KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оның аты-жөні Альдонса Лоренсо болатын, міне дәл осы қыз оның барша іс-әрекеті мен арман-ойының әміршісі атануға лайықты көрінген; сөйтіп, оған өз есімінен тым алшақ кете қоймайтын, оған қоса әлдеқандай бір принцессаның немесе атақты сеньораның атын еске салатын немесе соған жуықтайтын есім таңдай келіп оны Дульсинея Тобосская деп атауға бекінді, — өйткені, ол Тобосода туып-өскен-ді, — бұл да, оның ойынша, ілгеріде өзі ойлап тапқан есімдердей құлаққа жағымды, әрі әсем, әрі терең мағыналы болатын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

ІІ тарау

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Мұнда айлакер Дон Кихоттың өз иелігінен алғаш рет аттанғаны жайында баяндалады

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Осынау дайындықтарын біржақты қылған соң идальгомыз ойға алғандарын қолма-қол іске асырмақ болды, өйткені оның ұйғарымынша, өз тарапынан жіберілген жайбасарлықтың қандайы да адамзат баласының тағдырына айта қаларлықтай залал тигізуі мүмкін еді: оның нешеме заңсыздықты жоюы, қисық-қыңырды түзетуі, әділетсіздікті жөндеуі, озбырлықтың тұқымын тұздай құртуы, қаншама қарып-қасерді ырза қылуы керек десеңші!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Солай деп шешкен ол шілденің мейлінше ысығалы тұрған күндерінің бірінде, бозала таңда ой-жоспарлары жайында ешкімге ештеңе айтпастан және ешкімнің көзіне шалынбаудың қамын жасап, барлық сауыт-сайманын асынып алды да, Росинантқа отырып, қолапайсыздау дулығасын басына ілекерлеп киіп, қалқанын қарына іліп, найзасын қолына ұстап, шектен тыс шаттыққа бөленіп әрі ізгі ниетін іске асыруға ешкімнің бөгет болмағанына қуанып, мал қораның қақпасы арқылы аяңмен ашық далаға қарай бет алды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бірақ, қақпаның сыртына шыққан бойда-ақ басына бір үрейлі ой сап ете қалды, оның үрейлі болғаны сонша тіпті ниет қылған шаруасынан бас тартуға да дайын еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Мәселе мынада: өзіне рыцарь атағы әлі берілмегені аяқ асты есіне сап ете қалған-ды, ендеше, рыцарьлар қауымы қағидаларына сәйкес, оның бірде бір рыцарьмен айқасқа шығуына болмайды, ондайға рұқсат жоқ; ал тіпті сондай атақ берілген күннің өзінде де, қатарға жаңа қабылданған жан ретінде ақ түсті сауыт-сайман киюге тиіс, қашан жаужүректігімен жұрттың көзіне іліккенше қалқанына қанатты сөз жазып қоюына да болмайды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Осы тараптағы ойлары оның байламын босатыңқырап жіберген; бірақ дүйім дәлел-себептен есалаңдық басым түсті де, әлгі өзін осындай дәрежеге жеткізген романдардан оқып-білген рыцарьлар үлгісімен, өзін рыцарьлыққа қабылдау жөнінде жолда ұшырасқан кез-келген біреуге өтініш айтуға бекінді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ақ түсті сауыт-сайманның да жайын оңай шешті: қолы қалт еткенде сауытын барын сала ысқылап, ақкістен де аппақ етіп шығармаққа өзіне өзі уәде етті, сөйтіп осыған тоқтам жасап, жолын, — дәлірек айтқанда, басын бос жіберген аты таңдаған жолды, — әрмен жалғады, өйткені, Дон Кихоттың ойынша шытырман оқиғаларды тек осылай ғана іздеу керек болатын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Жаңада жүз көрсеткен рыцарымыз осылайша жол кешіп әрі өзімен өзі күбірлей сөйлесіп келе жатты:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Күндердің бір күнінде менің ізгілікті істерім жайында да бір өтірігі жоқ шыншыл шығарма жарық көрер, соны сипаттап жазуға бел буған оқымысты оғлан осынау таң алагөбеңде басталған алғашқы сапарымды суреттейтін жерге