KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Болыстың ауылы төскейде.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Елдің жатқан-тұрғанын алақандағыдай көріп-біліп отыру үшін болыс қонысты өрлеуден әдейі тіккізген сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тал-дарақтың сарғая бастаған жапырақтарын тозаң тұтқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күз де болса күн ыссы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көбелектердің өзі ыстықтан, ыңқылдап, шөп басында әрең отыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жолда келе жатқан адамдардан сескеніп жалбаң етіп үркіп ұшса да, лезде жалп етіп барып қайта қонады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек қарлығаштар ғана ащы күнді елең қылмай көнетоздау бола бастаған көгілдір аспанда қайқаңдап ұшып, қалықтап жүр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл бағанадан бері байқап келеді: бір ұя қарлығаш бұлармен қапталдай қабаттасып, ілесті де отырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұны кәнігі аңшы Рысқұлдың жіті көзі ғана шалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басқалар мән берген жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарлығаштар жабылып келіп қаралы топқа құс тілінде шиқылдап көңіл айтқандай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарлығаш жөнінде адам не біледі? Ұшып жүрген көп мақұлықтың бірі дей ме? Оның басқа құстардың бәрінен бөле жарылып, адамдармен жақындасып, адам мекеніне ұя салатынында не сыр бар? Ұясын өзге құстар құсамай балшық пен қыл араластыра өріп, бекем жасай алатынында не мән бар? Балапандарын құлап кетпесін деп аяғынан тұзақтап қоюды қайдан біледі? Демек, ол адам жан-күйін білмейді, түсінбейді деп айта аламыз ба? Осы келе жатқанында мына Алсайлардың қайғысына ортақтаспасына кім кепіл?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құс екеш құс та мейірлі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал адам адамды өлтіре алады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтсе де, қазіргі кәнігі аңшы қарлығаштар – адамдардың қайғысына ортақтасудан гөрі өз құлқын қамын ойлап келе жатқанын да сезіп еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шөп басқан қара жолдың үстімен жүрген жұрттан үріккен шегірткелер ыршып-ыршып жиекке шыға бергенде қарлығаштар қақшып алып кетіп жатқанын Рысқұл ғана аңғарып келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Қарлығаш, сен де жыртқышсың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына мен де жыртқышпын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Талай аңның қанын төктім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ біздің жыртқыштығымыз құдай-тағаланың құдіретінен аттап өтпейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жаратылыстың өзі солай жазып қойған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен арқар атсам: «Е, жануар, сенің жазығың жоқ, аш отырған адамдардың азығы жоқ», – деп атамын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал, қарлығаш, сен болсаң ұядағы балапаныңды асырайсың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ, адамды адам өлтіргенің не деп түсіндіруге болады? Қарлығаш қарлығашты сірә да өлтірмес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кеше ғой Ахат айтты: «Қасқыр да қастық қылмас жолдасына» деп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда адам баласы бірін-бірі қабырғасын күйретіп, өкпе-бауырын езіп жібере алады екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Неге бұлай? Құдай-ау, неге бұлай? Болысымыз Дауылбай да – Сәлік, оның сойыл соғар қарақшысы Сақан да – Сәлік, біз де – Сәлік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бәріміз Шілмембет Шымырдан тарадық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дулаттың дуанынанбыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Домалақ ананың құрсағынанбыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

О, әулие анамыз! Сенен де адам өлтіргіштер туған екен де.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жау емес, жат емес, туған бауырын өлімге қиған қандай залымдық! Сонда ағайын арасы берік болмағаны ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарап тұрсаң, ата-ата бір жақ емес, барлар, атқамінерлер бір жақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бай – байға, сай – сайға құяр деген осы екен».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үстіндегі иесінің қалың ойға кеткенін сезгендей жирен ат асықпастан бір-бір басып келе жатыр еді, Рысқұл ауыр күрсініп, басын көтеріп алғанда, астындағы аты да атырылып кете жаздап, тізгінді босат дегендей мойнын садақтай иіп, шірене берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Томпаңдаған торы атқа мініп келе жатқан Ахат Рысқұлға жанай түсіп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Есіңде болсын! Қызбалыққа салып жүрме.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құр ашумен алысқа шаппайсың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арыстай азаматымызды сұлатып тастағанда кеудемізді ыза кернемесе, ондай кеудеге сабан тығып, тұлып қылған артық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы сен бүлік шығарғанды қашан қоясың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлде өзіңдей бүлікшінің баласына бүйрегің бұрып тұр ма? Сен өйтіп жанашыр бола қалсаң, мен өл бөлтірікке анау төгілген боқты тұмсығымен тазартқызам, бәлем!