KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құдайға сенсең, құдай сенің тілеуіңді береді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басқаның шарапаты шамалы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құдайға сен, бала!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тұрарка, кел, тез оқиықшы Закон Божийді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Періште пейілдес бейкүнә қыз кішкентай досының тұйықтан шығар жолы табылғандай, тез-тез Закон Божийді оқыса, Тұрардың әкесі тез-тез түрмеден босанатындай қуанып, сеніп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алтын түстес әдемі шашы толқынданып, ақсары жүзі албырап, шашыратқы гүл көздері жәудіреп, бар ынта-ықыласымен жанашыр болған періште пішіндес қыздың мына бір қызба әрекетіне Тұрар да нанып қалғандай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Баланың илігейін дегенін көрген Приходько жүзі жылып, түкіс қабағы жадырап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Молодцы, – деп бөлмеден шығып бара жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Приходько – патша тәртібінің құлақкесті құлы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал оның пәруана түсінігі бойынша, шіркеу патша тағының ең сенімді сақшысы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Патшаға қарсы қастандық пиғыл жайлаған адамдар шіркеуге бармайтындардың, құдайға нанбайтындардың арасынан шығады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Олардың жүрегіне дию-шайтан ұялаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал қазақтың қаршадай баласын, әм зерек баласын христиан дінінің насихатшысы етіп баули алса, онда оның қазақтарға деген ықпалы орыс попының ықпалынан он есе, жүз есе пәрменді болмақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Татарлардың бірсыпырасы, якут-сахалар, тіпті алыстағы жапондардың едәуірі христиан дініне кіріп, шоқындырылды емес пе? А неге қазақтарды шоқындырмасқа? Бұларды қашанғы мылтықтың күшімен, найзаның ұшымен ұстап тұрарсың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл да керек, әрине.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

А дінге, қасиетті православие дініне кіргізсең, уысында ұстау оңайырақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы саясатты ояз болып, губернатор болып, түбегейлі қолға алмайтыны өкінішті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ничего, православие шіркеуінің адал пәруанасы Приходько мырза түбінен ойлайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осындай ойдың толғағында тебіренген Приходько өз бөлмесінің төрінде тұрған иконның алдына барып қайта-қайта шоқынды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Икондағы құдай-ананың қолындағы нәресте оның көзіне Тұрар болып елестей берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Приходько шошып кетіп, қайтадан жұлқынып шоқына берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар кешкі апақ-сапақта камерасына қайтып келгенде, камерада әкесімен бірге отырған Бронниковты көріп, әрі таңданып, әрі қуанып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– О, Саша ағай, сіз бізге қайтып келдіңіз бе?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иә, Тұрар, сағындым сендерді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ мені қазір әкетеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сен жоқта көкең екеуміздің бітірген шаруамыз мынау, – деп Тұрардың қолына бір тарақ қағазды ұстата берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар қағазды өлеусіреген шырағданның әлсіз жарығына тосып тұрып, ежелеп оқи бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Жетісу губернаторына Верный түрмесінде жатқан каторжник Рысқұл Жылқайдаровтан

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арыз

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алдағы маусым айында келесі этаппен каторгаға айдалмақшымын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы себепті Сізден құлдық ұра өтінемін: балам Тұрарды өзіммен бірге ала кетуге рұқсат етіңіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

