KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тіпті алыстың алысында айдауда жүрген әкесі Рысқұлдың құлағына да шалынған шығар бұл дауыс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көзіңнен сорың аққыр сорлы, байғыз құсап сұңқылдап бәле шақырмай қарыстыр жағыңды! – деп тарғыл үнді тарпан әйел қатуланып жетіп келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мелшиіп, Аспараға міз бақпай қарап тұрған баланың көзіне үрейлене үңілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көзіңнен тотияйын тамшылап тұр ма, құдай-ау!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тұрар! Тұр орныңнан! – деп итіне беріп еді айдауыл аяқ-қолы кісендеулі тұтқынды кеудесінен итеріп қалып, арбаға оп-оңай шалқалатып түсірді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұтқын қырғыз сонда Рысқұлды иығымен демей беріп, аңыратып ән салды:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аа-аһа-а-а! Аа-аһа-а-а!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сағынғанда бир келерсің,

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сарғайғанда бир келерсиң,

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ала-тооның баурына-а-а..

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл өз құранының бір ауыз сүресін ішінен қайталады:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дүние бір қисық жол бұраңдаған,

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бақ тайса, ерге дәулет құралмаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күніне тоқсан тоғыз бәле көрсең,

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда да күдер үзбе бір алладан...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алды тұман, арты мұнар, алыс жол басталды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ноқта сыймас әзиз басқа тура құрық түскен соң, тырп етуге шама жоқ, тек кісен сылдырлайды...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

(Бірінші кітаптың соңы)

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«ТҰРАР»

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

ЕКІНШІ БӨЛІМ

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

ҮШІНШІ БӨЛІМ

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«ТҰРАР»

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Роман

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

БІРІНШІ БӨЛІМ

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Қайтар едім, жолым жоқ,

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сулар буған жолымды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жұлдыздардан көпір салар ем

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұғаулады жазмыш қолымды».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

(Салауат жырынан)

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Оян, Тұрар!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есіңде ме, Алматының көк қақпалы абақтысында, мен сені құлқын сәріден осылай оятушы едім ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Таңғы сәтте ұйқыңнан сілкілеп тұрғызар едім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соным обал болған екен: аймалап-ақ, басыңнан ақырын ғана сипалап оятуға болатын екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ айналаңның бәрі зәрлі тікенектей түрпиіп тұрғанда, отырсаң құйымшағың қылышқа тіреліп, түрегелсең төбеңнен алдаспан төніп тұрғанда, аяныш сезім адасқақ келеді екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді армандаймын: осыдан тағдыр бізді бір көрісуге жазса, ай маңдайыңды мен періштенің қанатымен сипар едім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ күндер, айлар, жылдар өткен сайын сол арман асқындай түскенмен, мен сенен алыстап барамын, алыстап барамын...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сенің қазір қайда екеніңді мен білмеймін, менің қайда екенімді сен білмейсің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен саған осы хатты қиялмен жазып отырмын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазір сен жүрген жерге қар жауса, соны менің аппақ сәлемім деп білгейсің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өйткені қардың анасы мен жүрген жақта.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Егер сен жүрген жерге терістіктен жел соқса, менің үнім деп білгейсің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өйткені желдің анасы мен жүрген жақта.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сен мені, Тұрар, өз қиялыңда Сахалин дейтін түкпірден іздеп жүрген шығарсың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