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Домбыққан ауру көзінің алды ұдайы іріңдеп тұратын, не дүнген, не қазақ, не орыс екенін айырып болмайтын, жалпақ мұрын, жайын ауыз еңгезердей дәу неме балаға таман адымдады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлгі жирен сақал тұтқынға таңырқай қарап, сүйсініп қалған бала кенет өзіне төніп келе жатқан қара дәудің жақындап келгенін көріп, әпжыланның алдында жападан-жалғыз қалған көжектей қалтырады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бала өте сезімтал-тын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір ауыз жылы сөзден іші-бауыры езіле елжіреп, әлдеқандай аяныштан көмейіне түйіліп жас тығылып қалушы еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кімді аяйды? Өзін өзі аяй ма? Әлде аяушылық атаулы сезімді аңсағаны ма – белгісіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жирен сақал тұтқынның сәл жанашырлығын таныған сәтте-ақ дүн-дүние төбенің тар дуалдарынан аттап өтіп, кеңейтіп сала бергендей, кішкентай жүрегі сол жазира кеңістікке ұшып шығар қапастағы пейіш құсындай үнсіз шырылдап, демі жиілеп, танауы қусырылып, қуаныштан яки аяныштан, жылағысы келген нұрлы шақты лезде қара бұлт қаптағандай болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адамның көкірегінде нұр ойнап, сәуле шашыраған сәт – әлемді жаратушы құдірет-күшпен кездескендей бақыт дариясында жүзіп жүрген рақым сәті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соны демде қара дауыл соққаны обал-ақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аяныштан елжіреген жан-жүйең қорқыныштан күзгі жапырақтай қалтырап кеткенде кеудедегі періштені дию-пері қылқындырып жатқандай болмақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Надзиратель құзғын құстай қалбайып төніп келгенде, таптап өтетін тажал келе жатқандай көрінді де бала жасқанып шегіншектей берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шегіне-шегіне жонарқасы дуалға барып тірелгенін бір-ақ байқады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дуалды итеріп құлата алмайсың, секіріп кете алмайсың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дуалдың қаттылығы мына мылтық кезенген надзирательдің қаттылығынан кем емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар бір аяғын көтеріп дуалдан өкшесімен тепкішек іздегендей болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қызылтаңдағы жан дәрмен, әйтпесе тепкішек жоғын біледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өкшенің тиген жерінен бір кесек опырылып түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бала еріксіз аяғының астына қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жұдырықтай кесекті еңкейіп көтеріп алмақшы болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қару етіп, қайрат көрсетпек пе? Кім білсін... Кесекті ала бергенде домбаз дуалдың түбін тесіп шыққан итқызғалдақты көзі шалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұрын қалай байқамаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мыжып кетпейін деп бір адым оңға жылжыды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Демек, даланы итқызғалдақ жауып, қызыл-жасылдан қырдың жүзі құлпырып тұрған мезгіл екен ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына бір түп гүл бұл түрменің домбаздап соққан дуалының түбіне қайдан шығып жүр?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иттің баласы! Тұмсығыңмен тазала мына жерді! – Надзиратель Тұрардың көне шыт көйлегінің жағасынан бүрістіре ұстап алып қол арба тұрған жерге дырылдатып сүйреп әкелді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ағатай, тазалайын қазір...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жоқ, сен қолыңмен емес, күрекпен емес, тек тұмсығыңмен тазала! Міне, былай, былай: – Надзиратель баланың желкесінен сығымдап, басын төмен тұқыртпақ болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ қылдырықтай мойынның мұнша сіреспе екенін байқап әрі таң қалды, әрі ызаланды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол қолындағы мылтығын қисайып жатқан арбаға сүйей салып, енді қос қолдап кірісті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ағатай, өзім-ақ қазір... – деп шырылдады бала.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жоқ, бандиттің баласы! – Надзиратель баланың басын иіп жерге жеткізе бергенде:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тоқтат! – деген ащы айқай мылтық атылғандай болып естілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл Бронников екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айналып жүретін шеңберден шығып кетіпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басқалары да соның соңынан кісендерін салдырлатып, бері қарай беттеп келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Надзиратель өзінің қатесін енді түсінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұтқындардан көз айырып, жұдырықтай баламен алысып кеткені әбес болған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дереу Тұрарды қоя бере салып, мылтығына жармасты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қайт! Кейін! – деп қырылдады надзиратель.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ тұтқындар бұған төніп келе жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кісендер дауысы қаттырақ, қаһарлырақ естіледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір ырғақпен гүрс-гүрс етеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Надзиратель амалсыз артқа шегіншектеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мылтығын кезенді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бронников! Атамын! Патша атымен ант етемін! Атамын!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бронниковтың жирен қаба сақалы мен жалқын сары шашын көктемнің желі ұйпалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бронников! Тағы ескертемін! «Қанды жексенбіні» сағынып қалдың ба? Қанынды судай шашамын! Тоқта!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кісендер дауысы гүрс-гүрс етеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Петербургтегі «Қанды жексенбіге» қатысып, алыстағы қазақ даласына айдалып, Верный түрмесіне қамалған Александр Бронников надзирательмен бетпе-бет келіп:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Баланы қорлаушы болма, айуан! – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сен әуелі оның кімнің баласы екенін білесің бе? – деп қырылдады мылтық кезенген надзиратель.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кімнің баласы болса, оның баласы болсын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтеуір адамның баласы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қорлама оны!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жоқ сен білмейсің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол Рысқұлдың баласы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ең қадірлі болысты өлтірген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жоғары мәртебелі губернатор жақсы көретін болысты атып өлтірген! Енді білдің бе!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Білдім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Білсең орныңа бар! Шеңберден шығушы болма! Әйтпесе, Рысқұл құсап бір мезгіл таза ауаға серуенге де шықпайтын боласың.
Көрсетілді: 18500 / 47388