Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кеңсе үкіметі сен орыс, сен қазақ деп бөлмей, алаламай, ұлттар тендігін тең ұстайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Патша тартып алған жерінді өзіңе қайтып береді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Халықты сол халықтың өз өкілдері басқарады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол күн таяу. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал әзір қиыншылық болуы мүмкін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өйткені, айттым ғой, үкімет әлі де байлар мен помещиктердің қолында. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Одан билікті тартып алу үшін күрес керек, ұйымшылдық, ауызбірлік керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тоз-тоз болып, жел аударған қаңбақтай қаңғырып кетсең, әрине, жау жеңеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қытайға ауамын дейсің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қытай саған құшағын жайып, бауырым-ай деп емешегі езіліп тұр ма екен? Қорлықтың көкесін сонда көресің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Туған жеріңе жете алмай, көзіңе көк шыбын сонда үймелейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұқымың тұздай құриды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қырқына шыдап, біріне шыдамайсың ба?! Қайтыңдар ауылдарыңа. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шөбіңді шап, егініңді жина. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Биыл қуаңшылық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қыс қамын ойла. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал Атамырза шығарған жарлыққа көнбеңдер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Малыңды тартып алуға уақытша үкімет әлі де әрекет жасайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсаң – ешкім сені жеңе алмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қазіргі солдат – бұрынғы солдат емес, олар бізге жақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Міне, жаңа ғана Атамырзаның жанында жүрген солдаттар мына өзімізге келіп қосылды, – деп Қабылбек сөзге араласты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлгі екі солдат, шынында да, тұмсық айналып барып, желке тұстан Тұрар мен Қабылбекке келіп қосылып тұрған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Атамырза мен Кузьминнің өліміне сендер кінәлі емессіңдер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оған мына біз куә, міне мына солдаттар куә. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал Шәкінің Дүрменін атқаны үшін олар жазасын алып та қойды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сондықтан енді мына ыстық күнде солықтамай, көштің басын кері бұр, ағайын, – деп Тұрар жар жағадан аттың басын елге қарай қайырды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ал біз, мына Қабылбек, ана өздерің білетін Жылысбайдың Мақсұты, Нұршанның балалары, Тұрдалы Тоқбайұлы сияқты азаматтар, Әулие-Ата гарнизоны мен Мерке гарнизонының солдаттары, орыс жұмысшыларымен, қазақ, қырғыз кедей шаруаларымен қосылып, күреске аттанамыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жер-жерде кеңес орнатамыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл істі әуелі Бектен ауылынан, Аспара болысынан бастаймыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жолымыз болсын, туғандар! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
* * * |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ширатпа қалың мұрты құлағына қарай қайырылған, бойы тіп-тік, кең жауырынды әскери адам сықырлауық үстел басынан түрегеліп, оң қолындағы қарындашпен шыны графинді сыңғырлатып біраз тұрды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл Степан Хмелевский еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тынышталыңыздар, жолдастар! Жиналыс күн тәртібінде екі мәселе: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
1) Қазіргі кезеңде аштықпен күрес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
2) Мүшелікке қабылдау. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күн тәртібі бойынша ескертулеріңіз, қосып-аларыңыз бар ма? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шағын залдан «жоқ, жоқ» деген дауыстар естілді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жоқ болса, дауысқа саламын: күн тәртібі осы қалпында бекітілсін дегендеріңіз қол көтеріңіздер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қарсы? Қалыс? Ондайлар жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күн тәртібі бірауыздан бекітіледі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ендеше күн тәртібіндегі екінші мәселені бірінші етіп қарау жөнінде ұсыныс бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұған қалай қарайсыздар? Келісесіздер ме? Дауысқа салу керек пе? Жоқ па? Жарайды, келістік. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жолдастар! Большевиктер фрақциясының атына Әулие-Ата Совдепі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов жолдастан арыз түсті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол өзін большевиктер партиясының қатарына алуды өтінеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Анкеталық деректерімен қысқаша таныстырып өтейін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тұрар Рысқұлов. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
1894 жылы 24-желтоқсанда Жетісу губерниясы Шығыс-Талғар болысында туған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұлты – қазақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ата-анасы кедей шаруа. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Білімі – Ташкент педагогикалық институтын толық бітірмеген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
