Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дұрыстап қой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Анау-мынау, жаман-жәутік емес, губернатордың өзі оқиды бұл хатты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сенің арбашаңды ол түсіне алмас, әрине тілмашы бар ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бәлкім, Рысқұл туысқаныңа да көрсетер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол сенің қолыңды танитын шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Рысқұлға көрсетер» дегенде Қырғызбай шошып кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қолын қояйын деп ыңғайланып жатқанда қайтадан тартып алды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Но-но! – деді пристав түсін суытып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Базарда жүрген жеріңнен ұстап алып, түрмеге тығып тастармын бәлем. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Менің қолым жүре ме, әйелдің өз қолы керек, – деді Қырғызбай болыс пен приставқа кезек-кезек жалтақтап. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ол сауатсыз, білдің бе? «Сауатсыздығы үшін» деп жаздың ғой жаңа, – деп пристав тағы тұқыртып тастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Пристав тұрмақ, Меркедегі төрткүлдің базарында пиянкеш урядник бопсаласа, бір сөзге келмей бір сөлкебай беріп құтылатын Қырғызбай, мына төренің ызғарына көп төтеп бере алмай, жүрегі мұздап отырып хатқа қолын қойды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Кешір, бауырым», – деді ішінен Рысқұлмен тілдесіп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Кеш мен бейбақты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Баяғыда саған ілеспей, орта жолда Меркеде қалып қалғанымды қаламап едің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді тағы бір опасыздық болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оның есесіне сенің әйелің мен балаңды бағып, қағуға ант етейін, бауырым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сенің алдында арым таза болсын». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ну, Киргизбай, – деді пристав тілхатты ыждағаттап сөмкеге салып жатып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Енді бұл әйелге әзір бол. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қашып кетіп жүрмесін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айырылып қалсаң, ух! Рысқұлдың артынан ол емес, сен кетесің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Төрелер үйден шықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жас төлдің кіндігі қатпаған ерте көктем еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күн едәуір кешкіріп қалыпты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аспараның басындағы сәуле малған майда бұлт қоянның жон арқасындай жұмыр, жұмсақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аспан кеуілім жай, мөлдір көк. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мықанның арғы бетінде бір салт атты қырғыз тауды бетке алып, әндетіп кетіп барады: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ишь ты, қара-киргиз,– деді пристав әндеткен салт аттыға қарап: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мықанның арғы беті – қырғыздар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әулие-Ата оязына қарайтын Шалдуар болысы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қазақты – «киргиз», қырғызды «қаракиргиз» дейтін әдетіне басып тұр пристав. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Алатауға приставтың көзімен қарасаң, қиқы-жиқы үйілген тастар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көктем алдында қуанышы кішкентай кеуделеріне сыймай шықылықтаған шымшықтардың қазіргі беймаза тіршілігінен; кешегі алтын күректен кейін жұмыртқа қабығын тесіп шыққан балапан құсап, тоңы жібіген топырақты түртінектеп шығып келе жатқан көктің сыбдырынан; бетіңді қыз алақаны сипағандай саф самалдың лебінен; осының бәріне шала мас болып бара жатқан анау қырғыздың сағынышты ән сазынан мына болыс пен пристав бейхабар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көкіректе сезім қылы дың етпеген кәркеуделердің табиғаты тасыр, тілі докір. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Верныйдың түрмесінде әкесімен бірге жатқан Тұрар Рысқұловпен енді он жылдан соң бетпе-бет кездесетіндерін бұл екеуі қазір білмейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аспара болысы Бектен Медеров пен Мерке приставы Афанасий Сокольский. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Терек басында қураған жапырақ қалтырайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Олар бұған назар салған жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Поехали, – деді пристав. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Алматының аспанында да жаңа көктемнің толғағы бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көгілдір, түпсіз көк әлем. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір қылау жоқ, бір қылпық жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жаратқан құдірет бар екені рас болса, дәл қазір аспанда ол жасырынар жер жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жаратқан құдірет бар болса, дәл қазір ол адамдардың көзіне көрінер еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір жылдан астам уақыттан кейін күннің көзіне бірінші рет шыққан Рысқұлды көрер еді... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айдауыл камераның есігін ашып: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Рысқұл, ағаң келді, далаға шық, – деп сүйінші сұрағандай болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– «Менің қандай ағам бар еді?» – деп Рысқұл дағдарыңқырап қалған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Ағаң» дегенде алдымен ойына оралғаны баяғы марқұм Бердіқұл болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Су түбінен көрінген суреттей болып Бердіқұлмен қатар көз алдына Дауылбайдың сүлдері тұра қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Дауылбай да ағам, – деді Рысқұл. