KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Малды үй-үйден жинап әуре болғанша, жиналған жерінен бір-ақ қайтарып алмақ ойлары.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ат! – деді Атамырза сыбырлап қана.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жоқ, сен айқайлап айт! Естісін ана киргиздар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Маған комиссар бұйырғанын!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ат! – деді Атамырза сол бұрынғы үнмен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл кезде Дүрмен Кузьминге таяп бетпе-бет төніп қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қол созуға ыңғайланып, қасқыр ілер бүркіттей шүйіле түскенде, Кузьмин аттың қос құлағының арасынан мылтықты бұрқ еткізді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тау-тас шайқалып кеткенмен, одан шетінеп шығып, кетіліп түскен бір-ақ адам болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дүрменнен басқа ешкім құзға құлаған жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мылтықтың өкірген дауысы шыңдарды шайқалтып, тастарды тітірентіп, таулардың қабырғасы сөгіле жаздады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ таудан бөлініп түскен Дүрмен ғана болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шешек атқан тасжарғандар мен қияға біткен боз қылша тасасынан қызыл суырлар бұқпалап қарап, балалы елік тастан тасқа секіріп, қатерлі құздан аулақтап, әйтеуір аспанға қарай өрмелеп барады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қанаты келте кекілік жер бауырлап қана ұшып, жабайы шие бұтасының тасасымен жорғалай қашып, о да биікті бетке алады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тау мақлұғы адамдардан қашқанда ешқашан төмен қарай беттемейді, тек биікті жебелейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қауіпті шақта олардың қорғаны – биіктік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Биікте тырбық арша өседі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұталары жер бауырлап, туырлықтай тұтасып жататын сол қасиетті арша, тау мақлұғына кейбір зау қарағайлардан гөрі көбірек пана.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жабайы жан-жануар жасыл аршадан араша іздер ау, ал адамдар паналайтын жер таппай, ысыр аттың қыл көпірінде қалғандай бір хал кешкен заман.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көпе-көрнеу, көз алдарында Дүрменнің атылғанын көріп, босқын Ботбай, Қоралас, Қарақойлы, Аққойлы елі ұлардай шулады да қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кері шегініп қашайын десе тар жолда тұтасқан малды кейін қайыру бір қиямет.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әсіресе қой баласы жарықтық икемге келмейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бүйірлеп қияға шығуға да шара жоқ, қиғаштап құзға түсуге де айла қалмаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қақпанға түскен қасқырдай ұлыған жұрт бір алып арысынан жазықсыз айырылып, жаудың жағасынан ұстап өлейін десе оған қолы жетпей, қаңсылап қашайын десе – жолы жабық, соры қайнап, сорпасы ащы болып тұрған кезде, төбеден екі салт атты төніп тұра қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Төмендегілер алақандағыдай ап-анық көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бетпе-бет келіп тұрған екі топ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір жағында азынаған қош, бір жағында төрт-бес қаралы атты адамдар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Орталарын әлдеқандай жәшіктер бөлген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Және тізгіні бос, ер-тоқымы қисайып, бауырына түскен бір ат сүлесоқ тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мылтық атқан қайсың? – деп айқайлаған Тұрардың дауысы шатқал жаңғырығымен бір кереметтің үніндей құдіретті естілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ойбай өлтірді! Арысымызды жайратты!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Дүрменді атып тастады мына Көзмін! – деп қылтадағы қош шулап қоя берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жайлауға көшіп бара жатқан бейбіт елміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алдымыздан шыға келіп, жолбасшымызды мына атаңа нәлет атты да тастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кімге барып айтамыз зарымызды?! Атамырза ұлықтың тұрысы анау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атпа! – деп арашалауға да жарамады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар былғары куртканың қалтасынан ауыр кольтті суырып алып жоғары көтерді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жанындағы Қабылбек те револьверін шығара берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Өзі Атамырза болса, ол «атпа» деп айтар ма еді! «Ат!» – дейді ғой ол!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Рас айтасың, Рысқұлов.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Ат!» деген осы, – деп Кузьмин қолымен көзін көлегейлеп, төменнен жоғары қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күннің көзінен емес, төбеден төніп тұрған тажалдан жасқанып қалған түрі бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адам қаны – су емес, әлгіде ғана одыраң кеуде озбырлықпен бір ер азаматтың жас қанын мойнына жүктеп алған Кузьмин қанша қанішер болса да, зіл-батпан күнәға батқанын сезіп, тұла бойын әлдеқалай үрей билеп алған-ды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осының зауалы бары кәрі санасына жеткендей болған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Атқаным бекер болды» деп опынып қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол күдігі көп ұзамай аспаннан түскен зауал бұйрықтай мына екі большевиктің жар басынан төніп тұрғаны Кузьминнің еңсесін мүлде басып тастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мылтық кезеніп атып салса да амалы бар еді, бірақ алғашқы Дүрмен өлімінің суреті оның көзін шорлап, санасын шелдеп тастағандай еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құздан слағай Дүрмен шапанының екі шалғайы екі жаққа бүркіттің қанатындай жайылып кетіп еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол қара шапанның қара шалғайы кәрі атаманның көзінің алдында көлбеңдеп тұрды да қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді ол мылтық кезеніп нысана көздеуге дәрменсіз болатын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шақшақай көзін шұқып, жан-жағын шайтан от қамаған сияқты бір елес шалықтап өтті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кузьмин көзі бұлдырап, басы айналып, тұла бойы безгектей қалшылдап, қолы дір-дір етіп, ат үстінде әрең отырған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Атқызған Атамырза! – деп жан дауысы шыға айқайлап жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ат деген сен, комиссар, жалтарма!