KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Омар бастаған екі-үш ағайының елге көшті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қорған, Шыныбек, Үсіп бауырларың сәлем айтты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оларды болыс ауылы босатпай, құлдыққа салып қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзіңнен рұқсат болса, қаңғыған басымыз жолда бір жерде қалмаса, елге қарай жылжысақ дейміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ізбайша мен Түйметайды ала кетерміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Молдабекті де ұстап қалмақшы еді, ол қашып кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайда кеткенін білмейміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айдауылдар тұтқынды асықтырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сот басталатын мезгіл таянды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Рақмет, Аха! Екі дүниеде ризамын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мені итжеккенге айдайтын түрі бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алай-бұлай заман болса, Тұрарға көзіңнің қырын сал.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ізбайша мен Түйметайға сәлем айт.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ағайынға дұғай сәлем.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мені кешіре көрсін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құдай тірі көрісуге жазсын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тірі болсам, босануға тырысармын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көп уайымдап, ұнжырғаң түспесін, түге! Аңырай берме, ағайын!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айдауыл тұтқынды арқасынан итермеледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сот үйіне кірер жерде тас баспалдақ бар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір тұтам кісеннен адымы ашылмаған адам шыға алар емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл ерегіскенде бірінші тепкішекке қосаяқтап секіріп шығып артына бұрылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бұрылма, жүр! – деп зекіген айдауылға Рысқұл қанжардай көзбен жарқ еткізіп қарап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Миың бар ма басында, мынамен қайтіп жүрем, тегіс жер емес! – деп ақырып жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жүйелі сөзге айдауыл да амалы құрып ештеңе дей алмай қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соны пайдаланып, Рысқұл Ахат ағасына:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Менен тым күдеріңді үзбе, туысқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен әлі су түбіне кеткен жоқпын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Елге бір жетсең, ата-бабаның басына барып құран оқы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақсу-Жабағылының бір тал адыраспанын түтет.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қорлықта өлген Бердіқұлдың бейітіне шырағдан жақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Інің Рысқұл өмір бойы сенің кегіңді жоқтап кетті де! Тірі жүрсем, Дауылбай Саймасайдың артынан кетер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл кезде бір айдауыл Рысқұлға мылтық кезеніп, бір айдауыл аяғындағы кісеннің құлпын ашып жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Осыдан елге тірі оралсам, Дауылбай болыстың ажалы менен, аға.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал, хош...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айдауыл Рысқұлдың жағасынан тартып қалғанда, түрме кигізген ала бешпеттің бір түймесі бырт үзіліп, баспалдаққа түсіп дөңгелеп барып, Ахаттың кебісті аяғының астына сүрініп тоқтады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ахат еңкейіп, түймені алып, тәберіктеп көзін сүртті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақ орамалға түйіп, қойнына тығып жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тұрыңдар! Сот келеді! – деп біреу саңқ ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Залда жамырап көтерілетін қарақұрым халық жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол жақта отырған прокурор, оң жақта отырған әрі адвокат, әрі тілмаш Боташ Шоқұлы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қоршау ағаштың ішінде Рысқұл, оның екі жағында екі қарауыл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Залда куәлер – Саймасай Нүкетайды албаннан алып келе жатқанда жанына ерген нөкерлер – ауыл қазақтары.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бәрі де бас киімдерін алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл ескі киіз қалпағын басынан алмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қасындағы қарауыл киіз қалпақты жұлып тастап еді, Рысқұл шап беріп, қайтадан баса киіп алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Киіз қалпақтан айырылса, киесінен, туған жердің кіндігінен айырылатындай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тор-столға пенснелі қасқабас, семіз судья және оның жолдастары келіп отырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жұрт орнына отырғанда, судья тұрып, пенснесін мұрнының үстіне қадай түсіп, бір парақ қағазды оқыды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Азаматтар, бүгін біз Шығыс-Талғар болысының управителі Үшкемпіров Саймасайды атып өлтірді деген айып тағылған киргиз Жылқайдаров Рысқұлдың ісін қараймыз...