KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Міне, бұл тылсым түкпірге де сәуле түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді прокурор Кудрин мырзамен айқасуға болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әңгімелеріңізге рақмет.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал енді округтік соттың мәжілісі көп ұзамас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайбір қосымша сұрақтар туса, тағы да хабарласармын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сау болып тұрыңыздар, – деп орнынан көтеріле берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлмен, Бронниковпен қол алысып болып, Тұрардың басынан сипап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сен ақылды жігіт екенсің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әттең оқытар ма еді өзіңді, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Оқуы жаман емес, – деп күлді Бронников.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– А, солай ма, оқытушысы РСДРП-нің белсенді мүшесі болса, жаман болмас, – деді Шоқұлы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қандай көңілден шыққан сөз екені белгісіздеу.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

* * *

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар күндегі тәртіп бойынша, таң азаннан тұрып атқора тазалауға кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бүгін әдеттегіден гөрі көбірек кібіртіктеп, әкесіне қарайлай берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кешке қайтып келгенше көкесін басқа бір жаққа алып кететіндей көрінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кеше кешке адвокат Боташ Шоқұлы келіп:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ертең сот болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сотта қырсықпай, дұрыс жауап беруге тырысыңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Болған істің бәрін болғандай баяндасаңыз – жетіп жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ештеңені жасырып қалудың қажеті жоқ, – деген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соттың қалай болатынын Тұрар білмейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал тергеуден қайтқан күні әкесінің зығырданы қайнап, тісін қайрап отыратынын талай көрген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сотта да бопсалап, қорқытып, неше түрлі сұрқия сұрақтарға жауап беруді талап етіп, ұрып, соға ма екен? Өйтетін болса, әкесі қарысып қалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайта сотты балағаттап, бәле жамап алуы мүмкін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үкім қалай шыққан күнде де, әкесінен айырылысар күн таяп келе жатқанын бала үрейлене сезеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда мұның күні не болмақ? Әкенің жан дүниесін, оның жақсы-жаманың, ақ-қарасын баладан артық білетін бұл түрмеде де, сотта да ешкім жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлдың ішінің қыртыс-қыртысын түгел білдім деп ойлаған Шоқұлының өзі де Тұрардан артық білмейді оны.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әттең дүние, осыдан Тұрар Боташ Шоқұлындай оқыған, ержеткен азамат болса, сотта әкесін өзі қорғар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның титтей де жазығы жоқ екенін, қайта айыптылар кім екенін бұлтартпай айтып берер еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Он жастағы бала дәрменсіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Небары он жаста.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қанаты қатпаған, бұғанасы бекімеген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әттең...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көке, – деді табалдырықтан аттай беріп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ар жақта надзиратель тақақтап күтіп тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ау, қарағым?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар не айтарын білмей, тамағына бір түйін тұрып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ оның ойын түсінген Рысқұл баланы жұбатып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Алаңдама, Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен қайтып келемін ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сот үкімін шығарар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айдап жіберген күннің өзінде сені ала кетемін, айналайын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бара ғой жұмысыңа, бара ғой Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Надзирательдің көзінше Рысқұлмен қырын қабақ бола қалатын Бронников қазір үндеместен Тұрарға болар-болмас ишарат білдіріп, басын сәл изегендей болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол: «Қорықпа, Тұрар», – дегені.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есік сақыр-сұқыр жабылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Баланы конвой сыртқа алып кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Аман болсын, балаң ерекше зерек, – деді Бронников Рысқұлмен шала-пұла түсінісіп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Айдауға баланы бірге ала кетпесем, ана иттер оны өлтіріп қояды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Егер Тұрарға қауіп төнбесе, мен атылу жазасынан да қорықпас едім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Рысқұл теңселіп отырып, уайымының ен үлкенін айтты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Зерек дейсің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жұрттың мұндай баласы көжесін жыламай ішпейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал бұл не көрмеді? Атаңа нәлет Саймасайдың салдақылары менен гөрі қаһарын осы Тұрарға тікті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Иттер сезеді оның зеректігін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түптің-түбінде түбімізге жетеді деп қорқады, залымдар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен сотталудан қорықпаймын, баладан айырылып қаламын ба деп ұйқым шала.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Егер мені итжеккенге айдайтын болса, қатын-баламды бірте ала кетемін деп ұлықтарға арыздануға бола ма, Ескендір? Сенің көзің ашық қой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көзің ашық дейсін-ау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көзі ашықтардың көзін томағалап қойған заман емес пе? Егер жер аударылғандарға отбасын бірге алып жүруге мүмкін болса, бала-шағамды мен де алдырар едім-ау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ ондай атты күн қайда?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Атасына нәлет, мен көнбеймін, оязға, одан болмаса Тәубенің өзіне, одан болмаса, тура патшаның өзіне арыз жазамын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сен жазып бересің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сай-сүйегін сырқыратып жаз, атасына нәлет.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

