KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тағы да байғыз шақырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы келе жатқан бетінде Рысқұлдың алдында қанша адам болса да төтеп бере алмастай бір дауылды екпін, адамның мүмкіндігінен тысқары бір дүлей күш бойын кернеп келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазір де солай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кетпеннің жалпақ жүзі айдың жылусыз сәулесіне шағылысып қояды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл өкпесі қабынып жүрегі тарсылдап алқына жүгіріп келе жатып, бір мезгілде алдында жарқырап жайылып жатқан суды көрді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көлкіген судың түбінде аспандағы айдың суреті дірілдеп тұр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның бір жағынан қарауытып суды буған бел тоған көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Е, – деді Рысқұл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жаңағы судың құрып қалғаны орта жолдан мына мықтылар тарс байлап алған екен ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бердіқұл қайда?!»

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аламан-тасыр ашумен келген бойда тоғанды тас-талқанын шығарып бұзып, суды жығып алмақшы болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ түн жамылып ұрлық қылған кісі құсамай бұл иттерге мен көрсетіп тұрып істейін істейтінімді деген оймен:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қайсың бар-ай! Суды байлаған қайсың? Шық бері! – деп айқай салды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өз дауысының жаңғырығы басылып болған соң тұра қалып, төңірекке құлақ тосты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әуелі өзі жүрегінің шапқан аттай тарсылын есітті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сылдырап, құлақ-құлаққа түсіп, топыраққа сіңіп жатқан су сыбдырын есітті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дәу-Бабаның арғы қойнауынан құлама судың сарқырамасын есітті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тағы да байғыз сұңқ ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Содан кейін барып дәл табан астынан, қара жердің қойнынан ыңырсыған адам дауысы естілгендей болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлде адам емес, қара жердің өзі ыңырсып жатқандай да еді-ау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кейде ойлап тұрсаңыз, жердің де жаны бар сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Болар-болмас ыңырсыған, өлімші дауыс тағы шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарсы алдындағы қарат отаннан шыққандай болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жүгіріп барып, еңкейіп қарап еді, жүрегі тас төбесінен шыға жаздады, шымдардың арасынан адамның басы шығып жатыр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл ә дегенде шалқасынан түсе жаздап, үрейі ұшып кетті де, өзін-өзі билеп, жүрегі дауалап, әлгі басқа қайта үңілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– О, соры қайнап, сорпасы төгілген бейшара Бердіқұл!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Өлтірді ғой мені мына иттер, – деп сыбырлады Бердіқұл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл жан дәрменде қос қолымен шымды қопарып, кісінің белінен келетін биік тоғанды әрең бұзып, астынан ағасын суырып алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ағасы қатты ыңырсып, қозғалуға шамасы келмеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл оны арықтың жағасына жатқызып салып, үсті-басын сипалап көріп жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тоғаны бұзылған таудың суы шымдарды сендей қақпақылдап, Сәліктер жаққа қан аралас ойқастап ала жөнелген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл ағасының аузы-басын қарауыта тұтып қалған иә қан екенін, иә балшық екенін ажырата алмай, жеңімен әрі-бері сүрте берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Құдай-ау, кім сені мұндай халге ұшыратқан? Кім, ойбай, қолында өлейін, әуелі жамбасыма ала жығылайын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кім, айтсаңшы?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қа-быр-ғам! – деді Бердіқұл үні шығар-шықпас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Інісі ағасының шылқылдаған көне бешпетін абайлап шешіп, су-су көйлегін түре беріп еді, Бердіқұлдың дауысы шар ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қанша жаны ауырса да ыңқ демейтін адам, мына соққыға шыдай алмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Өлтірді ғой мені иттер, – деді қайтадан үні сөніп бара жатып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Дауылбай күміс ер-тоқымның өшін алды ғой, ақыры.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлдың көзінің алды қарауытып сала берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сәлден кейін барып, көзінен қызыл-сары шеңберлер шашырағандай болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жылар еді, көзінен жас шықпады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек, өзегі өртеніп, көкірегі аяққаптай ісіне өрекпіп, өзін әлдеқандай зұлмат қуат жерден аспанға көтеріп алып ұшардай қомдана бергенін байқамай барады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дауылбай бастаған иттер ағасының қабырғасын тепкілеп сындырып, ол аз болғандай шым тоғанмен бастырып, тірідей көміп тастапты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Алсайдың ақымағы енді суға тимейтін боласың! – деп су бөгенге жығып салып кетіпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұдан артық қандай қорлау бар жер бетінде!