KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл айғырды мойнына шылбыр салып жетектетіп жібермей, ер-тоқым, жүгені, өмілдірік, құйысқаны, бар әбзелімен көлденең тартқаным дұрыс болар» деген Дауылбай мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әне сонда барып оның есіне баяғыда өткен Әлімбек батырдың күміс ер-тоқымы сап ете түсіп еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қақтаған ақ күміспен қапталған ер-тоқымсыз қарақасқаның сәні келмейтінін білді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қолға түсе бермейтін ұлықты құдай өзі айдап келіп тұрғанда есінен кетпестей етіп риза қылмаса Дауылбай болыс сайлауында не болмақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басқа біреу болса Дауылбай күміс ерді тартып алар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арық бойымен айдаһар бүктетіліп жортып келе жатқандай арқырап, алқынып, қақалып-шашалып, ай сәулесінен жоны жалтылдап су келіп қалған екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– «Е, суды Бердіқұл бері бұрып салған екен ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді өзі де келе жатқан шығар», – деді Рысқұл жалпақ кетпенмен құлақ-құлақтың аузын нығарлап тұрып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арындап келген асау су құрғақ топырақты құлақты бұзып кете берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл шым ойып салып әлгі суға әрең ие болып тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бердіқұл тезірек келіп, екеулеп бумаса, мына тасқын бой берер емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ Бердіқұл келе қоймады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл ағасы кеткен жаққа алаңдап қайта-қайта қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Су болса әл бермей алқындырып ол барады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ботана тасқын бойыңды қариды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Балағын түріп алған жігіттің балтырын шыдатпай тау суы қақсатып ала жөнелді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Су осындай боп тұрғанда екеулеп салса егінге, тез-ақ жайып алар еді, қайда жүр бұл Бердіқұл?!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жер жарықтық шөлдеп-ақ қалған екен, су сіңген топырақ сыбыр-сыбыр еткендей болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Еміреніп, енесін еміп жатқан бұзаудай:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жеті күн жауған жаңбырдан, желдіріп өткен су жақсы, – деп еді ағасы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тары биыл бітік шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарабұйра Қарақойын топырағы тұқым сепкеннен бір апта кейін ашаң жасыл бояу тартты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қос құлақтанып жер бетіне шыққан жасыл жапыраққа қарап адамдар:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, құдай, құдіретіңе тәубе? Ырыс бергеніңе, несібе бергеніңе тәубе! – дескен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді, міне, сол тары сабағы жуан, балағы сабалақ, кере қарыс бас тартты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Толысып келе жатқан уыз дәнін көтере алмай шашақты бас салбырап төмен иілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тары қызыл тұмсық шығарып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Амандық болса, осы судан кейін ораққа да ілінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қырман толып, қап толып, қамба толып, қарық болар ма екенбіз деп ағайынды жәдігерлер жандарын шүберекке түйіп, суға таласып жүріп, бүгін қолдары жеткен...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл суды шелдеп дөңдеу жерлерге шығарып, мөлтектің аяқ жағына барып қалып, Бердіқұл көрінбес пе екен деп тау жаққа тағы қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Анадайда екі қолы ербиіп екі жаққа кеткен қарауыл шошала ғана қарауытты: шымшық қорқып, тарыға тимесін деп қағып қойған қарауыл түнде түсі суық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тары қоритын уақыт болып қалып еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құс баласы тіршілік қамына ерте кіріседі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал жау шымшық оны қарақшылықтан бастайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құлқын сәріден жау шымшық топ-тобымен ұшып, қызыл тұмсықтанып қалған егіске бүйідей тиеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дәнін торғай шоқып қойған масақ қауызы топан болып, аспанға қарап қаңқайып қалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бала-шаға, кемпір-шал темір-терсек, қаңылтыр түңке қаңғырлатып, айқайлап, қиқулап, шымшықты шошытып-ақ жүргені.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әсіресе балалар сақпан тартып, тары құмар жау құсты түкпір-түкпірден қуып шығады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді осыдан көп кешікпей қырғи келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әне, егінші байғұстың досы сол! Қырғи келді – болды, тары пice берсін, торғай жеп қояды деп қорықпай-ақ қой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл енді байқады, әлгі әл бермей қойған асау су қайтадан азайып қалып, аяғы мүлде үзіліп бара жатыр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Судың соңы бір мезгілден кейін ініне кіріп кеткен жыланның құйрығындай сумаң ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тіпті сызаттап та ақпады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл ағасының артынан бармақ болып кетпенін иығына салып бір тұрды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Онан соң: – Егер әлгіндей су қаптап келіп қалса, құлақ иесіз қалғаны қалай болады? – деп тоқталды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көке! Ay, көке? – деп дауыстап көрді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тырс еткен дыбыс болмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек шілдеқоңыз шырылдайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлденеден адасып қалып зар ұрып, жоқ іздеп жүрген сияқты, аянышты әлсіз дауыс