Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жүруші ем күліп-ойнап, тасып, әке. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Баланың қыз да болсам, тұңғышы едім, |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сыймады-ау өз үйіме басым, әке. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Боз інген боздайды екен ботам-ау деп, |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жүк артса қабырғама батады-ау деп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қыз мұңлық кетерінде жылайды екен |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жанында жат біреудің жатам-ау деп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түндікті төрт жерінен ойдыр әке, |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тойыма ту биені сойдыр, әке. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тойыма ту биені сойдырмасаң |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Биылша қызым жас деп қойдыр, әке. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Базардан базар барып ине алайын, |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жан әкем берем десе қиналайын, |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жан әкем берем десе, қиналғанмен |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Белімді бекем буып жиналайын»... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Нүкетай сұлу бұлайша өнер шығарып, сыңсу айтып, өзгенің көңілін босата алған жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аттаныстың табан астында асығыс болғандығы сонша, әдеттегі ауылдың «алты ауызы», тіпті «жар-жар» да айтылмады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тең-тең жасау-жабдық тиеген керуен Сатыңнан шығып, Тау-Шелек асуына қарай бет алғанда, Қарашаның қара суық желі қарағай басын тербетіп, қылқаңдары қыл қобызша боздап тұрған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аспанды аунақшыған бұлшық-бұлшық қарасұр бұлт қаптады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Таудың бұралаң сүрлеу жолы бір қырға шығып, бір ойға түсіп, салтанатты кеш үзік-созық келе жатқан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шыңдарды бұлт бүркеп, қарауытып қарағайлы беткей ғана көрінеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қыламықтап қарт үсе бастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл қыстың алды еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қалдықызыл деген алшаң жорғаға мінген болыс алдыңғы топта. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қалдықызыл құйрық-жалы төгілген, қасындағы өзге жылқы баласынан ірірек, арқардың құлжасындай маңғаз мал. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өз жорғасына өзі масаттанғандай, үстіндегі иесімін басқалардан мерейі үстем екенін сезгендей, басын шұлғып тастап, анда-санда пысқырынып қойып, бір сарынмен сілтейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өзге аттар жүрісін Қалдықызылға теңестірмек болып, біреуі текіректеп, біреуі желе шауып, мазасыз халде. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Болыс көп сөйлемейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Нөкерлерінің неше алуан жол әңгімесіне назар да салмайтын сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол өз ойының тереңінде, өз қиялының жетегінде. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Болыс қазір өз ордасына екі себептен асығулы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірі ояздың шақыртуы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ояздың аты – ояз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұлыққа бұл да құлдық ұрады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біреуге біреуді тәуелді етіп, біреуге біреудің күнін түсіріп қойған заман. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әйткенмен, ояз бұған қаһарын төгетіндей реті жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Верный оязын былай қойғанда, бүкіл Жетісу облысында ең қадірлі, губернатор фон Таубенің өзі құрметтейтін болыстардың бірі осы – Саймасай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Рысқұл дейтін бір бұзық түрмеден қашып кетсе, Саймасайды кінәлайтындай не жазық бар? Түрменің әкімдерін кінәласын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ойға сумаңдап күдік кіре бергенмен, Саймасайды бұл онша састырмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дегенмен, асығу керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Асығу керектігінің тағы бір себебі: Нүкетай сұлу. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мына жол үстінде келе жатып, алпысты алқымдаған кәрі құлжа алдағы ләззат түнін аңсаулы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кейде ол өз ойынан өзі ыңғайсызданғандай, оның ойын басқалар оқып келе жатқандай жанындағыларға қарап та қояды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жоқ, олар өзге бір әжік-күжік әнгімемен әуре екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонда болыс қайтадан ойша Нүкетайдың қасында жалғыз қалады... Шашағы төгілген ақ шәйі шымылдық.. Екеуден екеу оңаша қалған шақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өзге дүние өртеніп кетсе де, сол оңаша сәт бәрінен қымбат. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Нүкетайдың күпек шашбауы сыңғыр-сыңғыр сылдырап, әуелі камзолының түймелерін ағытар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әрбір түйме ағытылғанша бір жыл өткендей тым ұзақ көрінер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонан соң сары сылаң шәйі көйлектің жеңінен әуелі бір қолын шығара, екінші қолын шығармастан, алақанымен аппақ, төсін басып тұрып қалар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Келші, Нүкеш! – дейді шымылдық ішінен Саймасай аласұра алқынып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Нүкетай үндеместен басы салбырап, кеудесіне оқ тиген адамдай, сәл еңкейген қалпы қатып қалар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Болшы, Нүкеш! – дейді құдай қосқан қосағы біреу буындырғандай тынысы тарылып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Нүкетай тас болып қатып қалғандай қозғалмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Демі де білінбейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сылаң шәйі көйлек бір иығына ғана ілініп тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір қолын жеңінен шығарса, сусып, ың-жыңсыз жерге түспекші. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонда перизаттай Нүкетайдың аппақ тәні анадан жаңа туғандай жалаңаштанады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Алпыстағы күйеудің қартаң тартқан жүрегі аттай тулап, кеудесінен ыршып шыға жаздайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Саймасай шыдай алмай дамбалшаң аяғын салбыратып мамық төсектен тұра беріп, Нүкетайға қара күрең кәрі қолын созады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Атластай жылтыр жалаңаш білегінен ұстап, төсекке қарай тартады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Нүкетай тырмысып, қолын кері тартады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күйеу өзіне қарай жұлқиды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Алпыста болса да аюдай күші бар еркектің әлді қолы жалаңаш пері қызын оппа тартқандай шымылдықтың ішіне сүңгітіп жібереді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жандәрменде қыз байғұс, – «суға кеткен тал қармайдының» керімен, шымылдықтың бір шалғайына жармасады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шымылдықтың жібі үзіліп кетіп, ақ шәйі қалқан қопарылып жерге түседі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күнәкәр түннің куәсі болатын биік төсек абыройы ашылғандай лыпасыз қалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шымылдықтың құлағанын жаманға жорып, желігі кеудесінен желдей шығып, қызуы басылып қалатын жігерсізің емес Саймасай, қайта бұрынғыдан бетер делебесі қозып, ақ төсектің үстінде қорбаң-қорбаң жанталасып еркектің пірі Зәкәрияға сыйынып, қара тоқтының жілік сорпасына тойынып, жиырма бестегі жігіттей қаны қайнап, ақ перизатты алпауыттана бүріп түседі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қиялмен осы бір тұсқа жеткенде, Саймасай Қалдықызылды абайсызда тебініп кеп қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Алаңсыз алшақ басып келе жатқан ат бұл тебіністен оқыс ыршып, оқша атылғанда, үстінен Саймасайдың өзі түсіп қала жаздады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әбиір болғанда өзі емес, басындағы тас қара барқытпен тыстаған дөңгелек құндыз бөркі ұшып кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Нөкерлері ан-таң болып, жердегі бөрікті бірінен бірі бұрын алуға асықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Содан кейін әлгі көрініс, үріккен құстай, қайтып оралмады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Саймасайдың көңілі пәс тартты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Арт жағына бұрылып қарап еді, садақ тартым қашықтықта, буалдыр арасынан Нүкетайлар көрінді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оның жанында екі жеңгесі, сіңлісі, үш-төрт қаралы әсем топ, әдеп сақтап, еркектерден кейінірек келе жатқан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қар қыламықтағанын қоймады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айнала төңірек күңгірт тартты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол жақ қаптал биік тау, тауды өрмелей өскен шыршалар қылау қардан бурыл тартқан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оң жақ қапталдың реңі сарғыш, шыршасыз, шырайсыз тырбық бұталар, сұрғылт тастар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Елсіз меңіреу шатқал. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір топ атты адамдар жанын алатындай, тек сауысқан шықылықтайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кенет Саймасайдың көз алдына, буалдыр арасынан шыға келгендей, Қызыл Жебе тұра қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Болыстың тұла бойы дір етті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Елес лезде ғайып болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қылаулаған мұнардан ештеңе көрінбеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Саймасайдың көңілі бей-жай күйге түсті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қыдыр жолдың үстінде, баға жетпес олжамен оралып қайтқанда, көңіліне не шайтан ұялағаны беймәлім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қар кейде қызғылтым болып көрініп, кейде шашыраған қандай күрең-қызыл тартты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Болыс қамшы ұстаған қолымен көзін уқалап болып қайта ашып еді, шатқалдың шыршалы жағынан бұталы жадағай жағына атырылып Қызыл Жебе қарғып өткендей көрінді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ағаштардың бұтағын қызыл қырау тұтып қалғандай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Саймасай сескенейін деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Нөкерлерінен ол ат бойы алда жүріп келе жатқан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өзгелер аттарының тізгінін тартып, болыспен үзеңгілеспеуге тырысады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әдеп солай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал енді, болыстың өзі әлгілердің ортасына тығылғысы келгендей, Қалдықызылдың басын тарта берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Танауыңа кершеу түскір, Қызыл Жебенің киесі болғаны ма? Неге елестей береді?». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонан соң өз ойының оспадарсыздығын өзі байқап, бұрынғыдан бетер іштей жүдеп қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Өлген аттың танауына да кершеу түсер ме еді?». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өткен істің өкініші өзегін тілгіледі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ Қызыл Жебеге қылған қиянаты жалқы емес екенін ойламады. |