Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жақын болғанмен, жатырқаулы үйдің босағасында жүрсе де, қас-қабағы бүгежек, ынжық мінез танытпас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қайта тәкаппар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сөзге сараң. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кейде от шашып, кейде мұң бүркенген зерделі көз бұл баланың балалық шағы болмағанының куәсіндей. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қасқа бұзауды құйрығынан ұстап бақпасаң, ешкі бас енесі өрістен ерте қайтып емізіп қоятынын бала жақсы біледі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біле тұра бұл жолы қалай айырылып қалғанына өзі де қайран. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мықан бойы шүйгін шөп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Атқұлақ пен гүлқайырдың арасына адам кірсе көрінбес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сиырқұйрық сары гүлден шәлі жамылып үлбіреп тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шеңгел екеш шеңгелге дейін күлгін-қызыл шешек атқан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Табиғат, шіркін, тамылжып, тікенегіне дейін ажарланып алыпты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бидайық балақтап, бас тартып, пісіп тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді шалғы тимесе бойжеткен қыздың отырып қалғанындай-ақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жабайы жоңышқа мен шырмауыққа шытыр араласып, киіздей тұтылып қалған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шәйқурайдың басына қонып алған сары торғай аспанға қарап сарнап отыр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тәңіріге жер бетінен ақпар беріп, шаттығын айтып тауыса алмай аптығып жатқан сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жер бетіндегі жақсылықты асырып, жамандықты жасырып, Тәңіріні алдап отырған тәрізді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күн батарда өзен үстін қарлығаш қаптап, бірін-бірі қуалап ойнап жүр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жаңа туған торы биенің сұрша құлыны құйрығын шаншып еліре шапқылап жүріп, сүрініп кетіп түрегелгенде, енесі оқыранып, тентегіне тостағандай көздерін төңкере бір қарап қояды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жаманшылық атаулының бәрі жыраққа кеткендей: қарын ашпас, көңіл кетілмес, ақ жарылқап күн туғандай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді бала мына жағадан жуа теріп жесе де күнкөрісі бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ қарын аштығына ол әбден көнбіс, құрсақтың шалалығы уайым емес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сықылықтап, ішетін тарта күлген қарлығаш, аз күн дәуренге әуейі мас шегірткелердің шырылы, кешке жақын жорыққа ереуілдете шыққан зауза қоңыздың ызыңы, қозы-лақ қайырған балалардың айқай-ұйқайы, барақ төбеттердің әупілі, құлыншақтың күміс қоңыраудай кісінесі – бәрі-бәрі жарылқаушы жаратылыстың жақсы әуені. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мұндай дүниеде адамдардың көкірегі қайғыдан, көзі мұңнан таза болса жарасар еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ жұрт жақсылықтың қадірін ұмытып кетпесін дегендей жамандық өкшелеп қалмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Періште жүрген жерді шайтан ториды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қабағы ашық қайырымды күн Мерке базарындағы Төрткүл орданың тасасына ғана қонақтай салғандай көрінді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әйтпесе күн батқанда Мерке Алатаудың басы неге сонша алаулайды? Баланы таң қалдырған о да емес, сүңгі шоқы басына шүйіле түскен бір будақ бұлт болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әуелі ол бір-ақ шөкім еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Содан түтілген мақтадай қопсып шудаланып шыға келді де, Аспара шыңының ұшына желбіреп ілінді де қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Будақ-будақ үлпілдек ақ мақтаны көзге көрінбес әлдекім созғылап суретке айналдырғандай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әуелі будақтан салбырап-салбырап төрт аяқ пайда болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Содан кейін созылып аттың басы шықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үстінде отырған адам кегжиіңкіреп тәкаппар қалыпта қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аттың жалқұйрығы желбіреп, аяқтарын көсіп тастап, додадан үзіле шыққан тұлпар тұлғасына ұқсады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Таулар басын қызыл шапақ шалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлгі салт атты әуелі қызғылтым еді, бір сәтке алаулап ала жөнелді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бала алаулаған салт аттыдан көз алмай тынысы тарылып бара жатты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір кез: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– О, Қызыл Жебе! – деп сыбырлады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Одан соң: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Көке! – деп айқайлап жіберген дауысынан өзі шошып кетіп селк ете түсті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аспара ұшындағы салт атты аң аулап, киік қуалап жүріп, абайламай шыңға шығып кеткен әкесінен аумайды екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлде ол Сахалинде айдаудан қашып, енді патшаның құрығы жетпейтін жер осы деп әдейі шыңға шығып кетті ме екен? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әйтеуір найза ұшындай Аспара басында жал-құйрығы от болып жалбыраған, бөкен сирақ ат мінген қызыл салт аттының сонау шыңнан ап-анық көрінгені рас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әкесінің шыңға шыға алатыны ақиқат. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