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кузьминнің түк басқан езулерінен көбік бұрқырап, түкірігі Атамырзаның бетіне шашырап кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ей, кәрі қақбас! Есіңнен адасқан шығарсың?! Не деп оттап тұрсың? Мына тар жолға омарта орнатып, сыныққа сылтау іздеп, малдың бәрін айдап аламыз деп азғырған өзің емес пе едің? Омартаға тиісті деп әлгіні атып тастаған өзің емес пе? Жөнел сен де соның артынан, алжыған ақымақ!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атамырза жалпақ белдіктен салаңдап тұрған қабұрға қол сала бергенде, Кузьмин қарттығына қарамай көз ілеспес жылдамдықпен Атамырза френчінің жағасынан шап етіп ала түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кузьмин жағасына жармаспағанда Атамырза оны атар ма еді, атпас па еді, қарға қарғаның көзін шұқымайды ғой, тек қорқытпақ болған шығар, ал енді сіңірі қатты әлуетті атаман қолы алқымынан алған кезде Атамырза Кузьминнің дәл қарнына пистолетті тақап тұрып, шүріппесін басып кеп қалды...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атуын атқанмен, Кузьмин шалқая түсіп, аттан ауып бара жатқанмен, Атамырза оның сексеуілдей қатты шеңгелінен құтыла алмады да, өзі де Кузьминмен бірге құлап бара жатқанын үрейлене сезді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құлап бара жатып Атамырза әлдекімнен көмек тілегендей бос қолын ербеңдете, қарманатын зат іздеп жанталасып бақты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ат үстінде тұрған солдаттар оған жетіп үлгіре алмады да, Атамырза жан дәрменде құз кемердегі бір түп шөпті үмітінің ақырғы ілігіндей қармай түсіп еді, таурайхан жарықтық Атамырзаның тым ауыр денесін ұстап қалуға жарамай тамырымен үзіліп, құм аралас топырақ комиссар мен атаманның шарасынан шыққан көздеріне сау-сау етіп, құйылып жүре берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жол тосар қарақшылардың бұ дүниеде тоймай кеткен үңірек көздерін таурайхан тамырының топырағы толтырып жіберген кезде, Атамырзаның жан дауысы шығып, обыр құздың, тар қолтық терең шатқалын жаңғырық кернеп, үрейлі үн тамұқтың өзінен естілгендей болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әзірейілдей жаңғырықтың қаңсылап біткен ақырғы ызыңын соноу төменде алқынып аққан ақ толқындар сарыны жұтып жіберді де, шатқал ішін лезде тыныштық жайлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлгі бір сойқан көрініс, ақылға сыйымсыз арпалыс болмағандай, бейбітшілік жаршысы бозторғай шырылдап, жақпар тастар қуысынан шықылықтап, таудың өз тіршілігі өз бетінше созыла берген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тау, шіркін, адамдардың алқын-жұлқын ақымақ әрекеттерін елең қылмағандай, өзінің мәңгілік екенін, қас-қағым өткінші ит-ырғылжың ырду-дырдуға көзінің қиығын да салмайтынын білдіргісі келгендей, пан-тәкаппар күйінде маңқиып қалыпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түптің-түбінде оның паңдығында да тұрақ жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Асқар таулар да шөгеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шындықтың бір аты – уақыт.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Уақыт бәрін жеңеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар төмендегі ақ айдаһар тәрізді шапшып аққан Аспара суынан Атамырза белгісін іздегендей үңіле қарап біраз тұрды:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Атамырза, Атамырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұның ақыры осылай болар деп кім ойлаған? Бірге жүрдік, бірге өстік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жұтқан ауамыз, ұшқан ұямыз бір еді, өрісіміз басқа-басқа болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тағдыр – тосын ақыры аянышты-ақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бізді алда не күтіп тұр десеңші? Талқан қашан таусылмақ?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ау, сен Тұрарға ұқсамай тұрсың ғой, – деп Қабылбек ежірейе қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Немене, аяп тұрсың ба Атамырзаны? Кәдімгідей жоқтау айттың ғой тегі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тап жауың сол емес пе еді?! Жауды аяған – жаралы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар мырс етіп күліп жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айнала тауға қарап тұрып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мен аяп тұрған жоқпын, Қабылбек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жәй, әншейін өмір деген қызық қой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзімнің ақырымды ойлап тұрмын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтеуір бір кетпек бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол ақиқат.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ қандай сәт, қандай жағдайда? Болжап болмайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айталық, енді бір жиырма жылдан кейін? Қазір ғой он жетінші жылдың көктемі... Жиырма жылдан кейін не болад?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ей, қайдағы-жайдағыны күңірентпей қойшы әрі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ондай философияны жиып қой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Онан да ана аңтарылып тұрған жұртқа қара! – деп Қабылбек қолын бір сілтеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Не болад? Не болад? Өзің айтқан жақсылық жаңа заман болад.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын, еңсеміз көтеріліп, іргелі ел болып, халық қатарына қосылатын күн туад.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Оның рас, Қабылбек, сенікі дұрыс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал бірақ жаңа Кузьмин бізді атып жіберуі де мүмкін еді ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Яки Атамырза, яки солдаттар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оны ойладың ба? Немесе, осыдан он минут бұрын Атамырза өлемін деп ойлап па еді? Жә, жарайды, өмір мен өлім туралы философия соғатын жер, шынында да бұл емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар төменде аттарының басын бұрып алып, тас тұмсықты айнала жорта берген екі солдатқа қарап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Грач! – деп айқай салды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алдыңғы солдат атының басын шалт тартып жоғары қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Грач! Сен мені танымай қалдың ба? Мен – Рысқұлов.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жол тосып, жұртты тонауға сен де қатысып жүрсің бе?
Көрсетілді: 14400 / 47388