KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сервантес өмір сүрген заман аласапыран оқиғалар заманы болды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ұлы суреткер алпыс сегіз жыл ғұмыр кешті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ол Ү-ші Карл патшалығының соңғы жылдарын көре қалды, ІІ-ші Филипп пен оның баласы ІІІ-ші Филипп патшалық құрған алғашқы он сегіз жылдағы оқиғалардың куәгері болды және өзі де біраз жайды бастан кешті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Өз тарихындағы бұл кезеңде Испания әлемдік үстемдіктен бірте-бірте қол үзе бастаған.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Әлемнің бестен бір бөлігін құрайтын жері, алпыс миллиондай халқы бар империяны әкесінен мұраға алған ІІІ-ші Филипп оны әлі де өз ықтиярынша билеп-төстеп отырған.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бірақ осынау орасан үлкен монархияның іргесі шым-шымдап сөгіліп, қатты бір дауылдан қалмайтындай халде тұрған.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Жолында тұрған кедергілерді оның осынша батылдықпен және де тапқырлықпен айналып өткеніне қайран қаласың.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Рыцарь мен оның атқосшысын романның басты кейіпкері етіп таңдап алуының өзі қаламгер кемеңгерлігінің бір нышанындай.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сервантестің бұларды өзі де бір мүшесі боп табылатын испанның азып-тозған дворяндығы мен жер иелігінен жырақтап қалған қара бұқара арасынан іріктеп алуы да тегін емес.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Дон Кихот пен Санчо Пансаның әлеуметтік салмағы мол бейнелері Сервантеске кеңінен көсіліп, тереңнен толғауға мүмкіндік берді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Рыцарьдың есалаңдығын желеу еткен Сервантес адамгершілік абзал қасиеттер, саяси пайым-парасат пен адалдық жайында замандастарының құлағына құймақ болған ой-тұжырымдарын соның аузымен айтқызады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Осынау лұғатты лебіздерден Сервантестің шексіз бай өмір тәжірибесі мен рухани мәдениетінің мол қазынасы, антикалық және ұлттық испандық мұра мен итальяндық Қайта өрлеудің озық үлгілерінен сусындаған терең білімі андағайлап тұр.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, Санчо Пансаның сөзінен мыңдаған жылдар бойы жинақталған халық даналығы, қашан да жерге қожалық етуге құштар шаруаның (Санчоның аралға ие болсам дейтін таусылмас арманы соның дәлелі) қияли ойлардан ада пиғылы көрініс береді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Шынтуайтына келгенде, Сервантестің осынау ұлы шығармасы рыцарь мен атқосшысының үзілмес-тынбас диалогы боп табылады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Санчосыз Дон Кихоттың өмірі мәнсіз боп көрінетіні секілді, Дон Кихотсыз Санчоның да өмірі сәнсіз.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Толассыз пікір алмасу екеуі үшін де аса бағалы; бұл бір-бірін рухани байытып, биік самғайтын гуманистік ой-ниет пен қапыда қалдырмайтын халық даналығы бір-бірімен үйлесімді түрде ұштасып жатады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Пікір алмасудың ауқымы кең және сол заман үшін аса маңызды болған көп мәселені қамтиды; барынша бүркеулі болғанымен көп жағдайда (әсіресе, екінші бөлімде) айқын әшкерелеуші сипатта көрініп отырады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұған романдағы оқиғалар өтетін орынның оңтайлы таңдап алынуы да септігін тигізеді: шығармаға арқау болған іс-әрекеттің барлығы дерлік кастильдік деревня тіршілігі ауқымында, Испаниядағы ең кедей провинциялардың бірінде — диірмендері, күре жолдары, дәмханалары бар, жылпостау, надан, бірақ ақпейіл де сормаңдай адамдар мекендейтін қу медиен Ламанчада өтеді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Герцог қамал-сарайында болған кездерінде роман кейіпкерлері ерлі-зайыпты байшыкештер мен олардың құйыршықтары тарапынан келемеш пен мазақтың не түрін көріп, аз мерзімге бір-бірінен қол үзіп қалады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бірақ бір-бірінен жырақтап кеткен осы уақыттың өзі олардың достығының қандай берік әрі бір-біріне қандай пайдалы екенін тағы бір көрсетіп береді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Өзінің жалған-мазақ губернаторлығына шынымен сеніп қалған Санчо айрықша ұйымдастырушылық қабілет танытады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Романның екінші бөлімінің оның осы губернаторлығына арналған тараулары, сондай-ақ Дон Кихоттың аралға аттанар алдында атқосшысына берген салиқалы ақыл-кеңесі үш Филипп патшалық еткен тұстағы Испаниядағы мемлекеттік құрылымның кембағалдығы мен әлеуметтік әділетсіздігін әшкерелейтін сатира боп шыққан; мұндай кембағалдық пен әлеуметтік әділетсіздіктің күйігін Сервантестің өзі де талай тартқан болатын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Герцог сарайында жатуының ерсі нәрсе екеніне рыцарьдың көп ұзамай-ақ көзі жетеді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Санчоның губернаторлықтан бас тартуы, оның Дон Кихотпен кездесуі, екеуінің қамал-сарайды тастап шығуы және жазушының рыцарьдың аузымен айтқызған бостандыққа деген мадақ бұлардың қоршаған ортадағы ашкөздік, жатыпішерлік, кеудемсоқтық, рухани кемтарлық пен қатыгездіктен мерейі үстем шыққанын паш етеді: романнан бұл секілді сиықсыз қасиеттердің тек сұмпайылар мекендеген герцогтың қамал-сарайына ғана емес, ХҮІІ ғасырдағы күллі испан тіршілігіне тән екенін айқын аңғаруға болады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сервантестің мәңгі өлмес туындысы адамзат үшін Дон Кихот пен Санчо Панса бейнелерінің айрықша көркем сомдалуымен де, онда алға тартылатын идеялардың ешқашан ескірмейтін өміршеңдігімен де құнды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Шынында да, “Дон Кихотты” оқыған кезде Сервантестің жоқ-жітіктер мен жәбір көрушілерді қорғау адамның асыл парызы екені жайындағы, “адамдар сенікі және менікі деген сөздерді білмеген” Алтын ғасыр турасындағы, отан хақындағы, әділ және әділетсіз соғыстар жөніндегі, бейбітшілік пен бостандық жайындағы идеяларының заманымыздың ізгі мұраттарымен қалай үндесіп жатқанын көріп еріксіз таңданасың.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

