тұраржан, сен көп қаланы көрдің, ә! – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Біздің Әулие-Атадан зорлары да бар ма?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бар ғой, Сәке, – деп күлді Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әкесінің бала құсап, қай-қайдағыны әңгіме етіп, сыйлы адамның басын қатырғанына Сәлима қыз қысылып, ақ жүзі алаулап шыға келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, біздің Кауфман көшесіндей көшелер жоқ шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кауфман көшесіндей қайда-а-а, – деп Сәбден көзін жұмып, астыңғы ернін тістеп, басын шайқап-шайқап қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сәбденнің таңдай қағып таңданатын Кауфман көшесі – Әулие-Атадағы тас төселген жалғыз көше еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұнда әкімшілік мекемелер, тәуір-тәуір дүкендер болатын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл көшемен әдетте қырдан келген түйелі, атты қазақтарды жүргізбейді, есек арба мүлде жоламайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Былқылдақ фаэтондар, сұлу ат жеккен күймелер ғана жүреді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Айтпақшы, осы Кауфман деген кім өзі? –деп Сәбден шолақ шынтағын жастықтан көтере берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кауфман деген Түркістан өлкесінің тұңғыш генерал-губернаторы болған, Сәке.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, бәсе.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Апыр-ай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ояздың үйі – үй-ақ қой сондағы, – деп Сәбден тағы да көзін жұмып, басын шайқады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кенет көзін батжаң еткізіп ашып алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Құдай бұйыртып, большевик жеңсе, сол ояздың кеңсесінде отырасың ғой, Тұрар-ә? Сонда мына біздің құжыраны менсінбей кетіп қаласың ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ жаман ағаңды ұмытпа, әйтеуір.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұмытпайсың, ә, Тұрар?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ұмытпаймын, Сәке, ұмытпаймын, – деп күлді тағы да Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сәбден шынтақтап жатып, Тұрарға бір, Сәлимаға бір қарап-қарап қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір сөз көмейінде жыбырлап-ақ тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ айта алмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек кесені түбінен мыртық саусақтарымен бүрістіріп ұстаған күйі, көзін шарт жұмып бөтен бір дүниені шарлап кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пендешілігі ұстап, қиялында үлкен қызы Сәлиманы Тұрарға қосып отыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Ертең» бұйыртса, бұл Әулие-Атаны билейін деп тұрған жігіт, – дейді өзіне-өзі құпия айтып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ал сонда оның қайынатасы Сәбден қалай сыйлы болмайды? Айбар сияқты алпауыттардың өзі мұның алдында жорғалап жүрер еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мешіттің бас имамы Ғұмардың өзі жұма намаз сайын «Сәбден эфенди» деп құрақ ұшып тұрар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда Сәбден мына балшық үйді сатып жіберіп, Кауфман көшесіндегі қызыл кірпіш үйлердің біріне кірер еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Бірақ онда мал ұстатпайды ау» деп тағы қиналады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал Сәбден сияқты қазақ қаланың өзінде мал ұстамай отыра алмайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Бірақ Тұрар айтса, басқалар қың дей алмайды ғой», – деп бұл түйінді де шешіп тастайды.
Көрсетілді: 13800 / 47388