KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Өлім жазасына кесілсін!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Басқа бұзықтардың жаны түршіксін!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Болысқа оқ ату деген бұрын-соңды болмаған сұмдық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тыйым салынсын!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Болыс тұрмақ, Россияның патшаларына оқ атылғанын бұл топастар білмейді-ау», – деп ішінен күлді ояз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жә, мырзалар, бұл талаптарыңыз орынды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ орыс мақалы айтқандай, құр сөзді қағазға тігіп қоя алмайсың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сондықтан осы арыздарыңызды қағазға түсіріп, қолдарыңызды қойып, мөрлеріңізді басып беріңіздер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кәне, әлгі тұтқын бала қайда? Алдырыңдар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біз аттаналық, – деді ояз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ояз басқалар сияқты малдас құрып отыра алмаушы еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сондықтан астына қос жастықты бүктеп басып, басқалардан биік отырған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазір ол орнынан жеп-жеңіл көтеріліп, тіп-тік тұрған кезде, болыстар жағы қолдарымен жер таянып барып, екі-үш ұмтылып әрең-әрең көтерілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дастарқан жиналмай жатып, барлығы жапырылып ояздың соңынан тысқа беттеген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрарды алдына салып Мақаш келе жатқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Рысқұлдың баласы мынау ма? – деді Дат болыс қолын көзіне көлегейлеп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ажалы жоқ екен иттің күшігінің, – деп кіжінді болыстар тобына сырттан қосылған Таубай старшын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрған топты киіп-жарып, быртық Тұқымбай Тұрардың жанына барды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Баланың бетіне ежірейе қарап қалып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сені неге балалар Қызыл Жебе дейді а? Айтшы, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бала кілең оқа-зерлі киім киген үлкендердің ортасында жүдеу киінген жалғыз өзі екенін көріп, қорланғандай болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ осыншама ығай мен сығайлардың назары өзіне ауып тұрғанын аңдап, бойын жиып алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тас түйіліп тұрып, Тұқымбайдың ірің жиектеген жанарсыз көзіне бұқпай қарап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қызыл Жебе жүйрік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен де жүйрік болғым келеді, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қарай гөр көктүйнекті!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Айылын жимай тұруын күшіктің!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Болар бала боғынан деген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мынау болатын бала ғой, – үлкендер бастарын шайқап-шайқап қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сен Қызыл Жебені көріп пе едің өзің? – деп төнді Тұқымбай баланың үстіне.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жазда Қаракемерде ас болғанда көргенмін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көкем Қызыл Жебеге мініп көкпар салған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұқымбайдың ұмытшақ есіне енді бәрі түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол жолы Рысқұл Саймасайдың сағын сындырған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына тұрған Мақаштан көкпарды жұлып алып, Тұқымбайдың көмбесіне салым салған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Содан шығар, Тұқымбай мына түрмеге кетіп бара жатқан қаршадай балаға кенет рақымы түсіп, басынан сипады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлде әкесінің Саймасайды өлтіргеніне ризалығын жасыра алмады ма.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Алда байғұс-ай, – деп аяған болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Адуын шал алжыған шығар», – деп басқалар бұл әрекетін құптамады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ қанша қаратас жандар болса да, Тұқымбайға дауыстап реніш айта алған жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек ояз ғана:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Пристав, баланы атқа мінгіз! – деп бұйрық берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ояз өз нөкерлерімен атқа қонған соң, болыстар да қонақасыға қарамай, шартарапқа тарай бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тарқар алдында оязға арыз жазып та үлгірді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Рысқұл Жылқайдаров тек бір болысқа ғана қарсы шығып қойған жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол сонымен бірге ақ патшаның заңына, әскери губернатордың және Сіздің жарлықтарыңызға қарсы шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сондықтан оны әскери сотқа беруді талап етеміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Егер біздің осы өтінішіміз ескерілмесе, онда біз өзімізге сеніп тапсырған қызметімізді қауіпсіз атқара алмаймыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Егер Рысқұл Жылқайдаров әскери сотқа берілсе, онда бұл халық үшін үлгі және басы бұзық адамдарды ауыздықтау болар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

