KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соған қарап, Рысқұл қабырғаның жұқарғанын аңғарды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қыштың сыртқы жағы қатты, себебі күн өтеді, құрғақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жүрегі тарс етіп жарылып, жаны жаһаннамға кеткендей болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарауыл есіктің құлпын бұрап ашып тұр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл дереу үңірейген тесікке жотасын беріп, аяғын мардан қамысқа созып жіберіп, жаман шекпенін жамылып қорылдады да қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарауыл сықсима шырағданын сүйретіп алдына ұстап, асықпай, абайлап кірді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шырағданды көтеріп, іргедегі Рысқұлды көрді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– «Ә бәлем, жатырсың ба!» – дегендей жарықты жоғары көтеріп терезедегі темір торды табалдырықта тұрып, көзбен тінткіледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Темір тор мызғымапты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді бұрылып кете берейін дегенде, әлденеден секем алған адамша, сәулені тұтқынға қайта түсірді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күйіктің қансығын сезгендей, бір-екі рет танауын желпілдетіп иіс тартты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мынау ненің иісі, ей? – қабырғаларды айнала тінткілеп тұрып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл ұйқысыраған кейіп танытып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иіс пе? Ненікі болушы ед, мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күндіз-түні желдемейтін қапаста не иіс болушы еді? Белгілі ғой, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қабырғада көлеңкесі ебедейсіз сорайған қарауыл аңырып тұрып-тұрып, ақыры шығып кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шығып бара жатып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Шыда, енді бірер сағаттан кейін таза ауаға шығарамын, – деп өзінше рақым білдірген болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Бірер сағат деді, ә?».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарауыл әдетінен жаңылмаса, енді қайтып сол «бірер сағатқа дейін мазаламас».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Түу, дәйістің иісшілін-ай! Құдай бір сақтады-ау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Топырақтың зәгін сезіп қалғанын қарашы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ қарабасқыр ненің иісі екенін ажырата алмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Менің де көрер сәулем бар шығар, бұйырса».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарауылдың қарасы батты-ау деген шамада, Рысқұл көртышқанның тірлігіне қайта кірісті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қары талып қалжырағанын елең қылмай ақ керішті үңги берді, үңги берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір кезде топырақтың жылуын сезіп, іші-бауыры да елжірей жылып сала берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл жылу оның қуатын еселеп жібергендей, дүлей қара күш тұла бойын кернеп, қабырғаны енді иығымен итеріп-ақ құлататындай екпін алып кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді бір сүт қайнатым уақыт болды-ау деген шақта сапсыз пышақтың ұшы кедергі кездеспей, сопаң етіп әрі өтіп кетті... Иненің көзіндей тесіктен бозала бірдеңе жылт етті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл жарық дүниенің елесі еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұтқын өзінің қақпақтай жауырыны мен екі кісі мінгендей екі иығының кендігін бұрын медет етсе, енді бұған өкінді-ақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тесіктен сыймай пұшайман болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақ керіш шықты қайта-қайта қашап жатып, иығының қанын сорғалатып, өз етін өзі жыртып, қақпанға түсіп өз аяғын өзі шайнап, тарамысын қиып жіберіп, үш аяқтап қашқан арлан қасқырдай, бұл да тәнін талқандап, түрме деген тажалдың, тұзағынан құтылғандай болды-ау, әйтеуір.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кеше осы уақытта өзі қанмен шұбарлаған жолмен жер бауырлап жылжып өтіп, дәретхана үйшігінің тасасымен биік домбаз дуалға тырмысып өрмелеп шығып, арғы бетке өзін-өзі аузын буған қанар қаптай сылқ еткізіп тастап жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бостандықтың дәмі кермек, бағасы батпан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұны басына түспеген пенде біле бермейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жолбарысты темір торға қамап мәз болатын топастардың жүрегінде жібімейтін жүз қадақ мұз жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал темір торды талқандап шыққан жолбарыстың жолы, әрине, тауға тартады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл Талғардың, тауын бетке ұстады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алқынған жүрегін қолына алып-жалаң аяқ жар кешіп, жырым балақ, жыртық көйлекті пенде, кісі көзіне шалынбауға тырысып, жердің үстімен емес, астымен келе жатқандай еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кеудесі күмбірледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ескі досы – әуелгі әуен оралған екен:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– дүние бір қисық жол бұрандадан,

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бақ тайса ерге дәулет құралмаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күніне тоқсан тоғыз бәле көрсең,

