KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сервантестің Аквавивадағы қызметінен кетуі, шамасы, патриоттық сезімге бой алдырып, түріктердің Жерорта теңізі аймағында қанат жайып келе жатқан агрессиясына тойтарыс беруге үлес қосу ниетінен туындаса керек.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Испан армиясы құрамында Италияда өткен бес жыл Сервантес өміріндегі ең бір маңызды кезең болды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұл оған елдің аса ірі қалаларын аралап көруге, — ол Римнен басқа да қалаларды, Миланды, Болоньяны, Венецияны, Палермоны көрді, — итальяндардың тұрмыс-тіршілігіне тереңірек қанығуға мүмкіндік берді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сондай-ақ, аса бай итальян мәдениетімен, әсіресе әдебиетімен, оның ішінде антикалық әдебиетпен және антикалық мифологиямен танысты.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Гомер, Вергилий, Гораций, Овидий сынды ұлылар шығармаларын, итальяндық Қайта өрлеу кезеңінің Данте, Петрарка, Ариосто, Боккаччо сынды өкілдерінің туындыларын, итальяндық новеллалар мен бақташылық романдарды оқыды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сервантестің Италияда ұзақ уақыт болуы тек итальян тілін үйреніп қана қоймай, мадридтік мектепте алған гуманитарлық білімін кеңейте түсуіне де жақсы жағдай жасады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Мұның бәрі ұлы қаламгердің рухани мәдениетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

1571 жылғы 7-ші қазанда Лепанто маңайында атақты теңіз шайқасы өтіп, Қасиетті лиганың (Испанияның, папа мен Венецияның) біріккен флоты сол замандағы айтулы қолбасшы Хуан Австрийскийдің басшылығымен түрік эскадрасын тас-талқан ғып жеңіп, Түркияның Жерорта теңізінің шығыс бөлегін басып алмақ әрекетінің жолын кесті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сол күні Сервантес безгек тиіп ауырып жатқан, бірақ шайқасқа қатысуға өзі сұранып тілек білдірді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оның өтініші орындалып, қарамағына он екі солдат беріліп, қайық баспалдағын күзетуге жіберілді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Шайқас барысында ол үш жерінен жарақат алды: екі оқ кеудесінен, бір оқ иығынан тиген болатын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Соңғы жарақаты аса ауыр болды: содан бастап сол жақ қолы икемге келмейтін боп қалды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Жазушы Мессинадағы госпитальға түсіп, одан тек 1572 жылғы көкек айының аяқ кезінде ғана шықты.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Алайда, осындай мүгедектіктің өзі де оны әскери қызметті тастап кетуге мәжбүр ете алмады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Лопе де Фигероа полкына жіберілген Сервантес біраз уақыт Корфу аралында тұрды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

1572 жылғы 2-ші қазанда Наварин маңайындағы теңіз шайқасына қатысты, ал келесі жылы Солтүстік Африкаға, Голета және Тунис бекіністерін нығайтуға жіберілген Хуан Австрийский басқарған экспедициялық корпустың құрамына енді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

1573 жылы Сервантестің полкы Италияға қайтарылып, әуелі Сардинияда, одан соң 1574 жылы Неапольда гарнизондық қызмет атқарды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