жеткенде, әңгімесін былай деп бастарында күмән жоқ: “Алтын бұйра шашты Феб жердің жалпақ та байтақ жүзіне қалың шашының сәуле ұшқындаған талдарын енді ғана біртіндеп жайып жатқан шақта, қызғаншақ жұбайының жылы қойнынан шығып, ламанчалық көкжиектің қақпасы мен терезесін шалқайта ашып, қарапайым пенделерге көз жанарын тіккен, өңі алабұртқан Аврораны түрлі-түсті құйтымдай құстар арфа әуезіндей нәзік те тәтті әуендерімен қарсы алып жатқан шақта, ізгі ниетті рыцарь Ламанчалық Дон Кихот та құс төсектің жанға жайлы рақатын тәрк қып, өзінің сүйікті сәйгүлігі Росинантқа қарғып мініп, даңқы алысқа жайылған ежелгі Монтьель жазығымен жолға шыққан еді”.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ол расында да осы жазықпен келе жатқан.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Ұрпақтарға ұлағат болуы үшін, — деді ол одан әрі, — мысқа бедерленіп, мәрмәрға қашалып, кенепте майлы бояумен бейнеленуге лайық даңқты ерлік істерім жарық көретін заман қандай ғаламат заман, қандай ғанибет ғасыр болмақ десеңші!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бастан өткерген ғажайып оқиғаларыма шежіреші болу бақыты бұйырған, беу, кемеңгер сиқыршы, сен кім болсаң ол бол, сенен өтініп сұрарым: мейірімді Росинантты, өзіммен бірге барлық жол-сапарды бірге өткеріп жүрген көнпіс серігімді, ұмыта көрмеші.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Одан соң ол шынымен-ақ ғашықтық отына күйіп жүрген жандай боп сөйлеп кетті:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Беу, принцесса Дульсинея, өзіңіз жаулап алған жүректің жалғыз ғана әміршісі!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Алуан-алуан айып тағып қуып шыққаныңыз және ашу үстінде айдай сұлу әлпетіңізге енді қайтып көрінбеуге әмір еткеніңіз мені өте үлкен күйінішке ұшыратты.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Өтінем сізден, сеньора: өзіңізге ғашықтықтан шектен тыс ауыр азап шегіп жүрген, өзіңізге шын берілген жүрекке аяушылық жасасаңыз етті!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сүйікті романдарында айтылатындарды айнытпай қайталап, оған қоса олардың сөз саптау мәнеріне де хал-қадарынша еліктеп бағуға тырысқан бұл осынау сандырақтарға басқа да қисынсыз бірдеңелерді үстемелеумен болғандықтан жүрісі де шабандап қалған-ды, ал бұл кезде күн әжептәуір биікке көтеріліп, жер-дүниені ыстық жалынымен шарпып тұрған, егер Дон Кихоттың басында азын-аулақ ми қалған болса, ол әлдеқашан балқып су боп ағып кетер еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ашығын айтқанда, ұзақты күн жүргенде оған, тілге тиек етуге тұрарлықтай, ешқандай оқиға жолыққан жоқ-ты, сондықтан оның зығырданы қайнай бастаған болатын, себебі бойындағы буырқанған бұла күшін байқататындай біреумен мүмкіндігінше тезірек ұшырасуды аңсап келе жатыр еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Авторлардың бірі оның ең алғаш бастан кешкен оқиғасы — Лаписе шатқалында болған жағдай деседі, басқалары — жел диірмендермен болған айқасты алға тартады, — алайда, өзім анық-қанығына жеткен және оған Ламанча шежірелерінен дәлелдеме тапқан жайларым мынадай.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұл күнді Дон Кихот жолда өткізген еді, сондықтан кешке қарай өзі де, мәстегі де қатты қалжырап, ашыққан болатын; сөйткесінгі жерде ішке ел қондырып, аяқ созып жан шақыратын әлдеқандай бір қамал-сарай, яғни бақташының лашығын, табам ба деген үмітпен тұра қалып жан-жағына барлай көз жіберген ол жолдан таяқ тастамдай жерде жолаушылар аялдайтын бекет тұрғанын байқады, осынау бекет бұған жан сауға беретін құтхананың кіре берісіне ғана емес, соның қақ төріне бастайтын жарық жұлдыз секілді көрініп кетті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ол тізгінді қағып қалды да, бекетке қарай бет алды, бұл кезде іңір түсе бастаған болатын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Осы сәт бекет қақпасының сыртына, әдетте жұрт жүрісі жеңілдеу деп атайтындар санатына жататын екі бойдақ әйел шыға қалған-ды; олар қашыр айдаушыларға еріп Севильяға бара жатқан, бірақ аналар осы арада қонып шығуды ұйғарған.