“Дон Кихоттың” екінші бөлімі, шамасы, 1613 жылдан жазыла бастаса керек, ал сатуға 1615 жылғы қараша айында түскен-ді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бірақ соның алдында, 1614 жылдың жазында, Алонсо Фернандес Авельянеда дейтін біреу жазған жалған “Дон Кихоттың” екінші томы жарыққа шықты.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұл жалған шығарманың авторы кім болғанын зерттеушілер әлі күнге шейін анықтай алмай келеді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Осынау жасанды дүниенің пайда болғаны жайында Сервантес “Дон Кихоттың” екінші бөлімін аяқтап қалған кезде білді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Романның жалғасы жазылып жатқанынан хабардар болған Авельянеда дейтін бүркеншек ат жамылған алаяқ екінші бөлімді автордан бұрынырақ жарыққа шығарып табыс тауып қалуды, оған қоса Батыс Европа елдері мен мұхиттың арғы бетіндегі колонияларға кеңінен танылып үлгерген шығарманың жақсы атына кір келтіруді көздеген болса керек.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Жалған “Дон Кихоттың” жарық көруі Сервантестің жанына өте ауыр тиді және мезгілінен бұрын дүние салуына себепкер болғаны да сөзсіз.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Алайда ол өзінің беймәлім дұшпанына ашу-ызаға толы жауап хат жазумен ғана шектелді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, жасанды роман болса, оны жазған адамның әжептәуір әдеби шеберлігіне қарамастан, көптің көңілінен шыға алмады, сөйтіп ұзамай ұмыт болды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сервантес өмірінің соңғы кезеңі негізінен Мадридте өтті, мұнда ол аталмыш қала корольдіктің астанасы деп жарияланғаннан кейін, шамасы, 1608 жылы көшіп келген секілді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Вальядолидтегідей ол мұнда да кедейлер тұратын орамнан орын тепті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

