KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жолда Ақсу-Қапал қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Лeпci деген судан да өттік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Одан әрі жап-жазық мидай дала басталды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Лепсіде ауысқан айдауыл бізді Аягөзге дейін жеткізіп салуы керек еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сасырдың жапырағы күйген шүберектей қурaп кеткен сары дала.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адам тұрмақ, aт шыдамай, сусыз шөлден аузын ашып, алқынып, аяғын әзер басып ілбіп келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Aт арыған соң солдаттар бізді арбадан түсіріп, жаяу айдады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Лүп еткен желі жоқ, сілтідей тынып қалған кеуек дала пысқырған aт пен кісен сылдырынан мазасы кетіп, біздің қыбыр-жыбыр жүрісімізге ызасы келгендей тынысты тарылта түседі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Анда-санда алқымы кеуіп, бүйірі бүлкілдеген кесіртке аяқ астынан тура қашады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есірік солдат әлгі мақұлықты тапырақтап қуа жөнеліп, мылтықтың істігімен жаншымақ болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кесірткеге де жан керек, бұлт ете қалып құтылып кетеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мылтықтың істігі тандыры кепкен тақыр жерге шақ етіп тиеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аяқты кісен, көкіректі шөл қысқанда адам бей-жай, айналаға көз салмай меңіреу болып қалады екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтпесе, Құдайдың қу даласында тіршілік белгісі тіптен көп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарап келе жатсаң, алдыңғы арбаға жегілген аттар құйрығын әрең көтеріп тезек тастаса, сүрлеу жолдың жағасынан көң қоңыздары лезде құлдыраңдап шыға келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кейбіреуі не дөңгелек астында, не солдат табанында мыжылып та қалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қу тамақ-ай, десеңші.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көз ұшында сағым бұлдырап өркеш-өркеш түйе керуен тоқтап тұрғандай көрінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көңіл селт етіп, әлденеден үміттеніп қаласың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Дуадақ! – деп бір солдат бақырып қоя береді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлгі керуен тay теңселгендей қорбаң-қорбаң қозғалып, аударылып-төңкеріліп кеткендей болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Солдаттар патырлатып ата бастайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Паң дуадақ сонда да жанталаспай, ордаң-ордаң желіп барып, баяу көтеріліп, дірілдек ауаның арасына сіңіп кетеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есірік солдаттар атты арбадан шығарып алып қумақ болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бастық зекіп тастаған соң, бастарын шайқап, таңдайларын тақылдата, дуадақ кеткен жаққа көпке дейін алаңдай береді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мылтық дауысынан шошып оянғандай, жол жағасындағы қаратаспа қараған арасынан тac шегіртке шырылдайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл үн менің есіме Алматының көк қақпалы түрмесін түсіреді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның ауласындағы қара сораның арасынан осы шегіртке шырылдар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді ол да Сібір жолына бізбен бірге аттанған сияқты, жылауық үн соңымыздан қалмай ілеседі де отырады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алыстан мұнартып, сәулетті бір сарай сағым арасынан армандай асқақ көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тозақ жолынан соң, пейішке барып қойып кететіндей әлгі асқақ мұнарға алқынып асығамыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұтам кісен адым аштырмайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақыры өліп-талып жеттік-ау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күнбатыс жағы үңірейген аласа ғана көне мазар екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жанында жылап ағып, жылымшы татыған бір қасық суы бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алдақашан бұл дүниеден көшкен атамның көз жасы әлі тыйылмай, соның сорасы ағып жатқандай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аттар доғарылып, жылы да болса су ішіп, таңдай жібітіп, жан шақырдық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бізді арбалардың қасында қалдырып, қасымызға бір қарауыл қойып, солдаттар мазардың көлеңкесіне барып отырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мылтықтарын түйістіріп, бір жерге үйді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алдарына қағаз жайып, тамақ жеп, шишаларын шығарып арақ ішті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына құдайдың ыстығында ішкен арақ басқа шапшып шыға келген шығар, барылдасып карта ойнай бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ойын қыза, біздің қасымыздағы қарауыл үйірінен адасып, үркектеген жылқыдай тыпырши бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұның өзі өзгелерден шынжаулау, пәкене бойы мылтықтан сәл-ақ асатын секпіл бет, жирен қастың астынан көзі тақыр ұдықтай шүңірейген, жалынсыз, жасық неме еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Карташылардың қасына жақындап барайын десе, бастығынан қорқады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бармайын десе, құмарлық қысады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осыдан барып, бізге ыза болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Карта соққандар төртеу, мұнымен бесеу.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біз он адамбыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алматыдан шыққанда алтау едік, Лепсіден төртеу қосылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарта ойнап отырған айдауылдардың бастығы бір уақытта біздің жанымызда тұрған сүмелек пәкенеге:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ей, Петя! Ыстық тамақ керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тез дайында, – деп ақырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Отын жоқ, поручик мырза, – деп шіңкілдеді пәкене.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Неге отын жоқ ? Маған десең сирағыңды жақ! А на каторжниктерді жақ! Отын тaп! Айтпақшы, сол оңбағандарға отын жинат.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына бұталарды жинасын! – деді бастық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пәкенеде де билік бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол бізге бұйырады:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Айда! Бәрің тұр да қурай сындырыңдар! Бол, жылдам!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кісендерімізді сықырлатып, булыға тұрып, қарағанның бұтасын сындыруға кірістік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Менің жанымдағы еңгезердей сары орыс сыбыр ете қалды:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қимылдайтын уақыт соқты, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сезе қойдым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қайтіп? – дедім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Анау үюлі тұрған мылтықтарды қолға түсіру керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Солай қарай жылжи бер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сары орыстың аты Федор еді, жылжып жүріп, тағы бір-екі тұтқынға сыбырлап өтті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарағанды ынты-шынтымызбен жинаған болып жүрміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үш-төртеуміз тұс-тұстан мылтық шөмелесіне таянып келеміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Зәре жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Байқаймыз, карташылар сезер емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Олар у-да шу.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«РЫСҚҰЛ»

