KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алдағы ас та желінбей қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына бетінің шырайы таймаған, тозаң тұтқан қызғалдақтай ғана тотыққан ажарлы әйелдің мұнша қажырына бәрі де қайран қалған сәт.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек сәлден соң пристав шыдай алмай, Ресей империясы Бас түрме бастығының 1890 жылғы № 10 циркулярлы ережесін түсіндіре бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Егер күйеуіңізбен бірге Сібірге айдауға ықтиярлы болсаңыз, қазына сізге және балаларыңызға жол қаражат қана төлейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал айдалу пунктіне жеткен соң күйеуіңіз түрме жағдайында тұрады да, сізге және балаларыңызға қазына қаржы бермейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өз күніңізді өзіңіз көруге мәжбүр боласыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түсіндіңіз бе?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үйдегілердің бәрінің көздері Ізбайшаға қадалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бәрі де демдерін ішінен алып отырған сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ізбайша Түйметайдың бетін өзіне қаратып, маңдайындағы кекілін кері қайырып отырып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мейлі, мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір күнімізді көрерміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біз қай бір байлыққа бөгіп жүрген жан дейсіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жоқтыққа үйренгенбіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлдың қалауы болсын, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өз көзінен Түйметайдың бетіне тырс етіп тамған жасты алақанымен сүртті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Есіл ер, бізді ұмытпаған екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал біздің рақымы мол, дархан императордың Жетісу болысына әскери сот енгізбегені – Ұлы мәртебелі патшаның елін, халқын сүйгендігінің белгісі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ бұл кісі өлтіруге, жай кісі емес, ақ патшаның адал қызметкері, аса сыйлы адамды өлтіруге жол берілсін деген сөз емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Менің айтарым: Рысқұл Жылқайдаров жиырма бес жыл каторгаға айдалып, барлық мал-мүлкінен айырылсын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл талапты естігенде Рысқұл мырс етті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бетінің терін орамалмен сүртіп тұрған прокурор Рысқұлдың мұнысын байқап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Неменеге күлесіз? – деп шақшиды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мал-мүлкінен айырылсын дегенің не, прокорер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Менде мал-мүлік бар ма еді?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сөйлесуге рұқсат жоқ! – деп судья кішкентай балғамен қоңырауды қағып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Прокурор өкініп отыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Талай кылмыскерді айыптап, жаза салмағының әр түрін беріп еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Талайы жалынып-жалпайып, кешірім сұрап еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мынау күледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Өзіне өмірлік каторга жазасын сұрамаған екенмін», – деп пұшәйман жеп отыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал Рысқұл болса, әлгіде далада қаусап қалған Ахат ағасын ойлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Тұрарды соған ілестіріп неге жібермедім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жиырма бес жыл дейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оған қалған өмір жетер ме? Сонда қалай? Қайтып туған елді көрмеу керек пе? Дауылбай болыс жиырма бес жылға дейін тірі жүре бере ме? Жиырма бес жыл дейді, ә! Біз Түлкібастан кеткелі бері де жиырма бес жыл болды-ау, осы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күні кеше сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ойлап тұрсаң, жиырма бес жыл дегенің де тез өте шығатын қас-қағым уақыт қой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Елден мен кеткенде жиырма жаста едім-ау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазір қырық бес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Каторгадан қайтқанша жетпіске келеді екенмін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ахаттың жасы ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал мен келгенше Ахаттың сүйегі де қурап кетер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ кім біледі, кәрі өле ме, жас өле ме – бір Алланың ісі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар отыз беске шығады ол кезде.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Отыз бесінде оны не күтіп тұр екен? Кім болар екен? Оқу оқып жетіліп кетсе, мені мерзімінен бұрын құтқарып та алар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түйметай отызға толады екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үйлі-жайлы болып кететін шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ізбайша... Иә, Ізбайша кетеді ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол басқа біреудікі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шолақ Шабдар мен Ізбайша басқа біреудікі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тірі болса, Тұрар мен Түйметай ғой мені тосатын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әттең, сәл есің кіргенше, өз қолдары өз ауыздарына жеткенше қасында бола алмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Он жасар ойын баласы, бес жасар жортпаш қыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Е, жасаған өзің төзім бере гөр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оу, осы соларды өзіммен бірге ала кетсем ше? Әкімдердің бір ақылдысы, әділі ұшыраса менің бағыма, мүмкін рақымы түсер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ала кетемін деймін, атасына нәлет.