1575 жылғы 20 қыркүйекте жазушы армияда қызмет ететін інісі Родригомен бірге “Күн” аталатын галерамен Неапольдан Испанияға аттанды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Алайда, жолшыбай олардың галерасына теңіз қарақшылары шабуыл жасап, бәрін түгел тұтқындап Алжирге алып кетті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Отанына оралар алдында Сервантес король ІІ-ші Филипптің атына кепілдеме хаттар алған болатын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оған кепілдік еткен адамдардың — дон Хуан Австрийский мен Неапольдың вице-королі, герцог де Сесаның есімдері естіген құлаққа әжептәуір айбарлы еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оған қоса бұл хаттарда Сервантес жайында көп жылы сөз айтылған.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Отаныма оралғанда жағдайымды жақсартуға көмегі тиер деп жинаған бұл хаттары Алжирде, керісінше, өлшеусіз зиян келтірді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оның алғашқы қожайыны грек-ренегат Дели Мами мен Алжирдің билеушісі Гассан Паша кепілдік хаттарды оқып, оны аса бай адам екен деп ойлап қалған-ды, сөйтіп оны босатып алу үшін төленетін құнның бағасын шектен тыс өсіріп, бес жүз алтын эскудо деп белгілеген.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оған қоса, тұтқынның тезірек мәмілеге келуі үшін мойнына темір шығыршық салып, аяқ-қолын бұғаулап, адам төзгісіз ауыр жағдайда ұстаған.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Әйтсе де, аталмыш хаттардың пайдалы жағы да болды: Сервантесті өлімнен сақтап қалды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Алжирлік қожайындар оны ауыр жағдайда ұстағанымен, мол өтемақы алармыз деген үмітпен өмірін сақтауға тырысты.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Тұтқында болған бес жылдың ішінде Сервантес қашып шықпаққа үш рет әрекет жасайды, бірақ үшеуі де сәтсіздікке ұрынады және бәрін де өзі ұйымдастырғанын мойнына алады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Қит еткен кемшілігі үшін тұтқындарды дарға асып, қазыққа отырғызып аяусыз жазалайтындығымен аты шыққан қатыгез әкім Гассан пашаның өзі оның осынау жүрек жұтқан батылдығына дән риза болады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сөйтіп, біржола титығына жеткен отбасы ақыры талап етілген соманы жинап, өтемақысын төлегеннен кейін Сервантес тұтқыннан босап, 1580 жылғы 24-ші қазанда Алжирді тастап шығады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сервантесті отаны мейлінше енжар қарсы алады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Туған жеріне табан басқан сәттен-ақ ол өзінің, соғыс ардагерінің, Лепант шайқасына қатысқан адамның, ешкімге де керегі жоқтығын, отбасы мүшелерінен басқаның бәрі өзін ұмыт қалдырғанын аңғарады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Отбасы да қайыршылықтың аз-ақ алдында отыр екен.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Әкесі біржола керең боп қалыпты, соған байланысты ем-дом жасауын доғаруға мәжбүр бопты (ол 1585 ж.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

қайтыс болды).

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сөйтіп, отбасын асырау міндетін мойнына алған Мигель бірден жұмыс іздеу қамына кіріседі.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оның алдында екі жол тұрған: бірі — әскери қызметке қайта оралу болса, екіншісі әдеби еңбек арқылы табыс табу еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сервантес табысы сенімдірек көрінген бірінші жолды таңдайды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

1581 жылы Испания Португалияны өз құрамына қосып алған еді, сондай-ақ теңізде үстемдік жүргізу мақсатында әрекет жасап жатқан.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұл әрекет Испанияны 1588 жылы үлкен апатқа ұшыратты — Англияға шабуыл жасау мақсатында жинақталған, “Жеңілмейтін Армада” деп аталған орасан үлкен флоты Ла-Манш бұғазы мен Солтүстік теңіз суларында сұрапыл дауылға тап болып, талқаны шықты.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Алайда, Португалия мен оның колонияларын игеру, сондай-ақ Англияны басып алу мақсатында жүргізіліп жатқан кең құлашты жаңа дайындықтар епсекті адам үшін зор мүмкіндік ашып тұрған.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сервантес те сондай жандардың санатынан еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Әскери кәсіпке қайтып оралған ол әуелі Португалияда қызмет істеп көрмек болды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

1581 жылы әскери шабарман ретінде Солтүстік Африкаға, Оранға барып қайтты, одан соң біраз уақыт герцог Альбаның Томардағы қосынында болды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Алайда, материалдық жағдайының жақсармайтынына көзі жеткен Сервантес ұзамай әскери қызметпен біржола қош айтысты.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұл тұста отбасының тұрмысы түзелмек түгілі жыл өткен сайын құлдырап бара жатқан, оның үстіне орталары Сервантестің некесіз туған қызы Исавель де Сааведрамен толыққан болатын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Үй-іші жағдайының жөнделіп кетуіне Сервантестің Эскивьяс қалашығында туып-өскен, он тоғыз жасар Каталина де Саласар-и-Паласьоспен некеге тұруы да (1584) көмектесе алмады: келіншегінің жасауы тым жарытымсыз боп шықты.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Алдағы күндер оған да, үй-ішіне де қуанышты ештеңе емексітіп тұрған жоқ-ты.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

1587 жылы Эскивьястағы шаңырағынан уақытша қол үзген Сервантес елдің оңтүстік өңіріне, Андалусияға бет алды — американдық колониялармен қызу сауда жүргізіп жатқан бұл өңірде табыс табу мүмкіндігі мол болатын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сервантестің бұдан кейінгі он бес жыл өмірі Андалусияның ірі сауда орталығы әрі ең бай қаласы Севильяда өтті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Алғашқы кездері жазушының бағы жанғандай-ақ еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Король үкіметінің сол тұстағы бар арманы ағылшын жағалауын жаулап алу болғандықтан, ХҮІ ғ.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