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дәуірдің Қызыл Жебесі

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар Рысқұловқа ескерткіш.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Автор

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

I

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түрме әкімшілігі айламызды асырдық деп ойлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арыстан мен жолбарысты бір торға қамап қойсаң бірін-бірі талап, ақыры екеуі де талмаусырап, өзінен-өзі жүнжіп құриды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әсіресе бір камераға қазақпен қатар орысты отырғызу Приходько мырзаның ойынша, арыстан мен жолбарыстың ырылдасуынан да зорырақ жанжалға апарып соқса керек еді...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Губернатор фон Тәубе бірде қаланың игі жақсыларын шақырып қонақасы бергені бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда губернатордың бір айтқаны Приходьконың есінде мықтап сақталып қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мырзалар, дүниедегі ең қысқа әңгімені білесіздер ме? – деп еді фон Таубе, – небары тоғыз-ақ сөзден тұрады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ешкім де білмейтін болып шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда кітапқұмар губернатор өзінің көп оқып, көп білетінін тағы бір танытып, мәртебесі аса түсетінін сезіп былай деді:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Екі адам, бір жолбарыс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір адам, бір жолбарыс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жолбарыс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мырзалар желкесін қасыды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көбісі түсінбей дал.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Губернатор қарқылдап күлді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мырзалар-ау, екі адам бірімен-бірі айқасып, ақыры біреуі өлмей ме? Ал жалғыз қалған адамды жолбарыс жеп қояды ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Зиялы қауым губернатордың білімділігіне таң қалған болып, таңдай қағысып, сыңғыр-сыңғыр хрусталь бокалдар соғысып, жоғары мәртебелі фон Таубенің денсаулығына деп, түрегеп тұрып шампан ішкен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Приходьконың есебі бойынша, Рысқұл мен Бронников бірін бірі жеп қоюы керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда жолбарыстың рөлінде өзі қалмақшы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ бірнеше күн өтті: екі тұтқынның арасынан жанжал шыға қойған жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірде шыдай алмай камераға Приходько мырзаның өзі келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жағдайың қалай, Бронников?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бронников бұл сұрақтың сырын түсіне қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жағдайдың несін сұрайсыз, Приходько мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мың қандала мен бір қазақтың талауына тастадыңыз мені.
Көрсетілді: 20800 / 47388