“Дон Кихотты” шығаруының арқасында даңқы аспандап кеткенімен, отбасының әл-ауқаты онша оңала қоймады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ресми Испания мен әдебиет зиялыларының оған деген қарым-қатынасында да бәлендей өзгеріс болған жоқ: бұл оларға ұнамды да, жұғымды да адам емес-ті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Алайда, жағдайын жақсарта қоймағанымен, романының зор құрметке ие болуы жазушыны проза жанрындағы жұмысын одан әрі жалғастыруға құлшындырып, 1605 -1610 жылдар аралығында көптеген новелла, комедия мен интермедия жазды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Осы жылдар ішінде жазушының отбасында да өкінішті жағдайлар орын алып жатты: аз ғана уақыт бұрын шашын кестіріп монастырьға кеткен екі апасы бірдей дүние салды; қызы Исавель де Сааведра күйеуінен ажырасып, екінші мәрте тұрмыс құрды, күйеу баласының жасаудың мол болуын талап етуі жазушының материалдық жағдайын қиындата түсті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Қайын апаларының үлгісімен Сервантестің әйелі де шашын кестіріп монастырьдан орын тепті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сервантестің өзі де 1609 жылы Қасиетті сенім құлдарының ағайындығы аталатын бірлестік құрамына кірді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ағайындық қатарында граф Лемосский мен кардинал әрі бас инквизитор дон Бернардо де Сандоваль-и-Рохас тәрізді мәртебелі шонжарлармен қатар Лопе де Вега мен Кеведо секілді көрнекті испан жазушылары да болған-ды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Кейбір керітартпа әдебиетшілер мен сыншылар оның бұл қадамын өмірінің соңында айыпты істері үшін ақталмақ болған күнәкардың қылығы деп бағаламаққа тырысты.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, шын мәнінде мұны Сервантестің дінге басы-бүтін ден қойғандығы деп емес, Ағайындықтың аса беделді мүшелерінің қолдауына ие болуды, ауырып-сырқап, айрықша мұқтаждыққа тап бола қалған жағдайда көмек табуды көздегені деп білген оңдырақ.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Қаламгер 1616 жылғы 23-ші көкекте дүние салды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ағайындық бөлген қайырымдылық қаражаттың арқасында өзі айтып кеткен монастырда жерленді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сервантестің “Дон Кихот” романы қазақ тілінде алғаш рет 1951 жылы Абдулла Құлыбековтың аудармасымен жарық көрген еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бірақ бұл кітап Б.М.Энгельгард испан тілінен орыс тіліне көлемін екі еседей ықшамдап тәржімелеген, жоғары және орта класс оқушыларына арналған дүниеден аударылған болатын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ұлы туындымен қазақ оқырманының көп буыны осы кітап арқылы танысты.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Енді, міне романның Н.М.Любимов аударған екі бөлімнен тұратын төл нұсқасы “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында қазақ тілінде толық күйінде жарық көріп отыр.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Хибралеон маркизі, Беналькасар және Баньярес графы, Алькосер