сексенінші жылдарында Андалусия армия мен флотты жабдықтайтын негізгі аймаққа айналған.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сол кезең үшін орасан көп мөлшерде қажет болған азық-түлік дайындау операциясы мұны іске асыратын қызметшілер құрамының да мол болуын қажет еткен.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

1587 жылдың күзінде Сервантеске Севилья маңайындағы шағын қалалар мен селолардан “Жеңілмейтін Армадаға” азық-түлік дайындайтын комиссар боп орналасудың сәті түсті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Армияны жабдықтау ісі негізінен жергілікті тұрғындардың өз қажеттілігінен артылған азық-түлігін күшпен тартып алу жолымен жүргізілетін.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сервантес сергек те терең ақыл-ой иесі болғанымен аса бір ұқыпты адам емес-ті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Есеп-қисап қағаздарына немқұрайды қараушылығы оны қаржы бақылау орындарымен қақтығысқа ұрындырып, оған заңсыз реквизиция жүргіздің, ақшаны жасырып қалдың деген айып тағылды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Осындай кезекті бір текетірестен кейін жазушының аз уақытқа Кастро-дель-Рио қаласындағы түрмеге (1592) жатып шығуына тура келді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сөйтіп, азық-түлік мекемесіндегі қызмет Сервантес пен оның сол бұрынғыша Мадридте тұрып жатқан отбасының жағдайын жақсартудың орнына одан әрі нашарлатып жіберді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

1594 жылдың ортасына таман Гранада корольдігінде салық бересісін жинаушы қызметіне орналасуы Сервантесті жаңа кесепатқа душар қылды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бересіні жинауға белсене кіріскен ол сол жылдың тамыз айында Мадридке аударуы үшін севильдік банкир Симон Фрейре де Лимаға 7400 реал табыс еткен-ді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ұзақ жылдар бойы қыр соңынан қалмайтын қырсыққа Сервантес дәл осы арада тап болды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Банкир өзін банкротпын деп жариялады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Қазына одан Сервантес табыс еткен соманы өндіріп алуын алғанымен, онымен іс біте қоймады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Жиналған бересінің қалған сомасын Сервантес қазынаға заңды түрде түгел табыс етсе де, шенеуніктер оған жасырып қалғаның бар деген кінә тағып, үлкен көлемдегі сомаға айып төлеттірмек болды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Кінәсіз екеніне бұлтартпас дәлел келтіре алмағандықтан және аталған айыппұлды төлейтін жағдайы болмағандықтан Сервантес 1597 жылғы қыркүйекте Севильядағы корольдік түрмеге қамалып, онда үш айға жуық отырып шықты.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Одан соң ақша жасырғаны жөніндегі осы іске байланысты ол 1602 жылы тағы да түрмеге қамалды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

1608 жылғы қараша айында, яғни айып тағылған кезден он - он бір жыл өткеннен кейін, қайта сотқа шақырылып, сол іске байланысты одан тағы да жауап алынды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

1604 жылы Севильямен қош айтысқан Сервантес Испанияның уақытша астанасы — Вальядолид қаласына келіп қоныстанды, үй-іші де (Эскивьяста тұрып жатқан әйелінен басқалары) сонда көшіп келді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұл кезде Сервантестің отбасы шағындалып та қалған — Алжирде өзімен тұтқында бірге болған інісі Родриго Фландрияда қаза тапқан, енді қазір шаңырағында Андрея мен Мадалена есімді екі апасы, Исавель де Сааведра есімді некесіз туған қызы және Костансо Овандо есімді жиен қарындасы ғана бар еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Үй-ішінің жағдайы сол бұрынғыша жадау күйде болатын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Вальядолидке келіп орнығуымен Сервантес ғұмырбаянындағы жиырма бес жылдық мерзімді қамтитын үшінші, аса маңызды кезең аяқталады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Таланты әбден қалыптасқан Сервантестің шығармашылық өмірінің үшінші кезеңіне “Галатея” аталатын бақташылық романы және көпшілігі бізге жетпеген отызға жуық драмалық шығармасы, яғни “комедиялары” жатады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оның бұл кезеңдегі драмалық шығармалары жайында 1615 жылы жарық көрген “Сегіз комедия мен сегіз интермедия” аталатын жинағына жазған алғысөзінен білеміз.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Мұнда ол “Алжирлік салт-сана”, “Нумансияның күйреуі” және “Теңіз шайқасы” туындыларының Мадрид театрларында қойылғанын хабарлап, жиырма-отыз пьеса жазғанын айтады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Автордың өзі атап өткен үш шығарманың ішінде “Нумансияның күйреуі” трагедиясы Алтын ғасырдағы испан театрының ең елеулі қойылымдарының бірі болған еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Рим қолбасшысы Сципион қоршауға алған кельтиберлердің ежелгі астанасы Нумансияны қорғаушылардың ерлігін суреттейтін, патриоттық тақырыпқа жазылған бұл туынды испан театрларында күні кешеге дейін көрсетіліп келді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сервантес шығармашылығының келесі кезеңі, шын мәніндегі ең ұлы кезеңі ХҮІІ ғасырдың алғашқы жылдарынан, дәлірек айтқанда, 1603-ші жылдан бастау алады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұл кезеңде ол әлемге “Айлакер идальго Ламанчалық Дон Кихот” атты екі бөлімнен тұратын романын берді, “Сегіз комедия мен сегіз интермедия” жинағын шығарды, айрықша тартымды новеллалар мен “Парнасқа сапар” поэмасын, “Персилес пен Сихизмунда”, т.б.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

