Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қазақша бір сөз білмейсің, қалайша тез түсініп қойдың? – деп Тұрар таң қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Музыкаға тілдің, тілмаштың керегі жоқ, жақсы музыка кімге болса да түсінікті, – деді қыз қазақ әуенін бірден ұғып алғанына қуанып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Хат танымайтын Рысқұлға қатын-баламды өзіммен бірге ала кетемін деп арыз жазып бергені үшін, түрме бастық Александр Бронниковты қайтадан саяси тұтқындар камерасына ауыстырған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әу бастағы үміті ақталмады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір камераға діні басқа орыс пен қазақты қатар жатқызып, ырылдастырып қоймақшы еді, қайта бұлар бірі нағашы, бірі жиендей бауырласып кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Рысқұлды қойшы, ол енді қақпанға түскен қасқыр, бүлікшіл Питердің бұзығы бала Тұрарды большевиктердің идеясымен ауыздандырып жүрер деп, Приходько кәнігі революционердің іргесін аулақ салған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ ақылы түстен кейін кірді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Приходько Тұрардың санасын шіркеудің шырмауығымен шатыстырамын деп жүргенде, Бронников Лениннің есімін оның балғын жүрегіне жазып қойған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Приходько Тұрарға бір емес, екі мұғалім тауып бергенін де білген жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірі өзінің қызы Наташа да, бірі – Александр Бронников. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Наташадан Тұрар орыстың тілі мен әліппесін үйренсе, Бронниковтен өміртану ғылымынан, қоғамтану ғылымынан ауызданып, сауат алды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Наташадан ол Пушкиннің атын есітті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бронников арқылы Ленин есімі жатталып қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аркаша мен Наташаны Тұрар күймеге салып, гимназиядан алып қайтқанда, Наташа Тұрарды жібермей, екеуі отыра қалып, Пушкиннің ертегілерін оқушы еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір күні Наташа Пушкиннен «Тұтқын» деген өлең оқыды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Сижу за решеткой в темнице сырой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Вскормленный в неволе орел молодой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мой грустный товарищ, махая крылом, |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кровавую пищу клюет под окном. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Клюет и бросает, и смотрит в окно. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Как будто со мною задумал одно. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Зовет меня взглядом и криком своим |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
И вымолвить хочет: «Давай, улетим! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мы вольные птицы: пора, брат, пора! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Туда, где за тучей белеет гора, |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Туда, где синеют морские края, |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Туда, где гуляем лишь ветер... да я!..». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тұра тұршы, Наташа! – Тұрар қараторы жүзіне қан шапшығандай күреңітіп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ол менің көкемді қайдан біледі? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Кім? – деді Наташа түкке түсінбей, шашыраңқы гүліндей көгілдір көздері тандана кең ашылып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Пушкин. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мынау жазып отырғаны менің көкем той. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жуан темір тордың ар жағында, дымқыл түнекте отырған менің көкем. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол темір торға мұңая қарағанда: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Әттең, қанат бітіп, мына тесіктен ұшып шығып, ақбас шыңдарға, тек самал ескен кең дүниеге кетсек», – дегендей болып отырады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ой, Тұрарка! – деп күліп жіберді Наташа. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үні ботақанның мойнындағы күміс қоныраудай сыңғырлайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Пушкинді алдақашан атып өлтірген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол сенің көкеңді қайдан білед? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жоқ, Наташа. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мынау менің көкем туралы, – деп Тұрар көнбеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көнгісі де, сенгісі де келмеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Пушкин оның санасына пайғамбар болып енді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Енді көкемді алысқа-алысқа алып кетеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол жақта жаз болмайтын көрінеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шанаға ит жегіп жүреді екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ақ аюы болады екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал, менің көкемнің жыртық шекпенінен басқа киімі де жоқ, – деп мұңайды кенет. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Наташа өзінің кішкентай досын аяп кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оның қам көңілін немен көтерерін білмей, қайтіп қана көмектесерін білмей қиналды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жүгіріп асүйге барып, ішіне алма салып пісірген аппақ нан әкеліп: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мә, Тұрарка, – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар нанды қағазға орап қалтасына салды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жесеңші, – деді Наташа көкшіл көздері мейірленіп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Көкеме апарып беремін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мүмкін, оны таяуда әкететін шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жолға азығы да жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бишара Тұрарка, – деп Наташа баланың қап-қара шашынан сипап қойды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кенет Наташа бөлмесіне Приходько мырзаның өзі кіріп келді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қорқып кеткен Тұрар орнынан ұшып тұрды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұрлық қылған адамдай, қалтасындағы нанды сипалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– А, Наташенька, шефке алған шәкіртіңнің табысы қалай? Не оқып отырсыңдар? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Пушкинді, папа, – деді Наташа жарқылдап. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Приходько қабағы түйіліп, тұнжырап қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Құдай заңын оқыт оған демеп пе едім? Закон Божий, ол сабақтан өзің де нашар үлгеріп жүрсің, Наташенька. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жақсы емес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мейлі, папа, үйретейін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өзім де үйренейін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Міне, қазір отырайық, – деп Наташа Закон Божий кітабын іздеп бәйек бола қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бір тілек айтсам, орындайсың ба, папа? Орындасаң, айтқаныңның бәрін-бәрін істейін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ол не, айта ғой, қызым, – Приходько Наташаның ықыласына риза болғандай қабағы ашылып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тұрардың әкесін каторгаға айдатпай-ақ қойшы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осында бола берсін, сонда Тұрар да бізбен бірге болады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Екеуміз Закон Божий оқимыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жарай ма, папа? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Періште бейнелі нәзік қыз папасының бұғы мойнынан құшақтап, оның сақал басқан топырақ түстес бетіне мөлие қарады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әкесі қызынын қолын мойнынан босатып: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қызым, мұндай әңгімеге араласпа. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл бала-шаға араласатын іс емес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрардың әкесі сотталған адам. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оған менің пәрменім жүрмейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен әлгінде оған жолығып қайттым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрарды өзіммен бірге ала кетемін деп жоғары жаққа арыз бермекші. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Онысынан түк те шықпайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өйткені жасы он төртке жетпеген баланың ссылкаға айдалушының соңынан ілесуіне заң жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ әкесі кетсе де, Тұрар біздің үйде тұра береді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Солай ма, Тұрарка? Мүмкін, оқуға түсіп кетерсің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Саған құдай әкеңнің жолын бермесін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Құдай жолын қалап ал. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қор болмайсың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оқып, адам болып, патшаға адал қызмет етсең, бәлкім, кейін әкеңді айдаудан босаттырып аларсың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сен өте зерек баласың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әйтпесе, сені үйге кіргізбес те едім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал құдай берген қабілетті қор етпеу керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аздап сауатың ашылған соң, егер айтқанымды бұлжытпай орындап жүрсең, Духовная семинарияға түсіремін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонда жабайы басурмандарды шын құдай жолына бастайтын сен боласың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әне, адасқан әкеңе сонда қол ұшын бере аласың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әкеңді жақсы көретінің рас болатын болса, оған көмектесіп, оны шыңыраудан шығарып алудың бірден-бір жолы осы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ойлан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен саған шын ниеттен жақсылық тілеп тұрмын. |