Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мұнысына Бектеннің іші жылып қалды да басқа болыстар: «Япыр-ай, мынау жақындығын жасап, бастықпен бірінші болып сөз бастады-ау», – деп іштеріне шоқ түскендей халде қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Атамырза шырағым, әуелі осы отырған мырзалардың атынан, бүкіл халқыңның атынан өзіңе құтты болсын айтпақпын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мерке атырабы өзі-өз болғалы, көйлегі боз болғалы өз қолы өз аузына енді жетті білем. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қоқан заманында билік біздің милләтқа тиген жоқ, кешегі патша заманында билік біздің милләтқа тиген жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Иншалла, аруақты атаның баласы едің, аруақ-құдай қолдап, міне, бүгін күллі Меркені басқарып, тәмәм жұртты аузына қаратып отырсың, алла-құдай алдыңнан жарылқап, мәртебең биіктей берсін! Ел бағына туған ер, өркенің өссін! Көне, мырзалар, әумин! – деп Бектен отырған қауымға қарап қол жайып еді, лезде алтын сақиналы қолдар, түкті қолдар, оқа-зерлі қолдар, мыртық қолдар, сояу қолдар, өмірі күстенбеген сылаң қолдар, қан төккен қанды қолдар, әлуетті қолдар сабаудай көтеріліп, күллісі болып: «Әумин!» – деп бірі бұрын, бірі кейін жапырылып төмен түсті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сәлден кейін барып кейбір естілері: «Ей, бұл Бектен бүкіл бәріміздің атымыздан сөйлейтін сондай кім еді, ит таз!» деп іштей кіжініп, қанға тойған қандаладай долыра берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Енді сауалымды айтайын, – деді Бектен игі жақсының бәрін ықыласына бағындырғанына риза болып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Атамырза шырағым, сонда әлгі өндірілетін малдың Аспараға тиістісі қанша екен? Мүмкін болса... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлгібір марапатын іштей сүйсіне тыңдаса да, Атамырза Бектеннің бұл сұрағына тәнті емес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлгінде айтты ғой, қағаз таратылады әр болысқа деп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үкімет басшысын сыйлайды екенсің бір айтылған жайды екіншілей қайталатпа. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әрі десе мына отырған болыстардың ішінде езін жақтайтындары бар, ішінен жек көретіндері, көре алмайтындары бар, дұшпан көзі қылып, Бектенді «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп өз жөніне қойғысы келді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Беке, былтырғы бүліктің көбі Аспарадан шыққан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қорағаты, Аспара, Көшеней... Соның ішінде Аспараның ылаңы көп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ендеше сізге түсетін салмақ та ауыр болад та. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көң қураса қалпына келеді, Бектен лезде пәс болып қалды да, басқа болыстар: «Әб-бәлем, өзіңе сол керек, шоқ-шоқ!» – десті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ Бектен әлгі бір шыққан биігінен оңай құлатысы келмей, әрі десе «отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге кетерін» естен шығармай, Маңырақ алдындағы айып-кінәсін жуып қалмақ оймен: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Атамырза шырағым, мал өндіргенің дұрыс-ақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал бірақ сол былтырғы қырғында жазықсыз опат болып кеткендер де бар той. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мәселен, Маңырақ... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Одан әріге Атамырза ауыз аштырмай тастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Болды! – деп үстелді дәу май жұдырығымен қойып қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қойқаптағыны қозғап қайтесіз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қатқан боқты шұқылай берсең сасығы шығады, Маңырақ мәселесі көтерілген жерде сіз шет қала алмайсыз, Беке! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Туған құдасын мұнша тұқыртып тастауда Атамырзада да есеп бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Тура биде туған жоқ» деген асыл қағиданы ол дәл осы жерде өз пайдасына асырып қалмақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осы мақсатына Атамырза біршама жетті де. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өзге болыстардың қыбы қанып: «Әй, бәрекелде, мынау бір әділ, адалынан туған азамат екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өз жақынын да аямады ғой!» – десіп сыбыр-сыбыр, күбір-күбір аяғы гуілге айналып кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бәрекелді, Атамырза! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Милләтімізден дара шыққан данышпан! – десіп, қаралған екі мәселе бойынша қаулы қабылдасып, болыстар жиыны осымен тәмәм болып, ел-елге тарқасты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