25-мамыр 1906 жыл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Верный қаласы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сауатсыз Рысқұл Жылқайдаров үшін қол қоюшы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Александр Бронников».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бала сілейіп тұрып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жанындай көретін адамнан, туған әкесінен айырылатын кез мұнша таяп қалғаны қатты шошытты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мені олар жібермейді, көке, – деп әкесінің мойнын құшақтады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Оны қайдан білесің? – деп Бронников баланың иығынан тартты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Приходько айтты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол мені шоқындырмақшы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шіркеу оқуына түсіремін дейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда әкеңді каторгадан босатып ала аласың дейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әкең арызданғанмен бәрібір сені оған қосып жібере алмаймыз деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– А, залым! – деп Бронников шекелеп отырып өз тізесін өзі дәу жұдырығымен бір ұрды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сенен поп тәрбиелеп шығармақшы екен ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Не дейді? – деп Рысқұл қос қолымен жер тіреп сілкіне түрегелді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тыныш! – деп басу айтты Бронников.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Шоқындырғаны несі? Енді істемеген қорлығы сол еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қолында өлейін! – деп Рысқұл дес бермеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тыныш! Бәрібір құр кіжінгеннен түк шығара алмайсың, Рысқұл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Балаға кесірің тиіп кетеді құр бекер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ойланайық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сенен поп жасамағы, әрине, иттік, Тұрар бауырым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Поптың үлкені – Ғапон.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол үлкен иттің кесірінен Питерде мыңдаған адамның қаны төгілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол үлкен иттің кесірінен, міне, мен елімнен, отбасымнан айырылып, алыста, абақтыда жатырмын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жоқ, Тұрар, сен шіркеу оқуына түспейсің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шоқынбайсың да.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл барып тұрған масқарашылық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Отаршыл оңбағандардың жексұрын саясаты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал бірақ мына арызды қанағаттандырмауы әбден ықтимал.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ондай жағдайда, Рысқұл каторгаға кетіп, сен қалған жағдайда, Приходьконың қармағынан құтылуға тырыс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар бауырым, Пішпекке, не Әулие-Атаға барып, қалайда оқуға түсуге тырыс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сен өте жассың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ жағдай сені есейтті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ерте есейдің, бауырым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл қалада қалма.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Приходько оңбаған сенің санаңды улап, өз халқының жауы етіп баулымақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

О, залым ит! Алданба, Тұрар!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлгі арызға жауап көп кешіккен жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Облыстық басқарма Верный полицмейстірі арқылы мына мәнді жауап қайтарды:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Верный полицмейстріне.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Облыстық басқарма Верный түрмесінде жатқан каторжник Рысқұл Жылқайдаровқа мынаны хабарлауыңызды тапсырады...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның арызы қанағаттандырылмайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ереженің 120-шы статьясына сай, жасы он төртке жетпеген балалар каторгаға ата-анасымен бірге айдалуға жатпайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы жауапты хабарлағаныңыз туралы Рысқұл Жылқайдаровқа қол қойдырып, қағазды полиция Басқармасында сақтаңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Вице-губернатор Осташкин.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

31-мамыр 1906 жыл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

№ 8465».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

1906 жылдың маусым айының тамылжыған таңында Рысқұл камерасының құлпы соңғы рет салдырлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл өзіне жыл жарым мерзім мекен болған тас зынданмен қоштасты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол соңғы рет айқыш-ұйқыш сом темірді терезеге қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қуқыл аспанның қиығы көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Беторамалдың көлеміндей ғана қиық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ізбайша тігіп берген шашақсыз орамалдай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аспанның алақандай көлемін көріп, Ізбайша есіне түскенде, Рысқұлдың бүйрегі бір бүлк етті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тым болмаса, қоштаса да алмай қалатын болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді қайтып тірідей көрісуге тағдыр жаза ма, жоқ па – белгісіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қоштасып, арыздасып қалу керек-ақ еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құдай қос көрмеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ізбайша жазды деген тілхатқа Рысқұл сенген жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жүрегі құрғыр ит қапқандай қапалы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Суынар, суалар кезі болса да жүректегі сезімді сылып алып тастауға ешкімнің әлі келмейді екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ізбайша мен Түйметайдан көз жазғалы екі жылға жақындады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Олардан айырылу қиын да болса, уақыт өткен сайын бет-жүзі, елесі көмескілене берген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал Тұрардың жөні бір басқа.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түрмеге түскеннен бастап, түн баласы өзімен бірге болған ұлының иісі әкенің жан дүниесіне қылышпен қырып жусаң да кетпестей болып сіңіп қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді сол Тұрармен айырылысатын қиямет-қайым азабы азынап тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бүгін түні бойы ол баласын бауырына қысып жатты.
Көрсетілді: 20200 / 47388