шығармасын жазды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Әрине, бұлардың арасындағы ең шоқтығы биік туынды “Айлакер идальго Ламанчалық Дон Кихот” романы еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ол тек Сервантес шығармашылығының асқар шыңы ғана емес, сонымен бірге әлем әдебиетіндегі теңдесі жоқ ұлы туындылардың бірі болатын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Қаламгер бұл шығармасын 1603 жылдан бастап жазуға кіріскен секілді және бұл оның Севилья түрмесінде қамауда жатқан кезеңіне тұспа-тұс келеді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұған романның “жаныңа маза бермейтін не қилы берекесіздік пен жүйкеңді жейтін бір сарынды дыбыс жайлаған орын боп табылатын абақтыда” туғаны жайында Сервантестің өзі куәлік етеді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Романның екі бөлімнен тұратыны мәлім, екінші бөлімін Сервантес алғашқысы жарық көргеннен кейін он жылдан соң жазды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Осынау қомақты туындысының өне бойында Сервантес оқырманға мұны жазуға өзін құлшындырған жалғыз ғана себеп — рыцарьлық романдардың ерсілігін келеке ету, оларды “күлкінің күшімен” күйрету екенін жалықпай қайталап айтып отырады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Аталмыш әдеби дүниелерге сол тұста жұртшылық үлкен қызығушылық танытқанын ескерсек, — 1508-ші жылдан 1612-ші жылға дейінгі аралықта Испанияда рыцарьлық жанрда 120 роман жарық көргенін, солардың ішінде тек “Амадис Галльский” немесе “Пальмерин Английский” секілді санаулылары ғана көркем шығарма санатына қосылатынын айта кету керек, — Сервантес бастаған күрестің мейлінше заңды да маңызды шаруа екенін мойындамасқа лаж жоқ.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Солай бола тұрғанымен, рыцарьлық әдебиетпен романның бірінші бөлімінің алтыншы тарауында “есеп айырысқаннан” кейін (Дон Кихоттың рыцарьлық кітапханасының көзін жою), есалаң кейіпкерін өзін қоршаған ортаның ащы шындығымен бетпе-бет келтірген Сервантестің тек соның өзін ғана емес, сондай-ақ ол тіршілік етіп жүрген қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздіктерді де қатаң сынға алатыны бізге бек жақсы мәлім.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Романдағы оқиғалар одан әрі өріс алған сайын пародия да күрделілене түседі, кітабилік түрден арылып, сынап-мінеушілік сипаты барынша айқын түр табады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Романның сатиралық уыты авторды инквизицияның назарына іліктіруі мүмкін болғандықтан, Сервантес одан арғы жерде өз позициясын бүркемелеуге мәжбүр болып, романға “араб-ламанчалық тарихшы” Сид Ахмет Бен-инхали дегенді енгізіп, жекелеген сатиралық ой-пікірін соның аузына салады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

ІІ-ші Филиптің 1559 жылы еретиктерді (дінбұзарлар мен теріс пиғылдағыларды) топ-тобымен көпшіліктің көзінше тірілей өртегенін ұмыта қоймаған Сервантес айрықша сақ болуға тиіс еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

С о н е т

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Кішіпейіл де абзал жан мейірім төккен!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Семсеріңмен жауды аяусыз талдырдың,

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Испандық Феб, мені жолда қалдырдың,

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Шыңдалып шықсақтағы бір көріктен.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Қазына-мүлік, зор байлық, патша тағын

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Шығыс елдері ұсынды маған басын иіп.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Кларидьяна үшін тастадым бәрін жиып,
Көрсетілді: 1700 / 47388