О басында үкім солай болғаны рас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ, Жетісудың топас соты Ресей патшасының Сахалиннен айырылып қалғанын білмей сандалса керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кәдімгі орыс-жапон соғысынан кейін, бітім шарты бойынша Сахалин жапон жағында қалыпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үркіт деген қалада қатаржыніктерді бөлгенде менің диаламды оқып, орыстың Бантыш деген ұлығы Жетісудың сотын сыбап алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Ақымақ!» – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Сахалиннен айырылып қалғанымды білмейтін неткен надан? Сахалиншілін сорлының», – деп кекетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Содан соң ұлық мені арқамнан қағып, жұбатқан болды: «Нешауа, Сахалинге айдамады деп өкпелеме, – деді, – Сахалиннен кем түспейтін жерге барасың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бодойбо дегенді естуің бар ма?» – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Жоқ», – дедім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Нешауа, бара көресің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Лена деген өзеннің бойында», – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Оу, мырза, мені Бодойбода боздатып неғыласың? Ақыр Сахалин жолы жабық екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кері қайтара салмайсың ба, тәңірі жарылқағыр, жалғыз ұлымды, жалғыз қызымды сағындым», – дедім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұлық қарқылдап күліп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Сен әлден сағынып қалғансың, ә? – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– О басында он жылға кесілгенсің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Семейдің маңайында қашуға әрекет жасағаның үшін, айдауылды өлтірмек болғаның үшін он жыл үстіне тағы он жыл жамап алдың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Сағыну» деген сөзді де, сезімді де ұмыт, сорлы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жиырма жыл бойы сағынсаң – сарғайып, Бодойбоның сары алтынындай қатып қаласың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бодойбода нағашың күтіп тұрған жоқ сені.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алтын күтіп тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алтын қазасың, түсіндің бе? – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кім біледі, Бодойбоның алтыны айдалған адамдардың сағынышынан жаралған шығар», – деп ұлық бір сәт қиялдап, тебіреніп кеткен сияқты көрінді сонда.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ сәлден соң қатуланып: «Қашушы болма! Қашсаң, қайтып ұстап алып, Бодойбоның алтыны таусылғанша қайтармаймыз, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бодойбоның алтыны таусылса, Алданның алтынына саламыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Байқа!» – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Қашпа! Қашпа» – деп қайта-қайта пысықтап жатқанының мәні бар, Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Менің диаламдағы қарғыс таңбасын көріп айтып тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

... 1906 жылы шілдеде өзіңмен қоштасып айырылған соң біздің итап Алматыдан шығып, терістік-шығысқа бет алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жолда қаңлы, шапырашты, ысты, дулат, жалайырлар ауылын басып өттік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Обалы не, аяқ-қолы кісендеулі тұтқындарды көріп, жағаларын ұстап, ұлардай шулады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бізді есіркесе, оларды құдай есіркесін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлдекімдер мені танып: «Рысқұл! Рысқұл! Саймасайды сұлатқан Рысқұл ғой! Алда батыр-ай, алда пақыр-ай! Итжеккенге әкетіп барады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аман бол, бауырым!» – десіп жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шелектен өтіп бара жатқанда жатаған үйдің тұсынан ақ жаулықты бір әйел сен қатарлы баласының қолына түйіншек ұстатып, мені көрсетіп, баланы арқасынан итермеледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бала жүгіргеннен жүгіріп отырып, айдауылдардың арасынан өтіп кетіп, арбаға бойы жетпей, қолындағысын маған ұсына берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Менің қолым байлаулы, оны түсінбеген баламен ұмтыла қоймағанға таң қалып, шешесіне қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шешесі: «Лақтыр!» – деп ишара етті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бала түйіншекті лақтырып жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кімнің баласысың, айналайын? – дедім тым болмаса тіл қатайын деген ниетпен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Байырдың, – деді қаршыға көз қағылез жас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Өркенің өсін! Азамат бол! Атың кім? – дедім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ахметжан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ахметжан Шымболатов, – деді бала жаутаңдап.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен сені көргендей болдым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сен әлі арба соңынан ілесіп келе жатқандай көріндің, Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл есім жайшылықша жадымда қалмас еді, ал мына халде біреудің бір жылы сөзі – мың жылдық жарық сәуледей.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дүние халі сан қилы, кім біледі, ер жеткенде сен онымен кездесерсің де.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есіңде болсын деп айттым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ертесіне Іленің суынан өттік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда дүниеде Іледен үлкен су жоқ шығар деп едім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сөйтсем, оным бекер екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Іленің көкесіндей суларды кейін көрдік қой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Іленің арғы бетіне шыққан соң Алатау бұлдырай бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«О, қасиетіңнен айналайын, Алатау, көзімнен сен де тасаландың-ау», – деп көңілім сонда бір бұзылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қасымдағы Мамытбек қырғыз «Сағынғанда бір келерсің, сарғайғанда бір келерсің, Алатаудың баурына», – деп мені өлеңмен жұбатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайран ел, сөйтіп, артта қала берді.
Көрсетілді: 20700 / 47388