Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ә, ендеше тыңда. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мына мені осы камераға әкеліп тыққаннан кейін бір аптадан соң үш атжалман әкеліп қоя берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үшеуін де әбден ашықтырып, жалаңдатып қойған екен, арамдар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Есінде болсын, тамыр, дүниеде аш атжалманнан аш қасқыр әлдеқайда артық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Талап жей бастаған кезде шыбын жанын шырылдап, кірерге тесік таппай сорлайсың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұстайын десем ұстатпайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұрайын десем – таяқ жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Екі қол, екі аяғыңды қашанға дейін ербеңдетесің? Бірақ мен құлығымды асырдым, атасына нәлет. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өтірік өлген болып, тырп етпей қалам. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол кезде атжалман, атаңа нәлет, аяғыңды қамсыз қарпи бастайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шап беріп ұстап аламын, қолымды талап, қанын судай ағызады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір мыжып қалсам – жаны шиқ деп шығад та кетеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әне, тамыр, сондай да болған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Құдай басыңа салмай-ақ қойсын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күндіз көрсетемін, тамыр, атжалман салған тыртықтарды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Да, хуже не придумаешь, – деді Бронников Тұрардың аудармасынан кейін – Ал, Тұрар, сен азамат екенсің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Орысшаны қайдан үйреніп жүрсің? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Осы түрмеде. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Приходько мырзаның балаларынан, тұтқындардан, надзирательдерден. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Кітап оқып, жазу жаза аласың ба? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Аздап. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Приходько мырзаның Наташа деген қызы көмектеседі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал Аркаша деген ұлы менімен қас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қалай болушы еді? Сөйлегендерін есітемін той. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айталық, күндіз өзіңіз көрген надзирательдің сөзін қалай ұмытарсың... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– А, күндізгі ме? Е, ол бейшара ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сен білесің бе? Оның өзі де тұтқын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ надзиратель етіп қойған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Егер қызметін неғұрлым қатал жүргізсе, соғұрлым оның еңбегі бағаланып, жаза мерзімі қысқарады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түрмеден ерте босатылады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал, кейбіреулері бостандық алғаннан кейін де өз еріктерімен түрме қызметінде қала береді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күндізгі екеуміздің досымыз дәл сондай сорлы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жә, оны қоялық... Сенің оқуыңды қалай етсек екен? Сен көп нәрсе білуге тиіссің, бауырым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Берсе қолынан, бермесе жолынан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлімбек батырдың тұқымына тіктеп келе алмас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қиялай тартып, араға кісі салды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өткеніне көп жыл өтсе де, батыр бабаның сұсы өңменге әлі де қадалардай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үстіңгі ернімен көк тіреп, астыңғы ернімен жер тіреп, қанша дәуірлеп тұрса да Дауылбай алыс аруақтың айбынынан сескенер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дауылбай қызметшісі Сақан палуанды шақырып алып қатты тапсырды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бердіқұлға айт. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күміс ерді бере тұрсын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұлық біраз күн құмардан шыққан соң қайтып береді де. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұқтың ба-ей, Сақан?! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Құп, байеке! – Палуан Дауылбайдың шегір көзінің ұшқынына шыдай алмай, төмен қарап, басын иді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Туысқаның ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көндір. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұлық дегенде елдігін ойласын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Намысымыз бір, – деп қайрады Дауылбай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сақан палуан Алсай еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Соған әдейі тіреп, туысқандығын бұлдап айтқан-ды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дауылбай жирен қаба сақалды, домалақ жүзді, шегір көз, сары кісі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бетінен шертіп жіберсең қан шапшырдай албырап тұрар еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кертпек мұрнының танауы делдиіңкіреп, ұдайы кекесін күлкінің табы білініп қалар, жүзі жылы көрінгенмен, сол бір мысқыл күлкі мен шегір көздің ызғары арқанды аяз қарығандай өтіп кетуші еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шегір көзде ызғар, езуде – күлкі, бет-жүзінен нұр шашырап тұрса да, бүкіл пішін сіреспелеу болатын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Содан ба, кім білген, Дауылбайдың қос шекесі ұдайы құрысып, құрсау қысқандай ауыратын-ды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сақан палуан бір сәтте Алсай екені есіне түсіп, күміс ер бүкіл Алсайдың киелі әулиесіндей екенін ойлап қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шабарманының қобалжулы көңілін танып қойып, Дауылбай: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Неғып тұрсың?! – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дауысы мылтық атылғандай келте, әм шымыр шықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Палуанның зор денесі селк етті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ләм демей, кілт бұрылып жүре берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өзімен салыстырғанда торғайдай ғана адамның айқайына селк ете қалғанына қорланып келеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Кәпірдің басы шақшадай, – деді өзімен-өзі сөйлесіп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мына қолмен бір мыжып жіберсем, миы бырт ете қалар еді». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жұдырығын түйіп, тобылғы қамшының жұмыр басын қысып-қысып қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қанша күшті болса да, қайта саусақтарын ауыртып алды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тобылғы – Дауылбайдың басы емес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дауылбайдан күшті бола тұра, оған неге бағынышты екенін де ойлады Сақан палуан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Кәпірдің көзі жаман, – деді өзіне өзі жауап қатып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жабайы мысықтың көзіндей. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бет қаратпайды». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ойы одан артыққа бара алмады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұлай қарасаң бұл мықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дауылбай әлсіз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал бұлай қарасаң Дауылбай мықты, бұл әлсіз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түсініксіз дүние. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жұмбағы көп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл дүниеде жұмбақ шешкіштер ғана олжалы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дауылбай сондай болар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
* * * |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сақан палуан астын-үстін сөйлейтін, ардың-гүрдің әпербақандау қу әдетін бұл жолы да жасады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Күміс ер сені мен менің не теңім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді бізден Әлімбек батыр шығады деп отырсың ба, қасарысқанда. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Онан да бер де құтыл, – дейді баяғы тобылғы сапты қамшымен бөстекті салып-салып қалып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бердіқұлдан басқа біреу болса, ашуға булығып, өкпесі аузына тығылып алқынар еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мынау мырс етті де қойды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Басынан тері телпегін алып, ұстарамен сыпырылған көгеріс шашын сипады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жазық маңдайы жиырылып, қатпар-қатпар, қараөзектей сызаттар пайда болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кеш болып бара жатқан кез еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күн Саз-Төбеден әрі аунап түскенде, шығыстағы Құланның үстін өрт шалып қара шоқылар балқып бара жатқандай көрінді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ілезде табы басылып, әлгі шоқылар қайтадан қарауытып, состиып-состиып тұрысты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Алсай ауылының жерошақтарынан от жылтылдады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көгенде бұршағына буынған лақ бақырды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қарақойын бойынан шымшық қорыған балалардың түңкелері қаңғырлап, «по-полаған» дауыстары іргеден шыққандай естіліп тұрды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жыртық күркенің алдында, далада бөстек үстінде отырған Бердіқұл мына әдемі кештің сан құбылма дауысын құлағы қалт жібермей, үн қатпай қалғып кеткен сияқты еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мамырлықты Сақан палуан бұзды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ей, Бердіқұл, елемей отырсың ба? Ер қайда? – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бердіқұл тағы да мырс етті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қысқа мұртын ширатпақ болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Сақа, болмайды ғой, – деді. |