KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кейін әкем каторгаға айдалып кеткеннен соң, Мерке мектебіне түсіп оқыдым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір күні тақта алдында тұрғанымда Атамырза Айбаров деген бір байдың баласы менің шынтағымның жыртығын көрсетіп, бүкіл сыныпты басына көтере күліп еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол кезде интернат маған әлі киім бермеген кез.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жиырма бес баланың алдында тағы бір қызардым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда мен өзіме ант бердім: шамам жетсе, аш жүрсем де, бүтін киім, таза киім киіп өтемін дедім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сіз, Палий мырза, менің мына костюмім су жаңа деп ойлайсыз ба? Мен мұны 1916 жылы көктемде Ташкентте оқып жүріп, бос уақытымда өзбек байына бағбан болып жалданып, соның ақшасына сатып алып едім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы костюммен Мерке түрмесінде де отырдым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Киім де күтім тілейді, күте білсең қыры сынбайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал қыры сынбаған киім ішінде адам өзін еркін сезінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қанағаттандыңыз ба менің жауабыма?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қимайды екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басына мың батпан іс түсіп жатса да, бізді ұмытпапты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жердің түбіне, тозақтың отына айдаса да бірге болайық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бізге рұқсат етіңіздер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қырғызбайдың қатыны көңілі босап, алдындағы сорпа құйған дәу шараны әрі итере салып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Айналайын мырзаға-оу, ардағым-оу, аһ! – деп дауысы барқыраңқырап шығып кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қырғызбай қызған көсеу тілін қарығандай баж ете қалды:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жап аузыңды! Рысқұл тірі ғой, малғұн! Байғыз құсаған тілеуің құрғыр!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қырғызбайдың қатыны Салиха салдырлап қалған, әрі ашушаң, әрі ақкөңіл аңқылдақ кісі еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазір Рысқұлдың жақындары қылпылдаған ұстараның жүзінде шықпа жаным, шықпа деп тұрған мына шақта, ойында арамдығы жоқ, адам, атамзаманнан бері көрмей кеткен қайнысының халіне қайғырып, дауыс шығарып еді, онысы көзі тірі азаматты жоқтау болып шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тағдырдың толқыны айдап келіп, қолына қарап кіріптар болған келіні Ізбайша мынау анайылау абысынына тіксіне қарап қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қайнаға дұрыс айтады, жеңеше.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жамандық шақырмаңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен білетін Рысқұл төтеннен ажал жетпесе, оңайлықпен жан беріспейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жауына ерегескенде, бір күн болса да тірі жүруге тырысатын адам.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен соның қасында боламын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пешенедегіні көреміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ізбайша әуелдей көз жасын көлкіте бергенді қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ширығып, біртүрлі тәуекелге белді бекем байлап алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бектен болыс та, пристав та мына бір тозаң тұтқан асыл тастай аяулы әйелге не айтарға білмей аңтарылып қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Болыс пен приставтың ояздан алған тапсырмасы бұл әйелден қалайда теріс жауап алу.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ізбайша бармаймын деп бас тартуы керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал енді екеуі де: шіркін, әйелің осындай болса, деп әм таңданып, әм сүйсініп қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Олар да пенде.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Олар да кейбір сәтте тебіренер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ бұл қыламықтап өтетін қауқарсыз сезім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ендігі сәтте қазына адамының қатыгездігі бас көтереді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аяныш, тебіреніс дегенін айдалада қалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әуелі Бектен болыс басын көтеріп, қақырынып, тамағын кенеп алып сөз бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Шырағым, құдай адалынан жаратқан адам екенсің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сендей жары бар Рысқұлда арман болмаса керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ жазмыштан озмыш жоқ деген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйелдің жолы жіңішке.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жас бала, жал-құйрықсыз әйел заты, сен Сібірге Рысқұлмен ілесіп барғанда, күнің қараң болады екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оныңды қой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біз де жатың емеспіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына Қырғызбай қайнағаңның қолында тұра бер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, күндеріңді көріп кетесің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кебенек кигеннен түңілме, кебін кигеннен түңіл деген де бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұз-дәм бұйырса, ерің қайтып оралар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біздің ақылымызды алсаң, сол.