Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Оу, мұның не, шырағым Тұрар! Жуынатын болсаң – мен-ақ су құйып жіберем ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Арықтың суы лай, оны қайтесің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлгі Сәлима әлі тұрмаған ба? Сәлима! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бойжеткен қызды неге шақырғанын түсіне алмай, Тұрар абыржыңқырап тұрды да: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жо-жоқ, Сәке, о не дегеніңіз! Өзім-ақ... Баққа шығып кішкене бой жазып алайын, – деп бой бермей сыртқа шығып кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Артынан қуыршақтай құлдыраңдап жүгірген Сәбден: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Арықтың суына жуынба, Тұраржан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сәл сейіліп қайт. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Таза су дайын болады, – деп безілдеп қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бақты айналдыра арық бойына отырғызылған нау теректер таңғы самалмен тербетіліп, жасыл ала жапырақтармен аспанның көгілдір күмбезін тазалап тұрғандай екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дегенмен, теректердің балақ жапырақтары сарғайып, түсе бастапты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрардың табанының астына тырс етіп қаракүрең бірдеңе домалап түсті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дәл төбесінен төніп тұрған алпамса еменнің дәнегі екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Еменнің де ұрығы пісіпті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бақтағы тарбиған алма ағаштар пісіп жеткен күздік алмадан бұтақтары иіліп, ыңыранып тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– «Мынау бір береке. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал қалада – аштық, – деді Тұрар бақтың ішін аралап жүріп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ел аштыққа ұшырайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Биылғы куаңшылық мына Сәбден бағын қиялап өткен сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұның асығы түгел. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал уезд бойынша сұрапыл куаңшылық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Егін шығымсыз, шөп аптаптан ұшып кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жұт болары сөзсіз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Уақытша үкімет әрекетсіз отыр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кеңестердің қолында толық билік жоқ әзір...». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Түу, – деді Тұрар өзіне өзі өкпелегендей, – ұйқыдан тұрған бойда осы ой қыстайтыны несі мені?». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Солай деп, өзін-өзі зорлап, ештеңе де ойламауға тырысып, аяқ-қолын жазып, жаттығу жасауға кірісті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бөрі бүлкілге салып, арықты жағалай жүгіре жөнеліп, бақтың арғы шетіне жеткенде, арғы беттің реңі еріксіз көңілін бөлді: қала шетінен әрі Кіші Бурыл бөктері өрт шалғандай қара қотырланып, бетіне зәрі шығып, қабартып жатыр екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көз көрім көк жиектен бері араны ашылған алпауыт көмейдей суық сезілді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар тез бұрылып, кері жүгірді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Тез Совдепке жету керек!» деді өзіне өзі бұйырып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Совдепке тез жетсе – төніп келе жатқан аждаһаны тоқтататын бір амал табатындай көрінді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кенет сыңқылдап күлген дауыстан кілт тоқтап жан-жағына сасқалақтай қарады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ертең ерте тұрып бой жазып жүгіру бұл мекеннің әдетінде жоқ, сондықтан бұл махалланың тұрғындары жас жігіттің мына жүгірісін ерсі көреді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлгі алпамса еменнің түбінен бұлаң етіп Сәлима шыға келді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қолында шәугім, иығында аппақ ұзын түкті орамал. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұлға бітімі, нұр шашып, аппақ тістері тізіліп, ақсия күліп тұр: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ағай, кімнен қашып жүгіріп келесіз? – деп Сәлима тағы сылқ-сылқ күлді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір қолында шәугім, сол қолының қарына сүлгі ілген: біресе еңкейіп, біресе шалқалай күледі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол кезде кемпірқосақ түсті атлас көйлегінің астынан аршын төс дірілдегендей болады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Атлас көйлек жаңа шығып келе жатқан күннің шұғыласына шағылысып мың құлпырады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жұп-жұмыр ителгі мойын мәрмәрдай әппақ екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Сәлеметсіз бе, ағай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Келіңіз, су құйып жіберейін, – деп қыз бұған көзі жалт етіп бір қарады да шәугімді ыңғайлай берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жоқ, жоқ, былай болмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сәлима қарындас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мына арықтағы салқын суға жуынамын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көп-көп рақмет. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тұрар көзілдірігін түзеңкіреп қызға тағы қарап еді, Сәлима тоқпақтай бұрымын кеудесінен арқасына қарай лақтыра тастап, басын әнтек қисайтқанда құлағындағы шеңбірек алтын сырға бұлтаң ете қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Сіз үлкен төресіз, ағай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Арықтан еңкеңдеп жуынып жатқаныңыз жараспайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қарындасыңыздың қолын қақпаңыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қыз осыны айтып еркін кетіп, шәугімдегі суды Тұрардың алдына ағызып та жіберді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шегінерге жері, айтарға уәжі қалмаған жігіт, амал жоқ көйлегінің жеңін түріп, жағасын жымқырып, суға алақанын тоса берді де, көзілдірігін алып, емен түбіндегі түйе жапырақтың үстіне тастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мен төре емеспін, Сәлима, – деді суға қолын тоса беріп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Сіз төре болмай, кім төре болады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мәңіз, міне, сабын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көзілдіріксіз нашар көретін жігіт сабынды ала беремін деп қыздың білегін ұстап алды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жүзімнің үзімі сияқты қырық бүйрек бұдыр көк әтір сабын бір сүйкегеннен-ақ көпіріп ала жөнелді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– «Бұл қай жақтан келген сабын? – деп сұрай жаздап, Тұрар өзін өзі лезде тежеп қалды,– Түк көрмегендей болғаным жарамас». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ сұңғыла қыз жігіттің көкейіндегі сұрақты сиқырмен сезіп қойғандай сыңғырлап тұрып өзі тіл қатты: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тәшкенде нағашыларым тұрады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Солардың беріп жіберген сәлемдемесі ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сіздей төреге, төре емеспін дейсіз, төрелердің сұлтанына әдейі сақтап жүрген сабын еді, ағатай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар мұнша марапатты ұнатпай, сабындаған көзін тарс жұмған күйі Тәшкеннен келген қымбат бұйымды қыздың қолына ұстата салды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Рақмет, – деді үні қатқылдау шығып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Есіңде болсын, қалқам, мен төре де емеспін, сұлтан да емеспін, осы есіңде болсын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұдан былай мені олай атама. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бүкіл Әулие-Атаны аузына қаратқан азаматты сұлтан демей, кім дейміз, ағатай? Әнеу күні Атшабарда дүйім халықтың алдында сөйлегеніңізді бүкіл ел жыр етіп айтып жүр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қыз суды сыпайы ғана сыздықтатып тұр еді, енді еркелігі ұстап кеткен баладай, салқын суды жігіттің желкесінен жон арқасына қарай төгіп-төгіп жіберді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ойламаған оқыс қимылдан тұлабойы дүр етіп тітіркеніп, шегіне беріп, жігіт тез бойын жиып алды да сыр білдірмей: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Рақмет, Сәлима, сергіп қалдым той. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Суың салқын екен, – деп сүлгіге қол созды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осы бір оспадарсыздау ойыннан дәнекерлік дәме күткен қыз ойлағаны болмаған соң, назды қылықпен орамалды бұлтаң еткізіп тастады да, бұрылып, бұрала басып, ұры есікке беттеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жігіт тап-таза түкті орамалмен үсті-басын құрғата сүртініп тұрып екіұдай ойда қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Бір сәт әзіл-оспақ, ойнап-күлу де керек шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тым сірескенім не? Тым тік мінез робеспьерлік әрдайым керек пе өзі? Жас қыздың көңілін қаяулатқаным қалай болды?» – деп сәл ыңғайсыз сәт өткерді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сүртініп болып, емен түбінде жатқан көзілдірігін алып киді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұлыңғыр дүние қайтадан жайнап қоя берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кім біледі, әлгінде ол осы көзілдірікті алып тастамағанда, Сәлима қызға басқаша қарар ма еді... Күздік алма сағағынан үзілейін деп, таңғы шық қызғылтым реңінен әлі таймай, күн сәулесімен ақықтай құлпырып ойнайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Бағбан болып жүре бергенім дұрыс па еді: арпалыссыз, тып-тыныш бейбіт өмір еді сол». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кенет сонау Мерке базары, теңіз тышқанына бал аштыратын соқыр шал көз алдына тұра қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Бүкіл өмірің шайқас» деп еді сондағы көк қағаз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Содан бері бұл Тұрар жазмыштың тулаған толқындарын талай кешті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол көк қағаз пешенесіне жазылған жазу шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Иә, бұл Пішпекте жүргенде жұрттан жасырып, Робеспьер туралы есі кетіп бекер оқымаған, сірә, Францияның ұлы революциясының қанды көйлек қаһарманына бұл сонау Пішпек кезеңінен бастап еліктейтін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Робеспьердің жолын берсе де, ақырын бермесін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Робеспьер тағдыры Тұрар кие тұтатын тақ тұлпар Қызыл Жебе тағдырына ұқсас сияқты көрінетін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қаланың теріскей шетіндегі Бурыл көшесіндегі осы пәтерді Тұрарға Сыдық Абыланов тауып беріп еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Қазақ жастарының революциялық одағының» белсенді мүшесі мұғалім Сыдық Абыланов о баста Тұрар Меркеден келген бетте оны өз үйіне шақырып жүрді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шамада бір апта өткен соң Тұрар оған пәтер тауып бер деп өтінді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сыдық көнбеген: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Менің үйімді, өз үйіндей көр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қысылмай, қымтырылмай тұра бер, – деп ары-бері айтып көріп еді, өмірі ешкімге масыл болуды білмеген Тұрар қасарысып, айтқанынан қайтпады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ақыры Сыдық бір таныстары арқылы қаланың ұсақ саудагері Сәбденді көндіріп, Тұрар соның бір бөлмесін жалдап тұрып жатыр еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қалада қымбатшылық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Азық-түлік ақшаға табылмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Меркеде Андреевтің көмегімен мұғалім болып жүріп тапқан азын-аулақ ақша таусылуға айналған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Пәтер мен екі мезгіл шәй-пұлға деп Тұрар Сәбденге екі айдың ақысын алдын ала төлеп қойған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әуелі Сәбден кәдімгідей саудаласып, пәтер ақысын екі ай бұрын алдын ала талап етсе де, кейінірек Тұрарға шәйді ықыласпен беретін болды. |