KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дауылбайды қойшы, ол Алсай емес қой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құдай ұрғанда өз жақынымызды ұрды ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сақанды айтам.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қасқыр да өз ұяласына қастық қылмайды екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал мұныкы не? Сыртта Қатшагүл қазанның түбін қырып, жуындысын итке құйып жүр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Төбеден, аспан түндігіне тағып тастаған асыл тастай жылтырап жұлдыздар көріне бастаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дәу-Бабаның төбесінен бір жұлдыз аққан бойда ағып отырып күншығыс-терістіктегі Құланның үстіне барып құлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қатшагүл:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бісміллә, бісміллә, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көрші үйден көк төбет ұлыды, жұлдыз аққанда ит ұлитыны несі екен?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Камераның құлпы әдеттегіден ерте салдырлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар кешірек келуші еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл әлденеден секем алғандай екі көзі есікке қадалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Надзиратель Тұрардың орнына еңгезердей, ұзын бойлы біреуді мылтықтың дүмімен итеріп кіргізді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сенің тілегенің осы болса – жеттің мұратыңа.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жат жабысып тас еденде! – Надзиратель темір есікті сақырлата құлыптап болып, көздей тесіктен сығалап бірауық қарап тұрды да кетіп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл аң-таң.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның түкке түсінбей тұрғанын сезген қонақ:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Здравствуйте! – деп қолын ұсынды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл палуандықпен аты шыққан-ақ азамат еді, мынаның күректей қолы Рысқұлдың қолын көміп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Бұл әдейі сыр тартпақ үшін жіберіп отырған жансызы болды ғой, сірә».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлды тергеуге жиі алып баратын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сұрақты көзілдірік киген бір арық орыс алушы еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жіңішке ауруға ұшыраған адамдай ілмиген біреу.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сірә, көп өмір сүрмесіне көзі жеткен соң ашынып, ашуын тұтқындардан алғысы келе ме, сорлы, әйтеуір азапқа салатын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда Рысқұлдан:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сенің серіктерің кім?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Болысты өлтіруді саған кім тапсырды?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Патшаға тіл тигізгенің рас па? – Тағысын тағылар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұдайы сұрайтыны сол.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлдың айтатыны ұдайы бір жауап.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақыры тергеуші шыдай алмай жөтелге буынып өліп қала жаздап қиқылдайды да, айдауыл Рысқұлды камерасына әкеліп тығады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Ешқандай амал таппаған соң мына жансызын жіберіп отыр енді».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл шақырылмаған қонақтан бойын аулақ ұстады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Анау мұны әңгімеге шақырып, сөз тартып көріп еді, Рысқұл оның айтқан орысшасын түсінбеген болып, иығын қиқаң еткізді де, безеріп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Менің атым – Александр, – деді ұзын бойлы, жирен сақал.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Александр Бронников.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұрын жалпы камерада едік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді сен жалғызсырамасын деп осында жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал сен болсаң қуанбайсың, бұл қалай?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Білмейді, – деп күңк етті де, Рысқұл мойнын ішіне тығып, бешпетінің жағасымен бетін бүркеп, бүк түсіп жатып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрардың келуін күтіп, сақ жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дәлізде тырс еткен дыбыс шықса, басын жерден жұлып алып тың тыңдады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ бүгін де Тұрар кешікті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Өзі арт айланбайтын зынданға мауыздай қылып мынаны қамағаны несі? Баламыз екеумізге жетпейтін жердің бұл қай жағына жатады? Онсыз да тынысы тар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есік ашылғанша қайранда қалған балық құсап аузымызды ашып, алқынып шығамыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді тым келістік қой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қанша күнге жіберілген қу бұл? О, көкірегін құрт жеген залым көксау!»

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Темір төсектің тақтайлары ойнақшып, құлай беретін болған соң, Рысқұл сол екі тақтайды тас еденге төсеп, соның үстінде отыратын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тақтайсыз койка құр босқа орын алып тұрады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бронников әуелі соның темір жақтауына шоқиып қана отырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Салмақ салуға сескенді, қисаң ете түсе ме деп ойлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Онсыз да шабақтары майысып, қалт-құлт етіп тұрған неме екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жалғыз терезе – шел басқан көздей, мұнарта берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күн батып, көз байланған кез шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Терезе сыртынан ары-бері айналшықтап жүрген надзирательдің етігінің елесі құсап бір көлеңке қараң-құраң етеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бронников мына құдық сияқты тас қуысты көріп, бұрынғы жатқан жерім мұның қасында кең сарай екен той деп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Демек, – деді ол, – мына жатқан қазақтың жазасы біздікінен де ауыр болғаны ма?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ей, дос, – деді ол дауысын жұмсағырақ шығаруға тырысып, – не үшін жатырсың?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл үндемеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Не үшін қамалдың деймін?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл бұған бұрылып қарап еді, екі көзінен екі қанжар атылып шығатындай сұп-суық екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бронниковке жеп жіберердей, кірпік қақпай бір сәт қарап тұрды да, қайтадан бүк түсіп, жатып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді Бронников сасайын деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Алда иттер-ай, түрменің бастықтары мені жазалағандағы түрі-ау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Надзирательмен егес үшін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына жатқан бір баскесер шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мені мертіктіру үшін осының үстіне әдейі әкеліп тықты-ау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Төбелессе, оңай беріле қоймаспын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ ұйықтап кетсем – қастандық жасар да.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сақ бол, Александр».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бронников отырудың ыңғайын таппай, тар қуырда тікесінен тік тұрды да қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Намаздыгердің көлеңкесі құсаған неме екен, – деді Рысқұл ішінен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тірсегінен ұрып құлатар ма еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Төбеден төнгені несі?»

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дәлізден надзирательдің етігінің тақасы тарсылдайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тас еденге тигенде тақады етік табыттың қақпағына шеге қағып жатқандай сақ-сақ етеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тамұқтың есігін торып жүрген әзірейілдей; әлгі дыбыс шақ-шақ етіп миыңды шағып жатқандай, еріксіз тұла бойың жиырылып, аза көңілді қаза қылады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, тәубе, – деді Рысқұл дауыстап.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұнысы, сірә, тағы бір күн өтті, – дегені шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– «Е, тәубе» – дегенде, Бронников, елең ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Мынауың оңай емес, – деді ішінен, – Жетісудың губернаторын айтып отыр ғой».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Таубені қайдан білесің? – деп сұрады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл түкке түсінбей оған бағжия бір қарады да, қайтадан жантая кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, тәубе, – тағы да.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Генерал фон Таубе сенің досың ба, жоқ әлде соған арыз айтайын деп пе едің?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, оттама! – деді Рысқұл басын жерден жұлып алып, мені мазақтап отыр деп ойлап.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Надзиратель көздей тесіктің қақпағын көтеріп, сығалап ішке қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Камераның ортасында діңгектей болып әлі тұрған Бронниковты, еденде бүк түсіп жатқан Рысқұлды көрді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ішінен риза болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Демек, екеуінің тұзы жараспаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл екеуінің тістескені керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір-бірімен қырқысқаны керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екі тұтқынды атыстырып қойса, надзирательдің жұмысы жеңіл болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірін бірі әшкерелеп отырады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұлардың ауыз жаласып кеткені жаман.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құдай содан сақтасын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көздей тесіктің қақпағы сырт етіп қайта жабылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Темір тақалы етіктің жан-жүйкені жаныштаған дыбысы алыстап бара жатты.
Көрсетілді: 17800 / 47388