1-қаңтар 1905 жыл», – дей келе барлық әкімдер қолдарын қойып, мөрлерін басты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ең бірінші болып Шамалған болысы Дат арапшалап қол қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Содан кейін Жайылма, Кіші Алматы болысы, Мойынқұм болысы, Қарасу болысы, Түрген болысы, Іле болысы, Түстік Балқаш, Тауқұм Балқаш, Ұзынағаш, Құрам, Батыс Қастек, Тау-Жалайыр, Арасан, не керек, қырық бір управитель тізілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қызды-қыздымен Тұқымбай да бармағын басып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлда кегі кеткендіктен емес, болыстардың тізімінде жүргенді үлкен ырым етіп, ішінен: «Е, әруақ, қолда, қолда, қолда!» – деп үш қайталады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қырық бір болыс қол қойған арызбен Верный уезінің начальнигі Георгий Александрович Сорокин әскери губернатор фон Таубенің қабылдауына келген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Рысқұл ісі» деп аталатын жағдай фон Таубеге жете таныс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Вице-губернатор Осташкин мырза егжей-тегжейлі түсіндірген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазір уезд начальнигінің атына жазылған арыз алдына келгенде, «Рысқұл ісінің» өзі ойлағаннан әлдеқайда күрделірек екенін сезді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Менен гөрі надан болыстар көреген болмаса нетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шынында, Рысқұл жалғыз Саймасайға ғана оқ атқан жоқ қой».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Губернатор фон Таубе бұл ойын оязға сездірмеуге тырысты:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әрине, управительдердің қаупі орынды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен де солай ойлаймын, Георгий Александрович.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл қатаң жазаланбаса, басқа бұзықтар да бас көтеруі әбден мүмкін ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ішкі Ресейдегі жағдай анау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кешегі «Қанды жексенбіден» кейін бүлік өршіп барады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол бүлік біздің аймағымыздан да шығып кетпеуіне кім кепіл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алдын алу керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына управительдер ақылсыз адамдар емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Олардың адал қызметшілер екенін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ... Георгий Александрович, әскери сот Жетісу губерниясына таралмаған ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұны сіз білесіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сондықтан бұл мәселені шешу сіздің де, менің де қолымнан келмейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әскери сотпен соттау үшін тек Түркістан генерал-губернаторының рұқсаты, бәлкім, тіпті Ресей империясының әскери министрінің рұқсаты керек болар, – деп фон Таубе креслоға шалқая берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кресло тұсында императордың үлкен суреті ілулі тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Николай II қылыштың қынабына таянып алған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұрты едірейіп, көзі бедірейіп, қай қырынан келсең де өзіңе тік қарайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жарты құдай осы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бәлкім, құдайдан ары болмаса, бері емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұлан-байтақ империяның жекедара монархы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Губернатор фон Таубе патшаға еліктейтін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шашын да соныкіндей қырықтырып, мұртын да солай бастыратын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тіпті қажеті болмаса да беліне қылыш асынады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Креслодан шалқая бере сол қылыштың сабына таянып отырады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ осынша айбынымен кішкентай бір «киргиздің» ісін өзі шеше алмауы оязды қапаландырады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ташкент пен Петербурға мазаламай-ақ өзіміз ғана ың-шыңсыз тындыра салмаймыз ба? – деп қалды ояз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жоқ, Георгий Александрович, ойланбай айтасыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлдың басын ала салу оңай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Одан ештеңе өнбейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әңгіме сол жазаны жұртқа жария етуде.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал жария ету үшін жоғарыдағыдай санкция керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мәселенің өте маңызды екенін айтып мен генерал-губернаторға хат жазайын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жауабы қалай болады іс солай шешіледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Келістік қой, Георгий Александрович.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әңгіме осымен аяқталғанын аңғарған ояз орнынан жылдам тұрып, губернаторға басын иді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сау тұрыңыз, Георгий Александрович, – деді губернатор креслодан тұрмастан қолын созып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ояз шығып кеткен соң, қоңырау қағып, адъютантқа:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Осташкин мырза кірсін, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Вице-губернатор кіріп келіп:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Слушаю Вас, – деп қалшиып тұрып қалды.
Көрсетілді: 18900 / 47388