KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жоқ, жолдас Рысқұлов.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұйрық солай болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Комиссар солай бұйырды, – деп Грач Атамырзаны іздегендей шыңырау құзға үңілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мұныңды Хмелевский жолдас білсе, не айтар екен? Егер адал екенің рас болса, қазір біздің қасымызға кел! Мені Әулие-Ата, Мерке гарнизондары түгел танитынын білесің ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қорықпа.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақылдасатын шаруа бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар қия жол қамауында әлі есін жия алмай тұрған көшке қарап, дауыстап тұрып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Оу, бауырлар! – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұрын да жалтыр жар басында төмен түсе алмай тұрған қос салт аттыға көз тіккен халық енді жоғарыға ентелей қарап қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Босқын болған түрің бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

От басы, ошақ қасы – Отаныңнан үдере көшпей, кері қайт.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Малыңның құйрығынан ұстап, тым-тырақай қаша жөнелгенді қой енді!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жарқыным, сен Тұрарсың ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Танып тұрмын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қасындағы Сармолданың Қабылбегі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қияметтің қыл көпірін о дүниеде емес, бұ дүниеде көрді ғой бұ халқың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Он жыл бойы мені жегідей жеп, күндіз-түні мазалаған бір уайым: сені бір көру еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол мақсатпен талай рет каторгадан қашуға әрекет жасадым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жандарм мені ұстап алған сайын өлімші етіп ұрып-соғып, талай рет зынданға тастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ итжанды екенмін, атасына нәлет! Талайлар мұндай тозақы азапқа шыдай алмай жантәсілім етті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Менің жанымның сірілігі – сенің құдіретің шығар, Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Егер сендей ұлым болмаса, ол жер басып тipi жүрмесе, мен, сірә, мұнша соққыға шыдай алмай сүйегім Тайганың суық, топырағын тыңайтып, бір қарағайдың түбінде әлдеқашан жатар едім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бетпақтың даласында ай қараңғыда адасқан адамның алыстан жылт еткен отқа қарай ұмтылғаны сияқты, менің жаным ылғи да саған қарай талпынумен талай жыл артта қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сені маған берген тағдырға мың да бір рақмет! Тағдыр деген төбеттің маған көрсетпегені жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ сені менің ұлым етіп жаратқаны үшін сол төбетке бәрін кештім, атасына нәлет!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Он жыл бойғы арман мен тілектен адамға Алла тағала қанат бітірер еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Маған да сол қанат біткен-ақ шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Талай рет ұшуға талпындым, бірақ жерден көтеріле алмадым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шымшықтың өз қанаты өз салмағын ғана көтеруге әлі жетеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Егерде сол шымшықтың аяғына тас байқап қойсаң, ұша алмас еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Менің салмағымды ауырлатып жіберген баяғы қу кісен ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтпесе... ұшар едім-ау, Тұрар бауырым!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақырымен кісенді болат егеумен қырқып, бесінші рет каторгадан қаштым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біз үшеу едік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір-біріміздің кісенімізді егеп, сындырып, қарғыс таңбасы алтынымен апталған, асты алтын, үсті үскірік Бодойбодан қашып шықтық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайран Бодойбо... Мен сансыз азап пен арманға бөккен тозақ мекенім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қанша қаһар соққан қатыбас болсаң да мен саған риза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алтын аралас топырағың мені тартып кетпегеніне ризамын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Он жыл бойы сенің құрсағыңнан мен қазып шығарған алтыннан сарай соқса да болар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ қазір қалтамда бір түйір де алтын жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сенің алтыныңа бола төгілген қанның бәрін жинаса теңіз болар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ мен ойлаймын, адам қаны жерге тектен-тек сіңіп кете бермес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

А дам қаны екені рас болса, топырақтан тулап көтерілер де, қызыл жалау болып алаулап кетер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Во глубине сибирских руд