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

виконты, Капилья, Курьел және Бургиль сеньоры

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Герцог Бехарскийге

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Арнау

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Көркем өнерді қолдауға айрықша көңіл бөлетін ақсүйектер санатындағы Сіздің, Шарапатты Мырзам, кітап түрінің қандайына да, соның ішінде әсіресе өзінің биік мұратына байланысты әлденендей бір пайда көру пиғылымен қара тобырдың көңілін аулауға тырыспайтын кітаптарға, ерекше ықылас білдіретініңізден бек жақсы хабардар болғандықтан, Шарапатты Мырзам, Сіздің мұқым елге мәшһүр есіміңіздің мейірім-қайырымына арқа сүйеп Айлакер идальго Ламанчалық Дон Кихотты жарыққа шығарғанды жөн көрдім, сөйтіп енді Жоғары мәртебеңізге деген зор құрметімді білдіре отырып, мұны өз қамқорлығыңызға алсаңыз екен деп өтінем, өйткені оқып-тоқығаны мол жандардың қаламынан шыққан шығармалардың шырайын келтіретін әсемдік пен оқымыстылық әшекейлерінен ада бола тұрғанымен, Шарапатты Мырзам, Сізді арқа тұтқан бұл туынды өз надандығының дәреже-деңгейін ескермей, өзгенің еңбегіне баға беруге келгенде қара қылды қақ жарған әділ болса бір сәрі, әрдайым қатыгез үкім шығаруға әуес жұрттың алдына баруға тәуекел етіп отыр ғой, — осы себептен Сіз, Шарапатты Мырзам, ізгі ниетті тілегіме кеңпейілдікпен қарап өзіңізге деген шексіз адалдығымның осынау болмашы ғана белгісін ықыласпен қабыл аларсыз деп үміт етем.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Мигель де Сервантес Сааведра.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Пролог

