Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Саусақтары мұп-мұздай тасқа тиіп, көбесі жапырылып, шып-шып қан шықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ертеңіне надзиратель оны дәретханаға шығарып бара жатып саусағындағы қанды байқап қалып: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Байқа, бәлем! Бұл саған өткен жолғы камера емес, – деп айызы қанғандай қарқ-қарқ күлді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл жолы түрме қызметкерлері сақ болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Рысқұлдың кім екенін танып қалған, қой қораға қамап қойсаң, абақты осы екен деп, тырп етпей жата беретін аңқау қазақ болмай шыққанына көздері жеткен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көрдіңдер ме, ол ұзаған жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Алысқа ұзап кетпейді де. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Топалаң тиген ауыл есеңгіреп: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Құдай-ау, құтқарғаның рас па, жоқ па? Иә құдай, иә аруақ! Ақсарыбас! – деп бірін бірі құшақтап, талықсып жатқан Молдабек, Шыныбек, Қорғанды көтеріп үйлеріне кіргізіп, ауыздарына су тамызды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дәу Омар: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Айттым ғой, айттым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен байғұстың сөзін сөз дедіңдер ме? – деп селкілдеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Болысты жер қайысқан жұрт жиылып жерледі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Солдат сайының бойындағы бір қыраттың басындағы зиратта жас топырақ жамылып, жерошақтай ғана жерді алып, Саймасай жатты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тірлікте атағы Алатаумен тайталасқан, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болған, өзін жарым патшадан кем санамаған, азуын айға білеген алпауыт құлаған соң мүрдесі мүсәпір сияқты көрінді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Басына әлі күмбез көтерілер, алтындаған ай таңбасы қойылар, босағасына аят та жазылар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жылы еткен соң ат шаптырылып, ас та берілер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ тірісінде дүниені жон арқасынан алшаңдап басып жүрген азулы арыстан қазір топырағы опырылып, іргелері үңірейіп қалған молалардың жанына келіп қоныстанды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Астында піл сүйегінен өрнек өргізген құс мамықты төсек жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Құс мамық былай тұрсын, сүйекті орап алып барған қалы кілемнің өзін Алматыдан арнайы шақыртылған бас имам, дене мүрдеге түсірілерде сыпырып алдырып тастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Онымен де қоймай мүрденің ернеуінен өзі бақылап тұрып сүйекшілерге бұйрық айтып, ақымның ішіне енгенде марқұмның жамбасы топыраққа тиіп жатсын, – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мұсылман зиратына діні басқа адам жолатпайтын салтты бұзып, Саймасайдың мәңгілік жайының басына орыс ояздың өзі келді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Болысты мүрдеге түсірерде ояз қол көтеріп, басынан қаракөл папахасын алды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ояздың істегенін істеп, управительдер де құндыз бөріктерін шешіп, тақияшаң тұрды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ояз сөз сөйлегенде, тырс еткен жан болған жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мырзалар, халайық! Біз бүгін ұлы императордың, ұлы мәртебелі патшаның адал қызметшісі, Верный уезінің ең тандаулы... – э-э-э.. управителі, э-э-э управительдерінің бірі Үшкемпіров Саймасайды ақырғы сапарға аттандырып тұрмыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Марқұм өмірінің ақырына дейін ұлы империяға, ұлы мәртебелі патшаға адал қызмет етті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оны ешуақытта да ұмытпақ емеспіз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Марқұмның топырағы торқа болсын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оның патшаға адалдығы басқа управительдерге үлгі болсын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Хош, қымбатты Саймасай Үшкемпіров! Сенің жарқын бейнең біздің жүрегімізде мәңгі сақталады! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ояз бас киімін кигенде, басқалар да бөріктерін асыға киіп алды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Рақмет! Рақмет! Ұлы мәртебелі мырза! – десті болыстар бастарын шұлғып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жер астына бар ала кеткені үш қат бөз болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оның өзіне жүрек тұсынан алақандай дақ түсіп, қарауытып қалған екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мақтаны қанша басса да, шып-шып қан шыға берген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Адам тия алмаған қанды топырақ тыйсын дегендей, жан-жағынан жабыла уыстап кесек салысты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кімнің алғыспен, кімнің қарғыспен лақтырып жатқаны мәлімсіз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жеті молда қатар тұрып, басы имам болып кезек-кезек құран оқыды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Молдалар құран оқығанда жан біткен бір тізелеп, құбыла жаққа қарап, жапырыла отырып қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кешегі қардан кейін жер лайсаң еді, етектеріне батпақ жабысты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Арғы-бергі ат жетер жердің болыс-управительдері түгел келіп еді, әсіресе солардың оқалы қасқыр ішіктеріне обал болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сүйекті орап әкелген қалы кілем имамның астында жаюлы еді, ол жұрттың бәріне жете қоймады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сірә, имамның қанжығасына бөктерілген де шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Имамның қанжығасында әлгі кілем ғана емес, Саймасайдың небір асыл киімдері де кетер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Болыстың сүйегін жууға түскендер оның киім-кешегін бөліп алды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сүйекке түсуге таласып қалғандар да бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тіпті жаңа ғана өлікті көрге саларда дененің белінен, аяғынан, басынан сүйемелдеп түсірген бұжыр орамалдардың өзіне сүйекшілер таласып қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тірілердің тіршілігі сол. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Дүние-боқты жақсы көргендердің бірі – мына болыс еді-ау, дүние-боқ соған не опа берді?» – деп ойланар жан жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Болыстың киіміне таласқандар қанша көп болғанымен, оның тіршіліктегі күнәсін өз мойнына алатын жанашырлар табылмады, жаңа болысты үйінен қайтпас сапарға шығарып саларда, дүйім жұрт оның жаназасын оқыған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жаназа оқылып болған кезде, имам дауыстап тұрып: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Кәне, підияға кім шығады? Пенде болған соң оның мойнында күнәсі болмай тұрмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал, мұсылман қауым өз қандасын о дүниеге шығарып саларда оның күнәсін алып қалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