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ол да алыс емес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ жазықсыз Бердіқұл жер жастанып, Дауылбайдың әлі осқырып отырғаны жаман». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айдауыл Рысқұлды далаға шығарардың алдында аяғына кісен салды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түрменің ауласына шыға бергенде жерге күн құлап түскендей дала жарқ ете қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Рысқұл еріксіз екі көзін басып тұрып қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күн екеш жарық күнді де жатырқауға болады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күндіз-түні тас шыңыраудың ішінде жатқан адам, ақ сәулеге көзі үйрене алмай әз соқырдай түртінектеп әйтеуір алға жылжи берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірте-бірте көзі жарыққа үйренген соң әуелі, ауланың ішін таныды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тақыр қораның ішінде мүмкіндігі бар жерге қылтиып көк шығыпты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Биік дуалдың сыртындағы нау теректер бүршік жарып, ашаң жасыл алқа тағынып қалған екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аш адамның тоқ тамақты көтере алмай қалатыны сияқты, кілең қапырық, тымырсық ауаға дағдыланып кеткен өкпе мына таза ауаға шыдай алмай сетінегендей. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Екеуі қақпа алдында құшақтасып көрісті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ахат екі көзі жасаурап, немере інісіне қайта-қайта қарады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қара нардай қайратты бұрынғы Рысқұл жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұрынғы қарақошқыл өңі бит сорғандай боп-боз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сүзектен тұрғандай, буыршын еті сылынып түскен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Құлыны құдыққа құлаған мама биедей сенің мына абақтыңды айналшықтап шыға алмай жүрмін, шырағым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлгі бастығыңа қайта-қайта барып, сенімен көрісуге әрең мұрсат алдым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жолатпайды, әбілет басқырлар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ахат қызыл жиек көзін тағы сүртті: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тұрар қалай? Тымау-сымаудан аман ба? Сол қозымды сағындым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Аман, Аха. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күндіз жұмысына кетеді, түн баласы біргеміз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ бұл күнді де көпсініп тұр ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жақында айыратын шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қатын, баланы қатырғыға бірге ала кетемін деп губірнатырға арыз айтқаныма талай болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Верный округтік сотының үкімімен Шығыс-Талғар облысының киргизі Жылқайдаров Рысқұл Жазалау Ережесінің 1453 статьясындағы 3 пункт бойынша қылмысты деп танылып, он жыл каторгаға сотталды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осыны хабарлай отырып, Облыстық Басқарма Сізден Жылқайдаров Рысқұлды жер аударылушы арестанттар тобына жатқызып, оның түр-түсі жөнінде мәліметтер алуыңызды сұрайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонымен бірге, айдалу тізіміне тігу үшін Жылқайдаровтың екі түрде түсірілген үш фотосуретін жеткізіп беруіңіз керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Вице-губернатор Осташкин». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
деп қол қойып, гербілі мөр басып, көмекшісі арқылы полицмейстер жедел жөнелтті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
XIII |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Верный полицмейстрі Верный облыстық түрмесінің бастығы Приходькоға жедел нұсқау жолдап, Рысқұлды тез комиссияға жеткізуді талап етті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонымен тұтқын анықтау комиссиясының алдында тұр еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Анықтама жасау актісіне вице-губернатор Осташкин бас болып, округтік прокурор, Жетісу облыстық бас дәрігері, оған көмекші екі дәрігер, Верныйдың учаскелік дәрігері, Ұзынағаш станциясының учаскелік және облыстық басқарманың кеңесшісі қатысты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Бұлар мені тағы тексере ме, қайта соттай ма? Мұнша адам жиналғаны несі, атасына нәлет», – деп Рысқұл секем алып қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Вице-губернатордың ишарасы бойынша айдауылдар Рысқұлды шешіндіре бастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ішкі жейдесіне дейін шешті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді дамбалын шеше бастағанда Рысқұл әлгілерді итеріп-итеріп тастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Атасына нәлет, тірідей қорлағандарың аз ба еді! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Вице-губернатор округтік соттың тілмашы Шоқұлын шақыртты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әнеу күні сотта өзін қорғап сөз сөйлеген қияқ мұртты қазақ жігітін көріп, Рысқұл өз баласын көргендей қуанып кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Вице-губернатор Боташ Шоқұлына істің мән-жайын түсіндірді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шоқұлы Рысқұлдың қолын алып амандасты: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Отағасы, тәртіп солай, тыр жалаңаш шешініңіз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұлар ерекше белгілеріңіз болса, соны жазып алады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ссылкаға айдалатындарды сөйтіп тексереді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оған шамданбай-ақ қойыңыз, – деп арқасынан қақты. |