KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қар қызы

Оралхан Бөкей

неге екенін білмеймін, оны да, өзімді де, тіпті тіршілікшіл әлемнің басы толып, жүрегім айныды;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

жылқышының әйелі айтты: Ақбілек оқуға түсе алмады, сосын әкесіне қолғабыс жасап жүргені ғой:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«Оқып керегі не деп ойлаймын,– оқып керегі не», егер мен оны осына жайлаудағы қымыз иісі аңқыған киіз үйдің босағасынан емес, қаладан: парктен, театрдан, биойнақтан көрсем, дәл осыншалық тәтті мұңмен әсерленіп, дәл осылай сұлу күйінде елестете алмас едім;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

мен оны тіпті басқаша көруге құштар емеспін, онда ол бүкіл таңғажайып жаратылысынан айрылып, үстіне күпәйке емес, әшекейлі жалтырауық көйлек киген сайын жарасымнан жұрдай боп, бетіне опа жаққан сайын қартаятын – сонсоң масқара бұзылып, күнәға бататындай еді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«оқып керегі не, оқып керегі не», бірақ мен мынаған да өкіндім: табиғаттың таза сұлулығын, табиғат өз уысынан-ақ шығармайды-ау, ал көп әдемілікті біз, болмаған соң, қолдан жасаймыз;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ақбілектей қыз, бәлкім, жүз жылда бір-ақ рет туар, әттең, соның өзінде байқамаймыз, не ескермейміз – тағы таудың арасында тасаланып қалар;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

мәңгіге ұмытылады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

қимайсың, қиналасың – дәрменің жоқ, дәрмен бар-ау, көзді жұмып көлге секірер ерлігің болмаған соң осылайша санамен ғана сандалып аялайсың...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аялайсың, керегі не осының... сонсоң, сорлықлықтың бәрін табыстырмас тағдырға телеміз;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

жылқылы ауылдан ұзап, қалың қарағайлы өңкейген жотаны аса беріп, сонау Ешкіөлгеннің баурайынан сыңсыта шырқаған ән құйылды құлаққа!

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал мен Ақбілектің әнін тыңдап, ойға шомдым;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ал жол серіктерім түнгі әнге әрі-бері құлақ түрді де, бірі «Жылқышының қызына зоотехник қырындап жүрген көрінеді», – деп еді, екіншісі: «Ол иттің әйелі, екі баласы бар емес пе», – деді әлденеге өкінгендей кейіспен; сосын екеуі де терең күрсінді:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аспанға қарадым: жап-жарық секілді, қаланың бір өшіп, бір жанған сансыз оттарына өте ұқсайды екен;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

жұлдыз ақты: Ешкіөлгеннің ар жағына асып, ал қараланып жатқан қара жерге қарс кіріп кеткендей болды;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

маған жұлдыздар жауып тұрғандай сезілді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

аузымды аштым, алақанымды жайдым –дарымады, жаздың жанға жайлы жұмсақ түні болса да қалтырап, тоңази бастадым;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ешкіөлген жақтан естілген ән бәсеңсіп, арқырай кісінеген айғыр даусы тау-тасты ұзақ жаңғырықтырады-ай... «Зоотехник қандай адам екен? Жоқ дегенде осының да бақыты бұйырмады-ау» – Астымдағы атты қамшымен сауырлап салып жібердім – жазықсыз сабадым... Қара көк Аспан гауһарға малынып тұр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Амалым не, менен алыс... Менен алыс нәрселер көп, бәр-бәріне қолың жете бермейді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жан дүнием ән салып тұрарын былайғы жұрт біле ме, тоң мойын, ұр да жық деп ойлайды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал мен қысастықпен әдейі істеймін, ерегесіп істеймін... ерегесіп... қандай рақат жай... жылы дүние... жылы-жылы...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Құдай-ау, сол жылқышының қызы қайда? Тағы таудың арасында мәңгілікке адасып қала ма? Мынау сай-сүйегіңді сырқырата салған ән, сол қыздың мұң-зары болмасын...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әне, жерошақта маздап от жанды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ыстықтадым... Әне, ол маған сапырып-сапырып қымыз құйды... Неткен жылы дүние...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Адам тоңғанда ғана жылынады екен-ау...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Рақатын-ай... ыстығын-ай...» Қайда көз салсаң да, сеңдей сірескен, қасаттана қатқан суық дүние...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бақытжан да көз іле алмады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол енді былтыр қалада қалып қоймай, ауылға бекер оралғанына өкінді, иә, сонда қалып-ақ қоюы керек еді...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бекер оралды ауылға...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Онда қоңыр күз еді...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бекер оралды ауылға... бекер...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«Ағыл-тегіс адам-ағыс.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Арпалысқан адам-ағыстың ортасындағы биойнақ қайрандап қалған кеме секілді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

