KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қардың асты толған тас немесе сор батпақ болса...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Қыста батпақ болушы ма еді, әкіри, – деді Бақытжан қарап отырмай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Тып-тыныш қалғи бергенің жақсы еді, бекер-ақ ояттым, – деді Нұржан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Сонау етектегі сиырдың сілекейіндей шұбырған буды көрдің бе, сол жерде қардың астында қатпай жылып ағып жатқан бұлақ бар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал бұл жақтың бұлағы қыстыгүні де батпақты келеді, өйткені қар қалың түседі.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Былайша айтқанда, үстінде көрпесі бар, су миым, – деді Аманжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бақытжан: – Ұлы мәртебелі мырзам, құлдыққа бас идік, өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Келген жолымен кері орала алмай кешті батырды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ары тарт, бері тартпен өзара керісіп те алды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шапшыма тауға қарсы салған трактор «менің шамам жетпейді» дегендей, тұрған орнынан тырп етпестен шыр көбелек айнала берді, айнала берді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Айдала аппақ таудың бауырында арпалысып, күресіп жүрген үш жігітті мазақтай күліп, күн ұясына бағана кіріп кеткен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ендігі мезетте ымырт үйіріліп, қас қарая бастап еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әуелі оңтүстік шығыстан жалғыз жұлдыз туып, тау-таудың шығыс жақ жиегі ағараң тартқан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бүгін ақпанның орталаған кезі, жарықтық ай дүниені ақ нұрға бөлеп тұрған әдемі шағы еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Алыса-алыса әбден дымы құрып, амалы таусылғандай үш жігіт енді өлмес күннің қамын ойлаған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ішкері жақтың түкірік қатып түсер сақылдаған сары аязы буып, аппақ дүниенің жалмауыз түні иектей бастады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

От жағып жылынайын десе, жуық маңайда тіс шұқыр ағаш жоқ, өңкей бір жұп-жұмыр тақыр тауларға қарап тұрып қарның ашып, қасқырша ұлығың немесе ботадай боздап жылағың келеді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әлемнің осыншалық қатыгез, жанға жат, тәнге салқын сезілуі – жиырмадан жаңа ғана асқан үш бойдақты ал дегенде жасытып тастады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Еш айла-әрекетсіз болдырған пішінде сұлқ отырды: әлдекімді жазғырды, әлдекімге кіжініп, балағаттады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Трактор зірк-зірк етіп екі иығы селкілдеп жұмыс істеп тұр, бір қалыпты гүріл, ыңқылын тыңдап отыра берсең от алып емес, жылағандай қай-қайдағыңды есіңе салады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