әр жерден бір шығады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дүниеде шілдеқоңыздың шырылындай сағынышты үн жоқ шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көке! Ау, көке! – деп Рысқұл бұ жолы айқай салды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айқайы үнсіз мүлгіме далаға сіңіп жоқ болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жігіттің жүрегі өзімен-өзі әлденеге дүрсілдей бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Танауы қусырылып, қараптан-қарап, қатты-қатты дем алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кө-ө-ке-е-е! – деп бұ жолы ұзақ айқайлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әшейінде әдемі қоңыр дауысы қазір бұзылып тарғыл-тарғыл барылдаңқырап шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құлақ тосты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шілдеқоңыз бір сәтке тына қалып, қайтадан шырылына басты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлдың дауысынан аспандағы асқабақтай ай селк еткендей болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сөйтсе, өз даусынан Рысқұлдың өзі селк еткен екен; Дәу-Бабаның жыныс тоғайлы түкпірінен байғыз сұңқылдады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлдың тұла бойы мұздап сала берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Балуан тұлғасы қара жерден тұғыр таппай, иесіне де ырық бермей, безгек тиген кісідей селкілдеңкіреп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Иә ашу қысқанын, иә қорыққанын өзі де ажырата алмас хал.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір сұмдықтың болғаны хақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтпесе ол кеткелі ет пісірім мезгіл өтті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алыстан иттің үргені естілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жігіт құлақ салып еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дауылбай ауылы сияқты көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Дауылбай! – деді ол дауыстап.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді ол арық бойлап, жоғары қарай өзінің тұра жүгіргенін де сезбей қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түбіртекке сүрініп кетіп, ет беттеп жығылып барып, бойын әрең түзеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол өзінің жанұшырып жүгіріп келе жатқанын сонда білді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Отырып тұрып, енді едәуір көтеріліп, төбеден төңкеріліп тұрған ай Рысқұлмен қоса жүгіре жөнелгендей шошаң-шошаң етті; Дәу-Бабаның жотасы бір жоғары, бір төмен ыршып түсіп, Рысқұлдың көзінің алдындағының бәрі жанталас қозғалыста еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түймебас түйіртпек тікен пісіп, қатайып қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ащы қызыл тікен балтырын тырналап, қанын ағызды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ Рысқұл мұны сезген жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ағасының бір бәлеге жолыққаны анық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соған жетпей, жан ауруына көңіл бөлер емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атадан қалған үйелмелі-сүйелмелі үшеу еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үшеуі бірінің етегінен бірі ұстап, енді-енді қанаттары қатайып, ел қатарына қосылып жатқанда бәле-жалаға ұрынбай, тек жүргенге не жетсін?! Бәлеге ұрынайын деп кім ойлайды дейсің?! Заман соқтықтырады-ау, заман, заман.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзің тыныш жүрсең де, өзге келіп тиіседі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сойылын суға салып отыратын сотқарлар көп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шамшыл болмайын десең де шайтан түртіп, шалғайдан алып, шатаққа шақырады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әнеукүні де бір қасық суға бола Дауылбай ауылымен керілдесіп қалғанда, кедей Сәліктің бас көтерері осы Рысқұл боп қой қаптағысы қозып, қаны бір қайнап еді: ағасы «қой-қой», – деп, арандаудан әрең алып қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ағасы заты момын адам.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бердіқұлға қарап, бабасы Әлімбек батыр болған екен дегенге ешкім нанбас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Заты жуас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлдеқайда сойқан іздеген содырлар жолықса, оларға қарсы тұрар қауқары да шамалы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Азға қанағатшыл, кембағалдыққа мойын ұсынған, тақасуға жоқ, құдай деп жүрген бір адам.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Анасы марқұм қайтарда:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бердіжан-ау, шиеттей үш құлынымның ес білері, бас иесі сен едің, алысқанмен алысып, жұлысқанмен жұлысуға жарар ма екенсің, құлыным.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына заман зордікі, – деп еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Байғұс ана баласының сырын білгеннен де, көрінгеннің көз түрткісі болып, қорланып кете ме деп қорқар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ Бердіқұл қанша момын болғанмен, әсте жалқау емес-ті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шаруаға дегенде өлермен, шаршау білмей, ертеден қара кешке дейін мыңқ етпей жер жыртып, тұқым сеуіп, топырақ малалап бір тынбас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол табан ақы, маңдай тері арқасында қара шаңырақты ұстап қалды да, ата түтіні өшпесін деп, інілерінің кір-қоңың басын жамап-жасқайтын өзіндей жуас, қара табаннан шыққан кедей Сиқымның қызы Қатшагүлге үйленіп еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оған да небары жылға толар-толмас уақыт өтті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл кетпенін сайыскерлерше алдына кезене ұстап, арық бойлай аңыратып келе жатып, әлсін-әлі:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көке! Көке! – деп айғайлай берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек алыстан иттер қаңқылдады.
Көрсетілді: 18700 / 47388