KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сәліктің басқа баласының бәле-жаласы сендермен бірге кетсін!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл тізгінді тартып қалса керек, торы аттың басы кегжең-кегжең етіп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, білдім, болыс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл Алсайдың балалары малымды бақпады, егінімді екпеді, отыммен кіріп, күліммен шықпады, еркіме жүрмеді, – деп тұрсың ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сенің дегенің болмаса – ол шіріген жұмыртқа екен ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол үшін де Бердіқұлдың қанын төктің, қапыда қалдырдың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұныңды екі дүниеде кеше алмаспын, Дауылбай! Қанға қан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кек алмасам, ағамның шейіт кеткен жаны ана дүниеде жай таба алмас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ендігі қалған өмірім сенен кек алумен болсын!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– О, найсап... – деп Сақан палуан тұра ұмтылған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бет-аузы топырақ, ыза буған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Болысқа тіл тигізуін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл оның қолын қағып жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көз ілеспей торы атқа қарғып мінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, сорлы малай, – деді енді аттың үстінде тұрып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сен өлгенде мына болыс басыңа көк тас қояр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Асыранды төбет.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әупілдетіп қойғаны-ай сені Дауылбайдың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өз ұяласын өзі қапқан сорлы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көзің бір ашылмады ғой!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл кезде Ахат бастаған алсайлар келіп жеткен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Болыс солардың сәлемін алмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сақанға:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Аласта ауылдан! – деді де ордаға кіріп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл шыдай алмай қайың сойылмен ақ орданың маңдай тұсын құлаштап тұрып бір салып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құба талдан қиылған уықтар сықырлап барып сынып түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Іште ояз санап отыр екен:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бір ұрғаннан төртеуін сындырды, – деді сүйсінгендей болып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сірә, ағасының төрт қабырғасы үшін шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Казак-орыстар мылтық көтерді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аспанға қарай атып-атып жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Іштен ояз айқайлады:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Атпаңдар, оңбағандар!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әшейін, қорықсын деп аспанға аттық, – деді солдаттар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айтса айтқандай, алсайлар сескеніп, шегіншектей берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ат үстінде Рысқұл білтелі мылтығын тақымынан суырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Әттең, ана солдаттың қолындағы мылтық менде болар ма еді», – деп армандады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қапелімде ойында бір сотқар от лап ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тәуекел деп торыны тебініп те жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Торы сонда шегірткедей ыршып түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл солдаттардың тұсынан жұлдыздай ағып өтіп, мылтықтарын жұлып-жұлып алып, жүре берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Орданы үрей қалшылдатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дауылбай енді шындап қорықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Зәресі зәр түбіне кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шыр шынай съездің алдында дәл мынандай сойқанға соқтығарын кім білген?! Мылтық атаулы Рысқұлдың тақымында.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ояздың жалғыз бесатары бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ бір қорықпаған кісі сол болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол жақсы ойын көрген адамдай көңілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бесатарын қабына салып қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұлықтың бұл сабырлылығы болысқа ұнайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ көкірегі құрғырдан сайлау кетпейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ауылында мәртебелі мейман болып жатқанымда бұзықтарына басындырып қойды деп ертең Дауылбайды саз балшыққа отырғызбаса қайтсін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ояз болса:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, көзсіз тентек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұнатамын осындайларды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Егер киргиздардың бәрі осындай келсе, сіз бен біздің халіміз мүшкіл болар еді, управитель мырза, – деп Дауылбайға қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бірақ сіз бен біздің бағымызға, ол жалғыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қайдан жалғыз, мырза, Рысқұл сияқты бұзықтар толып жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ахат деген, Үсіп, Қорған, Махан, Шыныбек, Жуаныш деген қызылкөз құдай атқандар бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлгі жауыз алып кеткен мылтықтар олардың қолына тисе, біздің ордаға қауіп көп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біріншіден, мырза, мұндай бейбастақтың болғанын кешіріңіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екіншіден, бізге әскер жіберіңіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлгі басбұзарларды ұстатып, ауыздықтамаса, бұл жаман халық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ояз қарқылдап күліп, болыстың арқасынан қақты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ішінен: «Империя үшін Дауылбайлар болғаны қандай бақыт! Шен үшін, өз қарабасының қамы үшін, қаны бір туысын құрбандыққа шалып жібереді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жоқ, Дауылбайды болыстықтан түсіруге болмайды», – деп қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ал дауыстап тұрып айтқаны:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сіз өте сақсыз, Дауэльбай Тайтелиевич.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол дұрыс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сақ болу керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал дәл қазір Шымкенттен әскер шақырып, әбігер болатындай ойран оқиға жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сен білуге тиіссің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұқтың ба? Көп, көп білуің керек сенің!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

* * *

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл жолы есіктің өзі емес, адамның басы сияр-симас кеспегі ашылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұтқынға тамақ беру үшін әдейі істеп қойған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мә, мына атауыңды ал! – деген зекіме дауыс естілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Балаң екеуіңе.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал анау мейманға бүгін кешкі ас берілмесін деген бұйрық бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құрметті қонағың ғой, Рысқұл, мүмкін өз сыбағаңды берерсің оған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Хи-хи!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Надзиратель қиқылдап күліп, сірә, тауып айттым-ау деген болар, өз сөзіне мәз болып кете барды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жұдырықтай қара нан мен бір ожау сылдыр сорпа екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Наны желім сияқты, сірә, қара бидайдың ұнына бұршақ, арпа ұнын араластырған-ау, әйтеуір құдай кесір қылмасын, сүйкімсіз-ақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ішіне күшәла орап итке тастайтын қамыр сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кел, тамыр, – Рысқұл қараңғыда түртінектеп, котелокты ортаға қойып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Былжыр қара нанды үшке бөліп, алдымен Бронниковке ұсынды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жоқ, рақмет, – деп Бронников бас тартты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл оның алақанын зорлағандай мытып ашып, нанды ұстата салды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мә, Тұрар, – деді қараңғыда баласынын қолын сипалап іздеп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мен жемеймін, көке, әлгінде мырзаның кухнясында тамақтанғанмын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аспазшысы жақсы кісі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзің жеші, көке.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сен сыпайылықты неғыласың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жұтқан – жұтамас, мә, жеп ал, қарнын ашады, – деп әкесі жік-жапар болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрардың тоқ екені рас еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Наташа екеуі бір сағаттай отырып, әліппені ежелеген соң, мырзаның қызы оны ас үйге ертіп барып, тамақ бергізген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Приходьконың басқа қызметкерлері өсек-аяң, құқаң-сұқаңмен шаруасы жоқ, тіршілігіне мығым баланы аяп, жақсы көріп кеткен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бары болса бөлісіп, жандары қалмайтын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Рақмет сендерге, – деді Бронников біртүрлі тебіренгендей, толқынды үнмен.
Көрсетілді: 18300 / 47388