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, біздің шытырман оқиға іздеушіміз үшін өзі не жайында ой кешпесін, көзіне не шалынбасын жә болмаса нені көз алдына елестетпесін бәрі де кітаптан оқып-білгендерінің айна-қатесіз көшірмесіндей боп көрінетіндіктен, бекетті көрген бойда-ақ қарсы алдында төрт мұнарасы және жалтылдаған күміс сүңгілері бар, қашанғыдай жиналмалы көпірі және терең қазылған оры бар, бір сөзбен айтқанда, осындайларды суреттеп жазғанда келтірілетін барлық жарақ-жабдығы бүтін қамал-сарай тұр екен деп ойлап қалды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бекетке, немесе жалған қамал-сарайға, бірнеше қадам қалғанда тізгін тартып тоқтаған ол осы қазір қамал қабырғасындағы мұнаралар арасынан ергежейлі жүз көрсетіп, рыцарьдың келіп тұрғаны жайында кернейлетіп қоя беретін болар деп күтті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бірақ ергежейлі шығар жерде жоқ, ал Росинант болса ат қораға кіргісі кеп тыпыршып тұр; тағы да кішкене жақынырақ келген Дон Кихот қыдырыстап жүрген екі қатынды көріп, бұларды қамал-сарай жанында сылқ-сылқ күліп серуендеп жүрген айдай сұлу арулар жә болмаса сүйкімді ханымдар деп шешті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Апырай, кездейсоқтық дегенді қойсаңшы, дәл осы сәтте аңыздағы шошқаларын, — бұл хайуанаттардың басқаша атауы жоқ, ол үшін кешірім өтінем, — айдап келмекке шыққан бір бақташының мүйіз сырнайын сарнатып қоя бермесі бар ма — осындай белгі берілгенде әлгі хайуанаттардың жан-жақтан шапқылап қасына жинала қалатын дағдысы бар-ды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, Дон Кихот болса, асыл арманы орындалғандай, — яғни, оның келіп жеткенін ергежейлі паш еткендей көріп, мәз-майрам боп қуанып жаңағы әйелдерге қарай қадам басты, бірақ әлгілер әлем-жәлем сауыт-сайман киген, қалқаны мен найзасы бар салт аттының өздеріне қарай жақындап келе жатқанын байқап, үрейі ұшып қаша жөнелді; олардың зәресін кетірген өзі екенін аңғарған Дон Кихот тозаң қапқан жүдеу өңін жасырып тұрған картоннан жасалған бет жабарды көтеріп, мейлінше кішіпейіл кейіппен байсалды түрде тіл қатты:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Қашпаңдар менен, сеньоралар, ештеңеден қорықпаңдар, өйткені өзім құрамына кіретін орденнің10 рыцарьлары ешбір жан баласына, әсіресе өздерің секілді түрлеріңе қарап-ақ текті жерден шыққандарың көрініп тұрған бойжеткендерге, ешқандай жәбір көрсетпейді және ондай нәрсе бізге жат қылық саналады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Қатындар бейтаныстың жүзін көрмекке оған тесіле қарап қалды, ал бұл кезде әлгі антұрған қалқанша қайтадан төмен түсіп кеткен-ді, бірақ оның өздерін бойжеткен деп дәріптеп тұрғанын естіп, — ал бұл олардың күнделікті айналысатын кәсіптеріне мүлдем сай келмейтін атау болатын, — ішек-сілелері қатып күлгендері сонша, Дон Кихот өзін ыңғайсыз сезініп қалды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Сұлулыққа байсалдылық жарасады, — деді ол, — себепсізден себепсіз күле беру ақылы аздықтың белгісі.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Жалпы алғанда, мұның бәрін сіздерді

