Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ешқандай кедергі кездестірмей сүңгіп кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қара Иван ақырын шөпті ашып қарап еді, үнгіде ешкім де жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тек бос құмыра жатыр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Мына сойқанды аңшы түзге отырамын деп тысқа шығып, біреу-міреудің көзіне түсіп қалар ма екен?». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қара Иван дәретхана жаққа қарап біраз тұрды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Абайлап барып есігін түртті: ешкім жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мал қораны айналып шықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сайдың жағасына барып, тал-талдың арасын шолды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қараптан-қарап жүріп, күбірлеп өзімен-өзі сөйлескенін де байқамай қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ақыры «бұл жүрісім сезікті болар», – деп үйіне қайтты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Мүмкін, ол тентек үйге кірген шығар» деп босағадан аттап әуелі сенекті шолып шықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Капуста тұздалған кеспектің артына үңілді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қабырғада ілулі тұрған қамыт пен белорақты да ұстап-ұстап қойды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ішкі бөлмеге еніп, әдетте балалар жататын пештің үстіне мойнын созды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Темір кереуеттің астына еңкейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Не жоғалттың? – деді ыстық пештің көмейіне қамыр толы қара табаны сүңгітіп жатқан Марфа күйеуінің абыржыған түрін көріп шошынып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жәй, қайрақ тас, – Қара Иван. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қайрақтас неге керек? – Әйелі тақақтады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Иә, ол пышақ қайрап, Зойканы соймақшы, – деп кемсеңдеді Федька. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мен соярмын сені. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сойып көр! – деп Марфа пештің қаңылтыр қақпағын тарс жапты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қара Иван қолына бос құмыра ұстаған күйі қалшиып тұрды да қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол күні сұрғылт іңірде Верныйдың облыстық түрмесінің сұрғылт қақпасын үсті-басы ұсқынсыздау, киім-басы жадау, ескі киіз қалпағына шөп-шалам жабысып қалған, қалқан кеуделі, жазық жоталы, екі көзі ашулы арланның көзіндей ызғарлы бір адам келіп қақты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл қақпа оған бұрыннан таныс еді: адаспастан оңай тапты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үйіңді таба алмай адасуың мүмкін, ал түрме оңай табылатын заман. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл адамға түрменің есігі де жеп-жеңіл ашылады, зарықтырмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ар жақтан қарауыл келіп, қақпаның құлыбын салдыр-гүлдір ашып, аяқ басы алба-жұлба адамды көріп: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Не керек саған, аулақ жүр! – деп ақырды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оның ақырғанынан әлгі адам айылын жиған жоқ, қайта қасына келіп, қаһарлы үнмен: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мені нашандигіңе алып бар! – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Начальник сен сияқтылардың ермегі емес, аулақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Арыз айтып келуші қаңғырған киргиз аз емес, бар айда! – деді қарауыл қақпаны жаба бермекші болып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ей, ақымақ, мен кісі өлтірген адаммын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тез нашандікке алып бар! – әлгі бұйрық түрінде. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қарауыл қалбақтап қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дереу мылтығын кезенді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Алдыма түс! – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Рысқұл осылайша абақтыға екіншілей енді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол бағана Иванға Кузьма көршісінің айтқанының бәрін есітіп еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аз ойласа да, ары ойлап, бері ойлап, ақыры тапқан шешімі осы болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шолақ Шабдар өз үйінің есігінің алдына келіп тұрғанын көргеннен кейін, пристав адамдарын дереу аттың ізіне салған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аттың иесі аман-есен бір жерде жасырынып жатқаны белгілі болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тізгін, шылбыр ерге байлаулы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Демек, бұл ат иесін оқыстан тастап келген жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әдейі босатылған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қашқынның қайда жатқанын ауылдастары білмейтіні рас екеніне көзі жеткендей болған пристав алтыбақанда асулы тұрғандарды босатуға бұйрық берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Анарбай мен Таубай бастап, болыстың адамдары да ауылдарына қайтты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрарды ала кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мақаш баланы алдына өңгеріп жатқанда пристав тағы да қатаң ескертті: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ақымақтық жасамандар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Балаға бастарыңмен жауап бересіңдер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оны өлтіру – торғайды өлтіруден де оңай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мәселе – әкесін қолға түсіруде. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Саймасай! – деген дауыс санқ ете қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қара шұбар топ тұмсығы тасқа тірелген кемедей кейін шегіншектеп барып тоқтағандай болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Болыс басын жұлып алып, жоғары қарады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мая тұсында тұрған адам әуелі қалбайып, қарауытып көрінді де, кенет көзінің алды тағы қызғылтым тартып, жар қабақта Қызыл Жебе тұяғымен жер тарпып тұрғандай елестеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кенет Қызыл Жебенің тамағынан қан шашырап, бетіне шапшып кеткендей, Саймасай көзін жұмып, қолымен бет-аузын ұстай алды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жоқ, қан жұкпаған екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ жұмулы көзін ашуға қорықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қызыл Жебе елесін көрмеуге тырысты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жалғанды жалпағынан басып келе жатқан айбатты адам енді мына дүниеге көзін ашып қарауға жасқанғаны жақсылық емес еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оның жанын алуға әзірейіл Қызыл Жебе бейнесінде келгендей көрінеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлгі үрейлі үн тағы да саңқ ете қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Саймасай! Мен Рысқұлмын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көкірегіме запыран сыймай кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Соның бір түйірін сенің кеудеңе түкірсем деймін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сен көзінен сорасын ағызған сорлылар үшін! Сен сөлін сорған жарлылар үшін! Қызыл Жебенің қаны үшін! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мылтық дауысы гүрс еткенде, әуелі қою түтіннен түк көрінбеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дәрінің исі бұрқ етті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сәлден соң шалқалай құлаған болыстың бір аяғы үзеңгіден шықпай, үріккен Қалдықызылдың сүйреткісінде үйдей дене үлпек қарды сыпыра, артында қап-қара жолақ сызық қалдырып бара жатқанын көрді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Бүткіл өмірің қара сызық еді сенің, Саймасай», – деді Рысқұл маяның тасасындағы Шолақ Шабдарға асыға беттеп бара жатып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бесағаштың үстінде қыстың қыраулы күнінде шартылдап найзағай ойнады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үркердей үрпиген аз ауылдың азан-қазаны шықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қылыш, мылтық асынған сарыала түймелі жандармдар, солдаттар қаптады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Таубай старшын мен өлген болыстың інісі Анарбай, Мақаш палуан үшеуі әуелі Рысқұлдың жертөлесінен бастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Олар топырлап кіріп келгенде, сықырлауық есіктің топшысы тағы жұлынып түсіп, ішке бұрқ етіп бір будақ бу қоса енді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Не сұмдық екенін ажырата алмаған Ізбайша: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ойбай, – деп ошақ басынан ұшып тұрған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Төсекте қарындасын ойнатып отырған Тұрар жерге жалаң аяқ секіріп түскен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түйметай төсек үстінде шашы сексиіп, қорыққанынан шырылдап қоя берген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Әне! – Таубай старшын қамшымен Тұрарды кезеп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бөрінің бөлтірігі, иттің күшігі сол. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұста, Мақаш. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тарт иттің баласын! Далаға шығарып бауыздап жібер! Мына күңді де алып шық! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ойбай, не жаздық? – Ізбайша басынан ақ жаулығын жұлып алып, шашын жайып жіберіп, отыра қалып жер сабалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Не жаздық, ойбай құдай! Айтсаңдаршы, елім-ау, жұртым-ау, не қылдық қу құдайға? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Не жаздық? Не қылдық? Мүләйімсуін сайқалдың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қанға – қан, жанға – жан! Тарт! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Старшын қамшымен Ізбайшаны арқасынан осып жібергенде бейшара әйел кирелең ете қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мақаш төбедей төніп барып, Тұрардың желкесінен бүріп ұстап дырылдатып сыртқа сүйреп әкетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ойбай, мені өлтір, ағатай! Нәрестенің қанын мойныңа жүктеме! – деп Ізбайша Мақаштың аяғына орала беріп еді, старшын қамшымен тағы тартып жіберді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жалаң аяқ, жалаң бас жас баланы дырылдатып сүйреп жүрген Мақашты көріп, жанұшырып әуелі Молдабек жетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Артынша Шыныбек келді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сүрініп-қабынып Ахат алыстан айқайлады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қорған ұста Мақаштың қолына жармасты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Баланы қоя бер, мені өлтір! – деп өгей шеше өлермендікпен кимелеп Мақаштың аяғын құша тағы жығылды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қанға – қан! Бауыздап жібер жауыздың жалғызын! – деп старшын селкілдеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мынаның бәрі Рысқұлдың туысқандары. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бәрін ұстап, байлаңдар! Тауып берсін жасырынып жатқан жауызды! |