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Зеріккен оқырман!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Қабілет-қарымымның дәреже-деңгейін көрсететін бұл кітаптың мейлінше көркем де сәнді, терең ойлы туынды боп шығуын көксегеніме көзіңді жеткізу үшін ант-су ішпей-ақ қоюыма болады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Алайда тірі жан иесі атаулы өзіне ұқсас жан иесін өмірге келтіретіні жөнінде тәртіп берген табиғат заңын теріске шығаруға менің құқым жүре қоймайды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ендеше, таяз да кембағал ақыл-ойым бұрын-соңды ешкімнің басына кіріп-шықпаған небір тосын қиялдың жетегінде жүретін, сидиған қу сүйек, салқамсоқ ұл жайындағы хикаяттан өзге нені тудыратын еді — ашығын айтқанда, жаныңа маза бермейтін не қилы берекесіздік пен жүйкеңді жейтін бір сарынды дыбыс жайлаған орын боп табылатын абақтыда бұдан өзге адамның сиқын туындатудың өзі де қиын ғой.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Тыныш та жайлы мекен, алаңсыздық, көз жауын алатын көркем алқап, бұлтсыз ашық аспан, сылдырап аққан су, жан-дүниеңнің жайдарылығы — ең бедеу деген музаның өзін буаз қылатын нәрселер міне осылар, сондықтан да оның өмір көрген ұрпағы жарық дүниеге келісімен-ақ сүйсіну мен таңырқау сезімін тудырмақ.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Кейде былай да болады: біреудің ұлы ұсқынсыз да икемсіз боп туады, бірақ балаға деген сүйіспеншілік әкенің көзін тас бүркеп тастайды да, оның кемшіліктерін көрмек түгіл сол кемшіліктердің өзінен әлденендей бір ұнамдылық пен тартымдылық тауып, дос-жарандарымен әңгімеде соны зеректік пен ептіліктің үлгісі ретінде тілге тиек етіп отырады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Маған келсек, жұрт мені Дон Кихоттың туған әкесі деп ойлайды, ал шын мәнінде мен оның өгей әкесі ғанамын, сол себепті шиыр болған жолмен жүргім келмейді, ендеше саған, құрметлу оқырман, кейбіреулерге ұқсап даусы дірілдеп, туындымның кемшіліктері болса кешіре сал немесе оған кеңшілік жасай гөр деп жалынып жатпаймын: өйткені, сен оның туысы да, досы да емессің, бойыңда өз түйсік-түсінігің бар, көпті көрген кісілердің бәріне тән қасиет сенде де бар: өз еркің өзіңде, король атаулының қандай салық салуға құқы болса, сен де өз үйіңде солай билеп-төстей аласың, сондай-ақ: “Шекпенімді бүркеніп алуға мұрсат бер, сонда корольді де тәубеге келтірем”, дейтін мәтел де саған бек жақсы мәлім болуға тиіс.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Мұның бәрі кейіпкеріме қошемет-қолпаш көрсетуіңнің қажеті жоқтығын білдіреді және оның алдында қандай да болсын борыштылықтан босатады, — олай болса, жаман сөзбен ғайбаттасам жазаға ұшыраймын-ау деп те қорықпай, мақтасам сый-сияпат алам-ау деп те дәмеленбей бұл хикая жайында ойыңа не келсе соның бәрін айта беруіңе болады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Тек бір ғана нәрсені — бұл кітаптың қолыңа біреу бірдеңе жамап-жасқамай, өзінің бар болмыс-бітімімен тигенін, бізде шығатын кітаптарда беташар ретінде жүруі әдет болған прологпен де, ығыр қылған сансыз көп сонет пен эпиграмма, мақтау өлеңмен де әшекейленбегенін тілер едім.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Кітабымды жазуға қыруар еңбек сіңіргеніммен, өзің оқығалы тұрған мына алғысөзді жарық дүниеге келтіру мен үшін одан да қиын болғанын айта кетуім керек.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Қолыма қалам алып жазуға қанша оқталсам да ештеңе шықпады, өйткені не жайында жазатынымды білмейтінмін.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Өстіп жүргенде бір күні парақты алдыма жайып қойып, қауырсын қаламды құлағыма қыстырып, жазу үстелін шынтақтап, қолыммен жағымды сүйеніп не істерді білмей дағдарып отырған шағымда ойда жоқта үйге бір танысым кіріп келді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұл өзі көзі ашық, көңілі ояу әрі сөзге де шешен адам болатын, ойға батып отырғанымды көріп, себебін сұрады, — мен болсам дос-жар адамымнан ештеңе жасырып қалғым келмей, Дон Кихот хикаясына пролог ойластырып отырғанымды, онымнан ештеңе өнбей тұрғанын, бұл прологы түскірдің қырсығынан осынау ізгі ниетті рыцарьдың ерлік істері жайындағы кітапты жарыққа шығаруға деген ынтамның да жоғалып кеткенін айтып бердім.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Шын мәнінде де, ежелден оқырман жұртшылық деп аталатын тәртіп орнатқыштан қорықпайтын амалым қане — егер елеусіз-ескерусіз өткізген осынша жылдан кейін, өзім біраз жасқа келіп қалған адам, бүгін оның талғам таразысына кепкен ағаштай құрғақ, тапқырлығымен тәнті қыла алмайтын, сөзінің сәнімен де, қисындарының қызықтылығымен де ерекшеленбейтін, қандай да болсын ғылыми деректерден мақұрым, жөн айтып, жол көрсетпейтін, парақ жиегінде сілтемелері мен соңында түсініктемелері жоқ шығарманы ұсынғалы отырсам, ал басқа авторлар болса өз кітаптарын, мейлі ол тіпті игі-жақсылар ортасындағы өсек-аяңды баяндау түрінде жазылған дүние болса да, Аристотельдің, Платонның және басқа да бір қауым философтың нақыл сөздерімен нақыштап, оқырманның айызын қандырып жатса және осы арқылы бұл авторлар өздерін көп оқыған, көп білетін және айтқыш адам ретінде танытып жатса қайтпексің?