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

тілдейін деп немесе көңілдеріңе қаяу түсіріп, реніште қалдырайын деп айтып тұрғаным жоқ, өйткені өз тарапымнан мен тек сіздерге қызмет етуге ғана дайынмын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Әйелдердің құлағы үйренбеген, рыцарымыздың өзіне тән сөйлеу мәнері мен сиықсыз сүдіні әлгі қатындарды одан бетер күлдіріп, одан әрі желіктіре түсті, Дон Кихоттың да ашуы үдей бастады, сөйтіп егер дәл осы арада бекеттің қожайыны келе қалмағанда мұның соңы немен аяқталары беймәлім болатын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ептеп есі ауыса бастаған Аманжанды екеуі екі жағынан шап беріп ұстап алып еді, қарулы жігіт біразға дейін бой бермеді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бұдан соң тракторды от алдыратын қайыс белбеуді алып келіп аяғын тұсап барып, бірі кеудесіне мініп отырды да, екіншісі Аманжанның өн бойын қармен ысқылай бастады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Әттең, қаздың майы болар ма еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қолдырай бастаған өне бойын сылап тастайтын, – деді Бақытжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Қоя беріңдер! – деді жұлқынып.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жаурадым.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Құтырып – кеттіңдер ме.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шешіңдер аяғымды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Өзім-ақ... Әйтседе үсті-басы қолдырап үсіне бастаған Аманжанды тырп еткізбей басып отырып, етін ұзақ ысқылап барып әрең босатты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бұдан соң шапшаң киіндіріп, ана екеуі бір-біріне лақтыра итеріп, қызу қимылға түсірді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Арпалыспен бірер сағат уақыт әп-сәтте өте шықты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аманжан үсік шалған денесіндегі мұздай бастаған қан лүпілдеп қайта қозғалысқа түскен соң, расында да, бусанып терлеген.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қайратты жігіт ес-ақылын да әп-сәтте жинап үлгеріп еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Рақмет, достарым, – деді жүріп, – сендер болмасаңдар жынданып кете жаздадым-ау.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қызық, тап ортамызда лапылдап от жанып тұрғандай елестеп кетті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал киімдерімді қалай шешкенімді өзім де білмедім.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Енді әрқайсымыз бір-бірімізге сақ болайық.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Біреуіміз шешіне бастасақ болды, қарға екпетінен салып, құйрығынан шапалақтап, бір қабат терісі сыпырылып қалғанша ысқылаймыз, әкіри,

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– деді Бақытжан секіріп жүріп.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Сен бәрімізді алдыңа салып барып үсисің, – деді Аманжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Терің киттің терісінен бір кем емес.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жер-жаһан аппақ қар: сеңдей сіресіп, тұтаса қатқан суық дүние...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Түпсіз ал қара көк Аспанда мың-миллион жұлдыз, жамбасқа ауа бастаған ай, батыс көкжиекке сусып түсе бастаған шоқ үркер ай сәулесімен аймаласып жатқан, құмары әлі тарқамаған, мауқы әлі басылмаған тойымсыз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қорқатын сол қардың көйлегінің дал-дұлын шығарып, ырқына көнбей, дегенін істемей, қашып құтылудың амалын іздеп арпалысқан адамдар

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ай сәулесінің астында секіріп ойнап, сеңдей билеп құтырған үш жігіт... өмірдің мәнін түсініп, махаббаттың, шын бақыттың не екенін парықтамаған жас буын – енесін іздеп зарлаған жас бота...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жұмыр жер аппақ қар: суық әлем, сол суық әлемнің бір пұшпағында өлім мен өмірдің қақпақылына айналып, шыбын жаны шырқыраған жиырмадан жаңа асқан үш бойдақ;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

қолында қаруы, алдында атысар жауы жоқ, өз-өзінен жынданған, өз-өзімен майдандасқан мақтаулы бейбіт күннің үш солдаты...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