кеменің үсті толған тағы да адам, быжынаған жастар;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

бақтың даңғарадай дарбазасынан кіре сала-ақ ілгерінді-кейінді сабылған жүздеген қыз-жігіттің ортасына түсіп, әп-сәтте басың айналып, есіңнен ауысар едің, әлдеқандай желік пайда болып, шаршы топтың ортасында бәстестердей елігер едің; төбеңнен төнген сансыз шамдар көздің жауын алса, «чачалаған» ышқынды музыка үні құлақ тұндырар;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

барын киіп, бақанын қолына алып шыққан қыз-жігіт жаздың мол-мол қызығы ағаш жапырақтарындай мінтеліп, күздің сұрғылтым жуас күндеріне ойыса бастаған соң, мейлінше ұтып қалуға жанталасқан сыңайлы;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

сәулесімен жарқыраған көздерден жастықтың оты ұшқын атқанымен, ептеп суық сорып бозарған беттер бәрі бір қоңыр күзді еске салады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

оқта-текте теректің сап-сары жапырағы қалбалақтай ұшып, оны әркім жерге түсірмей ұстап алуға тырысады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

осы көрініске қарап тұрып, жас шіркіннің бүкіл сән-салтанаты сұр бұлт, қыраулы ызғардан қашып келіп, мынау аядай баққа жасырынғандай әсерде қаласың;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

әр ағаштың түбінде үйір құрып, шылым шегіп тұрған ақ шалбар, қайыс белбеу бозбалалардың тоқ күлкі, дарақы дауыстарына сыңғырлаған әдемі күлкі араласады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

самаладай самсаған электр шамы Аспан барын, сол Аспанда сансыз жұлдыз барын ұмыттырған;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

адамдардың осыншалық мол болып көрінуі – бақ аядай тар еді, есіктен кірген бетте би алаңын айналып өтесің де, әлгіндегі орныңа қайта келесің, осылайша шыр айнала бересің, айналған сайын жаңа таныс тауып, әрі-беріден соң жүз танысың көбейеді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

менің бұл қалаға оқуға түсуге келгеніме көп болған жоқ, үшінші күн;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

сондығы болар, бәрі бейтаныс, жұрт не істесе соны істеп, биойнақты бір-екі рет орағытып та үлгердім;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

биге зауқым жоқ, байқамай біреудің қызын шақырып қойсам, тәртіпсіз ұлдар сабап та жіберуі ықтимал ғой, сонымен он шақты рет айналған соң, осы ермектің өзі мезі етті, ал жергілікті жастар жалыға қоятын емес;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

менің бір байқағаным, менен өзгенің қай-қайсысы да екі-екіден, үш-үштен қыдырыстайды, тек анау бір қолында шиыршықтап ұстаған қолшатыры бар қыз ешкімге жуымай, ешкім жуымай, адасқан қаздай сыңар жүр; әншейінде өзінен сұлуырақ құрбысын көргенде қипалақтап қалар қыздар да, қызылды көргенде қызынбай тұра алмайтын жігіттер де оқшау жаратылған асқан көркем анау бір тотыны елемеуі, тіпті қағып-соғып көз қырын да салмай өте шығуы мені қайран қалдырды;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

сәулелі шамның саулаған нұрымен тайталасқан келбетті дидар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қолдан соққандай қиқы-шойқысыз әсем мүсін, келісті де кербез жүріс, әсіресе шырадай жанған қайқы кірпікті шуақты көз – періштенің өзін де жолдан тайдыратындай-тын;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

