KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Омар сол тоқал тамнан қалған, сидиған қурай басқан үйіндінің үстіне шығып, бір кезде балалық шағы, балаң кезі өткен үйдің енді моладай томпайып жатқанын көріп, өкіріп тұрып жылады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жылағанмен көзіңе ғана әлің жетеді, басқа қылар дәрмен жоқ, белді бекем буып, дәт қылып, Дауылбай болыстың алдына барып, айыбын кешуді сұрап, аяғын құшты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Болыс та қартаяйын деген екен, бірақ тақтан таймапты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мекені баяғы сол Күмісбастау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дауылбай Омарды есіркеген болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң, – деп мейірім білдірді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Баяғыдай ақиланбай, байсал танытады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жат жарылқамас, өзің өлтірмес, басқанды былай қойғанда, алдыма айыптымын деп келсе, Рысқұлды да кешер едім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есіл ер ақыры түрмеде шіритін болған екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзінен болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басқа ешкімнің кінәсі жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қанша жанды азғырып, соңынан ертіп қанша қатын-баланың көз жасына қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жә, Омар, өз еліңе келген екенсің, енді есің кірген шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қолыңнан келгенше қызмет қыл да бұйырған наныңды жеп жүре бер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді бұзықтардың тіліне азып, адаспассың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дауылбайдың рақымына риза болған Омар басы жерге жеткенше иіліп:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Өле-өлгенше құлың болып өтейін, Дәуке! – деп ант етті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оған сонда дүниеде Дауылбайдан дархан, әділ адам жоқ сияқты көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жиырма бес жыл бойы елден безіп, Дауылбайды жау тұтып, қателескеніне өкінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Елден жиған жылумен түтін түтетіп, басына лыпа тұрғызып, жұрт санатына қосыла бергенде, Омарды шабарман келіп, шапшаң болысқа алып барған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дауылбай бұл жолы алғашқыдай емес, оны ызғар шаша қабылдады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ант ұрған алсай, сендердің қырсықтарың қырық есекке жүк болғандай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жиырма жылдан астам құлақ тыншып еді, енді тағы басталды бәлелерің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Омар түкке түсінбей, «не жазып қалдым?» – деп дегбірі кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Рысқұлдың Ізбайша деген қатыны бар ма еді?–деп сұраққа алды болыс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бар, Дәуке.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бар болса, сол қаншық қайда қазір?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– О жағын біле алмадым, Дәуке.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Балапан басымен, тұрымтай тұсымен кеткен бір заман өтті бізден.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен кеткенде Ізбайша Саймасайдың інісі Анарбай болыстың адамдарының қарауында қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қашып кетсе, қайдан білейін!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Алматының оязы, Жетісудың губернаторы іздеп жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Демек, ол жақта Рысқұлдың қатыны жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шымкент оязы арқылы біздің Майлыкент болысынан іздетіпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кылмыскер болып, Алматыға сыймай қашқан екенсіңдер, Түлкібаста нелерің бар, басбұзар, қаны бұзықтар? Бір күні сені де іздеген қағаз келіп әуре салар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тыныш жатқан ел едік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайдан ғана келдің тентіреп! Кетсең қайтеді келген жағыңа, бәлең жұғып жүрер?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Омардың дәу денесі опырылып, көктем қарының суы бұзған жарқабақтай морып бара жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Дәуке, айналайын, Дәуке, менің жазығым жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жатсынба! Мен сенің құлақ кесті құлыңмын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өлімтігімді сүйрелеп, әрең жеттім туған жеріме.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қума мені! Менің басым даудан аман.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ешбір шатағына қатысқан жоқпын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қалдыр мені! Ая мен пақырды!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ал Ізбайша қайда сонда? Не деп жауап беремін мына ояздың хатына?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ізбайша бір болса – Қырғызбайдың қолында болар, Дәуке.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Баяғы Соқырдың Қырғызбайын білесіз бе? – Соқыр атын естігенде Дауылбай селк ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Білесіз, Дәуке, сол Қырғызбай баяғыда біз елден кеткенде Меркеде қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлі сонда.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл інісі Молдабек те, Ізбайша жеңгесі де сол Қырғызбайды паналап барар-ау деп шамалаймын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дауылбай алдында бүк түсіп тұрған Омарды ұмытқандай, өз ойына өзі бөгіп отырып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кәрілік жеңе бастаған шымыр дене бір шөкім болып шөмиіп аянышты көрінер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлдың қолынан ажал табатын болыс алдымен Саймасай емес, Дауылбай еді, тағдыр екен, алыстағы Шығыс-Талғар управителі жер жастанды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал Рысқұл Бердіқұл ағасының кегін ұмытпай, Дауылбайға деген оғын әлі жанып жүрсе ше? Түрмеде шынжырлаулы жатқаны қандай жақсы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның итжеккенге айдалуы Ізбайшаның табылуына іліктес болып тұр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өкіметті сол Ізбайшаның ізіне тезірек салып, құтылу керек бұл бәледен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дауылбай писаріне әмір етіп, оязға жауап жазды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