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда да күдер үзбе бір алладан...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сөйтіп, бұл түрме деген дәйісіңнен мен бір рет солай қашып шыққанмын, – деп тоқтады Рысқұл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бронников көсілген аяғын жинап алып, тізесін құшақтап, жауырыны күжірейіп, құныстанып отырды да:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Одан әрі не болды? Сәлемдестің бе Саймасайға? Екінші рет түрмеге қалай түстің? – деп сұрақты жаудырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл оның жирен сақал басып кеткен кескініне бағжия бір қарап алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, тамыр, бәрін білгің келеді, ә? Мына тас қабірдің ішінде тірідей әлі көп жататын түріміз бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Анда-санда Қалипаның қарт әкесі Мамырбай шал келгенде бауырына тығылатыны сондықтан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Нағашы атамның ауылына барам деп әкесін мазалай беретіні де тегін емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мамырбай шал да ботасы байлауда қалған інгендей еңкілдеп қайта айналып, Бесағаштағы Рысқұл үйіне келе беретін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жиырма үйлі Тау-Шілмембет ауылы бұл Мамырбайдың қызы тірі күнінде бір көрінбей, Қалипа марқұм болған соң көк шолағын тепеңдетіп қайта-қайта келгіштегеніне қайран қалысқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мамырбай кішкентай Тұрарды көргенде жастайынан жер жастанған Қалипаны көргендей болатынын, Тұрар сексендегі Мамырбайдың бауырына басын тыққанда мұрнына анасының исі келетінін Тау-Шілмембеттіктер біле бермейтін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Мына Жаныстың жаман шалы неғып бауырмал бола қалды», – деп бостан-босқа дал болар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал Мамырбай ойлайды:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Балаға әкенің жақындығы жездедей-ақ», – деп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ қателеседі, әрине.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайынатасына мінезі шәлкес көрінетін Рысқұл Тұрарға жақындығы жездедей-ақ болған жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Онсыз Рысқұлға өмір мәнсіз-мағынасыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Балаға әкенің жақындығы жездедей-ақ» – депті біреу.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оны көпшілік қағып алып, қайталап айтып жүреді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сірә, жүздеген жылдар қайталаған шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ендеше шынашақтай шындықтың бар болғаны да.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өмірде көкек құс сияқтылар аз ба? Көрінген үйме тезектің түбіне жұмыртқа салып, балапан басып, баласына қарамай кететін қайлабас тарғыл көкек кейін құлаған тамның дуалында жағы тынбай зарлап отырады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлдың табиғаты тарғыл көкектен басқалау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазір тарғыл тастың тасасынан тауешкі аңдыған мергендей, тәуіп атаның қас-қабағынан көз алмай отыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Баланың бар тағдыры енді осы Ахаттың қолында сияқты, оның аузынан шығар сөзге зарығып отыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір сәт Тұрарға көзі түсіп еді, бала өзіне тесіле қарап жатыр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлдың тұла бойы шым ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда ол Тұрар өзі өле кетсе, мына әке күллі әлемнің адамдары жиылып арши алмас қалың қайғыда қалатынын ойлап, уайымдап жатқанын айтпай сезді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әке мен баланың арасында үнсіз ұғыныс, тілсіз махаббат, жіпсіз жалғанған жүректер барын осы жай аңдатар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жасына жетпей көзіне ой тұңғиығы ұялаған жәдігерді қу құдай көп көрмесе екен, маңдайымды тайқитып, сорымды сорадай ағызып кетпесе екен деп, Рысқұл іштей шырылдады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мамырбай Рысқұлдың аламан, албырт мінезін ұната бермейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жасы егде тартқанша орнығып, орта түсіп, жуаси қоймағаны ұнамайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осынша тақыр кедей болғаны, анда да, мұнда да сыйыспай жүргені қу мінезінен деп ойлайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Күштіменен күреспе, мықтыменен тіреспе» деген бұрынғылар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шамаң келмейтін болған соң құр тыраштанып не керек, одан да ақырын жүріп, анық басып, құба төбел қу тіршілікте біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, бала-шағаңды асыра.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адыр болғаныңмен ірі болмасаң – бәрі бекер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бәрінен де осы Рысқұлдың Қалипаны елең-алаңда қолынан тартып әкеткені Мамырбай шалдың кәрі көкірегінен шемен болып кетпейді-ақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шал да болса Түлкібас-Жуалыдан ауып келген Шымырдың бір тентегінің қорлығына көнбек емес еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қалипа марқұм:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жөкеме айтыңдар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өз ықтиярыммен шықтым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шатақ шығарып, ұятқа қалмасын, – деп сөз салыпты деген соң барып Мамырбай өз шынтағын өзі тістей алмай қапа боп қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көк шыбын біраз үні өшіп, жым-жырт болған соң қайтадан безілдей бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құрақ терезені тесіп шығуға мың жылда да шамасы жетпес, бірақ шыныны соққылап, ызыңдағанын қоймайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Далаға, кең дүниеге шығуға деген құштарлық қыстаған бір мақұлық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ахат сонда жалбыр қасын жалп еткізіп, көзін ашып алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көз жанары жайдары, жұмсақ екен, әрбір қимылын андып отырған Рысқұлдың іші жылып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тәуіп өз құлағы ауыр болған соң жұрттың бәрі саңырау деп ойлай ма екен, жарықтық, әйтеуір:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Рысқұл! А! Рысқұл! – деп айқай салды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Аруақ-құдай қолдаған екен, балаң бір қатерден қалыпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қатты келген екен, әлгі сүзекті айтам.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді ештеңе етпейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Беті бері қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түйірі бар тамақ ішкізбей қоя тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұн қуырып, сұйық быламық бер және айтарым таба алсаң, қара қойдың қалжасы керек.
Көрсетілді: 21100 / 47388