Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шыдам жетер емес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Байқайды, Приходько риза. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түрме бастық дегенмен кеңпейіл көрінгісі келіп: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қандай тілегіңіз бар? – деп сұрады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тілегім, шырағдан бергізсеңіз екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бере алмаймыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Зиянды кітаптар оқуыңыз мүмкін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Егер «Библия» зиянды кітап болса, қойдық, – деп Бронников те қарсыласпады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тек дорбадан жұлым-жұлым кітапты шығарып алып, сыртын сипалап қойды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Приходько шыннан "Библия" ма екен деп кітапқа қолын соза берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түрме бастық кітапты ашып кеп қалып еді, ашылған жері төртінші тараудың басы екен: «Адам-ата мен Хауа-ана жұптасқан соң, Хауа-ана Қабыл атты ұл тапты... Содан кейін Абылды туды"... – деген сөздерге көзі түсті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бұл жөйт дінінің кітабы ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сіз орыс болғандықтан православие шіркеуінің қасиетті кітабы «Евангелиені» оқуыңыз керек емес пе? – деп қалды Приходько Бронниковке ренжігендей. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Приходько мырза, «Евангелие» дегеніміз «Библияның» жаңарған нұсқасы ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Негізі бір. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Сонда қалай, Бронников, түсінбеймін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сіз ғой православ шіркеуі батасын берген ақ патшаға қарсысыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сөйте тұра діни кітап оқисыз, түсініксіз, жұмбақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– А, мен мүмкін, бұл кітапты дұрыстап тағы оқып шықсам, қатемді түсінермін, – деп қалды Бронников. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мүмкін, мүмкін, – деді Приходько сенер-сенбесін білмей. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жарайды, шырағдан бергізейін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сіз кітаптың мәнін әлгі кішкене балаға да түсіндіріңіз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Приходько Тұрарды шоқындыруға ниет қылғалы қашан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол ойын іске асырудың бір орайы осы сияқты да көрінді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Приходько мырза шын діндар кісі еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оның табынатын екі құдіреті бар: бірі заң, бірі дін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өз үйінің төрінде екі сурет ілулі тұрады: бірі – Иисус Христос, бірі Николай II. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жексенбі сайын Кафедральды соборға оны күймемен Тұрар алып барар еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мырзасы соборға кіріп, құдайға құлшылық ықылас білдіріп қайта шыққанша, атшы бала далада күтіп тұруы керек қой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жөні солай ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал мырзасы айтады: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Турарка, айда жүр, сен де. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аттарға ешкім тимейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ағашқа байлай сал. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жүр, көресің, қызық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қоңыраулар күңгірлейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қақпаның алдында кілең бір қара киінген кемпірлер, ақсақ-тоқсақ, әз соқырлар қаз-қатар алақан жайып, қайыр-садақа сұрап тұрады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Приходько мырза олардың жаюлы алақандарына ұсақ тиын-тебен тастайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қайыршылардың кейбірі түңке қалбыр тосады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тастаған ақша шылдыр етіп, түңкеге түседі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мырзаның соңынан еріп келе жатқан Тұрардан да бірдеңе дәметеді қайыршылар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Құдай саған ұзақ өмір берсін, мырза бала, – деп сыбырласады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар қысылады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тастайтын тиын онда жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Құдай сені бәле-жаладан сақтасын, мырза бала, – деп әлдекім оның қолынан сүймек болады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар одан бетер қысылады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қайыршылар үшін адамның нәсілі жоқ, ақшаң болса болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Мына қара бала неғып жүр мұнда?» – демейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Приходько сынды төренің жанында келе жатқан соң тегін болмағаны, деп ойлайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Құдай саған мол бақыт, зор дәреже берсін, мырза бала! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күмбез астындағы мыс қоңыраулар сыңсиды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Собордың ішінен жүрегіңді жұлып әкете жаздап, хор дауысы күңіреніп шығады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Соборды айналдыра отырғызылған қаракөк емен ағаштарға дейін мына құлшылықтың құдіретті зарына ұйып, олар да тәңірге табынғысы келгендей мұңая мүлгіп, хор дауысын іштерінен қайталап, жапырақтары күбірлесіп тұрады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Собор баспалдағына көтерілерде Приходько мырза бас киімін қолына алып, шоқына бастайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Еркек атаулының бәрі бас киімдерін қолына алып, кеуделеріне қысып, бастары жерге жеткенше иіліп, бар ынты-шынтасымен шоқынып жатыр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Приходько мырза көзінің қиығымен Тұрардың құлын жарғағынан тігілген дөңгелек телпегіне қарап қояды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Басқаның бәрі жалаңбас, өзінің ғана телпекпен тұрғаны есіне түсіп кетіп Тұрар сасады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оң қолы өзінен-өзі бас киімге созыла береді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мұны байқаған Приходько құптаған белгі ретінде басын изеп, түсін жылытады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар сонда да мына жалбарынып, жұлқына құлшылық ұрып жатқан топқа сіңісе алмай тұрғанын сезеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өзгелер дауыл жапырған қоғадай жығылып, бір иіліп, бір тұрып, тынымсыз шоқынып жатқанда, міз бақпай сіресіп қалған Тұрар ғана. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Приходько сол көз қиығымен оған қайта-қайта қарай береді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Сен де шоқын!» деген белгі екенін түсініп, Тұрардың тұла бойы түршігеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ шоқынуға қолы көтерілмейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қолы қол емес, қорғасын сияқты, зорласаң да көтерілер емес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мінбеден сақалы беліне түскен епископтың дауысы – құдайдың өз дауысындай құдіретті естіледі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дәл төрде екі қолы екі жаққа керіліп, басы кеудесіне салбырап кеткен, азап шеккен кісінің суреті көзді еріксіз тартады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өзі арық, екі аяғы салбырап, тек сүлдесі саудырап қалған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл бейшараны неге керіп тастаған? Бұл Тұрар үшін жұмбақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Собор іші өзге бір бөтен дүние, өң емес, түс сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айнала балауыз шырағдандар жағылған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қабырғалар қаз-қатар суреттерге толы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Епископ азынап тұр, хор ара-арасында зарлап қоя береді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сай-сүйекті сырқыратып, жүрегіңді елжіреткен пәрменді әсер әлдеқайда, бұл пәни дүниенің әуре-сарсаңынан, күйбің-күйкі тіршілігінен алыстап, аспанға шарықтатып, жұмақ жазирасын елестеткендей. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Приходьконың көз қиығы ғана арқаңды аяз қарығандай ызғар шаша бастаған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар оның не талап етіп тұрғанын сезеді, бірақ қозғала алмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Төрдегі керілген адам-суреттің көзқарасы да суық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өзгелерге емес, дәл өзіне қадалып, айыптап тұрғандай көрінеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар қашқысы келеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өн бойынан суық тер саулап барады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өкпесі қысылып, демі тарылып, өзімен өзі арпалыстан жаны мұрын ұшына келгендей азаптанды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Собордағы жұрттың бәрі құдайына құлдық ұрып, әркім өз өтінішін іштей айтып, шағынып-жалбарынып жатқанда, Тұрар жалтақтап жан-жағына қарайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өзін әр бұрыштан аңдып жүрген Саймасайдың адамдары қазір де собордың бір жерінен сығалап қарап тұрғандай көрінеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Соборда шоқынғандар арасында тұрғанын көрсе, саймасайлықтар: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Рысқұл қарақшының баласы шоқынып кетіпті, шіркеуден көрдік, – деп жер дүниеге жария етер еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұйрықтың аты – бұйрық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айтылды – орындау керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол жүрісін бәсеңдетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айдауылға таңғы таза ауа ұнады білем, басына бір шалдуар ой шап етіп түсе кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түрменің шұлғау сасыған тымырсығынан о да азар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Асылы, тұтқыннан гөрі қарауылдың халі мүшкіл сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол екі жағынан қамаулы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірі – тәннің қамалуы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұтқын отырған түрмеде о да отырады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айырмашылық тек тұтқын темір есіктің ар жағында, бұл бер жағында, алыс ұзап, артық адым аттай алмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірі – жанның қамалуы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұтқыннан айырылып қаламын ба деген үрей. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әрі тұтқынның оны жек көретінін сезіну. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонымен, қарауылдың да шекесі қызып жүргені шамалы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлгі екі қамаудың салдарынан о да тұтқынды мейлінше жек көреді. |