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алатауы не, Итжеккені не? Алатаудың бауыры каторгадан несі кем? Бір күнімізді көрерміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ала кетемін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әттең, Тұрар өсіп, оқыса, Метрейді тауып алар ма еді? Ай, Метрей, Метрей! Қазір осында болар ма едің... Мына қасқабас білер еді сонда менің кім екенімді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ана шегірткенің айғырындай шіңкілдеген піркорердің аузына құм құйылар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайтейін, бағым жанбаған бір жан болдым ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атасына нәлет, ойла не, ойлама не.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күніне тоқсан түрлі бәле көрсең, сонда да күдер үзбе бір Алладан».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл селт етіп, басын көтеріп алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тілмаш бала сөйлеп тұр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Орысша ағып тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сөздерінің бірін ұғып, бірін ұқпайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұспалдайды: мұны жақтап айтатын сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алғашқы күндегідей емес, кеше кеште камерада екеуі шешіліп сөйлескен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алдында Бронников айтты: ол жігітке сенуге болады, түйілме, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екеуі есікке қарап-қарап қойып, орысшалап көп сөйлесті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тілмаш бала Бронниковке қойнынан суырып бір бүктеулі қағаз да берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бронников оны ышқырына тығып жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тілмаш шығып кеткен соң Бронников айтты: бұл өзіміздің адам.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дымың ішінде болсын деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Міне, сол Боташ Шоқұлы сөйлеп тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Камераның қаракөлеңкесінде байқамаған екен: шашы көмірдей қара, қысқа қырқылған, маңдайы келісті, көзінің шоғы бар, қыр мұрынды, ат жақты, бидай өнді бозым жігіт екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қияқ мұрты шыққалы да көп болмаған, сірә.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның сөзіне қасқабас судьяның өзі де ұйып қалған сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал прокурор шықылықтаған шымшықтай шыжбаңдап, бұлт-бұлт етіп қозғала берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қияқ мұртты адвокаттың аузынан Рысқұл «Қызыл Жебе» деген сөзді естіп селк ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Мынау бүлдірер ме екен? Қызыл Жебенің аруағын неге қозғады? Иә, Қамбар ата, иә, қылқұйрық біткеннің төресі, кеш мені! Сенің қаның менің мойнымда емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кеш, жануар! Мен алданған адаммын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен де залымдықтың құрбанымын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кеш, қанатты жаралған қайран дүлдүл!».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Боташ Шоқұлының сөзін прокурор қайта-қайта бөле берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Орнынан шошаң-шошаң тұра берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Судья оны тәртіпке шақырып, кішкентай балғамен қонырауды қайта-қайта қаңғырлатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл қиян-кескі үздіксіз шайқастың бір көрінісі еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақыры судья өзінің жолдастарымен бірге басқа бөлмеге шығып кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көпке дейін оралмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Уақыт осындайда өзінің құдіретін танытады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түрмедегі әр күні Рысқұлға бір жылдай көрінсе, қазір әр минут бір күндей созылып, сірә өтпей қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұрын қанша сабыр сақтаса да, тағдыры бір тал қылға ілініп тұрған мына шақта, батырдан да дегбір кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Иә, тірі жетімдердің көз жасы, қолдай гөр», – деген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар мен Түйметайы дүниенің бәрін көлегейлеп, көз алдында тұрып алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Судья жолдастарымен бірге залға қайта оралған кезде құлаққа ұрған танадай тыныштықтан шыбынның ызыңы ғана естіліп тұрды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тіпті шыбындаған ешкінің құйрығындай тыныш таппай отырған прокурордың өзі де қалшиып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Судья жұрт отырар-отырмастан үкімді жариялады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Он жыл каторга!
Көрсетілді: 16000 / 47388