* * * |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Гүрс ете қалған мылтық дауысы шатқалдың ішін жаңғырықтырып, тау теңселгендей болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар аттың басын тарта беріп, қатарында келе жатқан Қабылбекке: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тоқта! – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қабылбек онсыз да тізгін тартқан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Аңшы болар, – деді Қабылбек қаһарлы үн шыққан жаққа құлақ түріп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ел көшіп жатқан сайда аң жүре ме? – Тұрар шүбәланып сәл тұрды да: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Не де болса, барып көрейік, – деп аттың басын өрге қарай бұра берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жолдан бұрыс қой, Тұрар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ерте күнді кеш қылмай Бектеннің ауылына жетейік те, – Қабылбек осылайша уәж айтып еді, Тұрар көне қоймады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бектен бізді сағынып қалса да, күте тұрады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жүр! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қос салт атты шоқыға түсіп көлденең белдің қырқасына шыға келгенде, алдарынан Аспара өзенінің аңғары арса-арса болып, лебімен тартып жіберердей суық көрінді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аңғардың түбінде күміс жалатқан жыландай жалтылдап, ирелендеп шапшып жатқан өзен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол өзенді бойлай көтерілген жалғыз аяқ жолдың үстінен қараң-құраң мына биіктен құрт-құмырсқадай жыбырлап қана байқалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қырқадан қиялап төмен түсу атқа қиын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Құйысқанды ердің өзі аттың мойнына лықсып кете берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Қазақ жастары революциялық одағының» мүшелері бүгін Меркенің болыс-болысына екеу-екеуден бөлініп аттанған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мақсат – Атамырзаның «декретіне» қарсы үгіт. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Халықтан мал өндіріп алу туралы шешімін әшкерелеп, елді уақытша үкіметке қарсы күреске шақыру. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар мен Қабылбек бұл мәселенің ең түйінді жері – Аспара болысына бет алып еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жолдан бұрылып, тау қиялап түсіп келе жатқан беттері мынау. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осы шатқалмен өзен бойын өрлеп, ойдағы ел Сусамыр асып жатқан шақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жар жағалаған жалғыз аяқ жол – қияметтің қыл көпіріндей. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сусыма қорым тасты жолдан тұяғы тайған мал құзға құлап, төменде шапшып жатқан асау өзенге барып бір-ақ дамылдайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол судан ешкімнің сүйегі табылып көрген емес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол қиыншылыққа қарамай биыл ойдағы елдің байлары ғана емес, жөндем шаруалары да азын-аулақ тұяқтарын Сусамыр асыруға асыққан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Атамырза жұрттың малын жинап алады екен деген хабар тарасымен, не де болса, тау асып, тас басып кетейік деп сасқан ел. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тау қырқасын қиялаған қос салт атты сол соқпақтың үстінен түсті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
* * * |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тобылғы гүлдеген тоты дәурен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қырық жыл қуаң болса да таудың нілі таймайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ойдағы тозаң тұтқан кермек жусаннан кейін тау беткейіндегі дүрия шалғынға мал құныға бас қойып, қомағай қара мал сасырдың жапырағын тілімен орап алып сыдыра сыпырады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жылқы баласы сыпайылық сақтап, киік оты мен теңге жапырақ сияқты шөп асылдарын ғана таңдап шалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ешкі жарықтық адамдардың «шәй-шәйіне» көнбей тобылғының қабығын, долана мен аюбадам қабығын кеміреді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Беткей қусырылып, мал да, адамдар да қаздай тізіліп, бір табан жолға түскенде, гүлрайхан дүниенің түсі өзгеріп, мүк пен қызыл қына басқан тарғыл тастар