О дүниеге марқұм күнәдан пәк аттануы керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мұсылман салты сол. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кәне, қайсың бар, мұсылмандар? – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Адам үрейленер тыныштық орнады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Саймасайдың күнәсін өз мойнына алуға ешкім беттемей тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өйткені марқұмның бұл жалғандағы істеген зорлық-зомбылығы, күнәсі қисапсыз екенін көпшілік білетін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонша ауыртпалықты өз міндетіне алудан бәрі қашып тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Саймасайдың жалғыз қалғаны осыдан басталды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Имам тағы да айқайлады: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Туысқандары қайда? Марқұмды күнәсінен арылтпай аттандыру тірілер үшін екі есе күнә. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Талапкер жоқ па? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ешкім тырс етпеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Алдарында кілемге ораулы табыт көлденең түсіп, арашашы күтіп жатты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тірілердің мына қорлығын Саймасай сезбейді-ау, сезсе түсінер еді: тіріде кім болғанын, өлгенде кім болғанын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дәл табыт тұрған жерде бір кезде Қызыл Жебе бауыздалып еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол араға Қамбар атаның қаны төгілген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ана бұтаның түбінде Рысқұл байлаулы жатқан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол бір жаздың айлы түні Саймасай алдағы қыста дәл осы жерде табытта жататынын, өзінің підиясына ешкім шықпай қоятынын ойлады дейсің бе? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Имам тығырықтан шығудың амалын іздеп: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Уа, Анарбай мырза, ағаңның підиясы болсын деп тағы да дұға оқимын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түсіндің бе? – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Мұнымды ескерусіз қалдырма», – дегені ол. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Имамның жетегінде бір қара кететін шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дүние-боқты жек көрмейтін небір қорқаулардың өзі болыстың бар бәлесін өз мойнына артудан қорыққанда, имам ретін тауып тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді деген осы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ақыры соңында мүсәпір бір төбешік қала берді, жанында жан баласы аялдамады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Ақ иық» атанған алпауыт болысты айналайын ағайын жер ошақтай обаға қырынан салып кіргізіп, ахиретке шыдамсыз шығарып салды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бәрі де қаралы ауылға асықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ендігі бөліс сонда. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тау басынан бейсеубет біреу қарап тұрса, болыс ауылына жау шапқан екен дер еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Ой, бауырымайлап» ат қойған лек-лек топтар ел шетіне жете беріп, аттарынан аунап түсіп, марқұмның ордасына қарай асықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Еңкілдеп шын жылап жүргендері де бар, көздеріне түкірік жағып алып, ойбайлап жүргендер де бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Болыстың орыстар салып берген еңселі, көк шатырлы үйіне шымалдай құжынаған халық сыймайтын болған соң қыс та болса, жағалай киіз үйлер тігілген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ортасына от жағылған, жан-жағына кілем тұтылған, еденіне қабат-қабат текемет, оның үстіне қабат-қабат көрпелер төселген үлкен үйге болыстар жиналды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қақ төрге ояз отырды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ояз орта жастағы, кең маңдайы жалтыр баспен шекарасыз жалғасып кеткен, кішкене орақ мұрны, шоқша сақалы бар шегір көз кісі еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шағын бойлы, иығы қушиыңқы кісінің еңсесін биіктетіп алтындаған шашақты эполеттері жарқырайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сары түймелердің әрқайсысында айбынды сес ұялап жатқандай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қазаға жиналған қырық бір болыстың бәрінін назары оязда. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Одан бұрын сөз бастауға ешкімнің батылы бармас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Он екі қабат ордалы үйдің ішінде болыс емес Тұқымбай мен Анарбай бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Анарбай өлген болыстың інісі ретінде қатысып отыр да, Тұқымбай мен болыстан дәрежем кем емес деп кеудеге салып келіп отыр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал шындығында екеуінің де ояздың көзіне түсіп қалу әрекеттерінде зәлім есеп бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Анарбай қатты қайғырған, мына өлім өзегін өртеп кеткен сияқты көрінгісі келеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ зымиян көзге оның үһілегенінен күйіктің жалыны емес, басқа леп сезіледі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл өлім ойламаған жерден Анарбайға екі олжаны бірден үйіп-төгіп бере салғалы тұр. |