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ол деген не — олар тіпті сізге Қасиетті жазбадан да сілтеме келтіреді!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Соны көргенде тіпті әулие Фома сияқты біреулерді немесе шіркеудің басқа бір ұстазын оқып отырғандай әсерде қаласың.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оған қоса олар әдеп-салтты сақтаудың да асқан шебері: бір бетінде сізге ойын-күлкімен уақытын текке өткізіп жүрген тентек жайында әңгімелесе, екіншісінде жүрек қылын қозғайтын, оқу немесе тыңдау жаныңды жай тапқызып, ләззатқа бөлейтін христиандық рухтағы шағын уағызды алдыңызға тартады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Менің кітабымда мұның бірі де жоқ, өйткені парақ жиегіне шығарып жазатын ештеңем жоқ және түсініктеме беретін де бірдеңе табылмайды; оған қоса, бұл кітапты жазғанда өзімнің қандай авторларды өнеге тұтқанымнан хабарым болмағандықтан, қалыптасқан дәстүр бойынша әліпбилік тәртіппен есімдер тізімін де келтіре алмаймын — әдетте мұндай тізімде Аристотель де, Ксенофонт та, тіпті бірі сойып салма сыншы, енді бірі суретші болғанына қарамай Зоил мен Зевскид те міндетті түрде жүрер еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Кітабымның бас жағынан сонеттерді де ұшырата алмайсыз — әсіресе, герцогтардың, маркиздердің, графтардың, епископтардың, ханымдардың немесе атағы жер жарған ақындардың сонеттерін айтам.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Егер дәрежелі достарымның екі-үшеуіне өтініш білдіре қалсам, олар мен үшін сонет жазар да еді және жазғанда тіпті испанның айтулы деген ақындарының шығармалары да шендесе алмайтын дүниелерді туындатар еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Сонымен, тоқ етерін айтқанда, достым әрі мархабатты мырзам, — дедім сөзімді әрмен жалғап, — жаратқан иеміз жетіспей жатқан нәрселерінің бәрін жиып-теріп әспеттеп беретін біреуді жібергенше сеньор Дон Кихоттың ламанчалық архивтерде қамалып жата бергені жөн ғой деп тұрмын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Өйткені, кітабымды жөндеуге шамам жетпейді; біріншіден, менде бұған лайықты білім де, дарын да жоқ, ал, екіншіден, туа бітті жалқаулығым мен еріншектігім авторлар іздеп алақұйын болуға ерік бермейді, ашығын айтқанда, олар онсыз да өзім жақсы білетін нәрселерден артық бірдеңе айта алады деп ойламаймын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Менің алаңдаушылығым мен абыржушылығымды туғызып отырған да осы нәрселер, — әлгінде айтқанымның бәрі осыған толық негіз бола алады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Мені тыңдап болған әлгі досым маңдайын бір қойып қалды да, рақаттана қарқылдай күліп алған соң:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Құдай ақы, достым, өзіңіз жайындағы ойымның жаңсақ екеніне осы қазір ғана көзім жетті: өйткені, өзіңізбен таныс-біліс болғалы өткен айлар мен жылдар ішіндегі барша іс-әрекетіңізге қарап сізді әр адымын аңдап басатын, ақыл-ойы кемел адам ретінде бағалап жүруші едім.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Енді қазір байқағаным, өзіңіз жайындағы байламдарым мен ақиқат шындық арасындағы алшақтық жер мен көктей екен.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Шын мәнінде де, осынау болымсыз әрі оп-оңай реттей салуға болатын кедергілер бұдан әлдеқайда қиын жағдайлардан абыроймен жол тауып үйренген парасат-пайымыңызды қалайша қамықтырып, тұйыққа тіреп қойғанына қайранмын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұл жерде мәселе әлде бір істің қолдан келмейтіндігіне емес, керенаулыққа және қиялға ырық беруге ықыластың жоқтығына тіреліп тұрғанына кепілмін.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Осы сөзімнің бір өтірігі жоқтығын дәлелдеп берейін бе сізге?