адам ағыстың толқынында аспай-саспай бөлекше жүзген қоңыр-қаз іспетті;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

не бір қатыгез, қайырымсыз адам, не бір қайғы жұтқан қасіретті адам ғана дәл осылай – дүниедегі қызықтың бәрін тәрік етіп қу бас болып қалмақ;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

мүмкін, аяғының мүкісі, бетінің тыртығы бар шығар, сұлулық дегеннің өзі көңіл күйге, сезініп-түйсінуге байланысты шарттылық қой, жо-жоқ, мүлдем басқа... Жұмбақ жаратылған жан екен...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мен мынадай ойға келдім...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

өз сұлулығымен жұртты тәнті қылған, бұлдай білген және өзіне тең таба алмай, осында жүргеннің бәрінен жиіркенген, тым-тым биіктегі – қол жетпес құздардағы еңліккүл;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

жігіт-желең әрі-бері жанталасып иектейді де, шамасы мен өрісі жетпейтінін білген соң, бос әурешілікті қояды;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ал ол одан сайын асқақтап биіктей береді, осынау жайнаған келбет, жарасымды кербездіктің кермиығына ер салар, құзарына қол салар ер жүрек «альпинист» жоқ бұл қалада!

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Олай болса, көп үміткерлердің бірі ретінде неге тәуекел деп тас жұтпаймын;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

қыз деген халық бейтаныс жігітке үйірсек болмаушы ма еді...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Түсіріп-ақ кетермін...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мына тұрған шөп желкелердің өзегін өрт жаласын;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

бұған дейінгі бар тәжірибемді жинақтап, сымдай боп киліктім: «Қарындас, жалғыз неге жүрсіз, қасқыр жеп қойса қайтесіз»,– бұл тауып айтқандағым еді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ол үндеген жоқ, итпісің, кісімісің деп бетіме де қарамады, томаға-тұйық, ауыр ойға берілгендей асықпай-саспай аяңдайды:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«Қарындас... А... қарындас, танысып қоялық, есіміңіз кім?» – Ол ләм демеді, отты жанарына ақыл ұялап алысқа қарайды;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

шулы дүниеден бөлінген мақау кейіпте;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

мен жарбаңдап үш рет ере айналып шықтым биойнақты, бірақ бәрі бос әурешілдік, танымайтын көшке ілескен адасқан күшіктей аянышты халге түстім;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

өз-өзімнен ыңғайсызданып іштей ұялып та келемін;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ал дегенде бойымды билеген есер сезім, ұшқалақ ой қыз жанында қадірім қашқан сайын берекесі кетіп, мөңіреп жұртына қайтып, шым-шымдап ақылға ұласты;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

енді мен де үн-түнсіз оған қосылып алып айнала беруге бел байладым;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

бағанағы өз бетімен лағып жүрген қыз-жігіттер жапа-тармағай бізге назар аудара бастады, бір-біріне ымдап-нұсқап, кейбірі күліп, кейбірі басын шайқасты;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

мені бұл жағдай қатты қуантты: «тіл табыспасам да, ерке қыздың жанына еріп жүруімнің өзі ерлік емес пе», жігіттер маған емес, мен жігіттерге, олардың дәрменсіз ынжықтығына күлдім;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

бесінші рет айналып бара жатқанымызда жұмбақты сұлудың тілі шықты: «бекер әуре боласыз, бекер...» – оның үнінде сенімсіздік пен жатбауырлықтың жүрек суытар салқыны бар еді,

Қар қызы

Оралхан Бөкей

бірақ сонда да өркөкірек желіктің әупіріміне басып, төбем көкке жеткендей қуанышты үнмен: «мен Сіз секілді біреудің үкілі ботасымын, сырт көзден ұят қой, жерге қаратпай ілтипат білдіріңіз» – деп сайрадым;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

әттең, осындай тәкаппар адам болады екен-ау, жұмған аузын ашсашы;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

біз тағы да үнсіз аяңдап келеміз;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