* * *

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аспараның Алатауы алшысынан түскен асықтайын алшайып тұрғалы қай заман: миллиондаған жылдар өткен шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Не көрмеген Аспара.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ширек ғасыр бұрын Түлкібастан босып шыққан жиырма үй Алсай-Сарыны да көрген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол жиырманың ішінен Соқыр батырдың баласы Қырғызбай бұтаға ілінген қаңбақтай осы Аспара бауырында қалып қойып еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басқалары Меркеге тұрақтай алмай Алматы асып кеткен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әкеге тартып ұл тумас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соқыр батырдың баласы Қырғызбай зұлымдық-зорлықпен ашық айқасқа жоқ, күштіменен күреспейтін, мықтыменен тіреспейтін жалтақ жан болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бауырларынан орта жолда бөлініп қалып, қалт-құлт етіп, текені – жезде, ешкіні – әпке деп жүріп, Меркенің базарында делдалдық қылып, можантомпай шаруа құрып алған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мекені Аспара болысына қарасты Мықан өзенінің бойында болатын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тау-Шілмембеттің басына зобалаң төнгенде, Молдабек сол шала ұмыт болған ағайын Қырғызбайды тауып, Ізбайша мен Түйметайды да ала келіп еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірден Түлкібасқа тартуға батылы бармаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қырғызбай қашқын туысты паналатуға қорықса да, кет деп айта алмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тау-Шілмембеттің бар бәлесін Рысқұл өзімен бірге алып қалса, қалғандарына өкімет қаһарын төкпес деп өзін-өзі жұбатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сөйтіп шықпа жаным, шықпа деп жүргенде, бір күні Аспара болысы Бектен бастаған мықтылар мұның Мықандағы үйіне сау ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ашық аспанда найзағай сартылдағандай, Қырғызбайдың зәресі зәр түбіне кеткен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Болыстың жанында Меркенің приставы, қасқабас урядник те бар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қару асынғандардан қорыққан Молдабек Мықан бойының үкілі қамысының арасына барып тығылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ бұл келіс сұсты болғанмен, тасыр-тұсырсыз, ашусыз сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бектен болыс Қырғызбайға қалжыңдап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ал, делдал, көп болса, бір базардың табысы шығын болар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қонақтарды күтіп ал, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қырғызбай құрақ ұшып, тайдай қызыл қойды табанда атып ұрды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ac үстіне Бектен Ізбайшаны шақырып алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Ізбайшаны іздегені несі?» – деп Қырғызбай онан бетер безек қақты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Істің мән-жайын түсінген соң барып, жүрегі орнына түскендей болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бектен болыс босаға жақта қырын қарап, кішкентай қыз баланы бауырына басып отырған Ізбайшаға тіл қатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сірә, маған жеңге боларсың немесе замандас құрбы шығарсың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл біз құралпы ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Солай емес пе, Қырғызбай?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иә, солай-солай, – деп Қырғызбай отырған орнынан желп-желп етіп көтеріліп, көтеріліп қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қырықтың ішінде болар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қырық бес жаста, – деп тоқ етерін айтты пристав сөмкесінен бір қағазға қарап қойып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қырғызбай тағы селкілдеді: «Рысқұлдың туған жылына дейін Меркенің приставына белгілі болғанда, жан-жағымыздан мықтап шырмалған екенбіз де».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ал келген шаруамызды бітірейік, – деді Бектен болыс, – Ізбайша замандас, сенің Алматы түрмесінде жатқан күйеуің Рысқұл Жетісудың губернаторына арыз айтыпты: Сібірге өзіммен бірге қатын-баламды ала кетемін деп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Он жылға кесіліпті ғой сабазың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қалай? Итжеккенге бірге баруға ықтиярлысың ба? Сені іздеп өкіметтің шарламаған, іздеу салмаған жері жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жауабын жедел беру бізге жүктеліпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ойланып айт.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ізбайша ақ жаулықтың ұшымен көзінен тырс-тырс тамған жасты сүртіп болып, тізесіне монтиып қисайып отырған Түйметайдың басын сипады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тағдыр шығар, болыс-еке, ерімнің айтқаны болсын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Етегінен ұстап жүрсем Барсакелмеске кетуге де разымын, – деді Ізбайша жас жуған бетін бері бұрып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үй іші тым-тырыс.
Көрсетілді: 15900 / 47388