KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оған Аркаша мәз болып, алақанын шапаттайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал қыз баланың бетінен қаны қашып, зәресі кетіп ышқынады:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жайырақ, құдай үшін, жайырақ! Мама!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар делбені шірене тартып, асаулардың қату басымен алысады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жирендердің тағалары тасқа сақылдап тиген сайын шашырап от шығады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көшеде келе жатқан адамдар қырғи тиген торғайдай жан-жаққа қашады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аркаша одан сайын еліреді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Наташа үрейі ұшып, жүрегі аузына тығылып, пәуескенің жақтауынан қарыса ұстап, шыр-шыр етеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аттардың басымен алыса-алыса Тұрардың екі қары талып барады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осыдан осы екі асау алып қашып, пәуеске төңкеріліп қалар ма екен, яки біреуді басып кетіп жазым болар ма екен деген ойдан тамырына қан қатып қалған сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның үстіне Губернатор көшесі мен Казарма көшесінің бұрышында тұрған полицей Тұрарға қарап, тоқпақтай жұдырығын түйіп, әлдене деп ақырып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Не дегенін түсіне алмады бала.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ жақсылық емес екенін діттеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Губернатор көшесімен бұлайша тасыраңдап өтуге тыйым салынған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Елден келген салт атты, арбалы қазақтар, есек арба жеккен қала саудагерлері бұл көшемен жүре алмайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Білместік істеп жүре қалса, дүре жеп, айып төлеп, әбден машақатқа ұшырайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екі оттың ортасында қалған Тұрардың тұла бойын қара тер селдеп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Міне, Губернатор бағына да жетіп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тәкаппар қаракөк емендер қазір қараң-құраң етіп қалып жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Крестері жарқ-жұрқ етіп кафедральды собор да шалықтады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Құдай үйінің» тұсынан өткенде құлдық ұрып, шоқыныңдар,– деп ескертер еді Приходько мырза балаларына.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тасыраңбай Аркаша әкесінің әлгі ескертуін ұмытып кеткен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Наташа байғұс өлеусіреген көзін сәл-пәл ашып, ерні жыбырлап, шоқынған белгі танытты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Приходько мырза шоқынуды өз балаларына тәптіштеп тапсыра тұрып, Тұрарға да емеурін танытқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тұрарка, сен де шоқына сал, пайдасы болмаса, зияны жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Ия, құдай, әкемді дарға асылудан сақта», – десең, мүмкін құдайдың құлағына шалынар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазір «құдайдың үйі – кафедральды собор» жарқ еткенде Приходько мырзаның айтқаны есіне түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ ат басымен алысқан қолдар бос емес еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әрі десе шоқынуға Тұрардың дәті бармады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үш саусағыңды бүрістіріп, мандайың мен екі иығыңа тигізе салу, әрбірден соң, қиын да емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ соған қолың бармайтын бір құдірет жүректе тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның не екенін ешкім де білмейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұсылман болып, Аллаға жалбарынуы да жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал Приходько осымен бір-екі рет шоқын деп емеурін танытты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рас, әзір қинаған жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қинаса қайтпек? Шоқынбасам – әкемді дарға асатын шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сөйтіп, дар мен ар арпалысқа түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Гимназияның еңселі екі қабат сарғыш үйі де көзге шалынып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді болмаса пәуеске лағып кететін түрі бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аркаша арқасы ұстаған бақсыдай екіленіп алған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екі жиреннің делебесін қоздырып, қиқулап келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әттең, әкесі түрмеде жатып тәуелді болмаса, Тұрар қазір бұл есірікті не де болса қамшының астына алар еді, амал жоқ... Бір жағы қорқады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір жағы, баламысың деген, әйтеуір айтқандарын екі етпей орындай берсем, көкеме көмегім тие ме деп ойлайды, көкемді түрмеден босатар деп үміттенеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аркаша тағы да айқайлай бергенде, Тұрар пәуескенің алдыңғы жақтауына аяқтарын тіреп тұрып, аттардың басын шалқалап, шірене тартып, шынтағымен ұлық баласын итеріп жіберді де, алара бір қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл қараста түпсіз, тұңғиық ызаның ізі жатыр еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Анау мұны сезген болар, қайтып үндемей қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның үстіне қарындасы шырылдап етегіне жармасты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қос жирен бастарын шұлғып, қайта-қайта пысқырынып, жай желіске түсіп, бірте-бірте мүлдем тоқтады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бүйірлері солықтап, қара терге малынған жарау жирендер жас балаға бас бергенде, күшке көнгендіктен емес, хайуан да болса, келер жері осы мөлшер, гимназия алды екенін сезгендіктен аялдаған сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Наташа Тұрарға риза пішінмен, әдемі алақандай көздерін бір төңкеріп тастап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Рақмет, Тұрар, мен енді жаяу-ақ жетемін, – деді пәуескеден түсіп жатып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кешке екеуміз сабаққа отыратынымызды ұмытпа.