KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек майын алған сорпасын ғана ішкіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құдай қаласа, жігітің жазылып кетеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ахат орнынан тұрып, таяғына сүйеніп, бүкшеңдей басып есікке беттеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шығып бара жатып, артына бұрылып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әлгі қара қойдың қалжасын ұмытпа, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Лезде қара қойдың қамы уайымдатқан Рысқұл тәуіп ағасына рақмет айтуды да ұмытып кетіп еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Айтпақшы, адыраспан тұтатып, күн қызылы батқанда баланы үйдің сыртына алып шығып, құбылаға қаратып, шашыратқының қайнаған суымен ұшықта, – деді тәуіп қайта бұрылып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тышқан мұрнын қаната алмас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тышқақ лағы да жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жөнді жуынды тимеген соң Желтабан да зорман аулап, күні бойы тау бөктерлеп үйден безіп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тау демекші...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл дәл қазір құлжа атып алатындай, асыға басып далаға шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айнымас досындай кеудесін айқара ашып Талғар тұр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Иә, Талғарға көтерілмегелі де көп уақыт болып қалыпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Былтыр Петербордан келген оқымысты орысты ертіп шыққаннан кейін қайтып, Талғар белуарына көтерілген емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

О да бір өте шыққан күндер екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Орыстардың ішінен, әсіресе ұлықтарының ішінен ондай мың болғыр оңдысын бұрын көрген жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Метрей, ия, Метрей еді ғой аты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Талғардың биік шыңдарына жол тауып алып шыққаны үшін Рысқұлға көп күміс ақша беріп, Рысқұл үйі сонда битін бір төгіп қалып еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол орыс кетерінде:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Егер қысылсаң, хабарла, – деп еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Жағдайымды айтып, хат жазғызсам ба екен?» – деп те бір ойлады Рысқұл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бірақ сонау жер түбіндегі бір көрген орыстан қара қойдың пұлын сұрап, алақан жайғаным қалай болады? Одан да мылтық алып, тау кезіп келгенім дұрыс шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жүргенге жөргем ілінер деген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Киік семірген кез...»

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Талғардың басында ұшпа бұлт тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Еш адам баласы басып көрмеген шыңдарына Рысқұл мен ол ерткен Петербор орысы Метрей шыққан Талғар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дүниенің төбесіне сонда көтерілген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дүниенің асқақтығын сонда көрген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Ұлы тауға шыққан бар ма, ұлар етін жеген бар ма?» – деген сұраққа:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бар! Ол – Рысқұл, – деп жауап берсе болғандай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тайқы маңдай тағдырдың дегеніне амал жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл енді, Саймасайға барып, алдын тағы көрмекші.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мырзаға құр қол бару ылайықсыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Табылса, таудан бір теке атып, соны тарту етпекші.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Болыстың әуестігі жоқ, ешкі етіне оның қатындары да жерік емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жиырмаға шығып қалған соқталдай баласы құмар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Киіктің асығына құмар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тебіндеп мұрты шыққанша тасыраңдап асық ойнайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қолында киіктің асығы жүрсе, көктегі күннен шылым тұтатқандай таңқиып мәз болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Баласының өзге құрбы-құрдастарынан айбыны асып жүргенін Саймасай да ұнатады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл жауығып кетсе де, оның қолынан таутеке тартуын қабылдап алар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мерген соған сенеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Саймасайдың осы Қалдыбек деген баласына екіқабат кезінде бәйбішесі Бибісара аюдың етіне жерік болып, болыс ордасының ойран ботқасы шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда да әжетіне жараған Рысқұл еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адам баспас асқар таулардан аю атып әкеліп, бәйбішенің жаны қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда қошеметшіл көп сәуегей: «О болыс-еке, бәйбішеңіз асқан батыр ұл табатын болды», – деп жалпаңдасқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сөйткен Қалдыбек батыр болмады, ақылы ауыстау дәлдір, боркемік болдыр, мұрынбоғы жылтыңдап асық ойнаудан басқаны уайымдамайтын осал болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аңшы жолға таң құланиектен аттанды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тау жолын тосырқап қалған Шолақ Шабдар Рысқұлдың ыңғайын таныған соң, Есік өзенін жағалай ескі соқпақпен аяңдай берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өткен, 1903 жылдың осындай жазында Рысқұл дәл осы соқпақпен Петербордан келген мырзаны алып жүрген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атақты географ, үлкен ғалым Дмитриев арнайы ақ патша империясының