KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Енді кім болыс болады?» – деген осы отырғандардың бәрінің көмейінен атқылаған сұраққа: «Саймасайдың туған інісі Анарбай бар», – деген жауап және көп көкейде ұялап, ұшқалы тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екіншіден, Саймасайдың әлі жаулығы алынбаған, беті ашылмаған, шымылдыққа енбей жатып, қара жамылған жесірі Нүкетай сұлудың бірден-бір әмеңгері – Анарбай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы екі жай көз алдынан көлбеңдеп, жүрсе-тұрса кетпей қойып, әлі топырағы суымаған ағасының бейнесін көлегейлей береді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кейбір сәтте осыншама жұрт болыстың өліміне емес, Анарбайдың тойына жиылғандай сайқал сезім бойын билеп, ойын тұмандатып, Анарбай әрекідік көңілденіп кеткенін де байқамай қалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұқымбайдың тұрқы басқа.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өткен сайлауда Саймасаймен алысқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сайлаудан кейін де жасырын болсын, ашық болсын талай сайысқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақыр соңы Қызыл Жебенің дауына барып соққан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қызыл Жебенің жоғалуы оған әлі жұмбақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына жайсаңдар мен қасқалар қазір бәрі қабырғасы күйрегендай қайғырып отыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ, бұлардың арасынан Саймасайдың, қастары да, Тұқымбайдың достары да табылады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ояздың осал жерін дөп басатын достарынан дәмелі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Тірімізде жүз шайысқанмен, өлімнің жөні бір басқа», – деп бетпақтықпен, ар алдында өзін таза тұтып, қазір Тұқаң тұғырлы отыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Азалы жиында осындай көзге көрінбес әзәзілдер арбасуы бар еді-ау...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үлкен үйге самаурын соңынан самаурын сүңгіп жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Далада қазылған жерошақтардан жас еттің буы бұрқырап, исі мұрынды қытықтады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өлі әруаққа бәрінен қорлығы оның Бибісара бәйбішеден туған жалғызы Қалдыбектің қайғысыз қалпы еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ауыс неме «әкем өлді-ау» деген қаперінде жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екі санын шапаттап, жерошақтардың арасында арсалаңдап жүр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ауылдың балаларына айқайлап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иә, сендер не білесіңдер? Қызыл Жебені әкеліп қамап қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әне, анау үйде.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өй, Қызыл Жебені білмейсіңдер ме? Менің Жәкемді атқан Рысқұлдың баласы ше? Соның аты Қызыл Жебе.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жоқ, бәйгеге шабатын ат емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кәдімгі бала.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бәйгеге шабатын Қызыл Жебе құсатып бұл баланы да сояды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Иә, көресің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осыдан айтпады ма? Әне, Мақаш қарауылдап жүр ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қасына жолатпайды, – деп сампылдады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Киіз үйдегілер дәлдірлеу айтылған бұл сөздерді түгел естіді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұқымбай бес биенің сабасындай іркілдек тұлғасын кенет тік көтеріп, есік жаққа бүкіл денесімен төңкеріле бұрылып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ой, мына бәтшағар не шатып тұр? Шақыршы бері! – деп баж ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ақылы ауыс неме, жәй сандырақтап жүр да, – деп Анарбай жуып-шайған болды, бірақ өңі бөздей бозарып, іріп-шіріп түсердей жансызданып бара жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Болыстар іштерінен: «Апырмай-ай, сұмдық екен, рас болса, Саймасайды зауал ұрған екен», – десіп, іштерін жиып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ өлім үстінде құйын шалықтап, ұшқыннан өрт шығарып жібермеудің амалымен ояз тез әңгіме бастап кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Империяның қазіргі ауыр халін, жапон соғысынан пайда болғанын, управитель мырзалар сондайларға сақ болуын ескертті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ояз сөйлеп отырғанда, Тұқымбай сыртқа құлақ тұрумен болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол енді Қызыл Жебенің жамандыққа ұшырағанына көзі жеткендей, бірақ өлген аттың өлігінің өзін дәл қазір пайдаланып қалудың реті келіп тұрған сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Саймасай әулетінің сойқанынан сора ағызып, болыстық тізгінін қолдарынан жұлып алу.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ Қалдыбектің үні өшіп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірер рет тұншыға бақырғаны байқалғандай болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қалдыбекті Мақаш желкесінен бүріп, аузын басып, әкетіп қалып еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әттеген-ай, әлгі бала не деп кетті, а? – деп Тұқымбай жақсылардың назарын қытығы қатты әңгімеге тағы тартты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сұмдық қой мынау!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Оу, Тұқа, сабыр етіңіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұлықтың сөзін бөлмеңіз, қайдағы бала-шағаның сандырағын қайтесіз, – деп қалды Шамалғанның болысы Дат мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Даттың оязға ықпалы зор екенін білетін Тұқымбай құнжыңдап, тынжысы бар адамдай, қозғалақтап қойып, үні семді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір қайғыға тағы бір қайғы – ар қайғысы, адамгершілік қайғысы жамалғандай батагөй қауым қалжырап, қаусап қалған сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сөйтіп, сары су тамған сүттей сөз іріп, араға азынауық күдік кіріп, береке кетіп отырғанда, үйге үсті-басы мұздай форма киген әскери адам кіріп келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үйдің іші үрпиісіп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жоғары мәртебелі мырза, – ол қалт тұрып, қалшылдай сөйлеп тек оязға қарап.