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аркаша бұртиыңқырап түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Болашақ әкіреңдейтін әкімнің пішінін әлден танытып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сабақтан қайтар уақытта кешігуші болма! – деп бұрқ етті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Приходько мырзаның гимназия баспалдағымен өрлеп бара жатқан баласының соңынан қарап біраз тұрды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір сәт өзі де сол тепкішекпен көтеріліп, гимназияға еніп бара жатқандай елестеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әттең, ондай атты күн қайда? Гимназияға мұны кім жолатады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жан-жақтан ағылып келіп жатқан шәкірттердің арасынан ара-тұра қара домалақ қазақ балалары да кездесіп қалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Демек, қазақтың да оқуына болады екен ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осыдан небары бір жыл бұрын, 1904 жылы осы ерлер гимназиясын Михаил Васильевич Фрунзе бітіріп кеткенін Тұрар әзір білмейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол әрине өзінің талай жыл өткеннен кейін Түркістан Советтік Республикасының басшысы болатынын, сонда Фрунзе сынды қаһарман қайраткермен қоян-қолтық қызмет істесетінін де әзір сезбейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Иә, Тұрардың Фрунземен кездесетін сәтіне дейін әлі он бес жылдай уақыт керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл уақыт ішінде екеуі де талай-талай от пен судан өтеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазір Михаил Васильевич Фрунзе нағыз революционер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал Тұрар болса... Приходько мырзаның ат айдаушысы, қора сыпырып, отын жарып, су тасиды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрағы – түрме, қожасы – гимназист Аркаша.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кеткісі келмейді, бәлкім бұған бір қайырымды жан: «Әй, бала, сен неге оқуға бармай отырсың айда тез класқа бар, әне қоңырау соғылды», – деп айтатындай қиялға кетіп пәуеске тепкішегінде тұрып қалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жарау жирендер баланың қиялын қостағандай құлақтары жығылып, бастары салбырап, көздерін жұмып, мүлгіп тұрады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Гимназияның жапсарлы есіктері айқара ашылған, екі босағада екі діңгек салтанатпен сән беріп тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сен кімсің деп тексеріп жатқан ешкім жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ішіне кіріп көрмекші де болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ аттар әлденеден үркіп қашар деп сескенді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сақалы беліне түскен, басында жез оқалы фуражкасы бар қарт кісі баланың басындай жез қоңырауды қағып есіктің алдына дейін шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірлі-жарым кешіккен шәкірттер жүгіре басып, ішке енді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Е, бұлардың ішінде пәуескемен келмей, жаяу жүріп кешігетіндері де бар екен ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда біздің Приходько мырзаның балалары ең құрметті шәкірттер болғаны ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы әлгі Аркашаны ашуландырып алмадым ба? Ол қастасса тағы бәле».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аркаша сабақты ала-құла, жүрдім-бардым оқиды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кейде тәп-тәуір болып қалады, кейде жаман баға алғаны үшін әкесінен таяқ та жеп жүреді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Әттең Аркашаның орнында мен оқыр ма едім, – деп армандайды Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кітаптан бас алмас едім».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бала қиял, балапан қиял гимназияның ішін ойша шарлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ сырты салтанатты ғимараттың іші қандай екенін көз алдына елестете алмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көңіліне Бесағаштағы Ахат атаның бала оқытқаны орала береді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жыртық үйдің киізсіз еденінде шөкелеп отырған балақайлар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ахат ата өзгелер құсап балаларды ұрып-соқпас еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар содан мұсылманша әліп-би танып қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір сот мына зәулім үйдің төрінде Ахат ата тұрғандай, оның алдында жаңағы жез түймелі пешпет киген балалар шөкелеп отырғандай көрінер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Ау, олардың арасында мен неге жоқпын», – деп көңілі елегізер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Осында қазір кіріп барсам:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сен кімнің баласысың? – деп сұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Рысқұлдың баласымын, – деймін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– А-а, Рысқұлдың баласымысың? Бір болысты өлтіріп, қалғандарын тағы жоймақ болған Рысқұл ма? Онда жарамады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сені оқыта алмаймыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түрмеңе қайта ғой», – дейді мұғалім Ахат бейнесінде.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ахаттан басқа мұғалімді көрмегендіктен өзгені қиялына келтіре алмайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осылай отыра берер ме еді, қайтер еді, әлгі жез қоңырау қаққан, жез фуражкалы шал шіңкілдеп ұрсып баспалдақпен төмен түсіп келе жатыр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сөйтсе, жарау жирендер қарап тұрмай, әдеп сақтамай, тезек тастап тұр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шіңкілдек шал жеткенше делбені қағып, қалғып-мүлгіген аттарды лезде қосаяқ қақтырып, Тұрар пәуескені бұрып ала жөнелді.
Көрсетілді: 19400 / 47388