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Олай болса, айтпағымды мықтап тыңдап алыңыз, жүрегіңізді шайлықтырып, терең уайымға батырған, сөйтіп даңқты Дон Кихотыңызға, күллі кезбе рыцарь қауымының шамшырағы мен бетке ұстарына, арналған хикаяңызды жарық дүниеге шығармау жайындағы ойға да жетелеп кеткен кедергі атаулының бәрін қас-қағымда қалайша жайпап тастайтыныма, жетпей тұрған нәрселердің бәрінің орнын толтырып беретініме сонда өзіңіздің-ақ көзіңіз жететін болады, — деді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Ау, ендеше, айтсаңызшы, — деп дауыстап жібердім оның сөзін ден қойып тыңдап алған соң, — үрей топанынан мені қалай құтқарып алмақсыз, алай-түлей болған көңілімнің аптығын қалай баспақсыз?

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұл сауалыма ол былай деп жауап берді:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Ең алдымен айтарым, кітаптың бас жағына орналастыруға ойыңыз кеткен және мәртебелі де лауазымды тұлғалардың қаламынан шығуға тиіс болған сонеттер, эпиграммалар мен мақтау өлеңдер жайы көңіліңізге алаң түсірген тәрізді, — ал мұның түк қиындығы жоқ.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Тәуекел етіңіз де, соның бәрін өзіңіз ойдан шығарып жазып тастаңыз, сосын оларға тиісті тақырып қойыңыз да, кез-келген біреудің есімін тіркей салыңыз: олар тіпті Иоанн Индийский немесе император Трапезундский болса да мейлі, бәрібір, — ал бұлардың өлең шығарудың шебері болғаны жайында аңыз бар, — әйтеуір бір мықтының туындысы боп табылсын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, егер олай болмай басқаша боп шықса, егер жекелеген педанттар мен бакалаврлар сізді мысқылдап, соңыңыздан сөз тарататын болса, онда оған да бола қайғы шекпей-ақ қойыңыз: тіпті өтірігіңіз дәлелденіп, әшкереленген күннің өзінде де, бәрібір, оны жазған қолыңызды ешкім шауып тастамайды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, енді парақ жиегіндегі сілтемелерге келсек — яғни, авторлар мен кітабыңызды тұздықтауға қажетті қанатты сөз бен ғақлия алынатын шығармаларға жасалатын сілтемелер жайына оралсақ, оның да жарасы жеңіл: өзіңіз жатқа білетін немесе іздеп табу аса көп әуреге түсіре қоймайтын ғақлиялар мен латын мәтелдерін орынды-орынды жерінде қолданып отырсаңыз болғаны.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Мәселен, еркіндік пен құлдық жайында әңгіме ете қалсаңыз:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

дегенді қыстыра қойыңыз да, сол арада парақ жиегіне бұны жазған, айталық, Гораций немесе басқа біреу деп көрсетіңіз.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, егер дауасы жоқ қаза хақында сөз бола қалса, басқа бір сілтемеге сүйене салыңыз:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Әгәрәки, жаратқан иеміздің жүректе дұшпандарымызға деген сүйіспеншілік пен достық сезімді сақтауға өсиет еткені жайында әңгіме бола қалса, онда еш те бір іркілместен шамалы болса да түсінігі бар жұрттың бәріне ұғынықты Қасиетті жазбаға жүгініңіз де, басқа біреу емес, жаратқан иеміздің өзі

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

айтқан: Ego autem dіco vobіs: dіlіgіte іnіmіcos vestros3 деген сөзді тілге тиек ете қойыңыз.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Егер жаман пиғыл жайында әңгімелесеңіз — ондашы тағы да Інжілге иек артыңыз: De corde exeunt cogіtatіones malae4.
Көрсетілді: 1500 / 47388