KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Aт! – деп ақырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

От алмайтын мылтық шоқпар орнына, немесе найза орнына ғана жүреді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бізді бастаған сары дәу орыс Федор патронсыз мылтықты кезене алға ұмтылған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біз де далбасалап, жанталасып, тұсаулы аттай қосаяқтап секіріп, алға ұмтылдық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мылтықтардың бәрі патронсыз болып шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арамдар оқ-дәрісін алып тастаған екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пәкене Петяның мылтығы гүрс етті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Федор шалқалап барып, арқасынан біреу итеріп жібергендей, алға қарап тізесі бүгілмей, кескен теректей етбетінен гүрс етіп құлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Енді тоқтат! – деді айдауылдар бастығы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біздің қашпақ болған әрекетіміз осылайша қайғылы аяқталды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Он тұтқынның бірі құрбан болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қалған тоғызымызды қосақтап, қолымызға да кісен салды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қашуға әрекет жасағаным үшін, қаруға жармасқаным үшін, маған тағы он жыл жамады, атасына нәлет!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жиырма жылдан кейін мен тірі болсам, алпыс алтыға келеді екем.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сен ғой отыздан асып қаласың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ахат атаң енді жиырма жыл жүре қоймас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екеуміз әлі де көрісетін күн туар алдан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жиырма жылдың қанша күн болатынын есептеп көрейін деп едім, есебіне жетпедім, атасына нәлет!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үркіттің түрмесінде жатып, бір рет түсімде Қызыл Жебені көрдім, Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Биік жардың басында жер тарпып, құйрық-жалы жалындап желбіреп, кісінеп тұр екен, жануар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жетейін десем, қиядан аяғым тайып төмен сырғанап кете берем, кете берем.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әттең, Қызыл Жебенің арқасына аяғым бір іліксе, шексіз тайғаның, асу бермес таулардың, өткел бермес сулардың үстінен пайғамбар пырағына мінгендей, ұшып өтер едім-ау, деп жанталасамын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір кезде Қызыл Жебенің орнында, жар басында сен тұрасың, Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Көке, көке!» – деп айқайлайсың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Тұрар!» –деп шыңғырған өз дауысымнан өзім оянып кеттім...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Менің бұл хатын саған жетпесін білем, Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сондықтан сенен: Ахат қайда? Ізбайшамен Түйметай қайда? Молдабек қайда? Өзің қайда жүрсің? Хал-жайларың қалай? – деп сұрамаймын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бізге каторжниктер түрмесінен туған елге хат жазуға рұқсат жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Менің бұл қиял-хатын, ақ қар мен азнауық боранға ғана айтқан арызым саған аян болып жетер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұнда қазір туу десе жерге түкірік түспейтін қиямет қыс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тірі пенде дозақтың бәріне де көнеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен, әрине, бұрынғы Рысқұл емеспін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сақал-шаш ағарды, бірақ сағым сынбайды, атасына нәлет.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұндайда жүдесең-ақ жүнжіп кетесің де, ажалыңнан бұрын өлесің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен сенімен о дүниеде емес, оспадарсыз осы дүниеде көріскім келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

О дүние қашпайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оған әйтеуір бір барамыз да.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ ана дүниеде адамдар бірін бірі танымай қалуы да мүмкін ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал, бірақ менің рухым сені мәңгі-бақи шырылдап іздеріне сенімім кәміл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен сені көзімнің тірісінде іздеп тапқым келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Амандық болса, бұл каторгадан әлі талай қашармын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Талай рет ұстап та алады, оны да білемін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түбі әйтеуір бір кетемін, атасына нәлет.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Менің жанымда бір башқұрт, басбөрі1 бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол өз елінің ертедегі бір батыры Салауат дегеннің хикаясын айтады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Салауат патшаға қарсы шыққаны үшін ұсталып, оны теңіздің ортасындағы бір аралға апарып бұғаулап тастаған екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол Салауаттың өлеңі деп мына бір сөзді Ділмұхаммед деген досым ұдайы айтып жүреді:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайтар едім, жалын жоқ,

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сулар буған жолымды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жұлдыздардан көпір салар ем,