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонымен сот басталды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Саймасайдың нөкер-куәлері көрген-білгендерін айтты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мүмкін, қаскүнем жасырынып жатып атқан шығар? Рысқұл ма, басқа ма? Қайдан білесіңдер? – судья.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ойбай-ау, жардың басында түрегеп тұрып атты ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жап-жақын жер, Рысқұлды танимыз ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әуелі «Мен Рысқұлмын», – деп өзі дауыстады ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Содан соң, судья Рысқұлға сұрақ берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жанындағы қарауылдар оны иығынан түртіп отырып тұрғызды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тілмаш Шоқұлы да орнынан көтерілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сотталушы Жылқайдаров, управитель Саймасайды атып өлтіргеніңді мойындайсың ба?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жұрттың бәрін сұраққа алып, несіне әуре боласың, мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атқан мен, – деді Рысқұл айылын жимай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Управитель Саймасай өкімет өкілі екенін білесің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біле тұрып неге аттың?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Атпасқа болмады, мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адам түгіл итті де бүйтіп қорламас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Отымен кіріп, күлімен шықтым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Талай бейнетін көрдім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Еңбегім, табан ақы, маңдай терім қайтпады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақымды жеді болыс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақыры мені жазықсыздан жазықсыз түрмеге жаптырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кеудемді кек кернеді, көкірегіме запыран толды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бүйтіп тірі жүргеннен өлген артық еді, мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ жастығымды ала жатайын дедім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өкімет өкілі дейсің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қолында билік, маңдайында мансабы бар адам әділ болар, халықты қанаған, жаудан жаман тонаған, үрерге итімізді, сығарға битімізді қалдырмай, сан-сапалақ салық салып, жоқ-жұтаңымызды сыпырып алған болыс сонда кім үшін болыс? Аттым, атасына нәлет.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жоғары мәртебелі судья, менің сұрағым бар, – деп дауысы шәңкілдектеу, шашы тікірейген прокурор қолын көтерді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Судьяның рұқсатынан соң қарама-қарсы жақтағы Рысқұлға бетін бұрып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Айыпталушы, айтыңызшы, сізге Саймасайды өлтіру жөнінде ешкім кеңес берген жоқ па? Әлдекім жұмсаған жоқ па?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жоқ! – Рысқұл шорт кесіп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сөз кезегі прокурорға тигенде, шағын бойлы, шақша бас, тікенек шашты, шәушиген беті бір уыс адам көзілдірігін киіп алып, шіңкілдек дауыспен ұзақ сөйлеп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазіргі кезде бүлікшілдердің бас көтере бастағаны, соның әсері киргиздарға да ықпал еткені, патша қызметіндегі адамдарға деген қастандықтың өте зиянды екені, қырық бір болыс қол қойған арызды ескерусіз қалдыруға болмайтындығы, тағысын тағылар... Ақыры прокурор дауысын мейлінше қаһарлырақ шығарып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Рысқұл Жылқайдаров әскери сотпен сотталса, өлім жазасына лайық қылмыскер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Торғайдың жауы адамның жауынан әлдеқайда әділ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күн батты, ұясына қонады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тарыға өш боп жаратылған сорлы о да бір.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек серігін іздеген бөдене ғана кешкі тымықта бытпылдықтап, үздігіп, үзіліп кете жаздап қақсайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұндай кеште қыз ұзатса жарасады, келін түсірсе жарасады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шілдехана шақырса жарасады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұндай мүлгіген кеште ертедегі ерлік замандар туралы қисса тыңдар ма еді! Немесе ақсүйек ойнап, алтыбақан тебер ме еді! Итте ырылдасып, жаңа сойылған құнан қойдың сүйегіне таласып жатса ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күрпілдеп саба пісілсе анда-санда...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алсай ауылында оның бірі жоқ бүгін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қатулы қабақ, қатқыл үн.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тіпті жас балалары да жыламайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бала болуды ұмытып кеткендей.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Не иттері үрмейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сұңқиысып, адамдарға бір қарап, аулаққа бір қарап, аңтарылысып қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қап-қараңғы айсыз түн түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұлттарды қызғылтым нұрға малған күннің ақырғы сәулесі әдемі түстей ада болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жан-жақтан таулар түксиді.
Көрсетілді: 15600 / 47388