көңіліңді шабақтап, жанарыңнан жас тамады, жанарыңнан тамған жас қар бетіне мұз моншаққа айналып түсер еді, бойдан жылу, жүректен жігер біртіндеп сусып қаша бастағанда арғы дүниеге армансыз аттанып-ақ кетер бұйығылау әрі шым-шым жылымық нұр себелеп, ұйқың келе бастайды екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бірақ мынау ақ қар, көксіреу мұзды тауда өмір бақи да ұйқыға жеңдіруге болмайтын еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– А... а... а... у... а! – Аманжан қақ маңдайынан әлдекім салып қалғандай айғай салып, орнынан атып тұрды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Төбесін кабинаға жаман соқты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Оқыс дауыстан ана екеуі де шошына өре түрегелген.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Дәл осы жолы «неге айқайладың, жын ұрды ма» деп ешкім айыптаған жоқ.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Сен бақырып жібермегенде осы отырған қалпымызда қатып қалады екенбіз,– деді Нұржан күліп.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жаңа ғана көзім іліне беріп еді... Әкри, қояншығың бір басылмады-ау, – деп күңкілдеді Бақытжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Не істейміз? – деді Аманжан есін жиып.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Тілімді тістеп алғанымды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Өздерің біліңдер... Менің міндетім ере беру, – деді Бақытжан есінеп-құсынап.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Сен немене, көшке ерген итпісің? – деді Нұржан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сонау қарсы жақтағы аппақ таудың ар жағынан ыңырана көтеріліп, бұп-буаз ай туып келе жатты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әлгінде ғана ымырт жабылып, кеспірі кете бастаған қысқы өлке тілмен жеткізгісіз күміс нұрғашомылып, сиқырлыдасайқалқылықпен жарқырап-жайнап түрленді-ай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сол сүт дүние ақ шаңқан әлемнің арғы бір түкпірінен сыңсыған, қорлана жылаған үн келетіндей, талып-талып әрең жететіндей.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Дәместем күрсініп, дәместем жөтелген бұлың-бұлың тау қоршауында қалған үш жігіт қаз-қатар шынжыр табанға шығып, туған айды жалқы сәт құмарпаз көңілмен қызықтап қалғандай қасқая қарсы алып, серейіп тұрысып қалған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Осының бәрі бекершілік, – деді Аманжан ауыр күрсініп.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бәрібір баяғыдай емес, онда жаз еді ғой... Оның не айтқысы келгенін, тіпті не ойлағанын қалған екеуі ұққан да, ұқпағанын қайырып сұраған да жоқ.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Мұндай әдемі көрініс енді қайталана ма, жоқ па, кім білсін.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қане үшеуміз де анамызды еске алайықшы,– деді Бақытжан жыламсырап.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аманжан: – Неге анамызды ғана... – Басқа кіміміз бар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ұлы ұрыстың ұрлық ұрпақтарымыз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Үшеуінің де құлағына: «Тоңып жүрсің-ау, құлыным», – деп шешелері сыбырлағандай болды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Қандай тамаша, – деп елеуреді Бақытжан осынау ақ шаңқан айлы түнге шын сүйсінгенін жасыра алмай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Оның жүрегі өз-өзінен толқып, белгісіз бір жағалауға шақырғандай-тын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– рас, айтамын, достарым, айналаңа қарашы, ғажап емес пе? Әдемі емес пе? Ертек сынды дүние.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ақ боз атқа ақ шана жегіп, мынау кілегей қардың бетімен ағызар ма еді...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әттең...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Өмір бойы қалғып отыратын жолдасының оқыстан оянып кеткен көңіл толқынын түсінбеді ме:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Сенен осындай сезімталдықты күтпеп едім, – деп Нұржан ағынан жарылды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бақытжан: – Бетперде ғана, шын адам соның ар жағында, деген екен бір данышпан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аманжан: – Сенің ол данышпаның оттаған екен, ендеше.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Адам бір боқ көтерген – боқтың қабы»– деген біздің абай «ақсақал.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жөтел булықтырып, тамағын кенеп алды да,– бәрі бекершілдік.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бүгін алдасаң, ертең – Алданасың.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Баяғыда... Мүлдем басқаша еді ғой.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол шақта жаз болатын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал мен уыздай жас едім,– деп жұмбақтылау күрсінді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бақытжан: – Қазір қартайып тұрсың ба? Бар болғаны жиырма үштен астық.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аманжан: – Иә, достарым, біздер бос шана сүйреткен, сондықтан жасына жетпей қартайған сақалы жоқ шалдармыз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан: – Балалықтың базарлы күндерімен жылап қоштасқалықашан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Олдаәсерленіп,көңілі біртүрліалабұртып отыр еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Шынында да, баяғыдай емес... бір түрлі жанға – жат, тәнге – салқын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бақытжан: – Мынау аппақ дүние... Сұп-суық.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бақытжан: – Кімдерге – суық, кімдерге – ыстық, өмірге өкпелеуге болмайды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан: – Ендеше, тракторды сөндірмей болмайды... Бақытжан: – Неге? Аманжан:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Біздің түбімізге жетіп, шашымызды ағартатын сенің осы «неге?» – деген сауалың шығар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бақытжан: – Өмірдің өзі осы сұрақтан тұрмай ма? – Жанармай таусылып қалса, ертең мынау ит өлген жерден шыға алмай, сеспей қатпаймыз ба?– деді Нұржан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Мен де бекер сұрап отырғаным жоқ.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осы бірдеме айтсам, – шаптарыңа шоқ түскендей, тулайтындарың не? моторды өшірсек трактордың суы қатып қалмай ма?.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Содан соң радиатормен мәңгілікке қоштаса бер.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал радиатормен қоштасқаның – өміріңмен қоштасқаның.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бақытжан ана екеуі аузын ашса тағы да дауласайын деп, іштей ширығып дайындалып еді, олар үндемеді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Өйткені Бақытжанның «таптым» деген логикасы бұлар үшін әлімсақтан белгілі қарапайым нәрсе.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ендеше, бас қатырып, дәлелдеп қайтеді... Басқа ғой жандарын қинап отырған... басқа-суды ағызарлары сөзсіз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бірақ ертең қалай қыздырады тракторды, радиаторға құятын ыстық суды қайдан алады?..

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шарасыздықтың торына қайта қамалып, асығыс көтерілген айдан жылу дәметкендей телміріп біраз тұрды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ура! – деді Бақытжан теріден тігілген биялайын бір-біріне ұрып.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Өзі жерге ұшып түсе жаздады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ура! ананы қараңдар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

От көрінеді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол нұсқаған жаққа жалт қарасып еді, сол бүйірдегі аласалау таудың иығында бір нәрсе жылтырап жанып тұр екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Алғашында шынымен от екен деп ойлап қалған, от болған күннің өзінде тым-тым алыста еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– От емес,– деді Аманжан саспай,– таудың көк желкесінде қай ағайының қазан асып жатыр еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жұлдыздың шеті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мылқау үнсіздік қайта басты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Тек ДТ-54 қана дамыл таппай зіркілдейді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ақшарбыланған айналадан өлімнің суық иісі сезілгендей бір түрлі қорқынышты, самсап шыққан жансыз жұлдыз, қиналған, азап шеккен адамзат үшін осыншалық пайдасыздығын сезінгендей жасқана жымыңдайды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан ақ түс – сәулені тұңғыш рет өлердей жек көрді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бойын ептеп қорқыныш билеген.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол осалдығын жолдастарына сездіргісі келмеді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сол секілді ол алғаш рет қарнының ашқанын сезінді, жылы төсек, ыстық сорпаны сағынды, жұтқынып барып өз әбестігін жөткірініп жасырды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ат жалын тартып мінгеннен бері жақсы менен жаманның, ақ пен қараның екеу арасына шекара қойып көрмеген ұлан өмірдің тауқыметі үлкенге де, кішіге де ортақ, бас та, жас та талғамайтын оспадарлығын әрі әділдігін бағамдаған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бағамдап тұрып, әр нәрсе өз тұсында керемет екеніне ой көзін жіберген.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Соғысқа барып бір құлағын беріп қайтқан бригадир Қадыл қанша рет жер-жебір, жекен суына жетіп ұрсып еді-ау.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Айтары жалғыз сөз болатын:– Біз не көрмедік, жаумен алыстық.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жамбастан сыз, аяқтан ызғар өтті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жоқшылықтың зардабын тарттық.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Иә, біз не көрмедік.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Кейінгі жастар ғой мұңсыз-қамсыз, күнде ойын, күнде той, еркелеп-есіріп жүріп жатқан.
Көрсетілді: 2300 / 47388