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұғаулады жазмыш қалымды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жұлдыздардан көпір салып өтуге мен де дайын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Саған деген сағынышты қос қанат етіп, Қызыл Жебенің рухын ерттеп мініп, күндердің күнінде мен ғарыпқа көтеріліп, жұлдыздан жұлдызға қарғып түсіп, елге де жетермін, Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Саған деген сағынышын кеудесіне сиғыза алмай, аспанға жұлдыз етіп шашыратып жіберуші әкең Рысқұл».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол кісеннің сылдырынан селк ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Орнынан тұрып жан-жағына қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алды – шымырлаған қаракөк иірім, арты – жарқабақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Иірімде балық шоршиды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жарқабақта құрқылтай ұшып жүр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жарқабақ құрқылтайдың ұясынан шұрқ тесік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзен бойлап өскен нар қамыстың үкілі басы тербеледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ мамырлаған дүние.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түрменің іші емес мыңғырған Мықан бойы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бала иірімге салып отырған қармағын тастай салып, жан-жағына қарап осыған көзі жеткен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ әлгі кісен сылдыры...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үкілі қамыс, көк құрақ, жасыл жыныс – жақсылықтың ордасындай, армандардың үміттердің аралындай тербеліп, сыңсып, сызылып тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арасынан жылт-жылт етіп зымырап шымшық көрінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Балық аулап отырған баладан сүйінші сұрайын десе, бата алмағандай қыбыжықтап жүрген майда мақлұқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дәл қарсы қабақтың етегінде бір шоқ сары сәмбі мұңайып тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шашын жайып жіберіп, суға телміре қарап, өзен түбінен әлдекімді зарыға күткен сұлу келіншек сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өгей шешесі Ізбайша кейде осылай отырар еді... Сәмбінің солқылдақ нәзік бұтағының дәл ұшына құрқылтай ұя байлапты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Суға тиер-тимес ілініп тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Титтей құстың да жауы көп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Содан қорқып, кеуек аспан астынан іздеп тапқан жері осы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күндіз қарақұстың, түнде үкінің көзінен таса, жіңішке жіптей бұтамен жылан да жорғалап жете алмас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құрқылтайдың балапанын сөйтіп, салқын судың сарыны әлдилеп, солқылдақ сары сәмбі тербетіп өсіреді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үкілі қамыстың көк қияқтары біріне бірі сүйкеніп, бірін бірі сипалап, сыңсып тұрады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жайқалған жасыл құрақ кезінде аймаласып қалуға асыққандай, құшақтасып, қауышқан қамыс әуенінде айтылып болмас арман, сарқылып бітпес сағыныш бардай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы сыңсыма әуен де мына баланың сағынышын маздатып жіберген сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кісенін сылдырлатып көкесі келіп қалғандай көрінді оған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үкілі қамыстың арасынан қазір шыға келетін сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көкесінен көз жазғалы жылға жақын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір күн есінен шыққан емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оянса – ойында, ұйықтаса – түсінде.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көкесін күтумен өткен күндер – баланың кішкентай жүрегіне сағыныш тамыр байлаған күндер еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл тамыр өмір-бақи қиылмас, оны ешкім Тұрардың жүрегінен жұлып тастай алмас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көкесін сағыну Тұрар үшін мүддені, мақсатты, жақсылықты сағыну қасиетіне айналды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дүниеде не сирек болса, адам соған зар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жан-жағың толған жамандық, жақсылық некен-саяқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адам сол азды іздейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір қап құмның арасынан бір киыршық алтын іздегенмен пара-пар, әбігер әрекет.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кісен тағы сылдыр ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар енді аңғарды: қамыстың ар жағында, ажырықта жайылып жүрген мама бие екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қырғызбайдың дәу торы биесі кісендеулі болатын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түн ішінде айдалада адасқан адамға жақындап келген бір сәуле қайтадан алыстап, алдап кеткендей болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көкесі келмепті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кісені сылдырлаған кәдімгі торы бие екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда сағыныш кеудесін бұрынғыдан бетер керней түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дауыл соққанда сықсима шырағдан сөніп қалады да, қауға тиген өрт өрши түседі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көкесін мұншама жақсы көрмесе Тұрардың көңілі суып, бірте-бірте әкесіздікке ет үйренетін кезі де болды.
Көрсетілді: 19900 / 47388