үш қояншық, үш есалаң – үш батыр... Қаңтардың ұза-а-қ түні таусылар емес.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мәңгі қозғалысқа түсіп, шапшаң қимылмен шаршаса да, шапқылай берген соң жігіттердің тоңдана бастаған денесіне жылу тарап, маңдайлары жіпсиін деген.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Тоқылдап қатқан пималарын шешіп жіберіп, бір-бірінің аяғын қармен ысқылап еді, енді башпайларына да жан кіріп, қан жүгірген.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бойлары жылығанмен, ыстықты аңсаған ішкі сарайы сол – салқын қалпында, темір құбырдың аяз сорып, жел кеулеп уілдегеніндей құлазыңқы.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Көңілдегі түйткіл мұз ери қоймаған... Ертеңгі суішкіліктеріне аса сенімді емес.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жиырмасыншы ғасырдың аш қасқыры тіпті жақыннан ұлығандай... – Ана қара! – деді Бақытжан ышқына айғайлап.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ананы қараңдар, бес-алты ит тұр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Атаңның басы, – деді ауыр мінезді Аманжан бәрібір сас- – пай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Иен тауда ит жүр деген.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол – қасқыр! Біздің жаназамызды шығаруға келген, дәретіңді алып, иманыңды үйіре бер.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Расында да, шана ағытылып қалған жоғарыда құлақтарын тіге селтиіп-селтиіп бір үйір қасқыр тұр еді аңдып.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан тұңғыш рет зәресі ұша қорықты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бірақ жолдастарына сыр білдірген жоқ: – Сіріңке жақ! – деді Аманжанға.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Содан соң өзі тракторкабинасындағы темір қобдидан май сіңді шоқпыт алып, солярка ағызып еді, түтіктері қатып қалған екен, тамбады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әдемілеп тұрып балағаттады да, әлгі май-май шүберектің өзін тұтатпаққа әрекет жасаған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жарты қорап сіріңкені түгесіп барып, әрең бықсып жанған алауды оңды-солды былғап айғайлап-айбар жасағанда, шоқиып-шоқиып отырған қасқырлар жылыстап, шегініп барып, қайта аңдыды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бәрібір тракторға жолай алмайды, – деп жұбатқан Бақытжан өзін-өзі.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Темірден қорқатын шығар, әкіри.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Атаңның басы, – деді Аманжан шырт түкіріп.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ашыққан – қасқыр сені түгіл, тракторыңның өзін асап қояр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Баяғыда Қара далада пәсепте жүрген кезімізде бір шелек автолымызды ішіп кеткен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Сен де соғасың! – деді Нұржан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Адам даусынан үркетін болу керек.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қосылып тұрып, баяғыда, мектептің көркем-өнерпаздар үйірмесіндегі хорда айтқандай шырқайықшы бір.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Келіңдер! Шырқайық... шырқайық (өне бойы дірілдей бастаған еді, әлде қорқыныштан, әлде тоңғАннан).

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Қасқырды өлең айтып қуғанды қай атаңнан көріп ең.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бұл сөзді Аманжан ашу шақыра айтып еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Сонымен қасекеңдерге концерт қойып беретін болдық.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Мен барып билет сатып келейін, – деп батырсынды Бақытжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Олар қасқырдан көз алмай іштерінен ептеп ыңылдай бастаған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бір уақытта Бақытжан жан ұшыра бақырып жіберді: – Әне, әне, әкіри.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бізге қарай жақындап келеді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Зар еңіреп жылап жіберді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ойбай! апа! – Шырқайық! Шырқасақ шырқайық! Ән басталды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Еш адам ұғып болмайтын, қызық ән басталды: бірдің басы, бірдің аяғы түсініксіз, ішіп алған удай мас кісінің сандырағы секілді иір-иір, үзік-үзік қожыраған сұрықсыз әуен, балдыр-батпақ сөз әрі тамаша сөз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан қасындағы сөнуге айналып, түтіндеген шүберекті қасқырларға қарай лақтырып жіберіп, өз омырауын өзі сабалай шертіп, азандап қоя берді: ...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Өлсем орным қара жер – сыз болмай ма... ...мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аманжанның әні: Аппақ қар, аш қасқыр, оу, оу...
Көрсетілді: 1900 / 47388