астанасынан келіп, Іле Алатауының заңғар биігі Талғар шыңын зерттемек болғанда, оған жол көрсетуші көмекші керек еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сөйтсе бүкіл Алматы атырабынан Талғардың тасына ешкім көтеріліп көрмеген екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Ау, енді кім бар-ау?» – деп ұлық әкімдердің өзі сұрау салғанда Шығыс Талғар болысында тұратын Тау-ІІІілмембет Рысқұл бар деген хабар шығады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұлықтың тапсыруымен Саймасай болыс Петербордан келген ғалымға жолсерік ол жол сілтеуші етіп әйгілі аңшы Рысқұлды қосып берген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ғалым сонда құйған қоладай батыр тұлғалы тау қазағын көріп, келбетіне көңілі толған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонымен Дмитриев атқа қонған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал Рысқұлдың атқа мінбей, тұқыл мүйіз, қоңыр өгіз ерттеп мінгенін көріп қайран қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сөйтсе қоңыр өгіз тас қиямен, қиямет қылдай жолмен жүруге келгенде арғымаққа бергісіз екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол жолы Рысқұл Есік өзенінің сағасымен бастап отырып, оқымыстыны Іле Алатауының зүмірет алқасы Есік көлінің жағасына алып шыққан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда Дмитриев:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мынандай ғажайыпты көргеннен кейін, Талғар шыңына шықпағанның өзінде, менің мақсатым орындалды! – деп Рысқұлдың арқасынан қаққан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есік көлді айналып өткен соң алпауыт Талғардың төскейі басталып, жол қиындай берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өсімдіктің реңі өзгеріп, биік жайлау жаннатындағы жайқалған тау гүлдері атақты ғалымды жайраңдай қарсы алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дмитриев атынан домалап түсіп, тау гүлдерін теңіз кешкендей малтып жүріп, көкемаралды бір сипап, киік-отын бір иіскеп, бір кезде:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– О, эдельвейс! – деп айқайлап жіберген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Эдельвейс жанкешті қаһармен ерлердің гүлі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сені де көретін күн бар екен-ay!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлға мұның бәрі ерсі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Құдайдың қу шөбіне де өстіп таңданады екен-ау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ғалымбысың деген, ерте күнді кеш қылмай баратын шыңына бармаймыз ба?» – деп қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ғалым әр шөпті сабағынан бәкімен қиып алып, ыждағаттап дорбаға салып, қойын дәптеріне әлденелерді жазумен әлек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мынау эдельвейс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазақша аты не? – деп сұрайды Рысқұлдан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, құдай, кәдімгі қаргүл ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кейде еңлік деп те атайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мынаны біз аконит дейміз, қазақтар не дейді?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ол тұқымың құрғыр уқорғасын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мал жемейді, жесе өліп қалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есік көлдің желкесі желкілдеген көкорай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қызыл, жасыл жайқалған гүл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шүмілдік пен ботагөз, қазтамақ пен желайдар, рауғаш пен ауша, жанаргүл мен қашқаргүл, сарғалдақ пен құлмақ, долана мен үшқат аралас сансыз шөптер аттарын географ ерінбей ежіктеп сұрап, хаттап алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол күні олар Талғар алқымындағы тағы бір алқа – Ақкөл жағасына жетіп, сонда түнеп тыныстап еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақкөл – Есік көлге қарағанда жадағай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жағасында сызылып, сылаң қағып тұрған сұлу шырша мұнда жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Суы да жасыл зүмірет емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ашаң, ақшыл тартып жатады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жағасы толған тарғыл тас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өңкиген түйетастар Талғардың апайтөсінен бір заманда құлаған Есік көл қанша сұлу болғанмен, өзегіне нәр беріп жатқан Ақкөлге қарыздар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есік көл қазір жазғы күн байып бара жатқан ақшам мезгілінде төменде, табан астында қарауытып жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мезгіл шілде іші болса да тау омырауы сақылдаған салқын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақкөлдің айдыны ашулы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сондықтан да болар, құс баласы көрінбейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның есесіне көктеңбіл ханбалық көп екен, мейман қармақ салып, әне-міне дегенше бір шелек балық іліп алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қауқылдасып, даурығысып еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қармаққа балық ілінген сайын ғалым қатыны ұл тапқандай қуанып, картузын аспанға лақтырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– «Ғалымбысың деген», – деп Рысқұл оның мына тірлігін қомсынып отырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қанша кедей болса да судан балық сүзуді кәсіп қылмаған қазаққа бұл бала-шағаның қылығындай көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шаршаған қоңыр өгіз біраз оттаған соң әрірек барып ыңқ етіп жата кетті де көзін жұмып күйіс қайыруға кірісті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Зеңгі бабаның намазы сияқты онысы.
Көрсетілді: 21200 / 47388