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Неге бұлай? – деген сұрақ жас жігіттің жанын паршалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ағасын қабырғасы сау сол жағына жантайта жатқызып, бет-аузын сумен шайып тазартып жүріп әлгі сұрақтың шырмауында қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бәріміз бір атаның баласы емес пе едік, құдай-ау?! Бәріміздің бабамыз Сәлік емес пе еді! Ағайынды адамдар – ағалы-інілі, үлкен-кіші боп, біріне-бірі сүйеу болмаушы ма еді? Бұ не қылған жауыздық! Өз бауырын өзі тепкілеп, қатарынан үш қабырғасын сындырып, ол аз болғандай шыммен бастырып, тоғанға байлағаны несі, жауыздар! Ай, нәлеттер-ай, ә!».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ағасын арқалап алып қайтайын десе, оның есебін таппады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арқаламақ тұрмақ сәл қозғалтса құлындай шырқырап, құйқа тамырыңды шымырлатады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тастап кетіп, адам ертіп келейін десе – оның да лажын таппады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айдалаға ауыр халдегі өлімші бейшараны қалдырып кетуге дәті шыдамады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Зорлықшыл иттерді барып қазір түн ішінде ойрандайын десе мына бебеу қағып жатқан жаралыға алаң.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Амалы құрыған Рысқұл ызаға булыққаннан дауысы барқырап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Дауылбай! Қап, бәлем! – деп айқай салды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дауылбай ауылының иттері маңқылдады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тау жақтан ескен самалдан арық бойы сәмбі талдың майда жапырақтары қалтырап, алыстан інген боздағандай бір аянышты үн шығарды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оған жоқ іздеп түн баласы көз ілмеген шілдеқоңыз қосылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлсіздердің әнінен қара жер анда-санда көкірегі қарс кетіп, күрсініп салғандай құлақ түріп тыңдаған адамға.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қара жерге саңылау біткен шығар, сол саңылаудан Бердіқұлдың жер қойнындағы анасы ұлының соққыға жығылғанын көрген шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аруақтар тірілердің итше ырылдасқан тіршілігіне қынжылып, сай-сүйектері сырқырар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ айтарға амал жоқ, о дүниенің үні бұ дүниеге жүз жылда да, мың жылда да жеткен емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аруақты қос аршын жер тереңдікке ғана көмсе дағы, жер бетіне дейінгі екі аралық жолдың шегі жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бүгін түнде де зор әділетсіздік белең алып, тасыраңдап кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кетпеннен басқа қаруы жоқ, оның өзін адамға қарсы айбат етпеген, жападан-жалғыз егіншінің қаны лай суға араласып ақты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адамның азығы – адамның қанымен суарылған түн болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Оян, Тұрар!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл баланы иығынан тартқылады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бала ояна қоймады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кеше ол камераға кеш оралған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сонда қай сот шешеді? Жай сот па, әскери сот па? – деп қалды Жайылма болысы Нарсұлтан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басқа болыстар бұл сұрақтың мәніне түсініңкіремеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ сыр бермеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Нарсұлтанның өздерінен өресі биіктеу екенін іштей мойындасты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жай сот пен әскери соттың айырмасын біле алмай дал.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл арасы ояздың өзіне де беймәлім болып шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мырзалар, мен аттанайын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл сұрақты Верныйға бара шешерміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қылмыс өте ауыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әділ сот өз шешімін айтады, – деді ояз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Нарсұлтан болыс алдыға ұмсына түсіп, қол көтерді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жоғары мәртебелі мырза, Сіз әрине, біз пақырдан әлденеше есе артық білесіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал біз, сіздің қызметшілеріңіздің пайымдауынша, бұл жай өлім емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қылмыс – жай қылмыс емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұның салдары қиын болып тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Егерім, осыдан Рысқұл ең ауыр жаза алмаса, мына бізге де қиын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Неге дейсіз ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл өте зиянды үлгі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ертең бізді де пытырлатып атып тастамасына біз кепілдік бере алмаймыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біз өкімет адамымыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біздің де жауларымыз бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұзықтар әр елден табылады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал олар ауыздықталып, тыйым салынбаса, алдындағы үлгісі Рысқұлдың әрекетін қайталап, қауым бүлінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал бүлінген жерді бүтіндеу қиын екенін сіз бізден гөрі жақсы білесіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сондықтан мен мына отырған қырық болыстың атынан, бұлар мені қолдайды деп сенемін, Рысқұлды әскери сотқа беріп, ең ауыр жаза қолдануын тілер едік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы өтінішімізді ескерсеңіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басқалардың санасына «әскери соттың» мәнісі енді жетіп, бәрі де қойша маңырап қоя берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Дұрыс айтады!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Біздің де талабымыз сол!
Көрсетілді: 18800 / 47388