1903 жылы Петербургтен келген атақты ғалым, географ Дмитриевті апайтөс Талғардың биігіне адастырмай, қиыннан, қия-қиядан жол тауып алып шыққан көкесі болатын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Баланың көзіне бір сәт Талғар елес берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дәл қазір мына Аспарадан әкесі айқайласа, осы замат Талғардың шыңына шығып алып сексендегі қарт нағашысы Мамырбай құбылаға қарап, Меркеге кеткен кішкентай жетімек жиенін зарыға күтіп тұрған сияқты көрінді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл екі арада Аспара басындағы салт атты алаулағанын қойып, суға салған балқыма темірдей көгістене берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді бір ауықта әлгі сымбатты сұлу салт атты қомыт шапандай іріп-іріп ыдырап, мүлде жоқ болып, қарауытқан аспанға судай сіңіп кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бала әлгі елеске сенерін де, сенбесін де білмей: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Көке! – деп шыр ете қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ әкесі қайтып тау басынан көрінбеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлде арғы беттен киік көріп, соны қуып кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлде патшаның ұзын құрығы заңғарда да жетіп, ұстап әкетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлде салт атты тау басынан баласын көріп, әйтеуір тірі жүргеніне көзі жетіп, соған шүкіршілік етіп, өзінің қашқын қамымен болып кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бала Аспарадан көз алмай, көпке дейін сілейіп тұрып қалған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тамағына өксік тығылып, көзіне ыстық жас үйіріліп, іші-бауыры елжіреді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сахалинге айдалып кеткен әкесін ол аңсап күткелі қашан?! Күте-күте сартап болған көңіл түңілмей, үміт өлмей, тасбауыр тартпай, жанының жарасын өзі жалап жазып, әйтеуір алдан жарық сәуле күткен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол кезде ел арасында әкесі туралы неше сақ аңыз айтылатын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Соларды тыңдап отырып баланың зығырданы қайнайтын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Білсе де, білмесе де әкесін ұры, адам өлтірген қарақшы деп көйітеді тоғышар немелер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қайдағы ұры, қайдағы қарақшы! – деп айқай салғысы келеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ау, бұ қазақта ұры аз ба, адам өлтірген аз ба? Соның қайсысының үстінен қырық болыс қолын қойып, мөрін басып, ұлыққа арыз берді екен? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ бала оны дауыстап айта алмас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оның өйтіп айтуға амалы жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аты бала демесең, бұ да қашқын... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әкесі 1905 жылы алпауыт болысты өлтірді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Онымен ғана қоймады, болыс біткенді бақыртып бауыздамаққа бел байлап қаһардың қату бас тұлпарына мінді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Содан қорыққан ұлықтар оны Сахалин айдады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал өлтірілген болыстың жақындары «қанға-қан» деп қалшылдағанда сақалдарына түкірігі шашырады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қолға ілінері айыпкердің жар дегенде жалғыз ұлы еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Апалақтаған адуын ақсақал-көксақалдар сол титтей нәрестенің қанын төкпек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Нәрестенің қанын төгу періштенің қанын шашумен бірдей екенін, оның жазығы бүткіл қандықол әулетінің үрім-бұтағына қарғыс таңбасын қушық маңдайларына қызған темірмен ғұмыр бойы кетпестей ғып басып қоятынын сезбейді сорлылар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сезімсіз нойыс кекшілдер айыпкердің күркесінің күлін суырып, он жасар баланы шырылдатып ұстап алып, көкпар ғып тартып кете бергенде, өгей шешесі Ізбайша байғұс байбалам салып, өз бетін өзі жыртып, қалың елге зармен хабар беріп, әйтеуір аман алып қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ізбайша кейбір дос-дұшпанның азғыруына алданып, әкесімен бірге Сахалинге барудан бас тартып, басқа мекенге кетсе де, бала оны өзін көпе-көрнеу ажалдан аман алып қалғаны үшін ғана жақсы көреді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Адам жамырап, көз байланды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мықан бойындағы нау теректер кешкі дүниені азан-қазан жаңғырықтырды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Гүл біткен көзін жұмып, ұйықтап қалған сықылды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұйқысырап тұрып, бірін-бірі түрткілей жайғасып, сыбырласады тек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мама биенің оқырануы жиілеген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қараңғыда құлынының ұзағанын ұнатпас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ау, айтпақшы қасқа бұзау қайда? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Баланың жүрегі зырқ ете қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қасқа бұзау ешкі бас енесін еміп қойды ғой! Осылай ойлауы-ақ мұң екен: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Әй, жүгермек! Қайда жүрсің, қаңғырып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тандайың аққа жарымағыр қу жетім, бір үйлі жанды тағы ақтан қақтың ғой, – Салиха апасы барқыраған жуан дауыспен зарлап қоя берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бала тістенді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлгіде өз әкесін көрген Аспара шыңына қарады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қарауытып кетіпті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Салт аттыдан еш белгі жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ шыңның үстінен, қара мақпал аспаннан ерекше жарқырап бір жұлдыз көрінді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Көке! – деп айқайлап жіберді бала. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Көке! Мен енді мектепке барамын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сен өкпелеме! Сен өкпелеме! Мен енді Қырғызбаев болып жазылдым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ мен – Тұрар Рысқұловпын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Сорлы-ау, біреу-міреу естіп қояды, жап аузыңды! – деді мұны іздеп жүрген Қырғызбайдың бәйбішесі дауысы тарғылданып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мейлі, естісе – ести берсін! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кешкі ауа оның шырқыраған дауысын алысқа-алысқа алып бара жатты. |