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзіңді өзің тозаққа тастама.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жас балаңның да обалын ойла.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына лауазымды кісінің сөзі – жанашырдың сөзі сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақылға салсаң, айтып отырғаны рас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақылға салсаң, Рысқұлдың етегінен ұстап өткен өмір қасіретті өмір.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дүниенің әділетсіздігіне шыдай алмай, дүниенің рахатынан безген сол бір саяқ ерден көтерген баласы да жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда арасын дәнекерлеп тұрған не бар? Несін қимайды? Әлі басы жас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жерде жатқан тесік моншақты да біреу көтеріп алады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда неге зар?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ізбайшаның үндемей отырып қалғанын байқаған Бектен болыс:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бара алмаймын деп қолыңнан бір жапырақ тілхат бер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біз де жолымыздан қалмайық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әңгіме осымен бітті дейік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қалай хат білуші ме едің? Білмесең жақының ғой, қайнағаң Қырғызбай жазсын, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ізбайша бір сәт өзінің тілхатын әлдекімге оқытып отырған Рысқұлды көз алдына елестетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ізбайша түрме көрмеген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол түрмені қиссадағы зындан деп біледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Зындан түбіне лақтырған тастай болып жатқан Рысқұл мұның тілхатын алады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзі хат танымайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біреуге оқытады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тілхатты оқып берген адамға сенбей, өзінің өр мінез, құлық-сұмдығы жоқ туралығымен тік келіп:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, не оттап тұрсың? Мұны жазған Ізбайша емес! – дейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ көңіліне күдік кіреді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Шынымен Ізбайша менен безгені ме? О, опасыз қаншық! Қойныңдағы қатыныңа, астыңдағы атыңа сенбе деген осы, атасына нәлет! Менімен бірге бармасаң, – бадал! Басқа бай тауып ал! Көрермін көгергеніңді! – дейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ізбайшаның тізесінде момақан жатқан кішкентай қыз бала кенет басын көтеріп алып, өгей шешесінің көзіне бейкүнә жәудір, жәдігер көздерін қадап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жеңеше, көкеме барам, көкеме барам, – деп кемсең-кемсең етіп, дауысы бірте-бірте көтеріліп жылап қоя берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ізбайша Түйметайды бауырына қысты:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жылама, барамыз көкеңе.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көкенді тастап біз қайда кетуші едік, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кішкене сәби жылағанын қоя қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ізбайша сонда болысқа бұрылып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мырза, бізді босатыңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлға жетейік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бізді аясаңыз, құдай сізді аясын, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бектен болыс кенет шытынап, шарт етіп:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Үйден шыға тұр! Біздің оңаша әңгімеміз бар, – деп зекіп айтты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бағанадан бергі сыпайылық пердесін біреу сыпырып алғандай, дөрекі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жеңеше, сен де шыға тұр, – деді Қырғызбайдың қатынына.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол байғұс болысқа ажырая бір қарады да, ернін сылп еткізіп, оқпақ құстай ордаңдай, өз есігін өзі тарс еткізіп қатты жауып шығып кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бектен болыс сонда барып Қырғызбайға шүйілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ал, делдалым, қолыңа қағаз-қалам ал.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қырғызбай сандық жаққа қарап қалбалақтап қалып еді, пристав сөмкеден бір парақ қағаз бен қалам ұсына берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жаз, – болыс бұйыра сөйлеп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Мен Жылқайдаров Рысқұлдың әйелі Ізбайша Жетісу губернаторына мынаны мәлімдеймін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлдың соңынан еріп, ссылкаға баруға келісім бермеймін! Қазір Әулие-Ата уезі, Аспара болысында Соқыров Қырғызбайдың қолында тұрып жатырмын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сауатсыз Жылқайдарова Ізбайша үшін қол қойған Соқыров Қырғызбай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

20-ақпан 1906 жыл».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Делдал емес молда болуға лайықты адамсың-ау, Қырғызбай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кәне енді қолыңды қой.
Көрсетілді: 15000 / 47388