* * *

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы кезде әзірейілінің асай-мүсейіндей сақырлап есік ашылды да, надзиратель әдеттегіден гөрі көтеріңкі дауыспен:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жылқайдаров! Шық! – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Надзирательдің ар жағында найзалы мылтықтарын серт ұстап екі айдауыл тұр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл орнынан ыңырана тұрып, иығына шекпенін ілді, ескі киіз қалпағын қолына алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұрылып Бронников қарап еді, ол Рысқұлдың кетіп бара жатқанына қыбы қанғандай сыңай танытып, зәрлі мысқылмен мырс етіп қала берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Надзиратель бұл кейпін аңғармай қалған жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Ә, бәлемдер, ырылдасып жатырсыңдар ғой»,– деді ішінен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлдың аяғына табалдырықтан шыға бере кісен салды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір тұтам ғана ұзындығы бар кісеннен адымы жазылмай, Рысқұл кібіртіктеп барып сүрініп кетті де, қайта көтеріліп, еңсесін көтеріп, бойын тік ұстап жан-жағына тәкаппарлана қарап, қыбыр-қыбыр адыммен кете барды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айдауылдың біреуі алдына, екіншісі артына түсіп келе жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үш қабат есіктен өтіп, аулаға шыға келгенде Рысқұл көзін қолымен көлегейлеп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күн жарқырап тұр екен, көзі қарықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жарыққа бірте-бірте үйренген соң, аула түбіндегі атқора жаққа қарап еді, Тұрар жалғыз дөңгелекті зембілмен жас тезекті сыртқа алып шығып келе жатыр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ауладағы ірің көз надзиратель оның алдын кес-кестеп тұра қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұтқынды қақпадан айдап шығар кезде, аулада артық жүріс болмасқа керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әкесі сыртқы қақпаға жақындаған кезде Тұрар шыдай алмай:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көке! – деп айқайлап жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлдың тұла бойы дір-р ете қалды, бірақ қайырылған жоқ, кісенін салдыратқан күйі қақпадан шыға берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қақпаның сыртында трашпенке тұр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұтқын мен екі айдауыл көлікке отырған соң, жарау қос ат көшені қоңыраулатып, ілезде Старокладбищенская көшесіне түсіп, округтік соттың үйіне қарай зымырай жөнелді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көшедегі адамдар қоңыраулы трашпеңкені әуелі салтанатпен әкім келе жатыр екен деп қалады да, кісендеулі аяғы салбырап отырған киіз қалпақты қазақты, алды-артына мылтық ұстаған айдауылдарды көріп, бірі таңырқап, бірі үрке қарап, бірі тез-тез шоқынып қала береді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлдекімдер басынан мыжырайған кепкесін алып, бас игендей болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлде әкім дей ме, әлде тұтқынға оң сапар тілей ме – белгісіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сот үйінің алдына келіп тоқтағанда, секіріп-секіріп жерге түскен қос айдауыл Рысқұлды демеп жібермекші еді, тұтқын олардың қолын жасқап, өзі қарғыды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Теңселіп барып, бойын жиып алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үйдің алды жапырағы алақандай емен, сырғасы салбыраған қайың екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл соларға сұқтана қарап біраз тұрды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Оу, арысым, Рысқұлым! – деген жарықшақ үнге жалт қараса өзіне қос қолын жайып, көзінен жасы домалап, Ахат атасы келеді екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бармысың, бауырым, сені де көретін күн болады екен-ау, – деп құшағын жайып құлай беріп еді алдын айдауыл кес-кестеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қаусаған кәрі көкірегіне мылтық тіреліп тұрып, Ахат уақыттың аздығын сезді, енді қайтып Рысқұлдың кескінін көре алмайтындай асыға сөйледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Түрмеге талай бардым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жолықтырмады, Рысқұл, кешір, айналайын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрарды да сағындым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Елің тозды.
Көрсетілді: 15500 / 47388