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басқаларды көзіне де ілген жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Вице-губернатор Осташкин мырза қол қойған жедел депешаны тапсыруға рұқсат етіңіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Офицер көк мәуіт шинель жеңінің қайырмасына қыстырылған, сүргіштеп тастаған сүр пакетті оязға ұсына берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ояз пенснесін киіп, пакетті ашқанда, керегенің астында күн көрмей өскен шөптей арық боп-боз саусақтары дірілдегендей болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұны бағып отырған болыстар состиысып бір-біріне қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тіпті Тұқымбай да өз уайымын ұмытып кеткендей, өзінен бұрын сақалы ербиіп, алға ұмсына түсіп, үнсіз қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Вот дьявол! – ояз хром етігінің қонышын қолымен сарт еткізіп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Адам емес, бұл нағыз дию.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлгі пристав қайда? Шақыр тез! Мырзалар, – одан соң отырған қауымға қарап.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Біз өзі келеді деп тосып отырған Рысқұл Жылқайдаров уже губернаторға арыз айтып та үлгіріпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түрмеге өз еркімен барып түсіпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сіздің қолыңызда тұтқында отырған баласын Верный облыстық түрмесіне, өзінің қасына алдыруға рұқсат бергізіпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Міне, бұйрық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Баланы тез Верныйға жеткізу керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сонда қалай, мырза? Менің ағамды атып тастап, ешқайсысының шекесі де қанамай құтылып жүре бермек пе? – деп Анарбай туысқанының намысын жыртқан болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ешкім де құтылған жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өкіметтің түрмесінде отыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Заң бойынша жазасын алады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сот шешеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұнша кешікпеуші еді, бұған не болды, – деп әкесі тықыршыды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басына неше түрлі сумаңдаған суық ойлар келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Саймасайдың сойыл соғарлары аңдып жүріп, ұстап алып кетті ме, қалай? Әлде Приходько төреге жақпай қалды ма?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қанша залым десе де, Приходько мырзаға Рысқұл разы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арызын аяқасты етпей губернаторға жеткізіп, Тұрарды қасына алдырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алғашқыда Рысқұл бұл арызының орындалатынына көңілі сенбеп еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен өзім қылмыскер болсам, менің өтінішіме ұлық құлақ асушы ма еді, деп күні бұрын күдер үзді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ жалғыз баласының алқымына қанжар nіреліп тұрғанын бүкіл жан дүниесімен сезініп келген Рысқұл ақыры шыдай алмай түрме бастық Приходько арқылы губернаторға өтініш хат жазып, баламды қасыма алдыр деп сұранған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көп кешікпей надзиратель Тұрарды тас камераға алып келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Top темірдегі жаралы жолбарыстай аласұрған Рысқұлдың көңілі сонда бір жай тауып, түрмеде түңғыш рет тастай қатып, судай сіңіп сілейіп бір рақат ұйқыға кетіп еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ертесіне надзиратель келіп Тұрарға:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жүр! – дегенде Рысқұл қорқып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қайда?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қайда? Приходько мырзаның үйіне.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Онда не бар?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Немене, баранчук осында курортқа келді деп пе едің? Приходько мырза не бұйырады, соны істейді...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Приходько мырзаның ұлы Губернатор көшесіндегі гимназияда, ал қызы Нарын көшесіндегі әйелдер гимназиясында оқушы еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Едіреңдеп тұрған екі жиренді жегіп пәуескемен Тұрар осы екеуін гимназияға алып барып, алып келіп тұрады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұлы Аркадий еді дағы, қызын Наташа деп атайтын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аркаша шолжаң, Тұрардан бірер жасы үлкен болса да, әлі ақыл-есі олқы-толқы, тым кеш жетіліп келе жатқан еркетотай неме-ді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жасына жетпей сеп-семіз Аркаша пәуескеге қорбаңдап әрең мінген соң Тұрардың қолындағы қамшыға таласып, онсыз да атырылып тұрған арғымақтарды сабаламақ болып, ат айдаушыға:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Неге тасбақаша ілбітіп келе жатырсың! – деп тепсінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар екі жиреннің жүрісін жылдамдатайын десе, арт жақтан Наташа шырылдайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қорқамын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жай айда!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аркаша есіріп кетеді:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тұрарка, жаның барда қатты айда! Жылдам! – деп ысқырып, тепсініп, қолын ербеңдетеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екі жирен пысқырынып құлақтарын шаншылтып, көздері ақшиып, атырыла бастайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пәуескенің дөңгелектері көшенің тас төсенішіне тиіп шақылдайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аттардың тағасы тиген тастан жарқылдап от шығады.
Көрсетілді: 19300 / 47388