Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл сірә, жылқы баласының біреуді жақсы көргенде істейтін ізеті шығар, сонысымен өз мейірімін білдіргені шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Не де болса, Рысқұлдың жүйкесі бір жібіп кетті, шыдамы берік азамат тебіренгеннен көмейіне өксік тығыла берді: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Е, Шолағым, ризамын саған, – деп сыбырлады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Шіркін, саған мініп алып, Талғар мен Түргеннің тауларын, Шелек пен Есіктің алқабын аралап, жортып жүрген жоқшылық күндердің өзі бір ғанибет екен-ау?! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Е, шырағым, үмітсіз шайтан ғана болсын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлі кім білген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дәм-тұз таусылмаса, Шолағыңа да мінерсің, – деп сезімтал қарт інісін жұбатқан болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ой, Аха, сіз де айта бересіз, – деп күлді Рысқұл. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бұл Шолақ оннан асып қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді мен оралғанша он жыл өтсе, бұл байғұстың басы қурап қалмай ма?! Бірақ, кім біледі, кімнің басы бұрын қурарын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Менің жаураған жанымды қазір тек үзілмес үміт оты ғана жылытады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Адам сорлы қызық екен ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айдалатыныңды, құлақ естімеген, көз көрмеген, қиянға кететініңді біліп отырып, әлденеден үміт етесің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Не екенін өзің де білмейсің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ әйтеуір дәметесің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Үмітсіз шайтан ғана болсын, шырағым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үмітіңді үзбе, адамның үміті үзілгені – үні өшкені. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сен тұрмақ, мына жетпістен асып, басы жерге жеткен менің де жарық дүниеден үмітім бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді маған не дауа. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
А бірақ кеудеден шыбын жан шықпай тұрғанда, қыбырлап жүре бергің келеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
А сондықтан жасыма, шырағым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мына тірі көлеңкең тықыршып тұр ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ахат айдауылға қарады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Сөзді көп созбай, қоштасайын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрарды бір көрсем деп едім... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ізбайшадан жауап болмаса, өзіммен бірге Тұрарды ала кетпекпін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал алда-жалда рұқсат етпесе, бір құдайға, одан соң өзіңе тапсырдым, Аха. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оған жаны ашитын басқа бір адам жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Ағайының көп болса адам тимес, көсеуің ұзын болса қолын күймес», – деуші еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен ағайынсыз емес едім, бірақ азаматы аз болды, атасына нәлет. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен оларды кінәламаймын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Олардан кінә жоқ шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жалаң қолмен от көсеп, аяғы күйген тауықтан тарығып қалған шағымда, Алматының абақтысын, Мекке айналғандай сырттан торып, жанымнан шықпай жүрген жалғыз сенсің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ризамын, Аха. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Екі дүниеде де ризамын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлдеқалай заман болса, Тұрарды тастама. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қарт ағасы Рысқұлды құшақтап, төсіне төсін басып, жел шайқаған кәрі емендей теңселіп, көп тұрды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонда кәріліктен шаршаған, үздіксіз соғудан мезі бола бастаған жалқау жүрегі қайтадан жанданып, өлімсіреген өзенге таудан тасқын құлағандай, тулап, дүрсілдеп қоя берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шыдамы біткен айдауыл Ахатты иығынан тартып: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Уақыт бітті! – деп қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Еті қашқан қу сүйек иықтың тынымсыз діріл қаққанын қолымен сезген айдауыл амалсыз тағы аялдаған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кім білген, бөдененің құйрығындай тұқыл тіршілікте түрменің құлпы мен темір торынан басқа, аш қандала мен атала быламықтан басқа, ақсиған тістер мен ақырған бұйрықтан басқа, бұл тіршілікте туысқандық, қимастық, қиыспастық, өзек өртенер сезімді айдауыл пақыр сонда бір сәтке өз басынан кешкен де болар... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Есен-сау барсыз ба, Тұрардың көкесі? Біз бір-бірімізді көрмегелі міне, екі жылға жақындапты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өзіміздің Бесағаштағы жеркепеден сіз аттап шыққалы бері екі жаз, екі қыс өтті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Міне, тағы да көктем шықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кеше мен наурыз көкті көрдім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көзіме жылы ұшырады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сізден бір хабар берер деп дәметкен едім, тілсіз құс түк айтпады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сөйтсем, ол жылы жақтан, оңтүстіктен ұшып келеді екен ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал, сіз болсаңыз Алматының абақтысында, қазір біз Түйметай екеуміз паналап жүрген Меркеден алыстасыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен көрген наурыз көк, сірә мына Меркеден өтіп, Алматыға да барар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Анда-санда абақтыдан сізді далаға шығарғанда сол наурыз көкті сіз де көресіз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түйметай екеуміздің сәлемімізді, сағынышымызды жеткізер ме сізге жәудір көз, көгілдір құс? Біз сіздің етегіңізден ұстап, қиянға кетуге де ықтиярлымыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол басында құдайдың пешенеге жазғаны сізбен бірге өмір кешу болған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Есіңіздеме, Тұрардың көкесі? Мен сіздің жер кепеңіздің табалдырығын таудай биікке балап, ыс басқан жертөленің аласа төбесін шаңқаң ақ орданың шаңырағындай санап, өз еркіммен аттап едім ғой, Онда мен жасым жиырмаға толмаған жас бала едім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Қатыны өлген қаңғыбасқа тиген інесі?» – деді жұрт сонда. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ауылнай Таубай сөз салып еді алдында. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тағдыр екен, оған көнбей, сізге көзсіз ілесе бердім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үйіміз жеркепе болса да, қарлығаштың ұясындай еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді ол қаңырап қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді мен үш таған ошақты, түбінің жарығы жез шегемен жамалған қара қазанды, қос уыс дән табылғанда талқан тартатын тac диірменді сағынамын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қалды бәрі де. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар кілтін бұрап сылдырлата беретін ескі әбдіра да қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оның ішінде ақ шүберекке ораулы жататын ақ бәкіні ала кеттік. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сізден тапқан баланың кіндігін сол бәкімен кесуді құдай маған қимады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жанымыздағы терең сайдан екі шелек су көтеріп келе жатқанда түсік тастап, содан қайтып бала көтермей қалдым мен бейбақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ алты айлығында бауырыма салған Түйметай менің өз өзегімді жарып шыққандай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Құдай куә, мені Түйметайдың өгей шешесі деп ешкім айтпас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрардың жөні бір басқа. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол да менің өз балам. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ менің ақ төсімнің иісін алмаған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонда да қатты сағынамын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Не күйде жүр ол қазір? Мені есіне ала ма ? Тірі болсын құлыным. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Менен сәлем айтыңыз, анасымын мен оның. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрардың көкесі-ау! Азғырған жұрттың айтқаны келді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мені сіз үлдемен бүлдеге ораған жоқсыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біз ерлі-зайыпты болып қосылған бес жылдың ішінде менің иініме бір-ақ рет жаңа көйлек ілініпті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Батыр байымас» деген рас екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бүйіріміз томпайып, тоя тамақ ішкен күніміз аз болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір уыс талқан табылса Тұрар мен Түйметайдың аузына тостым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өйткені мысық екеш мысық та, қанша аш болса да, ұстаған тышқанын алдымен балаларына әкеліп береді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Таубайға тисем, ақ майы ақтарылған қара шараны өзім ұстар едім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кеше сіз түрмеге түскенде, Бесағаштағы ауылымыз ойран болғанда Таубай мұны бетіме салық қылып, табалады ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ мен тағдырыма налымаймын, Тұрардың көкесі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сіздей ер азаматтың әйелі екеніме шүкіршілік етіп, еңсемді түсірмей, жұрттың жүзіне қымсынбай қараймын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір елі аузына екі елі қақпақ қоя алмаған жұрт не десе, о десін, менің пірім сізсіз, Тұрардың көкесі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен сізге сенемін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өзіңізбен бірге Сібірге бізді де ала кетпек болғаныңызды есіткенде, менің іші-бауырым елжіреп, сізге – еріме, піріме деген ынтық, мына адасқан қаздай қаңқылдап жүрген сәтте, жаныма сая, іргеме ық болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сізге ілесіп, қыстың қыспағында омбылап қалған жаралы киіктей, қиыншылық көрсек те арман жоқ,. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тәңірі қос көріп, төрелердің рақымы түссе, бізді аждаһаның аузына апарсаңыз да, ала кетіңіз, Тұрардың көкесі...». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Баланың басындай сом құлыптың сақыр-сұқырынан Рысқұл шошып оянған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ояна салып өз қолына қарады, жан-жағын сипалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ізбайшаның жанағы хаты үшті-күйлі жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аңырып, есеңгіреп отырып, есін жиғанда барып, әлгінің түсі екеніне көзі жетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кенет күн тұтылғандай, көзінің алды қарауытып бара жатты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түсінде жайраңдаған қайран көңіл бір сәтте талқан болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айдауылдың құлыпты салдыратқанын Рысқұл зарыға күтіп, сағынып жататын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Атуға алып шықпақшы болса да, есіктің бір ашылғаны жақсы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал бірақ мына бір ынтызар шақтың шырқын бұза, камераның ішін жарқыратқан күнді сөндіре, әдемі түстен адастыра келген айдауылды қазір Рысқұл екі көзімен есікке шегелеп жібере жаздады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айдауылдың соңынан түрменің бастығы Приходько мырзаның өзі кірді. |