1916 жылы патша түрмесінде отырған... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Хмелевский кенет ресми сөйлеуін тия қойып, жайсаң мұртын бір ширатып алып, мырс етіп күлді: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Көрдіңіздер ме, жолдастар, анкета қандай қып-қысқа. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал біз білетін Тұрар жолдастың өмірбаяны, менімше, өте бай болса керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кәне, қандай сұрақтарыңыз бар? Тұрар жолдас, орныңыздан тұрыңыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Берірек, алға шығыңыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бөлменің орта тұсынан жап-жас жігіт тік көтеріліп, ешқайда қарамастан, президиум үстелінің алдына барып, бетін залға бұрып, қалт тұрып қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір сәтке бөлме ішінде сілтідей тыныштық орнады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қаншама көз тек Тұрарға қадалып қалған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Орта бойлы, кең кеуделі, қап-қара қою шашы кері қайырылса да қасарыса тікірейіңкіреп тұрған, жазық маңдай, шекелігі шығыңқы, мұрны қоңқақтау ер бітімді жігіттің бір нәзік жері – еріндері сияқты еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Еріндері ерекше үлбіректеу, шие қызыл екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол сүйкімді еріндер иірімдене бітеді екен де, болар-болмас шұңқыр белгі білінеді екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол ерні ғана жұмсақ, әлжуаз, әйтпесе, иегі мен шықшыты, бет бітімі қату: сары жиек дөңгелек көзілдіріктің ар жағынан аялы көздер аспай-саспай, тайғанамай, тура қарайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үлкен сынның үстінде тұрған осыншама сабырлы жас адамның киім киісі де мұндағылардан көп ерекше. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Отырғандардың көбісі әскери киімді, біразы ескі гимнастеркалармен, көнетоз пиджактерімен отырғанда, мына жігіттің киімі ине-жіптен жаңа шыққандай: шевиот қара костюм, аппақ бәтес көйлек, қара барқыт галстук, аяғындағы туфлиге дейін жалтырап тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ осыншама сыпайы кербез киінгені өзіне қазір мін болып жабысар деп кім ойлаған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Залдан біреу қол көтерді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Менде сұрақ бар! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жұрттың бәрі енді жаппай Тұрардан бұрылып, әлгі дауыс шыққан жаққа қарады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шашын жылмитып артына қайырған қисық жағалы, омырауы кестелі көйлек киіп, белін шашақты белбеумен буған, мейіздей қатқан сары екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қойыңыз сұрағыңыз болса, – деді жиналыс ағасы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жолдас Рысқұлов, сіз неге біздің қаланың бастығы Мотяшев мырза сияқты киінесіз? Ал Мотяшев болса городская голова, нағыз монархист. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Патша құлағалы, міне, құдайға шүкір, алты ай болды, ал Мотяшев мырза әлі сізше киінеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дәлірек айтқанда, сіз Мотяшевше киінесіз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Пролетарлық ынтымақ қайда? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бөлме іші кенет ұясы бұзылған арадай гуілдеп кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жиналыс ағасы трафинді сыңғырлатып та, айқайлап та көрді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шу әрең басылды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мұндай сұраққа жауап бермеуіңе болады, Рысқұлов! – деп айқайлады әлдекім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жоқ, жолдастар, рұқсат болса, мен жауап берейін, – деді күтпеген жерден жас жігіт. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мен жауап берейін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өйткені солшыл эсер Палий мырза біздің жиналысымызға заңсыз қатысып отырғанымен қоймай, большевиктерге әлдеқандай кінә таққысы да келетін көрінеді... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Отырғандар тағы толқып ала жөнелді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бұл не деген жүгенсіздік! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Төраға жолдас, солшыл эсер неге большевиктер жиналысына қатысады? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар саңқ етіп, дауысын көтере шығарып, абыр-дабырды тоқтатты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жолдастар, қойылатын сұрақ қойылды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен жауабын берейін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Онан соң солшыл эсерді жиналыста қалдыру-қалдырмау – өз еріктеріңіз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонымен, киім туралы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен бала кезімде Верный түрмесінің бастығы Приходько мырзаның малайы болдым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Приходько мырзаның гимназистка қызы маған бір мезгіл әліппе үйретуші еді... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шашыратқы гүліндей көкшіл көзді, аппақ әсем қыз буалдыр арасынан, бұлттардың тасасынан шыға келгендей кенет Тұрардың алдына әлжуаз ғана күлімсіреп тұра қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– ...Бір күні ол маған сабақ үйретіп отырып, кенет сөзін үзіп, үндеместен, менің тіземе қарап сазарып отырды да қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен не болғанын аңғармай, алды-артыма қараймын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аң-таңмын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сөйтсем, шалбарымның жыртығынан тізем жылтырап көрініп тұр екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кіруге тесік таппадым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қара жер қақ айырылса, күмп беріп түсіп кетер едім... Бұл бір жай. |