Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Екі жирен түрме үйіне жақындағанда жүрістерін жылдамдатты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жылқы-айуан түрменің қапас екенін қайдан білсін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Олардың білетіні: қазір атқораға жеткен соң, мына қаршадай бала Тұрар ақырға балауса жоңышқа салып, бұлардың ауыздығын алады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бастарына дорба іліп, сұлы береді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біле-білгенге жылқының орны түрменің атқорасы емес, сонау мың бұлақты, балауса құрақты кең дала... Бірақ екі жирен қарны тойса қайғырмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кеуілжірлері жуа мен жусан исін сезінуден қалып, кершеу болған, балғын байталдар мен мама биелерді аңсамайтын ақта сорлылар... Нағыз түрме аттары. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар аттарды жайғастырып болып, енді қораның ішін тазалауға кіріседі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қорада екі жиреннен басқа бес-алты ат бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Олар мініс көлігі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әкімдер мінеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бас-аяғы онға жетпейтін мал болғанмен астын дембіл-дембіл тазалап тұрмаса, демде садыралап қалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Приходько мырзаның әмірі бойынша, қорада көлденен бірде-бір қылшық жатпауы керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ақ қолғаппен сипағанда аттардың үстінен бірде-бір қылау жұқпауы керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оны істемейді екенсің... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бопса көп, үрей мол. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар жалғыз дөңгелекті қол арбаға жылқының жас тезегін үйе салып таптап, енді сыртқа шығарып бара жатқанда, ауланың бір түкпірінде аядай жерді айналып жүрген тұтқындарды көрді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қырманда мала бастырған мал құсап, от басындай жерді айнала береді, айнала береді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қастарында қит етіп басса мылтықпен жасқап, қақпайлап ірің көз надзиратель тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кісендер сылдырлайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір топ адам бірдей аяқ басқанда, шынжыр сылдыры да ырғаққа бағынып, қаһарлы гүрсілге ұласады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қарғыс пен қасіреттің гимніндей сұрапыл сарын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар қақпаға беттеп бара жатып, жүрісін баяулатты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бет-алысы қақпа, екі көзі тұтқындарда. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кісендеулі адамдар да түрме ауласынан мына бір қағылез қараторы баланы түңғыш рет көріп, таңданғандай пішін танытып, бәрі де бұрылып Тұрар жаққа қарады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біркелкі аяқ алыстары шатысып, бір тұтқын алдыңғы тұтқынның өкшесін басып қалып, сүрініп кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кісен сылдыры өзгеше шыққанда надзиратель селт етіп: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Көзіңе қара! Немене ит көрген ешкідей ежірейе қалдыңдар?! – деп ақырып жіберді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлгі бір сәтте Тұрар да бұлардан көз алмай, әлдеқалай екенін өзі де байқамай, қол арбаның оқтығын жерге қоя салып еді үстіндегі үйме тезек арба қисайғанда ауып кетіп, жерге төгіліп қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мұны көрген ірің көздің aшy қабының аузы ашылып кеткендей, әй бір, барқылдады дейсің: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Әй, бандиттің баласы! Осы көрген күніңді көпсініп жүрсің бе-ей?! Бала деп сені мырзалар бекер есіркейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аяғыңды кісендеп қояр ма еді сеніңде! Қобырап қолыңдағы арбаны аударып алғаның нең?! Ана тезекті бір түйірін қалдырмай қолыңмен салып, тіліңмен жалап, тез ауланы тазарт! У-уу, бандит! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Баланы сонша жәбірлегеніңіз өз дәрежеңізге жарасар ма екен, мырза, – деп қалды ұзын бойлы, кең иықты, жалқын сары шашын жел дудыратқан жирен сақалды ақжарқын адам күлімсіреп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қысқарт, Бронников, – деп арс етті надзиратель. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Сөйлеуге рұқсат жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тас камераға қамалған соң-ақ Рысқұл ісінің оңалмасын сезген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жаза жарлығы көп ұзамас деп те күткен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өлім жазасы бола ма, каторга бола ма, – көп кешікпес деп еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ жарым жылдан асты, іс әлі шешілмей жатыр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Екі иығына екі кісі мінгендей шомбал, қолдан құйғандай шымыр, өте қарулы еді, абақты сорып тастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қызыл-күрең жүзі басындағы тозған ақ қалпақтың түсіндей күннен-күнге қуарып барады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ақ қалпақ демекші, оның жаны сірі екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қанша жыл болған, құдай-ау, туған жері Түлкібастан кетер жылы Қатшагүл жеңгесі тігіп беріп еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Топырағың торқа болғыр, сол Қатшагүлдің де сүйегі әлдеқашан қурап қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Рысқұл енді ойлап тұрса, тұла бойында туған жерден қалған жалғыз белгі осы тозған қалпақ екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Басқа ештеңе сақталмаған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Еш белгі жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бәрі тозған, бәрінің күні озған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді, міне, басынан бұлт арылмай ауырдан да ауыр күндер туды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ноқта сыймас қайран бастың енді қай шұңқырда қаларын, ақ қалпақтың қайда шірірін бір құдайдың өзі біледі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сірә, әкімдер оны осы тас камераның ішінде шірітер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сотты тым созуларына қарағанда, бәрі ықтимал. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тұра ғой, Тұрар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен саған жағдаятты түгел айтып берейін де. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мына жендеттер мені бір жайлы қылатын уақыт келіп қалды-ау деймін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сен бәрін естіп алғаның жөн. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кірі ашылмаған бөздей болып аспанның сәл-пәл ағара бастағаны байқалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді сәлден кейін надзиратель келіп, темір есікті теуіп ашып, Тұрарды алып кетеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қаршадай бала таң қараңғысынан қора сыпырады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Одан кейін күймеге ат жегіп, түрме бастық Приходько мырзаның балаларын гимназияға апарып салады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Одан оралған соң Приходько мырзаның отынын жарып, күлін шығарады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күні бойы тынымсыз жұмыстан қалжырап, камераға қайтып келгенде, әкесінің әңгімесін тыңдауға шамасы келмей құлайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– «Ұйқысын қимай аяғанмен, құдай аямаса, адамдар аямаса, бәрібір қор болмай ма?! Одан да бұған мен істің мән-жайын, түп төркінін түгел айтып қалуым керек қой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бәлкім, ертең кеш болуы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Менің хикаямды әйтеуір, бір адам білуге тиіс қой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кейінгілер бұл шытырман-шырғалаң істі соттың қағазынан емес, өз баламның аузынан білуі абзал шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Мені бұлар қарақшы, адам өлтіруші, қанішер дейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тым болмаса Тұрар білсін шындықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қарақшы кім? Қанішер кім? Жер бетінде қарақшы аз ба? Әне соның қайсыбірін Түркістанның генерал-губернаторы өзі қадағалап, тергеу барысын дүрбімен қарап отыр? Ол – ол ма, Приходько мырзаның бір «көңілі түсіп» айтып кеткеніне қарағанда, «Жылқайдаров Рысқұлдың ісі» туралы Түркістан генерал-губернаторы сонау Петербургтегі патшаның соғыс министріне ақпар айтып, ақылдасуға мәжбүр болыпты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көрдің бе, Тұрар, қай қазақтың ісін патша ағзамның министрі тікелей өзі қарап жатып еді? «Барып кел, шауып келмен күн кешкен кәдімгі барымташы, қарақшы болса, онымен құдіретті өкімет өстіп тәжікелесіп жатар ма?». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шындықты білетін бір пенденің болғаны жөн. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оны осы жалғыз ұлынан басқаға ағынан жарылып, ақтарылып, айта алмас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тұр! – деп дауыс оқыс шықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл дауыс Тұрарды ғана емес, ой орманының нуында жүрген өзін де оятып жібергендей қатал естілді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бала көзін уқалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірер рет есінеп алды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тыңдап отырмын, әке. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бұл былай, – деді Рысқұл сөз бастап. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Таң қараңғысы тас қабырғаларды тарылта түскендей түксиді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Рысқұлдың ой-қиялы қамаудан шығып, ата-бабалар жерін шарлап кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тыңда, Тұрар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мені жұрт Саймасайды өлтірген бұзық дейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал Саймасайдан бұрын не болғанын білмейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Саймасай сойқанына не әкеліп соққанын анықтамаса мен көрде де тыныш жата алмаспын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мұның өзі былай болған еді, шырағым... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дәу-Бабаның дөңкиіп жатқан жотасын ай сәулесі шалықтап өтті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оңтүстік-шығыстан, Жабағылы жақтан, сірә, ай туып келе жатса керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қараңғы түнде түксиіп жатқан таудың түсі жылығандай еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дүлей түнек ақшыл сәуледен құйрығын қысып қашқан қасқыр сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түнектің түсі суық-ты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түн жамылған Дәу-Баба жарықтық жалғыз-жарым адамға қорқынышты-ақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ара-тұра үкі үһілеп, әлдеқандай белгісіз құс жанұшыра шар-р ете қалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тау қойнауы түн баласына жұмбақ жұлқысумен, белгісіз шу, қырқысумен өтеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түн қарақшылары тыныш дүниенің шырқын бұзып, өзінен әлсіз жүгірген аң, ұшқан құстың сорын қайнатып, жылы-жылы қанын қылғытып, қу тамақтың құлдығында жүреді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ышқынған үкі, жаман жапалақ, қара тілеу байғыз мына шөгіп жатқан таудың тоғай-тоғай жынысына толып кететін сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Рысқұл әу баста сұмдық дауыстардан шамалы сескенген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қанша батыр болсаң да түн ішінде, айдалада, жападан-жалғыз тұрғанда байғыздың сұңқылынан тұла бойың аза болар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қас қылғандай Бердіқұл да тез орала қоймады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Құлақтағы су өлімсіреп, бір-ақ қасық қалып, үзіліп бара жатқан соң ағасы Шәңке-бастаудың басына барып қайтпақ болған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сірә, Дауылбай ауылы суды бұрып алса керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кеше ғана сол ауылдың ақсақалдарымен баталасып, Шәңке-бастаудың суын кезек ішпек болып келісіп еді, Сәліктердің ішінде бүгінгі түн су кезегі Жылқайдардың балаларына тиген. |