мен болмасам оның жалығатын түрі жоқ әзірге;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

жұрт тарқауға айналды да, жұмбақ қыз шығар есікке беттеді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

мен сонда да қалмай, қосарлана жөнелдім;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

есіктен шыға бергенде бір бұрыштан қарқылдаған қатты күлкі естілді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

мұның екеумізге бағышталған аяр күлкі екенін білмедім, білсем де: өздерінің қолы жетпеген соң қызғанады, – деп ойладым;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

қыздың қапсарынан қалмай, үйіне еріп келемін;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ол бағанағы бір сөзден соң қайтып үндемеген;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аспанға қарады, солай ұзақ жүрді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

мен де көкке телміріп, жанымдағы қыздың жан сырын ұғуға арпалысып келемін;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

өтірігім бе, шыным ба, күні бүгінге дейін білмеймін, лекітіп келген жүрек толқуымды жасыра алмай сөйлеп-ақ жібердім:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«айнам, Сіз ал қара аспанды нұрландырған жұлдыз сияқтысыз, бірақ тым алыстасыз, сондықтан да сұлусыз, қадірлісіз;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

дегенмен, адамның қуаты жетпейтіннің бәрі-бәрі керемет емес қой;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

неғұрлым адамзаттан алшақтасаңыз, солғұрлым көзден тасаланып, тіпті ұмытыласыз, сонсоң асылдың өзіне күмән келтіре бастамақпыз;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

қаншама тағыланып, ел-жұрттан жерінсеңіз де, түбінде айналып табар қазығымыз бар ғой;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

жалғыздық құдайға ғана жарасады дейді, қоса ағарар қосақ таппай жер қойнына кірем дейсіз бе, әйтеуір, біреудің жары боларыңыз хақ;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

мүмкін Сіз өмір бойы іздеп келген немесе іздеп өтер елес адамыңызды ренжітіп келе жатырмысыз, мүмкін, ол адам – мен болармын, ойланыңызшы, осы қылығыңыз үшін ғұмырлыққа өкініп өтпейсіз бе? Білемін, қыздар, әсіресе қазақ қыздарына салиқалы, салмақты, әм кербез де керім болу керек, бұрынғы өткен апаларымыздың осы бір қасиетін жойып алмай, жаңғырту керек те шығар, түсінемін, бірақ мен Сізді түсінбеймін;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сіз, айталық, мұзға қатырған тірі гүлсіз, енді жүз жылдан соң мұзды қайта ерітіп, тіршілікке қайта қосу керек шығар, құдая, оған менің дәтім, жасым жетер ме;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сіз, айталық, түн аруы Ай-ақ болыңыз, құдай-ау, оған да адам қонып жатыр емес пе;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сіз, айталық, ауру болыңыз, құдай-ау, мен ондайдан безер ме екенмін, қайта бұрынғыдан әлдеқайда аялап, бауырыма алмаймын ба, соның өзі жақсы;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сізді мен алақаныма салып ардақтап, жұмыр жерді шыр айналып емдетер едім, осылайша шаршаудан махаббаттың сарқылмас қуатын, жалықпас ләззаттын алар едім;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сіз, айталық, менің жарым бола қалсаңыз, егер бірге тұруға келіспесеңіз, некелесіп алып ауылға аттанайын, сөйтейін, айнам, алыстан сағынысайық, сосын алаулы қимастықпен еңіреп қайта табысайық;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

байқаймын, Сіз мені жоғалтып аласыз;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«жоқ, Сіз мені жоғалтып аласыз, жетер енді, бәрі бекершілдік!» – деген дауыстан селк етіп есімді жисам, қыз өз үйінің баспалдағында тұр екен;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

сосын жалт бұрылды да, үйіне кіріп кетті;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

мұң қабыздаған бота көзінде бір тамшы жас бар-ау...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

жүріс тоқтап, кісі аяғы басылған тыныш көшемен сырп-сырп аяңдап жалғыз қайттым;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

бағанадағы шамдар әуе жұлдызымен тайталасады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

анда-санда мен секілді жалғыз-жаяу кезігеді;
Көрсетілді: 2100 / 47388