KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екеуіне де жалтақ-жалтақ қарайлайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Суан Ілеге жетіп, енді суды жалдап өте бергенде, Албан айқай салды дейді:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Суан! Суан! Артыңа бір бұрылып қарашы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Анау Дулаттың үстіне нұр жауып тұр, қарашы!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Суан артына бұрылып қарамай, Іленің арғы бетіне өте шыққан...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Содан сөйтіп, екі інінің арасында Албан қоныс тепкен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арқасы – Қырғыз, алды – Арғын, Найман, шығысы – Қытай, батысы – Шапырашты, Дулатпен тұйықталып, Нарын, Шарын деген өзендері бар, көк аспанмен тілдескен заңғар-заңғар таулары бар, Мыңжылқы мен Қарқарадай жайлауы бар, бидайығына атты адам жасырынған асыл мекенді нелер ұрпақтың бесігі еткен албандардың бір ауылы бүгін Дулаттың Жанысынан шыққан ақ патшаның адал ұлы – Саймасай болысты құрметтеп күтіп жатқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарашаның суық күзі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ мұнда шөп сарғаймас, көк қурамас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сондықтан да әлі жаз сияқты сезімді әлдилейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Саймасай қар жауып, жол бітеліп қалады-ау деген күдіктен арылғандай, қайтуға асығар емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жап-жасыл дүние.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қар басса да сол жасыл күйінде кетеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл жердің өсімдігі де Нүкетай тағдырлас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қар астында жап-жас күйінде қалмақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Нүкетай сұлу құрбыларымен қол ұстасып, Сатыны өрлеп, Көлсайға көтеріліп, алмас алқалы ардақты бесігімен қоштасады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көлсайдың бетінен көгілдір аспан, зүмірет шыршалар, зүбәржат есіл дүние түгел көрінеді – болмыстан болжаусыз көрікті көрінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қош, көріктім Көлсай! – дейді Нүкетай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Енді сендей көл көре алмаспын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қойшы, Нүкеш, – дейді құрбылары.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Не болды сонша?! Ол жақта да осындай Есік көл деген әдемі көл бар дейді ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көлсайдай қайдан болсын, – деп күрсінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Нүкетай суға құлаған қарағай бөренесімен қалт-құлт етіп жүріп отырып, айдынға қарап ғажайып айнадан өз суретін көреді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Су түбінен балықтың төресі – ханбалық шоршып шығып, құйрығын бір бұлқып қалып, су бетіндегі қыз суретін қисық-қыңыр, ұсқынсыздандырып жібереді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Нүкетай шошиды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қайт кейін, құлап кетесің, – деп қыздар шуылдасады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Төбеден шаңқ етіп қыран қалқып бара жатады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аспан аясында, көл түбінде ақторғын бұлттар жүзіп жүреді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жат жерге кетіп бара жатқан жас келінге әлемде жоқ ақ жаулық сыйлағысы келгендей аспан мен көл бір-біріне мөлдірей қарасады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлдеқайдан, астынғы тұстан әлдекімдер айқайлайды:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қайт, қайт! – дейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Болыс асығып, аттанғалы жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайтыңдар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Табан астында не болып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлі екі-үш күн жата тұратыны қайда әлгі? – деп қыздар состиысады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бәрі Нүкетайды ортаға алып, мұңайысып, етекке түсіп бара жатады...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түнде қызыл-шымқай басқұрлар тартылған жұмыртқадай ақ отаудың ішінде құс мамықтың үстінде ұйықтап жатып Саймасай түс көрді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түсінде Бесағаштағы Тау-Шілмембет ауылына барған екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алдынан Қызыл Жебеге мінген қаршадай бала шығып, міз бақпай тұрады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Саймасай қолын созады, бала мұның сәлемін алмайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кенет Қызыл Жебенің тамағынан қып-қызыл шоқ шашырап, болыстың бетін шыжғыра күйдіріп бара жатады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өртеніп бара жатады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өртеніп бара жатып оянып кетеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көзін ашып алып, бетінен көрпені серпіп тастап, «уһ» деп демін алады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сөйтсе, таудың түні салқын, «күйеу бала» жаурап қалмасын деп, жеңгелері түскір мұның үстіне қабат-қабат қалың көрпелер жауып тастапты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтсе де, болыс көңіліне күдік алып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлгі бала Рысқұл иттің күшігі болды-ау, – деді, ана жолы Бесағашқа барған сапарын егжей-тегжей еске алып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әсіресе Қызыл Жебені түсінде көргені шошытты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Ашу үстінде ақыл тұманданып, сол дию жылқыны бекер қиғызып жібердім бе? Киелі неме ме?» – деп секемденді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Рысқұлдың өзі емес, баласы кіргені несі түсіме?» – деп тағы таңданды:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Таң атқанша көзі ілінбей шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ертеңіне сәске түсте суыт жүріп, хабаршы келіп жетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Саймасайды оңаша шығарып алып, үй сыртында жеке сөйлесті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Саймасай еңсегей бойлы, кесек пішінді, қара сақалына сәл-пәл ғана қылау түскен, нұрлы жүзді, сымбатты кісі еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазір сол қызылшырайлы бетінен қан қашып, қуқыл тартып, бойы шөгіңкіреп қалғандай, үйге қаяулы оралды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ауыл иелері үрпиісіңкіреп:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жайшылық па, мырза? – деп сабырсыздана жан-жақтан сұрақ қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Саймасай сыр бермеген болып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жәй, құдай-ау, әшейін... Біздің елде бір Рысқұл дейтін кірме неме орыстың атын ұрлап, түрмеге түсіп еді, сол абақтыны тесіп қашып кетіпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біздің болысқа қарасты адам болған соң ояз мырза маған хабарлатып жатқаны ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ей, тәйір-ай, соны да сөз деп... Ауыл-аймақ, бала-шаға аман болса, не қылар дейсің, – қайыната Мұқыш бай тұқшыңдап қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қай Рысқұл? Тау-Шілмембеттің Рысқұлы ма? – деп Мұқыштың Дәулен деген жамағайыны сампылдап сұрап қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аңқылдақ, абайламай айта салатын, аңқау кісі еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

–Ой, бөрім-ай, патшаның түрмесін тесіп шығады, ә?! Ер ғой, сорлы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ер, ер, – деп өзін-өзі құптап басын изеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Рысқұлды бұлар да біледі, – деді ішінен Саймасай бетіне шыбын қонған адамдай тыжырынып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иттің әйгілісі-ай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қашқанда қайда барып сияды? Өкіметтің құрығы ұзын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайда кетер дейсің».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзін-өзі осылай жұбатқанмен, көңіліне көлеңке түсіп, қабағы ашылмай қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түндегі түс пен мына жайсыз хабардың арасынан бір байланыс іздеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Сол жығылғырды құрбандыққа бекер шалып жібердім бе», – деп бір сұңқылдақ сұрақ берекесін алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өз елінен аулақта отырып, өз тірлігін бір сәт сын көзбен шолып еді, айналып келіп, күнәлі өзі сияқтана берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осыдан елге барған соң Рысқұлдың ісін жаптырып, жақсылық жасамақшы да болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тау-Шілмембет ауылын көзіне көк шыбын үймелеген өгіздейін жауыр жарасына істік ағаш шанши бермей, біршама жеңілдік те жасамақ болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Бірақ Рысқұл оңбаған үрерге иті, сығарға биті жоқ, тақыр кедейлігіне қарамай, жалғанның тәкаппары ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның басынан гөрі, Талғардың басын ию оңай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзінен де бәле бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтпесе, әмпейлесіп, тәп-тәуір болып жүрсе, еті тірі ебі бар, қоңданып-ақ кетер еді... Ит мінезді болса да, аты шулы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұрынғыдай илей бермей, икемге келтіріп, мал беріп, жер беріп көрейін қызылкөз бәлеге».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алпыстан асқан алпауыт болысты құдай қайырымды етемін десе, он жетідегі сұлу қызды айттырып, қайын жұртына жиірек жіберіп тұрғай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кеудесіндегі бір кесек беріш емес, жүрек екенін олар сонда еске алар...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сырттай сыр бермегенмен, Саймасай қайтуға ниет білдірді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақ патша қызметіндегі адам екенін айтты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл сияқты жері сұлу, елі дарқан ауылда айлап жатса да лазым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ алда қызмет күтіп тұрғанын алға тартты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайын жұрты құрметті күйеуді жөндеп күте алмай, бабын білмей, ренжітіп алдық па деп алаңдады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тәйірі, ел аман, жұрт тыныштық, бейбіт заманда ауыл-үйден от ала келгендей болмай, жата-жастанып, қызық көріп құмардан шығып қайтыңыз, мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ат бәйге, көкпар, күресті ертеңге қаратып отырмыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арғы күні аттанасыздар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Асықпаңыз, – деп жатыр албандар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қалың Дулат елімен бұрын бауыр ажырамас туысқан едік, енді мыңжылдық құда боламыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ондағы Дулат ойлап қалар: «Албан ағамыз бізден барған құдаларын тым болмаса екі-үш күн күте алмағаны несі?» – деп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Саймасай илікпеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ояздың оспағынан сескенді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Елінен бүлікшіл шығып, әскерімізді әлекке салып, қашып жүргенде, болыс жас қыз айттырып жігітшілігі ұстағаны несі?» – депті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қалжыңы болса да, қаһарлы сөз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әрі десе Нүкетай сынды сұлуды мына қауқылдасқан көптің арасынан емес, тезірек оңаша отаудың, шәйі шымылдықтың ішінен көруге бек ынтызар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Нәпсі сезім жеңгенде, ақыл адасады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Толмаған он жетіге жасым, әке,
Көрсетілді: 16600 / 47388