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Храните гордое терпенье», –

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

деп пайғамбар Пушкин текке айтпаған шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол ұзақ сабырдың шегі жақындаған шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Менің кісенімді сындырған орыс Александр соны айтады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол да Алматы түрмесіндегі Александр сияқты Лениннің үмбеті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есіңде ме, Тұрар, мен оны Ескендір деуші едім ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайда екен азамат? Тірі ме екен? Тірі болса, қызыл жалау көтеретіндердің бірі сол болар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қос Александрдан мен жақсылықты көп көрдім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Олардың жақсылығын қалай өтесем екен деп те ойлаймын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қамқа кигізбеспін, күреңді мінгізбеспін, бірақ бір арман: осы жарық жалғанда мен сенен немере сүйсем, Тұрар, тағдыр осы тілегімді берсе, мен оның атын Ескендір қоярмын деуші едім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екі досыма – қос Александрға менің ескерткішім сол болар деуші едім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайдан білейін...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Талабым о басында-ақ тайды жейтін бөрідей-ақ едім, балам.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мені өлтірмей сақтаған сол талаптың шарпуы шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құланның жайылуы бір, жусауы бөлек, қыранның ұшуы бір, алуы бөлек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал тағдыр біздің жайылуымызды да, ұшуымызды да бөлектеп жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ баяғы бөрілікке басып, елге қарай етегім жасқа толып, аяғымды тac, маңдайымды қарсы бұтақ тіліп, Тайганың тap соқпағымен оңтүстікті бетке алып, сенің елесіңді шырағдан қылып жағып, кеудемді алға сүйрелеп жөней бердім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Серіктерім – Александр мен Мамытбек қырғыз болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есіңде ме, Тұрар, мені Алматыдан каторгаға айдап шыққанда арбада бір қырғыз отыр еді ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мамытбек сол.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұрынғыдай тағы да қанды қақпанға түсер едік, бұл жолы Александр ақыл тапты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Байкал теңізін бұрынғыдай жаяу айналмай, біз сол дарияны қалтылдақ қайықпен жүзіп өтуге тәуекел қылдық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қуғыншы бізді Тайганың жолдарынан торитыны ақиқат.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал біз олар назар сала бермейтін теңізді жарып өтуге бел байладық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кеме болмаса, қу қайықпен бұл дарияны кешіп өту ақылға келмейтін сұмдық!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айхай, дүние-ай! Қарасұр қорғасындай сол Байкалдың шексіз теңізінде біз бір шөпшек сияқты, байтақ дүниедегі үш шіркей сияқты едік қой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айхай, сонда Александрдың «Баргузин» дейтін әуенді аңыратқаны-ай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мамытбектің «Алатауды» айтып сай-сүйегімді сырқыратқаны-ай, әуен құдіретін мен тәуекел қайығының үстінде, Байкалдың түпсіз тұңғиық зүмірет суын кешкенде сездім, Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен саған аман жетсем, сол орыс пен қырғыздың әруақты әуендерін айтып берер ме едім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бодойбода қалған башқұрт бауырым Ділмұхамедтің «Салауатын» да айтып берер едім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайтар едім жолым жоқ,

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сулар буған жолымды

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жұлдыздардан көпір салар ем,

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұғаулады жазмыш қолымды, –

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

деген екен Балтық дариясының аралында қалған ер Салауат.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Менің де жолымды сулар буған еді, менің де қолымды тағдыр бұғаулаған еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соның бәріне қарсы ақсиып, аузымды сақылдатып, бұғауды үзіп, теңізге үш құлаш қу қайықты салып, «а, Тұрарлап!» төтесінен тарттым, атасына нәлет!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Теңізде толқын тулап, қайығымызды аударып жібере жаздағанын, ашығып шикі шабақ жегенімізді, теңіздің бергі бетіне шыққан соң жан баласына көрінуге қорқып, бұқпалап, бұта тасалап жүргенімізді – бәрін-бәрін тізе беріп, қайтейін, шырағым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұрынғылардың қиссасындай шексіз бір хикая.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бодойбодан қашып шығуымыз да тоғыз жүз он бесінші жылдың жазы еді, біз содан қазақ жерінің шетіне, Құлынды жазығына жеткенде қыс түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Барнаул деген жерде Александр қоштасып, Петерборға қарай жол тартты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қоштасарда құшақтасып тұрып айтқаны:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Патша сендерді каторгаға айдап, мұқатқанмен, бір жамандықтың бір жақсылығы бар, енді сендер шыңдалу мектебінен өткен революционер болдыңдар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Елдеріңе барып халықты көтеріңдер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Патшаның тағы қаусап тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Халық қаһарланса құламақшы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен де сол күреске араласу үшін асығып барамын, – деп ақырғы ақылын айтты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Революционер» болу бізге қайда, бірақ он жыл каторга көп нәрсеге көзімізді ашқаны рас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жалғыз-жарым Саймасайлардың көзін жоюмен іс бітпейді екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұлы шайқаста Рысқұлдар да жалғыз-жарым болғаны жарамайды екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен каторгада жүргенде мың тоғыз жүз бесінші жылғы шайқастың өзім сияқты көп құрбандарымен кездестім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Солардан көп нәрсе үйрендім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мамытбек қырғыз екеуміз Құлындыны кесіп өтіп, Маралды деген жерді жебеледік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ертіс дариясының арғы бетіне шыққанда көзіме Алатау елес бергендей болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жылқы бағып жүрген бір туғаннан: «Шырағым, Алатау алыс па?» – деп сұрап едім, состиып, біздің үсті-басымызға таңдана қарап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қайдағы Алатау? Қайдан жүрген адамсыңдар? – деп тергеудің астына алды.
Көрсетілді: 14500 / 47388