Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Құдайдың өз үйінде мұншама қайыршылық болар деп кім ойлаған?! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Арыстанның еміренуі өзінше. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тіпті туған баласына мейірі түскеннің өзінде түр ашулы сияқты көрінеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біреудің еркелеткенін көтеретіні де, көтермейтіні де белгісіз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жалынан сипасаң күдірейе түседі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бронниковке Рысқұлдың іші көпке дейін жылымай қойған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ осы бір орысты баласы жақсы көріп кеткен соң, бірте-бірте мұздай жүрек жібиін деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әбден сыралғы болып, сенім артқан соң, бір күні Рысқұл Бронниковке: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Әй, Ескендір, өстіп жата береміз бе? Қашсақ қайтеді? – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді Бронников сезіктенетін сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Түрменің алпауыттарының тұзағы емес пе екен? Мені арандатпақшы-ау, сірә?!» |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қайтіп? – бұ да сыр тартпақ болып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Сен көп білетін бәлесін ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айласын тап. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Айла-амал жоқ, – Бронников камераның ішін көзімен тінтіп шығып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір ауық темір құрсаулы терезеге қадалып қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мүмкін емес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Болат ара керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол бізде жоқ: ана білектей темірді сындыра алмайсың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мынау болса тас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бронников жалпақ алақанымен суық сұр қабырғаны сипалап қойды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Темір есіктің көздей тесігінің қақпағы көтеріліп, ар жақтан надзирательдің жалғыз жанары оқтаулы мылтықтай суық қадалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Надзирательдің жалғыз көзі сөніп қалғандай тайып кетті де, қақпақ қайта жабылды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Иттің иісшілі-ай, – деді Рысқұл. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Дереу сезе қоюын қарашы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біздің сөзімізді оған жеткізіп тұратын сайтаны бар ма, немене... Осы екеуміз өтірік төбелессек қайтеді, а? Сонда әлгі ит асығып есік ашады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әй-шайға келтірмей аузын басып, дамбалын басына кигізіп, есіктен-ақ шығып кетпейміз бе? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мүмкін емес, – Бронников басын шайқап. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бұлар ол айланы әлдеқашан есепке алып қойған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біреу ішке кіргенде, екіншісі сыртта аңдып тұрады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Сен білмейсің ғой, мен бір рет бұл түрмеден қашып шыққам, – деді Рысқұл тыртығы көп тақыр басын алақанымен асықпай сипалап. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мына бас не көрмеген бас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
О, сондағы бостандық-ай! Тура бес күн бостандықта болдым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қашып жүрдім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үйде бір күн де түнеген жоқпын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Белімді бір шешкен емеспін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тарғыл тас төсек, қара тас жастық болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ соның өзі құс мамықтай еді-ау, қайран!.. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Дәл осы түрмеде ме? Қашан? – деді Бронников таң қалып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Дәл осы түрме. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ камера басқа еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қыш там болатын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Былтыр жаз өтіп бара жатқан шама ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Онда неге ұсталып жүрсің? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Е, Ескендір тамыр, ол көп әңгіме... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Түрме ішінде екеумізге әңгімеден басқа не ермек бар? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Рысқұл ескі қалпағын басына киеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ескі қалпақты кимей тұрып, ұзақ әңгіме бастамайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Содан соң темір құрсаулы биік терезеге қарайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Терезеден түк көрінбейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ жарық дүниенің елесі бар терезе Рысқұлдың жазулы тұрған кітабы сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Алғашқы рет түрмеге түсуінің жайы қалай еді? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Рысқұл құрсаулы терезеден медет тілегендей ішінен әлденені күбірлеп барып, күмбірлеп сөз бастайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Петерборлық Александр Бронников түрмеде жатып-ақ қазақ даласының тау-тасын кезіп кетеді... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ахат ата баланың тамырын бір сәт ұстап, үнсіз қалған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Құныстана жүресінен отырып, басын ірге жаққа бұрып, көзін шарт жұмып алған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қартайғанда қас та ағарады екен, жалбыраған бурыл қас жұмулы көзін көлегейлеп тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шағын жер үйдің іші тым-тырыс, ала көлеңке. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тек жалғыз терезенің құрақ көзін бір көк шыбын түрткілеп, шығарға тесік таппай, ызыңдап мазаны алып барады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жайшылықта еленбес еді, мына сын сәтте көк шыбынның жанталаса ызыңдауы үйдегілерге жайсыз тиді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жер кепенің төбесін көтеріп тұрған жалғыз қары – жуан белағаш. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оның да ырсиған жарығы бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Белағашқа екі бүйірінен бұталмаған шыбықтар салынған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үйдің ішкі төбесі сыланбаған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жертөленің ортасына жаққан оттың жалыны мен түтінінен үйдің төбесі әбден жылтырап ысталған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Төбедегі түтін тартар жалғыз қуырдың аузынан сүңгілер салбырайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Белағашты ұстап тұрған жалғыз тіреуге әр жерінен шеге қағылып, қайыс-жүген, қамшы, орама қыл арқан, бір десте адыраспан ілінген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Рысқұлдың жалаң қабат көне шекпені мен ескі киіз қалпағы да сонда. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Босағада қотыр қабырғаға арқасын сүйеп, жүресінен отырған алпамса кісі мазасыз көк шыбын жаққа атырыла бір қарап қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Егер шыбын орнында адам болса мына бір алмас қылыштай жарқ ете қалған қаһарлы көзден зәресі зәр түбіне кетер еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ шыбын деген мақұлыққа адамның көзқарасы әсер етпейді: көк шыбын зарлағанын қоймай, жаман әйнекті сабалай берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Алпамса тұлға босағадан атып тұрып, басындағы киіз қалпағы мен терезедегі шыбынды салып қалайын деп бір оқталды да, тәуіп атаның көңілін бөлмейін деп қайта сап болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қос тұлымшағын шуда жіппен түйген, кекілі желпілдеген кішкене қыз айран құйған аяққа қолын соза беріп, дүңке инеліктің баулығын сылдыратып алып еді, бағанадан бері бетін қырын беріп, тізесін құшақтап үнсіз отырған әдеміше келіншек әлгіміздің жалаңаш топ-толық балтырынан шымшып алды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қыз бала не дауыстап жыларын да білмей, не әкесіне арыз ғып айтарын да білмей аузы кемсеңдеген, айранға созған қолы ербиген күйінде тақыр жерде отырды да қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осы үйдегі жалғыз аласа ағаш төсектің үстінде жатқан ауру бала қарындасы Түйметайдың түрін көріп күліп жібере жаздады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ күлуге шамасы келмей, қан-сөлсіз, көгерістеу ерні сәл ғана жыбыр етті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аласа төсектен салбыраған арық қолын қоңқақ мұрын тәуіп шал әлі ұстап отыр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Топ-толық, қарулы бала енді қауқарсыз сүлде-сүйек боп қалған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қараторы өңі қазір боп-боз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көзінің айналасына көгеріс көлеңкесі түскен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұрын тәмпектеу мұрны енді ерекше сопайып, ебедейсіз көрінеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жанарында ұшқын бар екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көк көлеңкелі ажал қанша төңіректесе де сол ұшкынды өшіре алмапты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кәрі тәуіп жұмулы көз бен салбыраған қасының арасынан соны көріп отыр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кәрі тәуіптің аңғарымпаз көзі баланың шеке тамырының бүлкілінен-ақ бар жағдайды пайымдаған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал енді қолын ұстап тамыр басып отырғаны, мына өз аузын аңдыған ата-ананың көңілі үшін, әрі десе емнің түрін айтуға уақыт ұтып, ойланып алмақшы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Төсек тартып жатқан ауру бала – анау отырған алпамса кеуделі Рысқұлдың жар дегенде жалғыз ұлы Тұрар еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жатқанына жарты айдан асты, аузына су тамызып, әке-шеше қасынан бір елі кетпей отырғанына да жарты айдан асты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әуелі оның науқасын ешкім елеген жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жүзі сынық, ойынға зауқы жоқ салғырт тартып бір-екі күн жүргенде, үлкендер оны жай тұмау-сұмау шығар деген де қойған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өгей шешесі Ізбайша: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Күн өтіп кеткен шығар, өмірі бала болып, тіл алып, тақиясын киіп жүргенді білмейді, – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Иә, ол тақиясын тақия телпек ойнап жыртып қойған, – қарындасы Түйметай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал әкесі Рысқұл баланы басынан сипап қана қойған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонда әке жазған сезіктеніп те қалып еді: баланың басы шашына дейін ысып тұр екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көнтек алақаны соны сезген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көпті көрген алақан өз сезігін білдіріп-ақ баққан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әкенің алақаны-ай десеңші! Сол алақан аялап өсірген балада арман бар ма? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Рысқұл жаманға жорығысы келмеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күн тисе – тиген шығар, – деді де қойды. |