әлемі басталды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тастұмсық бұлым айналып, ең бір қылға тұстан өтер жерде алдыдан иттің үйшігі сияқты жыбырлаған жәшіктер көрінді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жайлау жолының жымын жақсы білетін жол бастаушы Дүрмен жылқышы белі бекем келте торы аттың басын тартып, таң қалып тұрып қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Алды бөгелген көш іркіліп, не кейін шегіне алмай, не қиянға шыға алмай, не құзға түсе алмай, тар қылғада қысылып, мал болса, бір үрей билеп, сиыр мөңіреп, солықтаған қой маңырап, кебенек келгір шыдамсыз ешкі қиянға өрмелеймін деп сусыма тастан домалап түсіп, құзға құлап бара жатып жан дауысы шыға бақырды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– О, не боп қалды, неғып тұрмыз?! – деп арттағылар айқайлады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мына біреу... – деп жолбасы Дүрмен жылқышы күмілжіп, ол «мына біреудің» не екенін өзі де түсіне алмай, аттан түсті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Алдында қаз-қатар тізулі тұрған жәшіктердің шеткісін аяғымен теуіп көрді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ары-бері шұқылап болып: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ой, әкеңнің! – деп рахаттана бір сыбап алды да, әлгі жәшікті теуіп кеп жіберіп еді, салдыр-гүлдір төмен қарай, тастан тасқа секіріп, жол-жөнекей быт-шыты шығып, жәшіктің жаңқалары жан-жаққа шашырады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Еріккен енеңді ұрайындардың істеп жүргенін қарашы! Құдайдың кең даласы жетпегендей тар жолға әкеліп омарта қойған қандай жын! – Дүрмен жылқышы енді бал ара омарталарын шетінен теуіп, құзға құлата берді, құлата берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Әй, дүлей, абайла, орыс байынікі болып жүрмесін, бәлесіне қалып жүрмейік, – деп арттан біреу тоқтау айтты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айтса – айтқандай, жақпар тастың тасасынан сау етіп үш-төрт атты шыға келді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонда ең алдында келе жатқан Кузьмин байды біреу танып, біреу танымады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ей, ақымақ! – деп Кузьмин Дүрменге айқай салды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Heгe тиісесің омартаға?! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Е, жолды неге жабасың? Басқа жер таппадың ба? – деп Дүрмен ежірейе түскенде ашудан жалақ ерні шытынап, қан шығып кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ойбай, Көзмін ғой анау! Онымен шатаспайық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Былтыр Маңырақты өртетіп жіберген Көзмін ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол аямайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қайтайық! – деп арттағылар шу-шу етеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Өзі Көзмін болса, өзі Маңырақты өртеп жіберсе, одан аянатын не бар?! Неге қорқады мына сорлылар?! – деп Дүрмен арттағыларға ашуланды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Менің әкем Шәкінің қаны да осы Көзмін сияқтылардың мойнында». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дүрмен қайта қуанған сыңайлы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мына тас қия, тар жолда құдай айдап өзі кездескен Көзмінді құзға құлата салмақ болып, атына мініп алға ұмтылды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қайт ойбай! Ұрынба сойқандыға! – деп арттан ағайын айқайлады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дүрмен дүлей ағайынның айтқанына көнбей, омарта жәшіктердің ара-арасымен жылжи берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сайыскер жігіт Көзміннің жағасына қолым бір іліксе екен деп ентелей түседі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осы пиғылын бет-әлпетінен таныған Кузьмин ауыр әскери винтовканы тақымынан суырып, ердің үстіне көлденең салып қойды да соқпақта соң тұрған Атамырзаға бұрылып: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Комиссар, мынаны мен атамын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біліп қой, ол өзі шабуыл жасады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Менікі қорғану амалы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оның өліміне мен жауапты емеспін, – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мерке уақытша үкіметінің комиссары Атамырза Айбаров пен атаман Кузьмин тау шатқалдан ойда жоқта шыға келгендерінің сыры бар-ды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ел малын тауға алып қашып жатқанынан олар да хабардар болған соң жандарына солдат алып, қылта асуда тосып жатқан. |